5.6. Қазақстан Республикасында халықаралық және өңірлік стандарттарды қолдану
Еліміздің халықаралық стандарттау жұмыстарына тиімді араласуының басты бағыты ол халықаралық стандарттарды мүмкіндігінше толық пайдалану.
Қазақстанда халықаралық, өңірлік және басқа елдердің ұлттық стандарттарын қолданудың үш түрі бар.
1. Халықаралық құжаттарды өзгеріссіз мемлекеттік стандарт түрінде қабылдау. Бұл әдіс тікелей әдіс немесе «мұқаба әдісі» деп аталады. өйткені бұл әдісте халықаралық құжаттардың мәтіні өзгермей, тек қана мұқабасы өзгертіледі.
2. Халықаралық құжаттар ел ерекшелігін ескеретін талаптар енгізу арқылы өзгертіледі. Бұл әдісте ҚР СТ мазмұны шетелдік аналогтардан өзгеше болады.
Белгілеу мысалы –ҚР СТ, МЕМСТ ИСО 9001 – 2001
Стандарттарды қолдануда міндетті түрден ерікті түрге ауысу
Мемлекеттік стандарттарды және стандарттау жүйесін халықаралық нормалармен үйлестіру
Ерікті стандарттарды экспериментальды түрде енгізу және оның нәтижесін талдау
3-сурет. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты туындайтын негізгі мәселелер
Белгілеу мысалы –ҚР СТ 3.8. -2000 (ИСО 10011 - 2)
Мемлекеттік стандарт мәтінде халықаралық құжаттарға сілтемелер жасау немесе олардың жекелеген талаптары мен нормаларын енгізу.
VI тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АҚПАРАТТЫ СЫНЫПТАУ ЖӘНЕ КОДТАУДЫҢ БІРТҰТАС ЖҮЙЕСІ – СТАНДАРТТАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
6.1. Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты сыныптау, кодтау
Техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты сыныптау және кодтау жұмыстары статистика, қаржы, құқық қорғау салаларында, банк жұмыстарында, бухгалтерлік есепте, стандарттауда, өнім шығару мен қызмет көрсетуде, кеден жұмысында, сыртқы экономикалық жұмыстарды қажет. Бұл жұмыстар шаруашылық процестерін ақпараттық қамтамасыз етуді сәйкестендіру және стандарттау үшін жүргізіледі. Мысалы, тауврлардың ішкі және сыртқы саудадағы қозғалысын автоматты түрде есепке алу және сауда мекемелерін ақпаратпен қамтамасыз ету үшін тауарларды штрих кодтау талабы. Халықаралық құжаттар ел ерекшелігін ескеретін талаптар енгізу арқылы өзгертіледі. Бұл әдісте ҚР СТ мазмұны шетелдік аналогтардан өзгеше болады.
Белгілеу мысалы – ҚР СТ 3.8 – 2000 (ИСО 10011 - 2)
Мемлекеттік стандарт мәтінінде халықаралық құжаттарға сілтемелер жасау немесе олардың жекелеген талаптары мен нормаларын енгізу.
Белгілеу мысалы – ҚР СТ 7.2. – 2000
Бұл жағдайда халықаралық стандарттардың нормаларына сілтемелер стандарттағы «Алғы сөзде» немесе «Кіріспесінде» келтіріледі.
Бұл саладағы жұмыстардың басты нәтижесі – ТЭЭА сыныптауыштарын жасау. Сыныптау объектілері болып табылады: өнімдер, процестер, жұмыс және табиғи ресурстар, халық шаруашылығының құрылымы, экономикалық ақпараттар, және т.б.
Өнімдер туралы деректерді автоматтандырылған жүйеде өңдеу үшін мемлекеттік деңгейде ақпараттық негіз болуы керек. Осындай негіз ретінде КСРО кезінде қалыптастырылған өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін сыныптаушысы (КП) қолданылады. Бұл сыныптауыш қазіргі кезде біздің елімізде де қолданылады.
Сыныптауышта өнімдер 100 класқа, әрбір класс – 10 бөлімге, әрбір класс бөлімі – 10 топқа, әрбір топ – 10 бөлімге, әрбір топ бөлімі – 10 түрге бөлінеді. әрбір өнім түрі 9999 дейін нақтылы өнім атауларын қамтиды.
Қазіргі кезде КП сыныптауышы сыртқы сауда сыныптауышымен қатар қолданылады. Сауда сыныптауышы елімізде кедендік тарифтің негізі ретінде енгізіліп сыртқы экономикалық жұмыстарда қолданатын тауар атауларының тізімі (ТНВЭД түрінде белгіленді).
КП және ТНВЭД топтамаларын байланыстыру мақсатында стандарттарда және басқа да нормативтік құжаттарда әрбір өнім атауымен қатар осы сыныптауыш кодтары келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |