Стандарт “Сыртқы жыныс ағзаларын карау Мақсаты


Стандарт «Босану жолдарын айнамен қарау»



бет8/23
Дата12.04.2024
өлшемі0.64 Mb.
#498537
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
акушерия стандарты

12.Стандарт «Босану жолдарын айнамен қарау».

Мақсаты: босанғаннан кейінгі жарақаттар диагностикасы.

Ресурстар: босану кереуеті, заламыздан құралдар:қайшы, босанғаннан кейінгі

айналарқысқыштар, мен ұстағыш, хирургиялық инелер, тігу материалдары,

анатомиялық және хирургиялық пинцеттер, корнцангтер, антисептик

ерітіндісі (1% йодонат ерітіндісі немесе 2% йод ерітіндісі), залалсыздан

жаялық, залалсызданған қолғаптар, залалсызданған мақта тампондары.

Іс – әрекет алгоритмі:

1. Босанған әйелге зерттеудің қажеттілігін түсіндіріңіз

2. Сыртқы жыныс мүшелерін антисептикпен өңдеңіз.

3. Босанған әйелдің жамбасының астына залалсыздан жаялық төсеңіз.

4. Босану пакетінен босанғаннан кейінгі жалпақ айналарды алыңыз.

5. Айналарды бірінен кейін бірін енгізіп жатыр мойнын ашыңыз.

6. Айнаны ассистентке ұстатып екі қысқыштың көмегімен 12 сағаттан бастап сағат

тілі бойынша жатыр мойнының шеттерін қарап шығыңыз (жатыр мойнының

жыртылуын анықтау үшін, егер бар болса жыртылу қай жерден басталады және

ұзындығын анықтаңыз).



7. Айнаны шығарып жатып қынаптың қабырғаларын муқият қараңыз. Жыртылу

анықталса оның дәрежесін анықтаңыз.



8. Мақта тампондарының көмегімен сыртқы жыныс мүшелерін, артқы жабысқақты,

аралықты қарап шығыңыз.



9. Аралық, қынап, жатыр мойнының жыртылуы анықталса, оларды асептика және

антисептика ережелерін сақтай отырып және ауырсыздандыру әдістерін қолданып

тігіңіз (стандарттарды қараңыз).


13. Стандарт «Жүктіліктің мерзімін анықтау»

Мақсаты: Жүктіліктің мерзімін анықтау.

Әзірле: Геникологиялық кабинетті жабдықта.

  1. Соңғы етеккірдің бірінші күнінен зерттеу жүргізген күнге дейін, күнтізбенің көмегімен апта санын есептеңіз.


  2. Ұрықтың бірінші қимылдаған күнінен күнтізбенің көмегімен апта санын санаңыз. Сол санға бірінші тумаларға 20 апта, босанған әйелдерге 18 апта қосыңыз.


  3. 12 апталық жүктілікке дейінгі бимануалды зерттеудегі жүктілік мерзіміне зерттеу жүргізгенге дейінгі жүктіліктің апталығын қосыңыз.


  4. Жүкті әйелге УДЗ жүргізіңіз.


  5. Жүктілік мерзімін, жүктіліктің үлкен айлығында жатырдың ұзындығы бойынша анықтаңыз:


16 аптада-12см (симфиз бен кіндіктің ортасында)

20 аптада-16см (кіндіктен 2 саусақ төмен)

24 аптда-20см (кіндік тұсында)

32 аптада- 20см (кіндік пен төс сүйегінің ортасында)

36 аптада- 28см (қабырға тұсында)

40 аптада-28-32см (кіндік пен төс сүйегінің ортасында)

  1. Нәтижені медициналық құжатқа жазыңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет