Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады


Міндетті және ерікті сертификаттаудың



бет31/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86
Акишев

Міндетті және ерікті сертификаттаудың
ерекшеліктері



Сертификаттаудың
түрлері

Негізгі
жүргізу
мақсатта-ры

Жүргізу негізі

Объектілер

Сәйкестікті
бағалаудың
мәні

Нормативтік негіз

Міндетті

Тауардың
(жұмыстың,
қызметтің)
қауіпсіздігін
қамтамасыз ету

Қазақстан
Республикасының заңды актілері

Қазақстан
Республикасы
Үкіметі
бекіткен
міндетті
сертификаттауға
жататын тауарлар тізбесі

Міндетті сертификаттауды
енгізген заңдарда белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау

Тауар
сапасына
міндетті
талаптар
белгілейтін
стандарттар,
санитарлық
нормалар,
ережелер және басқа құжаттар



Ерікті

Кәсіпорын өнімінің (қызметінің) бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету.Тек қана қауіпсіздік талаптарына ғана емес,сонымен қатар өндірілетін өнімнің (қызметтің) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес өнімдерді жарнамалау

Заңды және жеке тұлғалар бастамасы негізінде өтініш берушімен сертификаттау органы арасындағы шарт

Кез келген
объектілер

Өтініш берушінің
әр түрлі
талаптарына
сәйкестігін
сертификаттау
органымен келісе отырып бағалау

Ерікті сертификаттау жүйесінің
әр санаттағы
стандарттары
(ұлттық,ұйымның),
келісімшарттары

2.3. Сертификаттауға қатысушылар


2.3.1. Міндетті сертификаттауға қатысушылар

Өнімді дайындаушылар және қызмет көрсетушілер (бірінші жақ), сәйкестікті растауға өтініш берушілер мен сатушылар (бірінші немесе екінші жақ), үшінші жаққа жататын мекемелер-сертификаттау органдары, сынақ сертханалары (орталықтары),техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның орындаушылары сертификаттаудың қатысушылары болып табылады.Негізгі қатысушылар- сәйкестік растауға өтініш берушілер,сертификаттау органдары және сынақ зертханалары (орталықтары). Сәйкестікті растауға өтініш берушілер құқықты:


-қолданыстағы ережелерде (келешекте техникалық регламенттерде) қарастырылып отырған өнім түрлеріне белгіленген сәйкестіктің растаудың түрлері мен сызбалары-ның ішінен лайықтысын таңдап алуға;
-міндетті сертификаттауда өніміне сәйкес кез келген сертификаттау органын таңдауға;
-аккредиттеу органына сертификаттау органының немесе сынау зертханасаның заңға қайшы әрекеттері туралы шағым түсіруге.
Сәйкестікті растауға өтініш берушілер міндетті:
-өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
-сәйкестігі міндетті түрде расталуға тиісті өнімді айналымға тек қана оның сәйкестігі расталғаннан кейін шығаруға;
-ілестіріліп жіберілетін техникалық құжатта және өнімді таңбалағанда сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы туралы деректерді көрсетуге;
-мемлекеттік тексеру (қадағалау) органдарына және мүдделі тұлғаларға сәйкестігі расталғаны туралы құжаттарды көрсетуге;
-егер құжаттың (сертификаттың немесе декларацияның) қолдану мерзімі бітсе,оларды пайдалану тоқтатылса немесе жойылса өнімді таратуды тоқтатуға немесе жоюға;
-сертификатталған өнімнің техникалық құжаттарына немесе оны өндіру үшін қолданылатын технологиялық процеске өзгертулер енгізілсе,онда ол туралы сертификаттау органына хабарлауға;
-сәйкестігін растаудан өткен,бірақта мемлекеттік тексеру органдарының өнімнің қойылған талаптарға сәйкес еместігі жөнінде қабылдаған шешімі бойынша өнім өндіруді тоқтатуға.
Сертификаттау органдары мынандай функцияларды атқарады:
-Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген сынақ жұмыстарын жүргізу тәртібі негізінде келісім бойынша сынақ зертханаларын (орталықтарын),жұмысқа тартады;
-міндетті сертификаттау сызбасында немесе келісімде көрсетілген болса сертификаттау объектілеріне тексеру жүргізеді;
-өздері берген сәйкестік сертификаттарын тіркеуден өткізіп отырады;
-мемлекеттік тексеру(қадағалау) органдарын сертификаттаудан өтпей қалған өнім туралы хабардар етіп отырады;
-өздері берген сертификатты тоқтатады немесе жояды;
-өтініш берушіге міндетті сертификаттауды өткізудің тәртібі жөнінде ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
-сертификаттау жұмысының бағасын белгілейді.
Сертификаттау органы сәйкестік сертификатының берілуінің дәлелділігіне және дұрыстығына,сертификаттау ережелерінің сақталуына жауапты.
Зертханалар-меншік нысанына қарамастан,Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар және олардың құрылымдық бөлімшелері (фирмалар,өкілдіктер).
Сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізетін органдар мен зертханаларды аккредиттеу мына мақсатта жүргізіледі:осы субъектілердің жете біліктігін растау,олардың іс-әрекеттерінің нәтижелерін тану үшін жағдай жасау.
Аккредиттеу жөніндегі орган-Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдарға және (немесе) сәйкестікті растау саласындағы жұмысты жүзеге асыратын зертханаларға техникалық регламенттерде,стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін бекітіліп берілген объектілердің тізбесі аккредиттеу саласы деп аталады.
Аккредиттеу саласында белгіленген талаптарға сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат-аккредиттеу аттестаты.
Зертханалар сәйкестікті растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтініш берушілермен жасалған шарт жағдайларында:
1.Өзінің аккредиттеу саласы шегінде сәйкестікті міндетті немесе ерікті растау мақсатында объектілерге сынақ жүргізеді.
2.Сынақ нәтижелерінің дәйектілігін қамтамасыз етеді.
3.Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерін рәсімдейді және береді.
4.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.
Зертханалар объектілердің сәйкестігін растау кезінде оларға сынақтың дәйектемесіз нәтижелерін ұсынғаныүшін Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады.
Егер сертификаттау органы сынақ зертханасы ретінде аккредиттелсе,онда ол сертификаттау орталығы деп аталады.
Сертификаттау органдарының аккредиттелген сынақ зертханаларына өтініш беруші туралы деректерді беруіне тыйым салынады.
2.3.2. Ерікті сертификаттауды ұйымдастыру және
оған қатысушылар

Өнімді өндірушілерге тәуелсіз,өзінің құрылымында мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген талаптарға жауап беретін сынақ зертханалары (орталықтары) бар барлық меншік нысандағы заңды тұлғалар ерікті сертификаттау жөніндегі органдар бола алады.Бұл органдар сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.


Ерікті сертификаттау жөніндегі орган:
-өнімді сертификаттайды,сертификат береді,өтінушімен жасалған келісім негізінде оған сәйкестік белгісін қолдануға құқық береді;
-берілген сертификатты қолдануды тоқтатады немесе оның күшін жояды.
Ерікті сертификаттау жүйесін құрған заңды тұлға осы сертификаттау жүйесінде жұмысты жүргізу ережесін,ақы төлеу тәртібін бекітеді және жұмысқа қатысушыларды белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет