164
келді. Мӛде билік еткен алғашқы жылдардың ӛзінде-ақ Қытайдың шекаралық
аудандарына жорықтар жасап оған кҥйрете соққы берді. Кескілескен кҥресте
Мӛде әскери-саяси қуаты басым Хань әулетін сюнну-ғҧндардың Ордостағы
кӛшіп жҥретін жерлерінен дәме етуден бас тартуға мәжбҥр етті. Хань
императоры Гаоцзу Мӛденің алдында бас иіп, онымен «бейбітшілік пен
туыстық туралы келісім-шартқа» қол қоюға мәжбҥр болды, бҧл шарт
бойынша шаньюйге ӛз ҥйінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын
«сыйлық» тҥрінде салық тӛлеп тҧруға міндеттенді, кейіннен ол салықты
ҥнемі тӛлеп тҧрды.
Шығыста хуннулар «шығыс ху»
тайпаларын бағындырды, ал оның
қҧрамына, шамамен алғанда Керулен мен Онон алқаптарында мекендеген
қҧрамына сяньби және ухуань тайпалары кіретін еді. Батыс пен солтҥстік-
батыста хуннулар юеди (юеджи, юечжи, иозы, ҧлы ружы) тайпаларына қауіп
тӛндірді. Хунну шаньюйінің қол астына қазіргі Кореядан Батыс Қытайға
дейінгі аумақ бағынды, солтҥстіктегі Хунну конфедерациясына кірген
тайпалар Байкалдың сыртындағы оңтҥстік аудандарға дейінгі жерлерді алып
жатты.
Дереккӛздерінде хунну жорығының алтайлық бағыты туралы айтылады.
Шежіреші б.з.б. 201 жылы хуннулар солтҥстікке және солтҥстік-батысқа
қарай жылжи отырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли
елдерін бағындырғандығын хабарлайды. Мәтінге берілген тҥсініктемеде әлгі
аталған бес елдің хуннулардан солтҥстікке қарай орналасқандығы айтылады,
сірә, ол батысында Кем (Енисей) ӛзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса
керек.
Одан кейінгі онжылдықтарда хунну тайпалары кҥшейіп, батыста да
белсенді қимыл кӛрсете бастайды. Б.з.б. 177 жылы Мӛде кӛршілеріне қарсы
ӛз бетінше қимыл жасады деген сылтаумен ӛзінің батыстағы тҥктерін
(кнәздерін) юедилерге қарсы жорыққа аттандырады.
Хунну атты әскері,
Чжанье-Ганьчжоу ауданы маңында юечжилерге кҥйрете соққы берді және
сонымен бірге жаңадан қалыптасып келе жатқан хунну коалициясының
шетінде бірнеше ҧлыстарды бағындырды.
Хунну қоғамы б.з.б. І ғасыр ортасынды ӛзінің вассалдық иеліктерінен
айрылып қана қоймай, Хуханье шанюй басқарған оңтҥстік және Чжи Чжи
шаньюй қол астындағы солтҥстік топтарға бӛлініп кетті. Оңтҥстік хуннулар
Ордос аумағын мекендеп қалды, ал солтҥстік хуннулар ӛз тайпаластарының
қысымымен Саян мен Байкал кӛлі маңына қарай ығысады.
Хуннулар ӛмірінде мал шаруашылығы басты рӛл атқарған. Бҧл жӛнінде
Сыма Цянь былай деп жазады: «Қытайдың солтҥстігінің сырт жағын
мекендей жҥріп, олар ӛздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға
кӛшеді. Ҥй малынан жылқы, ірі қара және қой-ешкі ӛсіреді; біразы тҥйе, есек
ҧстайды. Шӛптің қалың, судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге
кӛшіп жҥреді... Шонжарларынан бастап бәрі де ҥй
малының етімен
тамақтанады, олардың терісін киім қылады, жҥн мен аң терісін жамылады».
Әчіресе хуннулардың ӛмірінде жылқы ерекше маңызды рӛл атқарды. Ал қой
165
еті, тері, жҥні кеңінен пайдаланды. Қой терісі мен жҥнінен киім, аяқ киім
жасады, жҥннен киіз басты.
Малының бәрі дерлік бҥкіл жыл бойына жайып бағылды.
Хуннулар отырықшылық пен егіншілікті де білген. Дереккӛздерінде
«солтҥстік жерлерде суық ерте тҥседі, тары себуге қолайсыз болса да,
хуннулар жерінде тары себіледі» деп айтылады. Байкал сыртындағы Нижне-
Иволгинское қала жҧртын қазған кезде еденді сылаған балшық арасынан
туралған сабан шықты. Нақ осы жерден қысқы, тҧрақты жартылай
жертӛлелер табылды, олар кан (кәң) жҥйесімен жылытылған. Қазба кезінде
тары дәндері, шойын тҥрендер, темір орақ, тас дәнҥккіштер пен астық
сақтайтын ҧралар аршып алынған.
Бір шетінен, қайтыс болған адам
жерленген ағаш қималары да хуннуларда отырықшылық болғандығын
дәлелдейді.
Аңшылық та хуннулар ӛмірінде маңызды рӛл атқарды. Бҧл жӛнінде
дереккӛздерінде былай делінген: «... балалар қойға мініп, садақ тарта алады
және қҧстар мен тышқандарды ата біледі; біраз ӛскен соң олар тҥлкілерді
және тамақ жейтін қояндарды атады... Олардың арасында орнаған ғҧрып
бойынша, тыныштық кезде мал бағып, оған қоса қҧс пен аң аулайды, сӛйтіп
тіршілік етеді». Хунну қабірлерін қазған кезде киік (антилопа), қабан, қҧлан,
жабайы бҧғы, елік, қоян, тҥлкі, т.б. тҥз тағыларының сҥйектері кӛптеп
табылған.
Қабірлерде керамика – қҧмыралар, кӛзелер, саптаяқтар аз емес, олар
қолдан жапсырып және қҧмырашы ҧршықшасында дайындалған, мҧның ӛзі
қыш-қҧмырашылықтың дамығанын дәлелдейді. Басқа жақтан әкелінген
жібек маталар, әшекей бҧйымдар, айналар, нефриттен жасалған заттар да жиі
ҧшырасады.
Хунну әскерінің негізін жылдам қозғалатын атты әскер қҧрады. Атқа
мінген сарбаз садақ пен жебемен қаруланды.
Қазба материалдарына
қарағанда, садақтар екі ҥлгіде жасалды. Ертедегі садақтар ағаштан иілді, ал
оның адырнасы тарамыстан жасалды. Садақтың жан-жағы сҥйек
қаптырмалармен қапталды (барлығы жетеуге дейін), екі ҧшында адырнаны
байлайтын кертпеші бар екі қаптырма, ортасына – жебе атылатын жеріне
трапеция тәрізді қаптырма орнатылды. Осылайша садақтың иілгіштігі
кҥшейтілді. Садақтың ҧзындығы 70-80 см-ге жетті. Жебеге ҥш қырлы темір
ҧш салынды. Мҧндай садақтар мен жебелер сауыт киген жауды атуға
арналған еді. Ғҧн жауынгері дӛңгелек және сопақша пішінді, шыбықтардан
тіреу орнатылған ағаш жақтаулы қалқанды да пайдаланған.
Дереккӛздерінде хуннулар 24 руға бӛлінді деп айтылған. Бҧл
қазақстандық кӛптеген оқулықтарға еніп кеткен мәлімет. Алайда мҧны соңғы
кездері кейбір мамандар уақытында дҧрыс
аударылмаған мәтін деп те
есептейді. Сондықтан да хуннуларда ӛзек болған негізгі рулар қанша екендігі
белгісіз. Деректемелерде кейбір рулардың аттары айтылады. Қалай болғанда
да, олардың басында ақсақалдар тҧрғандығы анық. Сонымен қатар,
ақсақалдар кеңесі мен халық жиналысы (қҧрылтай) секілді рулық қҧрылыс
институттары да сақталды. Дерекӛздері «ғҧндардың жыл сайын ҥш рет
166
Лунциде бас қосатын әдеті бар еді, онда жылдың бірінші, бесінші және
тоғызыншы айында «сюй» деп аталатын кҥні кӛк рухына қҧрбан шалынады...
осындай жиналыстарда рубасылары мемлекеттік істерді талқылайды, ат
бәйгесі мен тҥйе жарысын тамашалайды» деп хабарлайды.
Қабірлерден алынған материалдар хунну қоғамында мҥліктік теңсіздік
жайын айқын сипаттайды. Хуннуларда әскери тҧтқындар мен қол астындағы
ӛңірлердің тҧрғындарынан қҧралған қҧлдар болды. Олар ҥй қызметшілері,
бақташылар, қолӛнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланылды.
Елді шаньюй басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды. Одан
кейін тҥменбасы аталған бекзадалар (кнәздер) тҧрды.
Олар шаньюйдің
ҧлдары, бауырлары немесе жақын туыстары болатын. Олардың әрқайсысы
ӛздеріне тиісті аудандарда кӛшіп-қонып жҥрді. Тҥменбасылар ӛз
иеліктерінде мыңбасы, жҥзбасыларды тағайындай алатын еді. Алайда
шаньюй ӛзіне бағынбаған немесе жазықты болған тҥменбасылардың жерін
қайтарып алатын, ӛз кезегінде тҥменбасылар да жҥзбасыларға, онбасыларға
қатысты нақ сондай қҧқық иемденді. Лауазымдар мен жоғарғы шендер
мҧрагерлік жолмен беріліп отырды. Хуннулар тҥрік тілді халық болды.
Хунну қоғамы секілді бірлестікке тән нәрсе - әкімшілігі мен кҥштеу
аппараттары бар мемлекеттіліктің қалыптасуы еді, ішінара ру-тайпалық
қҧрылысты алмастырған органдар жаңа жағдайларға бейімделіп,
ішінара
олармен астасып та жатты.
Достарыңызбен бөлісу: