196
мен ҧрғашы марал; бҧдан соң ҥстінде әйел отырған қанатты жолбарыс; одан
кейін ҥстінде қҧс ҧшып бара жатқан, арқасына әйел отырған айдаһар; тағы да
тҧғырда тҧрған қанатты ат; ҧшып бара жатқан қҧс; ҥстінде аю мен қҧсы бар
әйел ерттеген ешкі; арқасына әйел отырғызған арқар нақышталып салынған.
Барлық композиция жылқы мҥсіндері арқылы ҥш бӛлікке бӛлінген, орта
тҧсында айдаһар орналасқан, оның оң және сол жағындағы жануарлар шеруі
бір-біріне қарама-қарсы тҧр. Жануарлардың кӛздеріне
сердолик пен
альмандин қойылған, денелеріне перуза орнатылған. Тәтіні ең алғаш рет
зерттеген А.Н.Бернштам бҧл сәндік зат абыз (бақсы) әйелдің бҧйымы дей
келе, олжаны б.з.б. І ғасыр мен б.з. ІІ ғасыры аралығындағы уақытпен
мерзімдеді. Бҧл зерттеуші бейнелердің семантикасында
Иран мен Қытай
культтық ықпалдары да кӛрініс тапқан деп пайымдады.
Жаңа зерттеулер бейнелердің мәнін, шығу тегі мен кӛріністер мағынасын
біршама толымды тҥрде тҥсінуге мҥмкіндік берді. Нәтижесінде Қарғалы
қабірінің мерзімі анықталынды, ол б.з.б. ІІ ғасырға жатады. Тәтіні
Бактриядағы
Тіллә-тепе патша қабірі, Хохлачтағы сармат молалары,
Жетісудағы Есік обасы, Таулы Алтайдағы Уландрык ескерткіші секілді
археологиялық нысандардың бірегей олжаларымен салыстырып қарастыруға
жол ашылды. Тәтідегі бейнелер Еуропа мен Азияда кеңінен таралған қҧдай
ана мен қҧнарлылық қҧдайы Диониспен тікелей байланысты.
Грек культі
шығыс халықтарының кҥн мен тҥн теңелген кҥн Наурыз мейрамымен тамаша
ҥйлескен. Табиғаттың дамуын тоқтатып, қайта жандандыратын ежелгі грек
қҧдайы – Дионис культі,
мысырлық Осирус, фригиялық Аттис, сиро-
финикиялық Сабасийге қатты ҧқсас. Александр Македонский жорығынан
кейін бҧл культ Еуразия аумағында кеңінен таралып, жергілікті қҧдайлармен
бірге астасып кетті. Дегенмен грек немесе грек-бактриялық пішін бейнелеу
ӛнерінен кӛрініс тапты, мҧны усуньдерге тиесілі әрі б.з.б. ІІ
ғасырмен
мерзімделінген Қарғалы тәтісіндегі сюжетті талдау да нақты кӛрсетеді.
Дионис культінің таралғандығын Шелпек (Чельпек) ескерткішінен табылған
қҧрбандық ҥстеліндегі әйел мҥсіндері де растайды. Бҧларды, сірә, Дионистің
әйелі Ариаднамен байланыстырған жӛн. Ол Орта Азия пантеондарындағы
басты қҧдай Анахита – Минамен ҥйлескен-ді. Аталмыш байланыс шелпектік
және қарғалылық олжалардағы кейіпкер әйелдердің киім ҥлгісіндегі
ҧқсастықтан да байқалады. Қарғалы тәтісі дионистік мейрамды сипаттайтын
секілді. Дионис қабыланда отырғызылып бейнеленді, жолбарысқа
отырғызылуы сирек. Дионистік культтің басты хайуандары – марал, ешкі мен
аю. Тәтіде бейнеленген су қҧстары – аққу-қаздар қҧнарлылықты сипаттады.
Қарғалы тәтісінде әлем жаратылысының ҥш ӛрісі кӛрсетілген: Ӛмір
ағашының тамырлары кететін –
жер асты; адамдар мен жануарлар ӛмір
сҥретін – жердің беті; қҧдайлар мен қҧстар тіршілік ететін – аспан әлемі.
Тҧғырдағы, дәлірек айтқанда тау шыңдарындағы жылқы бейнесі кҥнді,
ерекше қҧдай нҧрын кӛрсететін еді. Жетісу кӛшпенділерінің идеологиясында
бҧл синкреттік образдардың таралуына Ҧлы Жібек жолындағы байланыстар
әсерін тигізген болатын.
197
Қарғалы тәтісімен бірге кӛмбеден алтыннан жасалынған кӛптеген
бҧйымдар табылған. Бҧлар – қос ӛркешті тҥйе бейнеленген, перузамен
әшекейленген
екі сақина; таутеке бейнеленген он тоға; адамды кеміріп
жатқан тышқан бейнесі бар перузалы сырға,
сонымен қатар перуза
жапсырылған қапсырмалар.
Усунь ӛнерінде кҥрделі таным-тҥсініктердің, діни ҧғымдар мен
мифологияның кӛрініс табуын ӛзге де олжалардан кӛруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: