Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет30/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   157
Қазақстан археологиясы

ІV-тарау
 
ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ЕСКЕРТКІШТЕРІ 
Андронов мәдениеті: шығу мен кезеңдестірілуінің сауалдары 
 
Неолит дәуірінің ӛзінде-ақ байқала бастаған шаруашылықтағы ӛзгерістер 
б.з.б. ІІ мыңжылдықта егіншілік пен мал шаруашылығына негізделген 
дамыған экономиканың және жоғары деңгейдегі металлургияның 
қалыптасуына алып келді. Ӛнім ӛндіру типіндегі экономикаға кӛшу 
Қазақстан аумағындағы жағдайды тҥбегейлі ӛзгертіп жіберді. 
Қола дәуіріндегі қоғамның ҥрдісі екі факторға тікелей байланысты еді, 
оның бірі палеометалл жасау болды. Ендігі жерде, қола – еңбек қҧралдары 
мен қару-жарақ жасау ҥшін пайдаланылатын негізгі шикізат кӛзіне айналды. 
Қазақстан кен байлықтарында қалайы-мыс кен кӛздерінің мол болуы, 
еліміздің аумағын ертеден-ақ металлургиялық ошақтардың біріне айналуына 
жол ашқан еді. 
Экономиканы қайта қҧруға табиғи-климаттық ӛзгерістер де ӛз септігін 
тигізген болатын. Айталық, кейінгі қола дәуіріндегі суық-ылғалды фазаның 
орнына ендігі жерде қҧрғақшылық орнады. Бҧл кездері далалы аймақтардың 
басым бӛлігінде ӛзен арналарыныңдағы судың азаюы, кейбір шағын 
ӛзендердің тартылып қалуы, кӛлдердегі су деңгейінің тӛмендеуі халықты 
экономикалық қайта қҧруларға жетелегендігі анық. Мҧны археологиялық 
мағлҧматтар да растап отыр.
Жалпы алғанда, Еуразияның тӛскейіндегі Сібір, Орал, Қазақстан мен 
Орта Азияның далалы аймақтарын туыстас тайпалар мекен ӛтті. Олар ӛзіндік 
жарқын мәдениеттер қалдырды. Ғылымда әсіресе ескерткіштері тҧңғыш рет 
Батыс Сібірдегі Ачинск маңындағы Андроново елді-мекені жанынан 
ашылған «андронов мәдениеті» кеңінен танымал. Ҧзақ уақыттар бойы 
зерттеушілер қола ғасырына жататын тек осы андронов мәдениетін ғана 
бӛліп кӛрсетіп келді. Қазіргі таңда оның бірнеше мәдениеттерге 
тарамдалынатындығы белгілі болып отыр. Сондықтан да қола ғасырының 
тарихнамасында оны «андронов мәдени-тарихи қауымдастығы» деп 
атайды. Бҧл кезеңнің қаншалықты дәрежеде ӛткендігі, шығу тегі, қалдырған 
ізі, халықтың заттық жағдайы, тҧрмыстық, ғҧрыптық салты қандай екендігі, 
ол кезде кімдер мекендегендігі, мәдениеті қай сатыда тҧрғандығы, 
палеоэкономикасы мен әлеуметтік қҧрылымы, дҥниетанымы, қоршаған 
ортаға кӛзқарасы, генетикалық байланысы, кӛрші қауымдастықтармен 
мәдени қарым-қатынасы сынды сан алуан сауалдар бірнеше археологиялық 
мәдениеттердің бӛліп кӛрсетілуіне жол ашты. Жекелеген проблемалар 
бойынша қордаланған дҥниелер бірқатар ғылыми конференцияларда 
кӛтерілгенімен, жылма-жыл жинақталып отырған мағлҧматтар әлі де болса 
тың зерттеулер ӛз жалғастығын табуы қажет екендігін айғақтап берді.
Одақ кӛлемінде (бҧрынғы КСРО) бірнеше рет ғалымдар арасында 
андронов мәдени-тарихи қауымдастығына арналған бас қосулар, пікір 
алмасулар ӛтті. Олардың арасында 1964 жылы желтоқсанда Ленинградта 


104 
(қазіргі Санкт-Петербург) ӛткен бҥкілодақтық жиынды, әлденеше рет ӛткен 
«Андронов 
мәдени-тарихи 
қауымдастығының 
проблемалары» 
атты 
семинарларды ерекше атап кетуге болады. Ӛйткені, бҧл форумдарда осы 
ӛркениетті зерттеуге ат салысқан мамандардың жиылып, кезеңдестірілу, 
хронология, таралу аймағы, мәдениеттермен ара-қатыстылығы сынды 
кӛптеген ӛзекті мәселелерге ӛз кӛзқарастарын білдіруі, андронов мәдени-
тарихи қауымдастығын теориялық-методологиялық жағынан негіздеуге 
нақты жол ашқан еді. Алғаш рет 1970 жылдардың соңында осындай 
жиындардың бірінде «андронов мәдениетін» ӛз кезегінде «андронов мәдени-
тарихи қауымдастығы» деп атауға шешім шыққанымен бҧл атаудың ғылыми 
айналымға тҥпкілікті енуі ҧзақ уақытқа созылды. Тіпті қазақстандық 
оқулықтарда әлі кҥнге дейін оны «андронов мәдениеті» деп атаумен шектеліп 
жатады. Сайып келгенде, андронов мәдени-тарихи қауымдастығының 
қалыптасуы мен орнығуы бірнеше ғасырларға, соның ішінде б.з.б. ІІІ-ІІ 
мыңжылдықтар шегіне дейін созылған еді. Кӛпшілік мамандардың 
есептеуінше андронов мәдениеті ӛз кезегінде мәдени-тарихи қауымдастық 
ретінде б.з.б. ХVІ-ХV ғасырларда қалыптасты. Бҧл бірлестік ішінде алакӛл 
және федоров мәдениеттерінің белгілері басқа мәдениеттерге қарағанда 
басымырақ байқалады. Алакӛл мәдениеті Орталық және Батыс Қазақстанда, 
ал федоров мәдениеті Шығыс Қазақстан аумағында кеңінен таралды. 
Орталық Қазақстан мен Жетісу жерінде екі мәдениеттің белгілері қатар 
ҧшырасып оырады.
Шындығына келгенде, қола дәуірі ӛркениетінің кезеңдестірілуі мен 
хронологиясын анықтау ӛткен ғасырдың 20-30 жылдары басталды. 1927 
жылы С.А.Теплоухов Оңтҥстік Сібірдегі қола дәуірі молаларының 
классификациясын жасады да, алғаш рет «андронов мәдениетінің» 
ескерткіштер тобын анықтап берді. Осы кезден бастап аталмыш мәдениетке 
ден қойылды да, ескерткіштері зерттеліп, орасан зор материалдары 
жинастырыла бастады. Республика аумағынан табылған қола дәуіріне 
жататын ескерткіштерді хронологиялық тҧрғыдан М.П.Грязнов (1902-1987) 
алғашқылардың бірі болып 1930 жылдары таратып берді. Ол ӛзінің 
«Погребение бронзовой эпохи в Западном Казахстане» атты еңбегінде 
андронов мәдениетінің таралу аймағын батыс ӛңірлерге дейін белгілеп 
береді де, жергілікті жерде қалыптасқан екі нҧсқасын кӛрсеткен еді. 
М.П.Грязновтың 
жорамалдауынша, 
батысқазақстандық 
андронов 
мәдениетінің нҧсқасына тас сақина қҧрылысы, мҥрдені жерлеу, қыш ыдыс 
иық тҧсында тҥсіңкілік пен ою-ӛрнегіндегі кейбір элементтер тән болды. Бҧл 
жайында кӛптеген ғылыми әдебиеттерде де айтылған. Әсіресе, М.П.Грязнов 
Қазақстан мен Алтай ӛңірінен табылған ескерткіштерден алынған қола 
бҧйымдарды ерте, ортаңғы және соңғы қола деп бӛле келе, жергілікті 
ерекшеліктерін сипаттап, соңғы қола дәуірі ерекшеліктеріне баса назар 
аударды.
Одан кейін 1933 жылы Шерубай-Нҧра ӛзендері алаптарында зерттеу 
жҥргізген П.С.Рыков «Работы в совхозе «Гигант» деген еңбегінде бірқатар 
ескерткіштердің (Дәндібай, Беғазы, т.б.) қазылуын сипаттап берді де, мҧнда 


105 
қалыптасқан ӛзіндік ерекшеліктерге кеңінен тоқталды. Кейіннен экспедиция 
мҥшелері аршыған нысандарды М.П.Грязнов қарасҧқ типіне жатқызады. 
Оның ойынша: Дәндібай, Беғазы секілді ескерткіштер қарасҧқ мәдениетінің 
жергілікті нҧсқалары; орталыққазақстандық қарасҧқ уақытында ӛмір сҥрген 
тайпалар мәдениеті алдыңғы андронов мәдениетінің негізінде, кӛршілес 
тайпа топтарымен тығыз мәдени қатынастар жасаудың әсерінен қалыптасқан; 
Дәндібай қорымындағы №2 оба ыдыстары жасалуы мен ерекшеліктеріне 
қарай екі топқа бӛлінеді. Шындығына келгенде, бҧл ескерткіштердің қазіргі 
таңда беғазы-дәндібай мәдениетін қҧрайтын эталонды нысандар екендігі 
белгілі. Бірақ, археолог тарапынан ХХ ғасыр алғашқы жартысындағы 
археологиялық ізденістерге сай ескерткіштердің ӛзіндік ерекшеліктерін бӛліп 
кӛрсетілуі, болашақта далалық жҧмыстар нәтижесінде жеке мәдениеттің 
(беғазы-дәндібай) орнын белгілеудің ғылыми іргетасын қалаған еді.
Ӛткен ғасырдың орта тҧсында О.А.Кривцова-Гракова қола дәуірін 
зерттеуде зор табыстарға қол жеткізді. Бҧл археолог 1931-1939 жылдары 
Қостанай облысындағы Алексеев кешенін, 1948 жылы Садчиковское 
қонысын зерттеді. Нәтижесінде, археолог тарапынан андронов мәдениетінің 
екі кезеңі бӛліп кӛрсетілді. Ерте кезең, автордың пайымдауынша, қима 
мәдениетінің бірінші кезеңімен синхрондалынады, бҧл кезде иық тҧсы 
тҥсіңкі қыш ыдыстар таралса, кейінгі уақытында бҥйірі шығыңқы және 
жапсырма валикті (мойын-білікті) қҧмыралар таралған. Оның ойынша: 
ҥшінші, ӛтпелі кезеңді бӛліп кӛрсетудің реті жоқ, себебі, қыш ыдыстардың 
бәрі де Садчиковское және Алексеевское қоныстарындағыдай; екі ескерткіш 
бҧйымдары бойынша б.з.б. І-мыңжылдық бас кезіне, яғни қола дәуірінің 
соңғы кезеңіне жатады. Дегенмен авторда абсолюттік мерзімдеудің болмауы, 
сонымен қатар «біртектес ескерткіштерді, не қорым, немесе қоныс» 
материалдарының біріне ғана сҥйеніп хронологиялық классификацияны 
жасауға болады деуі оның пайымдауын едәуір олқылыққа ҧшыратты.
Сонымен қатар осы кездері ғалым тарапынан Қожамберді қорымына 
қатысты батысандроновтық ескерткіштер дамуы жайлы да сӛз ӛрбітілді. 
Мҧны С.В.Киселев та қолдады. С.В.Киселевтың ӛзі 1949 жылғы еңбегінде 
андронов мәдениетінің бас кезін б.з.б. ХVІІ-ХVІ ғасырлармен, қарасҧқ 
мәдениетінің басталуын б.з.б. ХІІІ-ХІІ ғасырлармен белгіледі. 
Зерттеушілердің 
кӛпшілігі 1948 жылы К.В.Сальников ҧсынған 
кезеңдестіру мен хронологияны қолдап, ҧзақ жылдар бойы оған сҥйеніп 
келді. Бҧл археологтың ӛзі де уақыт ӛте келе кезеңдестіруі мен 
хронологиясын сәл-пәл ӛзгертіп, нақтылап отырғандығын айта кеткен жӛн. 
Ол Орал ӛңіріндегі андронов мәдениеті ескерткіштерінің кезеңдестірілуін 
федоров (б.з.б. ІІ-мыңжылдық ортасы мен екінші жартысы), алакӛл (б.з.б. ХІ-
ІХ ғасырлар) және замараев (б.з.б. VІІІ-VІІ ғасырлар) сынды хронологиялық 
кезеңдерге бӛлді. Кейіннен жаңа археологиялық мәліметтерге сай бҧл 
хронологияға археолог тарапынан ӛзгертулер енгізілді: бірінші кезең - 
федоров (б.з.б. ХVІІІ-ХVІІ ғасырлар); екінші кезең - алакӛл (б.з.б. ХV-ХІІ 
ғасырлар); ҥшінші кезең - замараев (б.з.б. ХІІ-VІІІ ғасырлар).


106 
Ӛткен ғасырдың 50-60 жылдары осы ғалымның кезеңдестіруі мен 
хронологиясына бірқатар ғалымдар сҥйеніп, жергілікті жерлерде ӛзіндік 
нҧсқаларды ҧсына бастады. Айталық, Ә.М.Оразбаев Солтҥстік Қазақстан 
қола дәуірінің ескерткіштерін дәл К.В.Сальников секілді хронологиялық 
кезеңдерге бӛлді де, ҥшінші кезеңді жеке мәдениет деп кӛрсетті.
К.А.Ақышев болса, Орталық Қазақстаннан федоров және алакӛл кезеңдерін 
атап, соңғы кезеңдегі ескерткіштерді дәндібай мәдениетіне жатады деп 
қорытынды жасады. «Этапы развития хозяйства скотоводческих племен 
Казахстана и Южной Сибири в эпоху бронзы» деп аталатын 1957 жылы 
шыққан еңбегінде М.П.Грязнов замараев пен дәндібай кезеңдерін ерекше 
қҧбылыс екендігін атап кӛрсеткен еді. Ол андронов мәдениетінің 
хронологиялық мерзімін б.з.б. ХV-ХІ ғасырларға жатқызды. Бірақ, 
М.П.Грязновтың бҧл пайымдауы кейбір зерттеушілер (В.И.Мошинская, 
Г.Чайльд, К.Иеттмар) тарапынан сынға ҧшырады.
Сондай-ақ 1955 жылы Е.А.Агеева мен А.Г.Максимова Павлодар облысы 
аумағынан қола дәуіріне жататын бірқатар ескерткіштерді тауып, ғылыми 
айналымға енгізгеннен кейін қола дәуірі ескерткіштерінен ҥш кезеңге тән 
нысандарды анықтады. А.Г.Максимова Шығыс Қазақстан қола дәуірі 
ескерткіштерінің де ҥш сатыға лайық кезеңдестірілуі мен хронологиясын 
жасады. Ғалымның айтуынша қарасҧқ уақытымен синхрондалынатын 
нысандар бҧл аймақта ерекше басымдық танытады.
1960 жылы С.С.Черников Шығыс Қазақстан қола дәуірі ескерткіштерін 
ҧзақ жылдар бойы зерттей келе, қола дәуірінің бастапқы кезі б.з.б. ХVІІІ-
ХVІІ ғасырларда басталады да, б.з.б. VІІІ-VІІ ғасырларда аяқталады деген 
тҧжырымдаманы қабылдады. Ӛзі Шығыс Қазақстан қола дәуірі 
ескерткіштерін тӛрт кезеңге бӛлді: бірінші, усть-буконь (б.з.б. ХVІІІ-ХVІІ 
ғасырлар); екінші, қанай (б.з.б. ХVІ-ХІІ ғасырлар); ҥшінші, мало-красноярск 
(б.з.б. ХІІ-VІІІ ғасырлар); тӛртінші, трушниково (б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлар).
1956 ашылып, 1959-1960 жылдары зерттелген Тастыбҧтақ қонысы мен 
қорымының материалдарына сҥйенген В.С.Сорокин де қола дәуірінің 
кезеңдестірілуі мен хронологиясына қатысты ӛз ойын білдірді. Бҧл археолог 
барлық ор-ақтӛбе нҧсқасындағы ескерткіштер ӛзара синхронды, олар 
федоров типіндегі ескерткіштерден кейін, алакӛлдік зират материалдарының 
алдындағы уақытқа жатады деп есептеді. Бҧдан басқа кӛзқарас Е.Е.Кузьмина 
тарапынан айтылды. Қоныстар мен қорымдар кешенін талдау нәтижесінде 
Е.Е.Кузьмина ҥш хронологиялық сатыны атап ӛтті. Бҧл сатылар: кейінгі – 
атакеңсай (Алакӛл қорымы материалдарымен бір уақытта), өтпелі және ерте 
- ҥшқатын (Қожамберді /Кожумберды; қазіргі атауы - Кожанберля/ 
зиратымен замандас). Сонымен қатар кожамберді ескерткіштерінің 
федоровтық нысандармен ҧқсас кейбір элементтер жайы да айтылды.
1964 жылғы симпозиумда К.В.Сальников «Об этапах и локальных 
особенностях западного варианта андроновской культуры» тақырыбында 
баяндама жасады да, бҧрын андроновтық ескерткіштерге жасаған 
хронологиялық сыныптауын қайта қарастырды. Енді ол федоров пен алакӛл 
кезеңдерінің арасында қожамберді (кожумберды) кезеңі болғандығын атап 


107 
кӛрсетті. Оның ойынша қожамберді кезеңі алдыңғы және кейінгі 
кезеңдермен генетикалық байланыста болған.
Кейінірек, ондаған жылдардан кейін барып Е.Е.Кузьмина андронов 
мәдени-тарихи қауымдастығының кезеңдестірілуін арнайы кӛтерді де, 
бҧрыннан келе жатқан пікірлерге тҥзетулер енгізді. Ендігі кезекте зерттеуші 
ескерткіштерді тӛрт типке бӛлді: петров (б.з.б. ХVІІ-ХVІ ғасырлар); алакӛл 
(б.з.б. ХV-ХІІІ ғасырлар); федоров (б.з.б. ХV-ХІІ ғасырлар); дәндібай (б.з.б. 
ХІ-ІХ ғасырлар) және амангелді (б.з.б. ХІV-ХІІІ ғасырлар; Солтҥстік 
Қазақстан), атасу (б.з.б. ХҤ-ХІІІ ғасырлар; Орталық Қазақстан), алексеев 
(б.з.б. ХІІ-Х ғасырлар) секілді аралас топтар. Басқа да аралас топтарға 
сольилецк (Оңтҥстік Орал маңы), қожамберді (кожумберды; Батыс 
Қазақстан), жетісу (Жетісу мен Ферғана) жатқызылды.
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы және басқа да ғылыми 
зерттеулерді негізге алған Ә.Х.Марғҧлан мҧнда энеолит, ерте, ортаңғы және 
соңғы қола бір-бірімен генетикалық байланыста екендігін тҧжырымдады. 
С.В.Киселев, Н.Л.Членова, т.б. зерттеушілердің беғазы-дәндібай мәдениетін 
қарасҧққа тіреуіне тойтарыс беріп, оның шығу тегі жергілікті 
мәдениеттерден тҧратындығын дәлелдеді. Сонымен қатар автор бастапқыда 
Л.Р.Кызласовпен бірге беғазы ескерткіштерін б.з.б. VІІ-VІ ғасырлармен 
мерзімдеуінен бас тартты. Қазіргі таңда Ә.Х.Марғҧланның Орталық 
Қазақстандағы 
ескерткіштерді, 
мәдениеттерді 
кезеңдестіруі 
мен 
хронологиясын жасауы былайша ӛрбітілген: «Археологиялық зерттеулер 
Орталық Қазақстандағы қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын 
анықтауға мҥмкіндік береді. Оны негізінен ҥш кезеңге топтастыруға болады. 
Алғашқы пайда болу кезеңі (б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. ХVІІ 
ғасыр арасы); ортаңғы, ӛркендеп дамыған кезеңі: екі сатыдан – Нҧра (б.з.б. 
ХVІІ-ХV ғасырлар) және Атасу (б.з.б. ХІV-ХІІІ ғасырлар); соңғы кезеңі: ол 
да екі сатыдан – соңғы кезеңге ӛтпелі сәт (б.з.б. ХІІ-ХІ ғасырлар) пен Беғазы-
Дәндібай мәдениетінен (б.з.б. Х-VІІІ ғасырлар) тҧрады».
1970-1980 жылдары қола дәуірі ескерткіштерін зерттеу ісі зор қарқынмен 
дамығандығы белгілі. Алынған соны мәліметтер кейбір ескерткіштердің 
материалдары бҧрынғы айтылған кезеңдестіру мен хронологияны қайта 
қарастыруға мҥмкіндік берді. Мысалы, В.С.Стоколос алакӛлдік және 
федоровтық ыдыстардың бір ескерткіштен ҧшырасатындығын, тіпті алакӛл 
қыш ыдыстары федоровтық ыдыстармен кӛмкерілгендігін 
айтып, 
кезеңдестіру мәселесіне сын кӛзбен қарау қажет екендігіне назар аударды. 
Солтҥстік Қазақстанда жҥргізілген археологиялық ізденістер негізінде 
Г.Б.Зданович та ӛзінің жаңа кезеңдестіруі мен хронологиясын ҧсынды. Ол 
қола дәуірін «дамыған» (ӛркендеген) және «соңғы» деген екі кезеңге бӛлді. 
Алғашқысын ҥш кезеңге бӛліп, оның біріншісіне – петров (б.з.б. ХVІ-ХV 
ғасырлар), екіншісіне – алакӛл (б.з.б. ХІV-ХІІІ ғасырлар), ҥшіншісіне – 
амангелді-бескӛл (бишкуль) кезеңдерін (б.з.б. ХІІ-ХІ ғасырлар) енгізді. 
Соңғы кезеңде оның ойынша мҧнда федоровтық тайпалар келіп, алакӛл 
тҧрғындарымен 
белсенді 
қарым-қатынас 
жасаған. 
Соңғы 
қоланы 


108 
Г.Б.Зданович екі кезеңге жіктеді: замараев (явленка) кезі (б.з.б. ХІ-Х 
ғасырлар) және ильинск (б.з.б. ІХ-VІІ ғасырлар).
Басқа археологтар да осы кездері ӛздерінің кезеңдестіруін қайта зерделей 
бастады. Т.М.Потемкина Тобыл ӛңіріндегі қорымдар мен қоныстардың қыш 
ыдыстарын саралай келе, энеолит пен қола дәуірінің кезеңдестірілуі мен 
хронологиясын 1980 жылдар орта тҧсында былайша жіктеді: 1) энеолит – 
б.з.б. ІІІ-мыңжылдық алғашқы жартысы; 2) ерте қола дәуірі: а) бобрыкин 
кешендері – б.з.б. ІІІ-мыңжылдық екінші жартысы; б) одинов (вишневск) 
кешендері – б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдық тоғысар шегі – б.з.б. ІІ мыңжылдық 
алғашқы ширегі; 3) дамыған (ӛркендеген) қола дәуірі: ерте алакӛл: а) петров 
кезеңіне дейінгі ерте алакӛл кешендері – б.з.б. ХVІІ ғасыр екінші жартысы, б) 
петров типіндегі ерте алакӛлдік кешендер – б.з.б. ХVІ ғасыр; алакӛл кезеңі: а) 
петровтан кейінгі саты – б.з.б. ХV ғасыр; б) классикалық саты – б.з.б. ХV-
ХІV ғасырлар шегі мен б.з.б. ХІV ғасыр; в) кейінгі саты – б.з.б. ХІV-ХІІІ 
ғасырлар; 4) соңғы қола дәуірі: а) ерте алексеев және олармен мерзімдес 
межов кешендері – б.з.б. ХІІ-Х ғасырлар; б) кейінгі алексеев кешендері – 
б.з.б. Х-ІХ ғасырлар.
Мәдени-тарихи 
қауымдастықтың 
кезеңдестірілуі 
Н.А.Аванесова 
тарапынан да жасалды. Металл бҧйымдарын саралай келе ол тӛмендегідей 
кезеңдестіруді ҧсынды: 1) алакӛл алдындағы кезең – б.з.б. ХVІІ-ХVІ 
ғасырлар; 2) андронов мәдениеті – б.з.б. ХVІ-ХІІ ғасырлар, ол алакӛл (б.з.б. 
ХVІ-ХІV ғасырлар), қожамберді (б.з.б. ХІV ғасыр) және федоров (б.з.б. ХІV 
ғасыр соңы мен б.з.б.ХІІІ ғасырлары) кезеңдеріне бӛлінеді; 3) замараев-
беғазы мәдениеті – б.з.б. ХІІ-ІХ ғасырлар. Автор алакӛл ескерткіштері 
федоровтық кешендерден бҧрынғы уақытқа жатады, алакӛл нысандарында 
полтавкин және абашев тайпаларына тән ыдыс жасау дәстҥрінің элементтері 
кездесетіндігін кӛрсететін ерте хронологиялық кӛкжиек (горизонт) 
байқалады, қожамберді типіндегі қыш ыдыстар алакӛлден федоровқа ӛтетін 
кезеңге жатады деп жорамал жасады. Қыш ыдыстарды кезеңдестіруде 
кеңінен пайдаланған Н.А.Аванесова тҧжырымдары кӛпшілік тарапынан 
нақты қолдау таба қойған жоқ. Сірә, металл бҧйымдарға сҥйенемін деуі 
кейде бекер болғандықтан да шығар.
Әйтсе де бҧл зерттеуші кейіннен жоғарыда кӛрсетілген мәдениеттер 
кезеңдестірілуіне қатысты ӛз пікірлерін біршама ӛзгертті. Н.А.Аванесованың 
«Культура пастушеских племен эпохи бронзы азиатской части СССР» атты 
1991 жылы жарық кӛрген монографиясында петров мәдениеті б.з.б. ХVІІ-
ХVІ ғасырларға, алакӛл мәдениеті б.з.б. ХV-ХІV ғасырларға, қожамберді 
б.з.б. ХІV ғасырға, федоров б.з.б. ХІІІ-ХІ ғасырларға жатқызылған. 
Негізінен алғанда, Н.А.Аванесова кӛп ретте Г.Б.Зданович сынды 
зерттеушілердің ізденістерін толықтай қолдады. Кезінде Г.Б.Зданович қола 
дәуірі мәдениеттерін Солтҥстік Қазақстан материалдары бойынша былайша 
таратып берген еді: петров (б.з.б. ХVІІ-ХV ғасырлар); алакӛл (б.з.б. ХV-ХІV 
ғасырлар); федоров (б.з.б. ХІV-ХІІ ғасырлар); мойын-білік (валиковая) қыш 
ыдыс (б.з.б. ХІІ-ІХ ғасырлар) мәдениеттері. Бҧлармен бірге ӛтпелі бірқатар 
кезеңдер аталынады, олар – кулевчинск (петров және алакӛл мәдениеттері 


109 
аралығы), қожамберді (алакӛл мен федоров мәдениеттері арасында) және 
федоров пен мойын-білікті (валиковая) қыш ыдыс мәдениеттері 
аралығындағы кезең.
1990 жылдардың бас кезінде КСРО-ң ыдырауы зерттеушілер арасындағы 
ғылыми байланыстарды біршама әлсіретті. Сондықтан да кейбір 
ғалымдардың андронов мәдени-тарихи қауымдастығына деген кӛзқарастары 
біршама уақыт кӛпшілік назардан қалыс қалып келді.
Бҧл кездері М.Қ.Қадырбаев пен Ж.Қ.Қҧрманқҧлов Бетпақдаланың 
солтҥстігіндегі ескерткіштерді жҥйелеп, кезеңдестірілуін жасады. 1992 жылы 
шыққан еңбектерінде аталған археологтар қола дәуірін екі кезеңге бӛлді. 
Біріншісі: ерте кезең, б.з.б. ХV-ХІІІ ғасырларды қамтиды, екіншісі – кейінгі 
(соңғы) кезең, ол б.з.б. ХІІ-VІІІ ғасырлар. Алғашқысы б.з.б. ХV-ХІV 
ғасырлардан және б.з.б. ХІV-ХІІІ ғасырлардан тҧратын екі кезеңге бӛлінеді. 
Сонымен қатар федоров-нҧра, алексеев-атасу, беғазы-дәндібай, алексеев-
сарғары типіндегі қыш ыдыстары жіктелді.
Оларға 
дейін Қостанай облысындағы Тобыл ӛзені бойындағы 
ескерткіштерді зерттеген В.В.Евдокимов та ӛз кезеңдестіруін ҧсынған 
болатын. В.В.Евдокимовтың пікірінше дамыған қола дәуірі: 1) алакӛл 
мәдениетінің а) петров (б.з.б. ХVІ-ХV ғасырлар) және б) алакӛл (б.з.б. ІІ-
мыңжылдық ҥшінші ширегі) кезеңдерін қамтыған; 2) алексеев мәдениеті: а) 
алексеев кезеңінен (б.з.б. ХV-Х ғасырлар) және б) сарғары кезеңінен (б.з.б. 
Х-VІІІ ғасырлар) тҧрады. Бҧл археолог ӛркендеген қола дәуірі ескерткіштері 
алакӛл мәдени-хронологиялық тобына енеді деп жорамал жасады. Б.з.б. ІІ-
мыңжылдық соңғы ширегінде черкаскуль және федоров мәдениеттерінің 
ескерткіштері пайда бола бастайды. Сондай-ақ алакӛл және федоров 
мәдениеттерінің қатар ӛмір сҥруі мҥмкіндігі де айтылды. Кейінгі жылдары 
В.В.Евдокимов Солтҥстік және Орталық Қазақстан ӛңірі ҥшін бірін-бірі 
алмастырған алакӛл, беғазы-дәндібай, доңғал мәдениеттері тән деген 
пайымдауға кӛше бастады.
Осы жерде археолог В.В.Варфоломеевтің Орталық Қазақстан қола дәуірі 
ескерткіштерін кезеңдестіруге кӛп еңбек сіңіргендігін айта кеткен жӛн. Ол 
ҧзақ жылдар бойы қола дәуірі ескерткіштерін зерттеумен айналысып, 
бірқатар қҧнды пікірлерін ғылыми жҧртшылық назарына ҧсынды. 1980 
жылдардың соңына қарай ҧсынған ескерткіштерді, мәдениеттерді 
кезеңдестіруі мен хронологиясына уақыт ӛте келе ол да тҥзетулер енгізіп 
отырды. Қола дәуірінің соңғы кезін В.В.Варфоломеев кентке дейінгі (б.з.б. ХІ 
(ХІІ?) ғасырлар), кент (б.з.б. Х-ІХ ғасырлар) деп бӛлді де, олар беғазы-
дәндібай мен сарғары-алексеев мәдениеттерімен қатар ӛмір сҥрді деп 
есептеді; одан кейінгі уақытқа доңғал мәдениетін (б.з.б. VІІІ- VІІ ғасыр бас 
кезі) жатқызып, оны кейінгі қола мен тасмола мәдениеттері аралығындағы 
ӛтпелі кезең деп кӛрсетті. 
В.В.Варфоломеев кейіннен Сарыарқа соңғы қола кезеңін былайша 
таратты: дәндібай-сарғары мәдениеті (б.з.б. ХІІІ-ІХ ғасырлар), ол «мойын-
білікті (валиковая) кешендермен» байланыстағы ерте және «алексеев-сарғары 
кешендеріне тән қыш ыдыстары бар» кент (б.з.б. ХІІ-Х ғасырлар) секілді екі 


110 
сатыдан тҧрады, ал ҥшінші кезең – доңғал (б.з.б. ІХ ғасыр) сатысы, бҧл 
ӛңірдегі қола дәуірінің ақыры деп жҥйелеу жҧмыстарын жҥргізді.
Орталық Қазақстан аумағында андроновтық дәстҥрдің қалыптаса 
бастауын А.А.Ткачев нҧртай кешендерімен байланыстырады. Ӛз дамуында 
оның ойынша нҧртай мәдениеті екі кезеңнен ӛтеді: біріншісі (ерте) – бозінген 
(б.з.б. ІІ-мыңжылдық бірінші ширегі), екіншісі (кейінгі) – сатан (б.з.б. ХVІІІ-
ХVІІ ғасырлар). Кейінгі нҧртай уақытында Шығыс Қазақстаннан мҧнда 
қанай мәдени дәстҥрі біртіндеп ене бастайды. Бҧл ғалым нҧра мәдениетін 
ерте (балықты; б.з.б. ХVІІ пен б.з.б. ХVІ ғасыр бас кезі), ортаңғы (б.з.б. ХVІ-
ХV ғасырлар) және кейінгі (б.з.б. ХV-ХІV ғасырлар) деп ажыратып 
кӛрсетеді. Кейінгі қола дәуірінің дамуын А.А.Ткачев ерте (алексеев-сарғары, 
трушниково) және кейінгі кезеңдерге жіктейді. Дәндібай мәдениеті ерте 
кезде 
қызылтас 
және 
қарасҧқ 
тҧрғындарының 
араласуынан 
қалыптасқандығын айтады да, оның жоғарғы мәдени қабаттары доңғал 
мәдениетімен жалғасады дейді. Доңғал мәдениетін А.А.Ткачев ерте, доңғалға 
(б.з.б. Х-ІХ ғасырлар) және кейінгі, красногорға (б.з.б. ІХ ғасыр соңы – б.з.б. 
VІІІ ғасыр) бӛлген.
Осы кездері А.А.Ткачевпен қатар В.В.Евдокимов та ӛзінің жаңа 
кезеңдестіруін жасады. Бҧл археолог кезеңдестіруді жасаған кезде басқаша 
келіп, ӛзгеше кезеңдестіру матрицасын ҧсынды. Автор алдымен Солтҥстік 
және Орталық Қазақстан қола дәуірін оратаңғы және кейінгі кезеңдерге 
бӛлді. Оларды полтавкин-петров, қима-андронов, мойын-білік қыш ыдыстар 
мәдениеті, нҧр-доңғал этаптарына жіктеді. Полтавкин-петровқа (б.з.б. ХХ-
ХVІ ғасырлар) – петров, қима-андроновқа (б.з.б. ХVІ-ХІІІ ғасырлар) - алакӛл 
мен федоров, мойын-білік қыш ыдыстар мәдениетіне (б.з.б. ХІІІ-ІХ ғасырлар) 
– дәндібай-сарғары, нҧр-доңғалға (б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлар) – доңғал 
мәдениеттері енгізілді. Сондай-ақ автор археологиялық мәдениет жҥйе 
ретінде ӛз мәнін жоғалта бастағандығын айтады да, орта алакӛл және 
классикалық федоров сатысын (б.з.б. ХV-ХІV ғасырлар) және алакӛл-
федоров сатысын (б.з.б. ХІІІ ғасыр) бӛліп кӛрсетеді. Мойын-білік қыш 
ыдыстар мәдениетіне келгенде зерттеуші ӛз кезегінде В.В.Варфоломеевтің 
«дәндібай-сарғары» 
терминін 
қолдана 
отырып, 
дәндібай-сарғары 
мәдениетінің аймақтық кезеңдестіруінде кент-алексеев сатысын (б.з.б. ХІІ-ІХ 
ғасырлар) да атап ӛтеді. Ол Нҧр-доңғал кезеңінің ескерткіштері Орталық 
Қазақстанда доңғал мәдениетінен, Солтҥстік Қазақстанда загарин типіндегі 
нысандардан кездеседі деген де пікір айтады.
Жалпы алғанда, Солтҥстік және Орталық Қазақстаннан басқа аймақтарда 
да 
қола 
дәуірі 
ескерткіштерін, 
мәдениеттерін 
кезеңдестіру 
мен 
хронологиясын жасау ішінара болса да жҥргізіліп келеді. Мҧны басқа 
ӛңірлерде қола дәуірі ескерткіштерін зерттеу қарқыны тӛмен екендігімен де 
тҥсіндіруге болады. Мамандардың біршама ден қойған аймағы - 
республиканың батысы ӛңірі. Батыс Қазақстанда ӛткен ғасырдың 70-80 
жылдары зерттеулер жҥргізген кӛрнекті археолог Г.А.Кушаев Орал-Еділ қола 
ғасырын сол кездердегі тарихнамаға сай ҥш кезеңге бӛлген: 1) шҧңқыр 
сатысы (б.з.б. ІІІ-мыңжылдық) – ерте қола ғасыры; 2) катакомба (және 


111 
полтавкин) сатысы (б.з.б. ІІ-мыңжылдықтың алғашқы жартысы) – ортаңғы 
қола ғасыры; 3) қима (б.з.б. ІІ-мыңжылдық екінші жартысы – б.з.б. І-
мыңжылдық бас кезі) – кейінгі қола ғасыры.
Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісу жеріндегі қола дәуірі материалдарын 
зерделеген К.М.Қарабаспақова мҧндағы ескерткіштерді ҥш хронологиялық 
топқа бӛледі. Біріншісі - дамыған қола кезеңі (б.з.б. ХVІ-ХІІІ ғасырлар). 
Екінші хронологиялық кезең (б.з.б. ХІІ-Х ғасырлар) - «кейінгі қола». 
Сонымен қатар ол қоладан ерте темірге кӛшер тҧстағы ӛтпелі кезеңге (б.з.б. 
ІХ-VІІІ ғасырлар) тән ескерткішті де (Биен обасы) атап кӛрсетеді.
Қазіргі таңда бірқатар зерттеушілердің (Марьяшев, Горячев, Потапов, 
т.б.) далалық ізденістерінің арқасында кейінгі қола 
уақытымен 
мерзімделінетін Жетісу ӛңірінде осы аталған биен (Жоңғар Алатауы), кӛлсай 
(Кҥнгей Іле Алатауы), беғазы-сарғары (Шу-Іле таулары) мәдениеттері 
анықталып отыр. Олардың хронологиялық мерзімі жаратылыстану 
ғылымдарының мәліметтерімен бекіген. Болашақта Жетісу жеріндегі қола 
дәуірінің мәдени дамуын сатылап нақты кӛрсету де қолға алынары анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет