Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет64/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   157
Қазақстан археологиясы

Каменка обалы қорымы Алматы қаласының аумағында ӛзімен аттас кент 
жанында орналасқан. Белсенді тҥрде жҥргізіліп жатқан қҧрылыстар әсерінен 
қорымдағы кӛптеген ескерткіштер жойылып кеткен. Мҧндағы обалар 
топырақтан және тас пен топырақ аралас ҥйінділерден тҧрады. Обаларды 
зерттеу барысында 11 мола аршылған. Молалардан тастан және сҥйектен 
жасалған заттар топтамасы, керамика бӛліктері, моншақтар (тҥрлі 
материалдардан дайындалған), қола және алтын әшекейлер (сырға, жҥзік, 
алқа, т.б.) шыққан. Каменка қорымындағы ҥйінділерден берілген асқа 
пайдаланылған ыдыстардың сынықтары, ал тас қаландысы - тас сауыттардан 
сан алуан бҧйымдар (дәнҥккіш, курант, ҥгіткіш, келі-келсап, тӛс, т.б.) 
алынған. Мәселен, №10 шағын обаның сауыт қаландысынан он бес шақты 
шаруашылық-тҧрмыстық бҧйымдар аршылған. Тҥрлі обалар маңынан от 
жағылған ғҧрыптық алаңқайлар анықталған. 
Қорымдағы ерекшеліктің бірі тҥрлі конструкцияның ҧшырасуы болып 
табылады, моланы толтырудың ӛзіндік тәсілдері: қҧйылған пахса, қам кірпіш 
қаландылары, таспен, топырақпен тҧрғызу. Мола тҥрлері: жоспары сопақша 
немесе тікбҧрыштылау келген қабырғалары тік қарапайым шҧңқырлар; 
қабырғаны бойлай текпішек жасалған тікбҧрышты шҧңқырлар және екі 
текпішекті – иықты молалар. Катакомбалар тҧрпаты жоспарында сопақша 
және кҥрделі болып келеді. Соңғыларында жалған тҥсетін шҧңқырлары мен 
молалы терең камералы кездеседі. Жалған тҥсетін шҧңқырлар де катакомба 
секілді ерекше. Олар жартылай дӛңгелек тҧрпатта, бір рет шҧңқырдың (№13 
оба) іші таспен толтырылғандығы және оның каераға ӛтетін жері болғандығы 
анықталған. Басқа бір ескерткіштегі (№21 оба) жалған шҧңқырға басы 
оңтҥстікке қаратылған жылқы жерленген. Жерлеу камерасы ҧзынша келген, 
еніне қарай созыла тҥскен. 
Каменка қорымындағы тағы бір ерекшелік оба ҥйінділері қатары астынан 
екі және одан кӛп қабірлердің кездесуі деуге болады. Мҧндағы ӛзгешелік 


190 
әрбір мҥрде жеке молаға жерленген. Кейбір молалар тҥбіне бор ҧнтағын 
сеуіп тастау анықталған, ал №11, 16, 19 обалардан бор кесектері байқалған. 
№23 обадағы 1-моладан қҧмырашының еңбек қҧралы – сҥйек пластина 
аршып алынған. 
Қорым обаларының кӛпшілігі тоналғандықтан, оның хронологиясын 
нақты анықтау едәуір қиындық туғызады. 
№19 оба қабірінен әйел адамның алтын әшекейі (сырға мен алқа) 
табылған. Әшекейлерді жасауда бҧйымды «пирамида» кӛзтанамен оқалау 
тәсілі қолданылған, ал сақина қалқаншасы инкрустация тәсілімен сәнделген. 
Осы ерекшеліктер обалы кешенді ІІІ-ІV ғасырлармен мерзімдеуге мҥмкіндік 
береді. 
Усуньдердің қоныстары. Жартылай кӛшпелі, жартылай отырықшы ӛмір 
салты ертедегі сақтар мен усуньдердің қыстау-қоныстар мен қоныстар 
салуына себеп болғандығын аңғартады. Жоғарыда айтылғандай, Усунь 
мемлекетінің Чигу-чен – қызыл аңғардағы қала – атты астанасы болған. Хань 
жылнамашылары бҧл атауға «чен» деген қосымша жалғауға болады деп 
тапқан, сӛйтіп бҧл арқылы олар қамал-қала ҥлгісіндегі бекіністі қоныс 
дегенді білдірді. Әзірге Чигудің қай жерде орналасқандығын анықтау белгісіз 
болып қалып отыр. Ӛйткені усуньдердің кӛптеген қоныстары анықталған. 
Шу аңғарындағы усуньдердің Луговое қонысын А.Н.Бернштам 1938 жылдың 
ӛзінде-ақ зерттеген болатын. Қазба барысында таға тәріздестіріліп саз 
балшықпен жасалған ошақпен жылытылатын шикі кірпіштен тҧрғызылған 
баспаналар аршылған. 1962 жылы К.А.Ақышев басқарған археологиялық 
экспедиция Кеген ӛзенінің алабынан Ақтас қонысын тапқан. Қоныс кешені 5 
баспанадан және бірнеше шаруашылық қҧрылыстарынан (қора-қопсылардан) 
тҧрған. Қҧрылыстар арасындағы «шаршы бӛлме» қоныстың орталығы 
болған, оған ауданы 126 шаршы м «ҥлкен аула» жалғасқан, бҧл бӛлмеге ҧзын 
да енсіз дәліз арқылы кірген. 
Баспаналар плита тастардан балшық лай қҧйылып қаланған. Әрбір 
тҧрғын ҥй ҥлкен бӛлмеден, ҧсақ қосалқы жайлардан және мал қамайтын 
қашалардан тҧрды. Барлық қҧрылыстар бір-біріне жапсарластырылып 
салынды. Едендері балшықпен сыланған, жер еден болды. Тҧрғын 
бӛлмелердің едендерінде шаршы тҥрінде тастан қаланған ашық ошақтар 
орналасты. Жер ошақ ҥйді жылытты және онда тамақ пісірілді. Қыс кезінде 
ҥй ішінің тіршілігі ошақтың айналасында ӛтті, оның маңынан тамақ салынған 
қыш ыдыстар, тас дәнҥккіштер табылған. 
1994-2005 жылдары Іле Алатау ӛңірінен усуньдердің ондаған қоныстары 
анықталған. Бҧл ӛңірде қазақ-американ археологиялық экспедициясы 
(К.М.Байпақов, Ф.П.Григорьев, К.Чанг) нәтижелі зерттеу жҧмыстарын 
жҥргізді. Зерттеу барысында Алматыдан аса қашық емес жерлердегі Талғар, 
Цыганка, Талдыбҧлақ ӛзендерінің аңғарларынан бірқатар ескрткіштер 
табылды. Сол кездері Тҥзусай, Цыганка-8, Талдыбҧлақ қоныстарынан тҧрғын 
ҥйлер, жартылай жертӛлелер мен шикі кірпіштен жер бетіне тҧрғызылған 
баспаналар қазылып, сан алуан материалдар жиналған болатын. 
Жаратылыстану ғылымдарына тән зерттеу әдістерін кеңінен қолдану 


191 
экспедицияның археологиялық жҧмыстарының ақпаратын мейлінше 
ҧлғайтқан еді. 
Радиокӛміртекті анализ кӛмегімен қоныстардың қалыптасуы мен 
пайдаланылған уақыты анықталынды. Айталық, Тҥзусай қонысы 6 мәдени 
қабаттан тҧрады, олар б.з.б. ІV ғасыр мен б.з. І ғасыры аралығындағы 
уақытты қамтиды; ал Цыганка-8 қонысы б.з.б. VІІ ғасырдан бастап б.з. І 
ғасырына дейінгі жететін мәдени қабаттарды қамтиды. Бҧлар бастапқыда сақ, 
кейіннен усунь қоныстары болған еді. 
Палеоботаникалық зерттеулер бидай, арпа, тары дәндерін анықтап берді, 
ал Тҥзусай қонысынан кҥріш пен кҥріш қауызы табылды. Қоныстардан 
табылған бидай сҧрыптарының бірі тек қолдан суарып ӛсіргенде ғана 
шығатындығы белгілі болып отыр. 
Жетісудағы Талғар шағын ӛңірі тҧрғындарының шаруашылығы ерте 
темір дәуірінде мал шаруашылығы мен егіншілікке негізделген кешенді 
шаруашылық болғандығы анық. Іле Алатауының тҧрғындары қҧнарлы тау 
алды солтҥстік беткейлерінде қой, ешкі және жылқы ӛсірумен бірге қолдан 
суарылмайтын (богара) және қолдан суармалы егіншілікпен де шҧғылданды, 
тары, арпа, бидай, бәлкім кҥріш те ӛсірді. Алайда, соңғы аталған дақыл 
Ферғана мен Қытайдан әкелінген шет елдік ӛнім болуы да ықтимал. 
Сақ-усунь заманында шоғырланған қоныстардан орта ғасырларда ірі 
қалалар келіп шықты. Сӛйтіп, мәдени жалғастық ҥздіксіз дами берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет