5 Стандарт. «Сыртқы жамбас өлшемдерін өлшеу»
Тексеру мақсаты: Тар жамбасты анықтау.
Құрал жабдықтар: Кушетка, жаялық, жамбас өлшегіш.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Әйелге бұл зерттеудің қажеттілігін түсіндіріңіз.
2. Әйелді арқасымен аяғын созып кушеткаға жатқызыңыз.
3. Әйелдің оң жағына бетіне қарап тұрыңыз.
4. Жамбас өлшегішті сандық шкала жазылған жағын үстіне қаратып, үлкен және сұқ саусағыңызды жамбас өлшегіштің түймелеріне жайғастырыңыз.
5. Сұқ саусағыңызбен өлшейтін жерді анықтап, жамбас өлшегіштің түймелерін өлшейтін жерлерге қойып, сандық шкала бойынша табылған өлшемді жазыңыз.(Қалыпты жағдайда
25-26см).
6. Мықын сүйегінің үстіңгі өсінділерінің аралығын өлшеу үшін жамбас өлшегіштің ұштарын мықын сүйегінің алдыңғы үстіңгі өсінділеріне қойып өлшеңіз. (Қалыпты жағдайда 25-26см).
7. Мықын қанаттарының аралығын өлшеу үшін жамбас өлшегіштің ұшын мықын қанаттарының шығыңқы нүктелеріне қойып өлшеңіз.(Қалыпты жағдайда 28-29см).
8. Ортан жіліктің ұршық аралығын өлшеу үшін ортан жіліктің ұршық аралығының шығыңқы нүктесін тауып, жамбас өлшегітің ұшын қойыңыз. (Қалыпты жағдайда 30-31см).
9. Сыртқы конъюгатаны өлшеу үшін – әйелді қырымен, астыңғы аяғын жамбас сан буынында бүгіп, үстіңгі аяғын созып жатқызыңыз. Жамбас өлшегіштің бір ұшын симфиздің үстіне, екінші ұшын сегізкөз ойысына қойып өлшеңіз. (Қалыпты жағдайда 20-21см).
10. Нақты конъюгатаны (conjugata vera) табу үшін сыртқы конъюгата өлшемінен 8-10см алып тастаңыз.
11. Қолыңызды жуыңыз.
12. Алынған мәліметтерді медициналық құжатқа тіркеңіз.
13. Жамбас өлшегішті дезинфекциялық ерітіндімен залалсыздандырыңыз.
6. Стандарт ‘‘Диагональді коньюгатаны өлшеу ’’.
Зерттеу мақсаты: жамбас тарлығының дәрежесін анықтау
Керекті құрал - жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық,сантиметрлік лента, жамбас өлшегіш және бір рет қолданыста болатын қолғаптар
Достарыңызбен бөлісу: |