Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


Қазақстан Республикасының стандарттау



бет14/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86
Акишев

4.2. Қазақстан Республикасының стандарттау
саласындағы органдары мен қызмет атқаратын
мекемелер
Стандарттау саласындағы органдар мен қызмет атқаратын мекемелер -негізгі іс-әрекеттерді стандарттау саласындағы жұмыстарды немесе белгіленген функцияларды атқаратын мекемелер, бірлестіктер және оның бөлімшелері.
Стандарттау саласындағы органдардың негізгі функциясы – стандарттау жұмыстарын басқару. Қазақстанда стандарттау саласындағы ұлттық органның функциясын атқаратын стандарттау саласындағы іс-қимылдарды басқару органы – «Техникалық реттеу және метрология комитеті».
Комитет стандарттау саласында мына функцияларды атқарады:
1. Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді.
2. Техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады.
3. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелерімен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді.
4. Мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттарды, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын басып шығаруды және таратуды ұйымдастырад, олар туралы ақпарат жариялайды.
5. Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін белгілейді.
6. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады. Техникалық реттеу және метрологиялық комитеті өзінің функциясын тікелей және өзі құрған органдар арқылы атқарады. Стандарттау саласында қызмет атқаратын мекемелер – белгіленген басқару деңгейінде стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылған мекемелер мен бөлімшелер. Олардың қатарына ғылыми-зерттеу институттары және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жатады.
1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.
2. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзіретіне кіреді:
- бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
- Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық сатндарттар мен шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жктеуіштерін және оларға енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге және оларға сараптама жасауға белгіленген тәртіппен қатысу;
- Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет