Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет53/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   157
Қазақстан археологиясы

Кангюй мемлекеті 
 
Б.з.б. ІІ ғасырда Қазақстанда бірқатар жаңа мемлекеттік бірлестіктер 
қалыптаса бастайды, олардың арасында Кангюй мемлекеті де бар.
Тарихнаманың ауқымды болғанына қарамастан, кангюйлерді зерттелуі 
әлі де қанағаттандырмайды. Бҧған әртҥрлі интерпретация тудыратын ҥздік-
создық әрі қарама-қайшылықтан тҧратын шектеулі жазба дереккӛздері 
себепкер болып отыр. Пікірсайыс туғызатын мәселелердің бҥкіл тобы осы 
кезге дейін «кангюйлер проблемасын» дейтін болып табылады. Мемлекеттің 
аумағы Оңтҥстік Қазақстан, Ташкент жазирасы (оазисі) (Ӛзбекстан), 
Сырдария, Жаңадария, Қуаңдарияның кӛне сағалары мен Жетісудың 
оңтҥстік-батысының бір бӛлігін қамтыған кең байтақ жерді алып жатты. 
Мемлекеттің мейлінше кҥшейген кезінде оған Сусе, Фумо, Юени, Ги (Цзи), 
Юегань секілді бес «кіші иелік», сондай-ақ Янцай бағынды. Алайда олардың 
орналасуы даулы мәселе ретінде қалып келеді. 
Кангюй мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мәселелерінің 
тарихы ресейлік шығыстанушы И.Бичуриннен басталады, ол оның 
орналасқан жерін Сырдария ӛзенінің солтҥстік жағындағы далалы аймақтар 
деп белгілеген. «Шицзи» мәтініне берген тҥсініктемесінде ол: «Кангюй иелігі 
қазір Ҧлы жҥз және Орта жҥз қазақтары кӛшіп-қонып жҥр Сырдарияның 
солтҥстік жағындағы далаларды алып жатыр» деп атап ӛткен. «Шицзиде» 
кангюйдің орналасуы туралы былай делінген: «Кангюй Даванның солтҥстік-
батысында шамамен 2000 ли жерде жатыр. Бҧл - әдетте 200000 әскері бар 
тҧрмысы юечжиліктерге ҧқсайтын кӛшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес 


161 
және кҥшінің әлсіз болуына қарай оңтҥстікте юечжиліктердің билігін, 
шығыста хуннулар билігін таниды». Ҥлкен Хань әулетінің келесі бір 
хроникасы «Цянь Ханьшудың» «Жерге орналасуды суреттеу» деген 
тарауында Кангюйге арналған бӛлім бар, онда сӛзбе-сӛз келтіргенде былай 
делінген: «Кангюй билеушісі Лоюень елінде, Уананьнан ол 12300 ли жердегі 
Битянь қаласын мекендейді. Ол уәкілге (наместникке) тәуелді емес. 
Әміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті кҥнде жетуге болады... 
Халқы 120000 отбасынан, 600000 адамнан тҧрады; әскер саны 120000 адам. 
Әдет-ғҧрпы (тҧрмысы) Ҥлкен Юечжиен бірдей. Кангюйлер шығыс жағында 
хуннуларғабағынады». 
ХХ ғасыр орта тҧсында олардың орналасуы мәселелері жӛнінде екі 
кӛзқарас: 1. Кангюйлер Ташкент жазиарасынан Хорезмге дейінгі 
ортаазиялық қос ӛзен арасындағы кең байтақ жерді алып жатты; 2. Кангюй
иелігі Сырдария ӛзенінің тӛменгі ағысындағы аңғардан Ташкентке дейінгі 
алқапта шоғырланды, ал байырғы жерлері Сарысу ӛзенінің орта ағысына, 
Шуға шейін созылып, Ҧлытау тауларына дейін орналасқан деген кӛзқарастар 
қалыптасты.
Бірінші кӛзқарасты С.П.Толстов мейлінше дәлелді қорғады. Ол Кангюй 
жері шығыста Ферғанаға дейін жетті, оңтҥстікте Парфиямен және 
Бактриямен шекараласты, батыста оған Бҧхара оазисі мен Хорезм кірді деп 
есептеді. Бес иелік былайша орналасты: Сусе – Қашқадариядағы Шахрисябс 
облысында; Фуму – Зеравшан ӛзеніндегі Кушания облысында; Юени – 
Ташкент оазисінде; Ги – Бҧхарада; Юегань – бҥкіл мемлекеттің орталығы 
болған Хорезмде.
С.П.Толстовтың бҧл мәселедегі негізгі қарсыласы А.Н.Бернштам 
Кангюйдің шығыс шекарасы Талас ӛзені бойымен ӛтеді деп санады. 
Кейінірек, б.з. ІІІ ғасырында Цзиньши мағлҧматтарына қарағанда, ол тіпті Іле 
ӛзеніне дейін жеткен. Ол Кангюйдің бес иелігін былайша орналастырады: 
Юегань – Хорезмде; Ги – Сырдарияның тӛменгі ағысында; Фуму – 
Жаңақорғаннан солтҥстік-батысқа қарай Қазалыға дейін; Сусе – 
Сырдарияның орта ағысы, Арыс ӛзенінің алабы, Қаратау беткейлерінде; 
Юени – Ташкент жазирасында. Оған жекелеген археологиялық мәдениеттер 
сәйкес келеді: Ташкент жазирасында – қауыншы мәдениеті; Сырдарияның 
орта ағысында – кангюй-қаратау мәдениеті; Қуаңдарияның ежелгі 
салаларында – жетіасар мәдениеті; Сырдарияның тӛменгі ағысында – 
«батпақты қалалар» мәдениеті таралған. Сырдарияның орта ағысындағы 
жерлер кангюйлердің байырғы жері болған. А.Н.Бернштам пікірінше, мҧнда 
Авеста, Махабхарата мен Шахнаме тарихи ескерткіштерінде аңыз болып 
айтылатын Кангха елі нақ осында орналасқан. 
Бҧл кӛзқарасты кейіннен қазақстандық зерттеушілер негізге алды. 
Дегенмен Кангха елінің атауы тҥрлі сипаттағы ежелгі жазба 
дереккӛздерінде б.з.б. ХІV ғасырдан бастап мәлім болғанымен, б.з.б. ІV 
ғасыр соңындағы оқиғалардан жақсы хабардар антикалық авторлар 
Кангюйлерге тоқталмайды. Сырдария бойындағы аймақта «Кан ҥйі» б.з.б. ІІІ 
ғасырда, тіпті б.з.б. ІІ ғасырда кӛтерілген деп топшылауға болады. 


162 
Айта кету керек, бҧл кезеңде Орта Азиялық қос ӛзен аңғарында 
юечжилердің негізгі бӛлігінің оңтҥстікке, сол жағалаулық Бактрияға ығысуы
басталды, олар осы аймақтарға тҧрақтап қалды да, бес иелікке бӛлінді, 
мҧның ӛзі Кангюйлермен салыстырғанда олардың әлсіреуіне алып келмей 
қоймайтын еді, сӛйтіп Кангюйге оңтҥстік пен батысқа қарай экспансия 
жасауға мол мҥмкіндіктер ашылды. Осы уақыттарда (б.з.б. ІІ ғасыр соңы мен 
б.з.б. І ғасыр бас кезі), сірә, кангюйдің жоғарыда аталған бес иелігі пайда 
болса керек, сондай-ақ ол ӛзіне Янцайды (Арал-Каспий ӛңіріндегі сармат-
алан тайпалар одағы), Яньды (Орал маңындағы сармат тайпалары) 
бағындырады. Қытай жӛнінде кангюй билеушілері ӛздерін тәуелсіз, тіпті 
батыл ҧстаған, бҧл жӛнінде б.з.б. І ғасырдың аяғында Батыс ӛлкесіндегі Хань 
уәкілі императорға былай деп хабарлаған: «...Кангюй, керісінше (Усуньге 
қарағанда) ӛркӛкірек, батыл және де біздің жіберген елшілер алдында басын 
июге ешбір кӛнбейді. Онда уәкілден (наместниктен) жіберілген 
шенеуніктерді усуньдердің елшілерінен тӛмен отырғызады. Тамақты әуелі 
солардың кнәздері мен ақсақалдарына, сонан соң ғана уәкілдің елшілеріне 
тартады...». 
Кейіннен, б.з.б. 47-46 жылдары кангюй билеушісі солтҥстік хуннулар 
шаньюйі Чжи Чжижді (Шӛжені) қуатты Хань одақтасы болған усуньдермен 
кҥресінде қолдады. 
Б.з. ІІІ-ІV ғасырларында Кангюй Орта Азия қос ӛзен аңғарындағы, Арал 
маңындағы ӛз ҥстемдігін жоғалтады да, бірқатар тәуелсіз иеліктерге бӛлініп 
кетеді. V ғасырда ол император сарайына елшілік жіберген елдердің 
қатарында аталады. Сірә, бҧл кезге қарай кангюйлер орнында пайда болған 
ҧсақ иеліктер эфталиттік мемлекеттерге тәуелді болса керек. 
Кангюй тайпаларының тілі туралы сауал әлі тҥпкілікті шешілген жоқ, 
зерттеушілердің бірі олардың тілін солтҥстік-иранға жатқызса, келесілері 
оларды тҥрік тілді болды деп есептейді. Б.з. І-мыңжылдық орта тҧсында 
Ортаңғы және Тӛменгі Сырдария ауданындағы этносаяси жағдай ӛзгереді. 
Оған тҥркі тілдес тайпалар басып кіреді.
Чжан Цянь заманынан бері қытай тарихнамасында кангюй тҧрғындарын 
сипаттағанда оның мәдениетінің кӛшпелі сипатына баса назар аударып, оны 
«кӛшпелі иелік» деп атау дәстҥрге айналды. Алайда қытай хроникасы басқа 
бір жерінде кангюйлерді балшықтан соққан қорған ішінде тҧратын халық 
ретінде хабарлайды. Астаналық қаласы Битянь деп аталады, бірақ билеушісі 
мҧнда ҥнемі тҧрған жоқ, ӛйткені оны жазғы ордасы (резиденциясы) да болған 
еді. Соңғы айтылған мәселе бас орданың маусымдық сипатта болғанын, 
билеуші топтың жартылай кӛшпелі ӛмір сҥргендігін дәлелдейді.
Кейінгі жылдары жинақталған археологиялық мәліметтер кангюйлер 
мәдениеті мен шаруашылығы туралы таным-тҥсінікті мейлінше кеңейтті.
Бір кездерде кангюйлер мекендеген аудандардан археологтар кӛптеген 
қоныстар мен қорымдарды анықтады. Бҧл ескерткіштер қауыншы, отырар-
қаратау, жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды. Біріншісі 
Ташкент жазирасына; екіншісі – Сырдарияның орта ағысынадағы Қаратау 


163 
беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға; ҥшіншісі – Қуаңдария мен 
Жаңадария аңғарларына таралған. 
Кангюй дәуірінде Орталық Азия аймақтарына салыстырмалы тҥрде 
сипаттама берген кезде Сырдарияның сағасынан Ферғанаға дейінгі біртҧтас 
мәдени-шаруашылық ӛңір айқындалынады. Ол ӛңірге егіншілік-малшылық 
экономика, монументті архитектура мен фортификация, елді-мекендердің 
жетекші ҥлгісі ретіндегі аздап бекініс жасалған қоныстар, ақша 
айналымының шектеулігі тән болған. 
Сонымен бірге, қауыншы және отырар-қаратау мәдениеті бір-бірімен 
тығыз байланысты болғандығы анықалған. Ҥш мәдениеттің дамуындағы 
алғашқы кезеңнен мәдени байланыстар қауыншы – отырар-қаратау – 
жетіасар секілді оңтҥстіктен солтҥстікке қарай бағытталғандығын кӛруге 
болады. Бҧл, б.з.б. І-мыңжылдық соңындағы кӛшпелі тайпалардың 
жылжуымен байланысты болса керек. 
Екінші кезеңнің бас кезінде жетіасар мәдениетінде Сібір, Тува, 
Моңғолия заттай мәдениеттерінің элементтері айқын байқала бастайды. 
Мҧнда жаңа этникалық топтардың келуіне орай, жетіасар халқы Сырдарияны 
бойлай жоғары жылжиды, ал отырар-қаратау мен қауыншы мәдениеттерінің 
ӛкілдері Батыс Ферғана, Соғды, Бҧхара мен Хорезмге жылжи тҥседі. Ҥшінші 
кезеңде барлық сырдариялық мәдениеттерге және Ташкент жазирасы арқылы 
Жетісуға Соғды ықпалы кҥшейе тҥскендігі байқалған. 
Осы уақыттарда Қаратау мен Сырдарияның орта ағысына тҥркілердің 
келгендігі және де олардың жетіасар халқын Сырдария мен Әмударияның 
тӛменгі ағысына қарай ығыстыра бастағандығы да байқала тҥседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет