Негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;
2) білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;
3) талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
4) білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;
5) білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;
6) білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;
7) есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;
8) қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;
9) тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;
10) әртүрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;
11) ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;
12) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда
«Информатика» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында терең біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін деректерді, ақпараттық процестер мен жүйелерді ұсыну, ақпараттық объектілерді, компьютерлік желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті құру және өңдеу болып табылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыт мазмұны компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды программалар дайындау үшін қолдануға қажет білім мен дағдыларды меңгеруге арналған. Веб-жобалау, сайт құру, мобильді қосымшалар әзірлеу программалау ортасында жүргізіледі.
10-11-сынып білім алушыларының оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамытуда жеке немесе топтық зерттеу-жобалық жұмыстар жүргізіледі. Жобамен жұмыс істейтін білім алушылар жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну, дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс бойынша нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындайды, сондай-ақ өз жобасын қорғайды.
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
|
Тоқсандар бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
11 сынып ЖМБ
|
1
|
2
|
2
|
1
|
Достарыңызбен бөлісу: |