27.Стандарт «Вастен белгісін анықтау»
Зерттеу мақсаты: жатырдағы нәрестенің басының клиникалық сәйкес келмеуін анықтау.
Іс-әрекет алгоритмі.
Босанушы әйелге зерттеудің мақсатын түсіндіріңіз.
Оны төсекке аяғын тік создырып жатқызыңыз.
Босанушы әйелдің жанына тұрып, шатына алақаныңызды ашып қойып, содан кейін баланың басына қарай сырғытпа қимылмен қолды қимылдатыңыз.
Егерде қолдың саусақтары жоғарыға жылжығанда симфиздін жоғары тұрған нәрсеге тірелсе, онда ол баланың басы болып есептеледі. Ол симфизге тіреліп тұрады бірақ түсе алмайды, яғни оның өлшемі жамбастын өлшемімен сәйкес келмейді. Бұндай жағдай Вастеннің белгісі оң деп есептеледі.
Егерде саусақтың қабырғасы жоғарыға жылжытқанда симфиздің жоғарғы бөлігінен нәрестенің басына сырғып еркін қойылса онда бұл Вастеннің теріс белгісі болып табылады. Бұл баланың басының өлшемімен және ананың жамбас кіре беріс өлшемінің сәйкес келуін куәландырады.
Егерде қолдың саусақтарын кедергісіз шатының үстінен нәрестенің басымен бір жазықтықты қалдырып, симфиздің жоғары жағына ілгерілесе, сонымен қатар симфиздің беті және нәрестенің басы жатырдың шыға берісіне толық бекітілсе, бір жазықтықта орналасса-бұл Вастен тепе-тең болып табылады. Ол жатыр мен бастың сәл сәйкессіздігін куәландырады, ол нәрестенің басының жақсы конфигурациясы мен жақсы босану қызметі болса жеңеді. Тарылған жамбастан баланың басы еркін шығуына негіз бар.
28. Ажыраған бала серігін сыртқы әдістер
Бала жолдасының бөлінуін жүргізу кезеңінде плацентаның бөліну белгілерін білу және оның көрінген уақытын белгілеу керек.
Жатыр пішіні мен оның түбінің деңгейінің өзгеруі – Шредер белгісі.Нәресте туғаннан кейін жатыр көлемі дөңгеленіп, түбі кіңдік деңгейіне орналасады. Егер плацента толығымен бөлінген болса, жатыр созылып, түбі кіндік тұсынан жоғары көтеріледі және жиі ортаңғы сызықтан оңға қарай қисаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |