Қолы бос персоналдың мобилизациясы (науқасты жалғыз қалдырмай: көмекке тәжірибелі, толық көлемде оперативті техниканы меңгерген акушер – гинекологты, анестезиолог – реаниматолог пен лаборантты шақыру).
Қан жоғалту көлемін бағалау.
Аурудың күйін бағалау және ағзаның өмірлік маңызды қызметін тексеру (ҚҚ, тамыр соғысы, дене қызуы, демнің жиілігі).
Жіті терапия картасын толтыру үшін бір қызметкерді тағайындау.
Қуықтың катетеризациясы – қуық бос болуы керек.
Кристалойд инфузиясын жүргізу үшін екі перифериялық көк тамырдың катетеризациясы (№№ 14 – 16G) қан жоғалту көлеміне 3:1 қатынастажәне утеротоник ( бұлшық етке 10 бірлік окситоцин енгіземіз, системаға 1000 мл физиологиялық ерітіндіге 20 бірлік окситоцин ерітіп, минутына 60 тамшыдан енгіземіз).
Әйелді жылындыру (көрпе жабу, ылғалды жаймаларды құрғаққа ауыстыру)
Дымқылды оттекпен қамтамасыз ету.
Қанның жалпы талдауы.
Коагулограмма немесе қанның ұю уақыты.
Қан тобын анықтау, Rh – факторды, қанды үйлесімділікке тексеру.
Себебін анықтау