Стан археологиясы


Солтҥстік және Орталық Қазақстан ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет33/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   157
Қазақстан археологиясы

Солтҥстік және Орталық Қазақстан ескерткіштері 
Солтҥстік және Орталық Қазақстанның қола дәуіріне жататын 
ескерткіштерін зерттеу тарихы патшалық Ресей тҧсында басталып, кеңестік 
дәуірде ӛз жалғасын тапқандығы белгілі.
Солтҥстік Қазақстаннан 1911 жылдың ӛзінде-ақ Ю.П.Аргентовский 
андроновтық ескерткіштерді Петропавл қаласы маңынан қазған болатын. 
Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде бҧл ӛңірде ҚазКСР ҒА-ң 
Ш.Ш.Уәлиханов 
атындағы 
Тарих, 
археология 
және 
этнография 
институтының экспедициясы жҧмыс істеді. Оның қҧрамындағы қола дәуірін 
зерттейтін отрядты Ә.М.Оразбаев басқарды. Сол жылдары алынған 
дереккӛздері бойынша Солтҥстік Қазақстан қола дәуірі сатылары мен 
мәдениеттерінің кезеңдестірілуі жасалды. Дегенмен мҧнда ҧзақ жылдарға 
созылған жҥйелі жҧмыстар, соның ішінде қола дәуірін зерттеу ісі Петропавл 
педагогикалық институты мен Солтҥстік Қазақстан облыстық тарихи-


115 
ӛлкетану музейі ҧйымдастырған Солтҥстік Қазақстан археологиялық 
экспедициясымен тығыз байланысты. Аталған экспедицияны бастапқыда 
Г.Б.Зданович басқарған еді. 
Орталық Қазақстан аумағында 1946 жылдан бастап тҥрлі жылдары 
Ә.Х.Марғҧлан, 
М.Қ.Қадырбаев, 
С.М.Ақынжанов, 
Ж.Қ.Қҧрманқҧлов 
басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жҧмыс істеп 
келеді. Кең кӛлемдегі археологиялық барлау және қазба жҧмыстары мҧнда 
ондаған қоныстар мен қорымдарды ашуға мҥмкіндік берді. Олардың 
арасында қола дәуірінің ерте (нҧра) кезеңіне жататын – Ақшатау, Бҧғылы-1, 
Байбала-1, Қомағал, Қанаттас; атасу кезеңімен мерзімделінетін – Айшырақ, 
Саңғыру-2, Былқылдақ-1-3, Шерубай-Нҧра, Қарабие; беғазы-дәндібай кезіне 
жататын – Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Бағазы, Атасу, Мыржық, Бҧғылы-2, 
Ҧлытау секілді жҥздеген қоныстар, қорымдар мен ғҧрыптық орындар 
отандық тарихнамада кеңінен белгілі. 
Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы 
зерттеу жҧмыстарының қомақты бір бӛлігін атқарды. Бҧл экспедицияны 
1973-1976 жылдары Г.Б.Зданович, 1977 жылдан бастап В.В.Евдокимов 
басқарды. Қарағандылық археологтар ҧжымының (В.В.Варфоломеев, 
В.В.Евдокимов, 
С.У.Жауымбаев, 
К.М.Қарабаспақова, 
И.А.Кукушкин, 
В.Г.Ломан, В.А.Новоженов, И.В.Рудковский, А.А.Ткачев, Э.Р.Усманова, 
А.Ю.Чиндин, М.Беделбаева, И.Н.Швец) бір бӛлігі, негізінен, қола дәуірі 
проблемаларын 
қарастырумен 
айналысты. 
Нәтижесінде 
Қарағаш 
қорымындағы ерте қола кезеңіне жататын қабірлер, Сатан қорымындағы 
қабірлерден арба қалдықтары аршып алынды. Сонымен қатар Қопа, Нҥркен, 
Әкімбек, Ташық, Бозінген, Алпымса, Нҧртай, Майтан, Лисаковск, т.б. 
андроновтық қорымдар зерттелді. Қазба жҧмыстары Қопа-1, Ҧпайыс, 
Әкімбек, Домалақтас, Лисаковское, Ташық, Майоровка, Энтузиаст секілді 
қоныстарда да жҥргізілді. Кейінгі қола дәуірін зерттейтін отряд Еңбек 
сҥйгіш, Доңғал, Дермен, Самара, Шойындыкӛл, Қарағаш секілді қорымдарда 
қазба жҧмыстарын атқарды. 1985 жылдан бері байырғы қала (протогород) 
типіндегі Кент қонысы зерттелініп келеді. Кӛне металлургия мен тау-кен ісін 
зерттеуге С.У.Жауымбаев мол ҥлес қосып келеді. 
Сайып келгенде, Солтҥстік және Орталық Қазақстан қола дәуірінде 
біртҧтас тарихи-мәдени ӛңірді қҧрады. Ӛйткені, қола дәуірінің барлық даму 
сатыларында бҧл аумақтарда айтарлықтай ӛзгешеліктер байқала қоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет