Мыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар



жүктеу 477.64 Kb.
бет1/4
Дата12.06.2016
өлшемі477.64 Kb.
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылы «18» қыркүйекте

№ 172 бұйрығымен

бекітілген

Мыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-тарау. Жалпы талаптар
1. Мыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі-Талап) мыс өндірісін жобалауға, құрылысын салуға, пайдалануға, қайта салуға, кеңейтуге, техникалық қайта жабдықтауға, тоқтатуға, жоюға қатысты қолданылады.

2-тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, құрылыстар мен жайларға қойылатын талаптар
2. Мысты алу жөніндегі өндірістің алаңы жақсы жабдықталған және таза болады. Жазғы мезгілде өту жолдары мен өту жерлеріне су себіледі, ал қысқы мезгілде мұз бен қардан тазаланады.

3. Ұйымға қарасты құрылыстар, темір жолдар, жылжымалы құрам, байланыс, темір жол көліктерінің дабылдары мен бұғаттағыштары Көлік және коммуникация министрінің 2000 жылғы 17 ақпандағы № 109-1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану талаптарына сәйкес келеді.

4. Тротуарлардың және автомобиль жолдарының темір жолдармен қиылысқан жерлерінде өту жерлері мен өту жолдары жасалынады.

Темір жолдары арқылы өту жерлері мен өту жолдарында рельстердің бастиектерімен бір деңгейдегі төсеніштер салынады және сақтандырғыш белгілерімен, белгі беру құралдарымен және қоршаулармен жабдықталады.

5. Теміржол вагондарынан материалдарды түсіру және оларға өнімді тиеу механикаландырылған.

6. Автомашиналардың, автокарлардың, электрокарлардың және басқа да рельссіз жылжитын көліктің алаң бойынша қозғалысының жылдамдығын әкімшілік орнатады, бірақ өндірістік ғимаратқа, ғимараттың ішіне кіру және одан шығу кезіндегі жылдамдық сағатына 5 км аспайды.

Көрсетілген көліктің ұйым алаңындағы және өндірістік ғимараттардағы қозғалысы жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын қолдана отырып, жол жүру белгілерімен реттеледі.

7. Цехтардың аумағындағы барлық люктер мен құдықтар техникалық жағынан ақаусыз болады немесе биіктігі кемінде 1,0 м тасымалы қондырғылармен қоршалған.

Технологиялық мақсатта. жөндеу немесе құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты салынатын орлар, шұңқырлар биіктігі кемінде 1,0 м шарбақпен немесе тұтас қоршалған болады. Орлар мен шұңқырларды тұтас жабылған кезде қоршау құралдары қажет емес.

8. Цехтардың аймағы, темір жолдары арқылы өту жерлері мен өту жолдары жарықтандыру нормаларына сәйкес жарықталған.

9. Корпус аралық аулаларды жабу кезінде олардың механикалық түрде жиналуына рұқсат етіледі және атмосфералық жауын-шашындардың ағуын қамтамасыз етеді.

10. Өнеркәсіптік алаңның аймағы көгалдандырылған; көгалдандырылуға жатпайтын орындар асфальттандырылған. Аймаққа жеміс-жидек ағаштарының бұтақтарын отырғызуға рұқсат етілмейді. Өнеркәсіптік алаңындағы қураған шөптерді сыртқа шығарады және жерге көмеді.

11. Агрессивті ортаның әсеріндегі барлық құрылыс ғимараттары мен құрылыстарының конструкциялары ҚР ҚНжәнеЕ 2.01-19-2004 «Құрылыс құрылымдарын тот басудан қорғау» талаптарына сәйкес қорғалған.

12. Ғимараттар мен құрылыстар ақаусыз жағдайда болады. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың жоспарлы алдын-ала жөндеу жұмыстары, металл және темір бетон конструкцияларының мамандандырылған тексерулері «Ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін техникалық қадағалау ережелері» ҚР ҚБҚ 1.04-15-2004 сәйкес жүргізіледі.

13. Балқытылған металл, штейн және шлак түсуі мүмкін, пештердің және басқа да агрегаттардың жанында орналасқан металл конструкциялар мен бағаналардың бөліктері еденнен биіктігі кемінде 0,5 м жылудан оқшауланған. Жылудан оқшаулау материалдары мен қалыңдығы «Жабдықтар мен құбырларды жылудан оқшаулау» МСН 4.02-03-2004 сәйкес жасалады.

14. Өндірістік корпустардың ірге тастары мен ағын су және сорып алатын желдеткіш каналдары нөсер жаңбырдың, еріген, жер асты және басқа сулардың өтуінен қорғалған.

15. Өндірістік корпустардың жертөлелерінде кемінде екі кіріс (шығыс) есіктері бар.

16. Фрамугалардың, екі жақты қақпалардың және шамдардың конструкциясы атмосфералық жауын-шашындардың корпус ашық болған кезде оған түсулерін жоққа шығарады.

Терезе орындары мен шамдардың фрамугалары оларды ашу және қажетті қалыпта орнату үшін еденнен немесе алаңнан басқарылатын құралмен жабдықталған. Көрсетілген құралдар тот баспайтын материалдан жасалынған, ал механизмдер электрді оқшаулағыш материалмен жабылған.

17. Өндірістік корпустардың оған шаңдардың жиналуын болдырмайтын ішкі қабаты бар.

18. Өндірістік жайлардың едендері:

1) көмір шаңы қонатын жайларда гидро оқшауланған тегіс;

2) мысты электрлік өндіру корпустарында-электрді өткізбейтін, ылғал өткізбейтін және қышқылды-қызуға төзімді;

3) сұйық пайдаланылатын және олар айтарлықтай көлемде төгілетін технологиялық цехтарда-қышқылға төзімді, ылғал өткізбейтін және басқышқа немесе зумпфты еңіске қарай сырғанамайтын;

4) пештер, конвертерлер және құю аралықтары цехтарында қышқылды-қызуға және тозуға төзімді;

5) жарылу қауіпі бар жерлерде-ұшқын шықпайтын болады.

19. Айтарлықтай ылғал шығатын, гидроскопиялық тозаңдар шығатын өндірістік жайларда төбе конструкциялары конденсаттың түзілу мүмкіндігін жоққа шығарады.

20. Өндірістік корпустардан жалпы цехтық әкімшілік жайларға кіру ауа басымды түсетін тамбур-шлюздер арқылы жүргізіледі.

21. Өту жерлері мен өту жолдары «Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигналдық таңба» МСТ 12.4.026-2002 сәйкес қауіпсіздіктің көрсеткіш белгілерімен жабдықталған.

22. Өндірістік жайларда ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте және технологиялық регламент бойынша терезелерді, шамдарды және шам-шырақтарды жүйелі түрде тазалау жүргізіледі.

Әйнектелген қабаттарға және шам-шырақтарға қызмет көрсетудің ыңғайлығы мен қауіпсіздігі үшін көрсетілген жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін қондырғылар мен құралдар қолданылады.

Осы мақсаттарда тұрақты алаңдарды орнатуға рұқсат етілмейді.

23. Желдеткіш каналдардың едендері мен жабындылары ақаусыз болады.

Өндірістік жайлардың едендері мен баспалдақтары жүйелі түрде ылғалды тазаланады, ал ылғалды тазалау рұқсат етілмеген жерлерде пневматикалық құралдарды пайдалану арқылы жүргізіледі. Әр цехта өндірістің ерекшеліктерін ескере отырып, едендерді тазалау тәртібі бекітіледі.

24. Өндірістік ғимараттардың (жайлардың) және құрылыстардың ауасын желдету, жылыту және кондиционерлеу «ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу» ҚР ҚНжәнеЕ 4.02-05-2001 талаптарына және осы Талаптарға сәйкес болады.

25. Мыс шығарудың өндірістік цехтары мен бөлімшелерінде ауаны рециркуляциялауға рұқсат етілмейді.

26. Желдеткіш жүйелердің тиімділігін аспапты тексеру түбегейлі жөндеу жұмыстарынан және қайта салудан кейін жылына бір реттен жиі емес аралықта жүргізіледі. Тексеру актілері мен кемшіліктерді жою шаралары ұйымның техникалық басшысымен бекітіледі.

27. Ұйымдардың ғимараттар мен құрылыстарын найзағайдан қорғау ақаусыз және «Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құрылғыларын орнату жөніндегі нұсқау» ҚР ҚН 2.04-29-2005 сәйкес болады.

28. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру жыл сайын найзағай түсу мерзімі басталар алдында немесе ақаусыздықтар анықталған кезде жүргізіледі. Тексеруді ұйымның техникалық басшысы тағайындайтын комиссия жүргізеді. Тексеру қорытындылары актімен ресімделеді.

29. Өндірістік және қосалқы ғимараттар мен жайлардағы, ұйымның аймағын табиғи және жасанды жарықтандыру «Табиғи және жасанды жарықтандыру» ҚР ҚНжәнеЕ 2.04-05-2002 сәйкес болады.

30. Өндірістік ғимараттардағы шылым шегу бөлмелері сорып-шығару желдеткішімен, суық және ыстық су ағатын қол жуғышпен және бір рет қолданылатын сүлгімен немесе электро кептіргішпен жабдықталған.

31. Емдеу бекеттері ең адамдары көп немесе жарақат алуы бойынша аса қауіпті цехтарға жақын орналастырылады. Жұмыс орындарынан емдеу бекеттеріне дейінгі қашықтық 1000 м артық болмайды.

32. Мыс өндіру жөніндегі ұйымды өртке қарсы қорғау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережесі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2006 жылдың 20 наурызында № 4126 тіркелген) бұйрығына және «Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар» МСТ 12.1.004-91 сәйкес жүргізіледі.

33. Өндірістің сипаттамасына байланысты жобамен өндірістік жайлардағы, қоймалардағы және сыртқы қондырғылардағы өртті сөндіру тәсілдері мен құралдары көрсетіледі.



3-тарау. Бастапқы материалдарға, дайындалған және жартылай дайын өнімдерге қойылатын талаптар
34. Мысты және мыс өндірісінің өнімдерін сақтау мен тасымалдау олардың сақталуын қамтамасыз ететін қандайда бір жайда және ыдыста жүргізіледі.

35. Өндірісте қолданылатын мыс материалдары оларға бекітілген МСТ, ұйымның стандартына сәйкес келеді және сапа сертификаты болады.

36. Ыдыстың ішіне (қаптарға, темір жол цистерналарына, бөшкелерге) салынып түсетін материалдар заттың, материалдың атауы және өндіріс технологиясына байланысты сақтау тәсілі көрсетілетін жазбасы болады.

37. Бастапқы материалдарды, дайындалған және жартылай дайын өнімдерді сақтау мен тасымалдау:

1) қауіпсіз заттарды, тиеп-түсіру жұмыстары мен көліктік операциялар тәсілдерін қолдану арқылы;

2) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың туындауын болдырмайтын қоймалау тәсілін қолдану арқылы жүргізіледі.

38. Мыс өндірісінің барлық дайындалған және жартылай дайын өнімдер жалындауға жол берілмейтін ыдыстарда сақталады. Дайын және жартылай дайын өнімдермен жүргізілетін жұмыстар респираторда жүргізіледі.

39. Қышқылдар, сілтілер бөлек жайларда сақталады. Қышқылдармен, сілтілермен жүргізілетін жұмыстар қышқылға төзімді костюмдерде, көзілдіріктерде, респираторларда жүргізіледі.



4-тарау. Бастапқы материалдарға, дайындалған, жартылай

дайын мен дайын өнімдерді сақтау және тасымалдау

тәсілдеріне қойылатын талаптар
40. Технологиялық материалдар қоймаларда, бөлек орындарда, бункерлерде және жабдықталған алаңдарда сақталады. Сонымен қатар оларды араластыруға жол берілмейді.

41. Технологиялық материалдарды (шикізатты, флюстер, өндірістің қалдықтары «қайта өңделген», жанармай және тағы басқа) тиеу және түсіру, оларды одан әрі қайта өңдеу, орау, қоймалау, дайын өнімді тиеу механикаландырылған.

42. Ылғал материалдарды тиеу алдында алдын ала кептіріледі. Кептіру тәртібі мен тиелетін материалдағы ылғалдың мөлшері ұйымның техникалық басшысымен бекітілген технологиялық регламентпен анықталған.

43. Пешке салынатын материалдарда майдың немесе басқа тұтанатын материалдардың іздері жоқ.

44. Мысты өндіруге арналған материалдар қоршаған ортаны ластау мүмкіндігін жоққа шығаратын ыдыстарда тасымалданады.

45. Материалдарды сақтау үшін жабық типті қоймалар қарастырылады.

46. Шихталарды дайындау процесінде шихталық материалдарды беру мен түсіру механикаландырылады. Негізгі және аралық қатты жалындайтын өнімдерді бір цехтан басқа цехқа тасымалдау пневматикалық көлікпен, вибро көлікпен немесе герметикалық ыдыста (орамда) жүргізіледі.

47. Мысты өндіру кезінде технологиялық процесте қолданылатын флюстер берік жабылған ыдыста бөлек жерлерде болады, ал балқытуға тиеу алдында кептіріледі.

48. Дайын өнімді құю бөлімшелерінде осыған арналған алаңдарда қоймалауға рұқсат етіледі. Дайын өнім қатарларының биіктігі мен қатарлар арасындағы өту жерлерінің ені ұйымның техникалық басшысымен бекітілген технологиялық регламентпен орнатылады.

49. Дайын өнімді сақтауға арналған қоймалық жайлар жылытылады және құрғақ болады. Бұл жайларды пешпен жылытуға, тозаңның жиналуына, тез тұтанатын (бензиннің, керосиннің, майлардың және басқа да) материалдардың және химиялық белсенді (қышқылдардың, сілтілердің және тағы басқа) сақталуына жол берілмейді.

50. Кесектерді қорғау үшін өңдеуге қолданылатын бастапқы материалдар бөлінген орындар мен жайларда фабрикалық орамдарында сақталады.

51. Мыс өндірісінің шикізаттарын және жартылай дайын өнімдерін өндірістік алаң аймағында көрсетілген өнімдердің сақталатын жеріне бөгде тұлғалардың кіруіне, тозаңның жиналуына және қоршаған аймақ пен атмосфералық ауаны ластауға жол бермейтін қоймаларда сақтауға рұқсат етіледі.

52. Мыс өндірісінің қалдықтарын өнеркәсіп алаңында жинауға, іріктеуге және уақытша сақтауға арналған орындарды бөлінген және жабдықталған учаскелерде немесе осы орындарға бөгде тұлғалардың кіруін, жер қабатының, жер асты сулары мен атмосфералық ауаның өндірістік қалдықтармен ластануына жол бермейтін оқшауланған жайларда қарастырады.

53. Өндірістің қалдықтарын және жартылай дайын өнімдерін қоймалау орындары қоршалған және қоршауға осы жерлерге бөгде тұлғалардың болуына тыйым салатын тиісті плакаттар немесе белгілер ілінеді.

54. Өндірістің қалдықтарын тасымалдау үшін өндіріс өнімдерімен жолдардың және өнеркәсіп аймағының ластануына жол бермейтін ыдыстар мен көліктер қолданылады.

55. Өнеркәсіптің қатты және сұйық қалдықтары құбырлар арқылы, арнайы машиналармен қоймаларға (үйінді төгілетін далаға, қалдықтар сақталатын қоймаларға) жөнелтіледі.



5-тарау. Өндірістік жабдықтарға, оның орналасуына, жөнделуіне және қауіпсіз еңбек шарттарын жасауға қойылатын талаптар
56. Мыс өндірісінде қолданылатын барлық жабдықтар оңай тазаланады. Бұл үшін жабдықтардың үстіңгі қабаты тегіс, дәнекерлік қоспалар жақсы тазаланған, үшкір бұрыштары, шығыңқы жерлері, ойықтары, қол жетпейтін жерлері болмайды.

57. Мыс алу бойынша жаңа және жұмыс істеп тұрған өндірісті жобалау кезінде өндірістік жайларды жобалау технологиялық процестің бірізділігі мен ағындылығын ескере отырып жобаланады.

58. Бөлшектеу-ұнтақтау жабдығын орнату мен пайдалану Қазақстан Республикасы аймағында қолданылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тау-кен техникалық қадағалау органымен 1994 жылы бекітілген «Пайдалы қазбаларды байыту және кендер мен концентраттарды кесексіздендіру, бөлшектеу, іріктеу кезіндегі бірыңғай қауіпсіздік» талаптарына сәйкес келеді.

59. Өндірістік жабдықтардың құрама бөлшектері, сонымен қатар энергетикалық құбырлар, жеңдер мен электр кабельдері оларға балқытылған өнімнің түсуінен қорғалған.

60. Жобамен агрегаттар мен аппараттарды жұмыс жабдығының бекітілген режимнен ауытқуы және тоқтауы, іске қосылуы туралы хабардар ететін бақылау және дабыл беру жүйелерімен жабдықтау қарастырылған.

61. Балқыту пештері авария болған жағдайда барлық балқытылған өнімді қабылдауды қамтамасыз ететін ойықтармен немесе алаңдармен жабдықталған.

Балқытылған өнімді қабылдау орындары құрғақ болады.

62. Пайдалану кезінде зиянды заттар лақтырындыларының шығуымен байланысты барлық технологиялық жабдықтар газды тазалағыш қондырғылармен жабдықталған.

63. Сору жүйелері мен аспирациялық қондырғылар жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың «Жұмыс аймағы ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар» МСТ 12.1.005-88 бекітілген шекті-рұқсат қосылымынан (бұдан әрі-ШРҚ) аспауын қамтамасыз ету үшін тозаңдардың, газдардың, булар мен аэрозолдардың түзілетін орындарын тазалауды қамтамасыз етеді. Аспирациялық қондырғылардың атмосфераға лақтыратын ауасы санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келеді.

64. Пайдаланылатын жабдықты іске қосу алдында:

1) жабдықтың ақаусыздығын;

2) қоршаулардың, дабылдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының бар болуы мен жағдайын;

3) жарықтандыру мен желдеткіш құрылғыларының ақаусыздығы тексеріледі.

Барлық анықталған ақаулықтарды жабдықты іске қосудан бұрын жою керек. Тексеру нәтижелері журналға енгізіледі.

65. Агрегаттарды, машиналар мен механизмдерді іске қосу, оларды басқару оны жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларға рұқсат етіледі.

66. Көзбен көріп бақылауға болатын аймақтан тыс жердегі жабдықты басқару пультінен іске қосу кезінде оны іске қосу (жарықтық, дыбыстық) дабылы қарастырылған.

67. Электр қозғалтқыштардың іске қосу құрылғылары жабдықты көзбен көріп бақылауға болатын аймақта орнатылады.

68. Жөндеу жұмыстары жүргізілген жабдықты іске қосу бақылау жүргізетін тұлғаның бақылауымен жүргізіледі.

69. Еденнен 2 м және одан жоғары биіктікте орналасқан бақылау-өлшеу аспаптарына, тиектік, реттегіш, қоректендіргіш және басқа да арматураларға қызмет көрсету үшін тұрақты алаңдар мен оларға баратын баспалдақтар жасалған.

70. Еденнен 0,6 м жоғары биіктікте орналасқан барлық қызмет көрсетілетін алаңдар, өтетін көпірлер, зумпфтар мен баспалдақтардың төмені биіктігі кемінде 0,14 м қаптамамен, биіктігі кемінде 1,0 м тұтас шарбақпен және биіктігі 0,5 м бөренемен қоршалады.

71. Мыс өндіретін ұйымдардың өндірістік жайларында:

1) жабдыққа тұрақты қызмет көрсетуге, сондай-ақ жабдықтың айналасында ені кемінде 1 м алаңдар;

2) тексеру, мезгіл өте қызмет көрсетуге және жабдықтар мен аспаптарды ретке келтіруге арналған ені кемінде 0,8 м алаңдар;

3) қашықтығы кемінде 1,5 м компрессорлар аралығы;

4) сорғыш арасындағы қашықтық кемінде 0,8 м болуы қарастырылған.

Қызмет көрсетілетін алаңдардың, көпірлердің және баспалдақ белдеулерінің төсеніші адамдардың жүріп өтулері кезінде тайғанамауларын қамтамасыз етеді.

72. Жабдыққа қызмет көрсетуге арналған алаңдардың баспалдақтары типтік конструкцияларға сәйкес келеді. Ойларға, құдықтар мен бункерлерге кіруге мүмкіндік болу үшін тік баспалдақтарды немесе қапсырмаларды орнатуға рұқсат етіледі.

73. Алаңдар мен баспалдақтар «Белдеулі баспалдақтар, алаңдар мен болатты қоршаулар. Техникалық шарттар» МСТ 23120-78 сәйкес келеді.

74. Алаңдарды еденнен биіктігі кемінде 2,2 м орналасқан кезде олардың бүйірлік қабаттары «Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигналды таңба» МСТ 12.4.026-2002 сәйкес сигналдық түстерге боялады.

75. Жұмыс алаңдарында алаңның шамаланған жалпы және шоғырланған салмағы көрсетілген тақтайша орнатылады.

76. Жұмыс алаңдары мен оларға қатысты металлургиялық агрегаттардың конструкциясы жоғарғы қабаттардан төменгі қабаттарға материалдардың төгілу мүмкіндігін жоққа шығарады.

77. Егер машиналардың атқарушы органдары адамдарға қауіп төндірсе және қоршалмайтын болса машинаның іске қосылғандығы туралы белгі беруді және тоқтату мен қауіпті жердегі энергия көзінен сөндіруге арналған құралдар қарастырылады.

78. Машиналар мен механизмдердің ашық жылжымалы (белдікті, тісті, шынжырлы берілістері мен сол сияқты) бөліктері тұтас қаптамалармен немесе 20  20 мм аспайтын ұяшықты торлармен қоршалған.

79. Жабдық іске қосылып тұрған кезде олардың жылжымалы бөліктерін жөндеуге және тазалауға, қоршауларды бекітуге рұқсат етілмейді.

Агрегаттардың тораптарын майлау автоматтандырылған. Машиналар мен механизмдерді іске қосылып тұрған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге икемделген құралдар болмаған кезде қолмен майлауға рұқсат етілмейді. Машиналар мен механизмдерге қызмет көрсету кезінде қолданылатын майлау және сүрту материалдары жабық металл жәшіктерде сақталады.

80. Тісті, белдікті және шынжырлы берілістер үшін олардың орналасқан биіктігі мен айналу жылдамдығына қарамастан тұтас қоршау қажет болады. Бұл үшін алынбалы, берік және тот басу мен механикалық әсерлерге төзімді қоршауларды қолданады.

Кептіру пештерінің тісті айналу берілістері үшін қызмет көрсету кезінде ыңғайлылықты қамтамасыз ететін жалпы қоршауды қолданады.

81. Қол жетпейтін жерлерде орналасқан агрегаттардың жылжымалы бөліктерін оларға қызмет көрсету ыңғайлығын қамтамасыз ететін жабылмалы жалпы қоршаумен қоршауға рұқсат етіледі.

82. Жылжымалы жабдықтардың элементтеріне, қоршауларға салынатын есікке қол жеткізуді жоққа шығаратын алынбалы қоршаулар қоршаулардың қорғау кезінде оның жұмысын қамтамасыз ететін жабдықтың іске қосу құрылғыларымен автоматты түрде қоршалған.

83. Жабдықты жөндеу үшін қоршауды механизм толық тоқтағаннан кейін рұқсат етіледі. Механизмдерді жөндегеннен, тексергеннен және тазалағаннан кейін іске қосуды қоршауды орнына орнатқаннан және оның барлық бөліктерін бекіткеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

84. Жабдықты қолмен басқару органдары мен онда ақпаратты кескіндеу құралдарын «Қауіпсіз еңбек стандарттарының жүйесі. Жұмысты орып жүргізу кезіндегі жұмыс орны. Жалпы эргономиялық талаптар» МСТ 12.2.032-78 және Қауіпсіз еңбек стандарттарының жүйесі. Жұмысты түрегеліп тұрып жүргізу кезіндегі жұмыс орны. Жалпы эргономиялық талаптар» МСТ 12.2.033-78 сәйкес орналастырады.

Басқару органдары «Өндірістік жабдықтарды басқару органдарының символдары» МСТ 12.4.040-78 сәйкес келеді.

85. Жабдықты түрлі түсті безендіру, құбырларды бояу мен қауіпсіздік белгілерін орнату «Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері мен сигнал таңбалары» МСТ 12.4.026-2002 сәйкес болады.

86. Іске қосу құрылғыларын, бекітпе және ретке келтіру арматуралары мен машиналардың жылжымалы бөліктерін айыратын бояуларсыз және таңбаларсыз пайдалануға рұқсат етілмейді.

87. Табиғи газды пайдалану кезінде газ құбырлары мен газ жабдықтарын орнату, дайындау, пайдалану мен жөндеу Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 18 қыркүйектегі №172 бұйрығымен бекітілген Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізіледі.

88. Конвейерлердің конструкциясы мен орналастырылуы «Конвейерлер. Жалпы қауіпсіздік талаптары» МСТ 12.2.022-80 сәйкес келеді.

89. Пневматикалық жетектер «Пневматикалық жетектер. Монтаждауға, сынауға және пайдалануға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары» МСТ 12.3.001-85 сәйкес болады.

90. Су құбырларының, табиғи газ, оттегі, мазут, ауа және май өтетін құбырлардың орналасуы мен конструкциясы оларға балқытылған заттардың, штейн мен шлактың түсу мүмкіндігін жоққа шығарады.

91. Электрлік дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу «Электрлік дәнекерлеу жұмыстары. Қауіпсіздік талаптары» МСТ 12.3.003-86 және осы Талапқа сәйкес келеді.

92. Ұйымдарда тиеп-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу «Тиеп-түсіру жұмыстары. Жалпы қауіпсіздік талаптары» МСТ 12.3.009-76 сәйкес болады.

93. Айналмалы кептіру барабандары, пештің қайнап жатқан қабаттары (бұдан әрі-ҚҚ), электр пештері мен басқа да жабдықтар жұмыс істеп тұрған кезде жалындайтын және газ шығаратын материалдар қайта өңделіп жатқан барлық люктер мен қақпақтар тығыз жабық болады. Люктер мен қақпақтарды балқыту материалдарын құю, металды шығару, шламды және өңделген электролитті алып тастау, технологиялық регламентпен қарастырылған басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде ашуға рұқсат етіледі.

94. Аппараттардан сынақ алу сынақ алынатын құралмен осыған арналған құрылғы немесе сынақ алу орындары арқылы жүргізіледі.

95. Отын, ауа және оттегі беру жүйесінің ауа қысымы күрт төмендеген кезде пешке оттегі мен жанармайды беруді тоқтататын автоматты қорғағышы бар. Оттекті-ауа қоспасындағы оттегінің берілген концентрациясы автоматты түрде тұрақты қалпында болады.

96. Технологиялық мақсаттарда қалпына келтіруші отын ретінде табиғи, қосалқы, мұнай, жасанды, аралас және сұйытылған көмір қышқыл газдарын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 172 бұйрығымен бекітілген Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талаптары сақталады.

97. Барлық цехтардың қауіпті жерлерге жақын орындарында техника қауіпсіздігі бойынша сақтандырғыш және нұсқаулық плакаттары ілінген немесе жарықтық, дыбыстық сигнализация орнатылған.

98. Ұйымдарда жермен жүретін доңғалақты рельссіз көліктерді пайдалану және көліктік жолдарды ұстау, жүктердің орындарын ауыстыру процестері «Кәсіпорындардағы жүктердің орындарын ауыстыру процестері. Жалпы қауіпсіздік талаптары» МСТ 12.3.020-80 және осы Талапқа сәйкес келеді.

99. Мыс өндіру цехтарының жабдықтары ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестеде қарастырылған мерзімге сәйкес тексеру және жөндеу жұмыстарынан өтеді.

100. Мыс өндіру цехтарының негізгі жабдықтарының түбегейлі және ағымдағы жөндеулерін ұйымдастыру мен жүргізу КСРО Түрлі түсті металлургия министрлігі 1984 жылы бекіткен «жабдықтар мен көлік құралдарын жоспарлы-алдын алу, жөндеу жұмыстары туралы ережеге» сәйкес болады.

101. Әр цехта рұқсат-наряды бойынша объектіде ұйым жұмысының жобасы рәсімделген орындалатын аса қауіпті жұмыстардың тізбесі әзірленген және ұйымның техникалық басшысымен бекітілген.

102. Жөндеу жұмыстарынан кейін негізгі жабдықты қабылдау қабылдау комиссиясымен жүргізіледі және тиісті актімен ресімделеді.

103. Іске қосылған өндірістік цехтарда мердігер ұйымның жүргізетін жөндеу, құрылыс және монтаж жұмыстары рұқсат-наряды бойынша ресімделеді.

104. Жөндеу жұмыстарын жүргізудің тәртібі мен тәсілдері барлық жағдайларда пайдаланатын персоналмен келісіледі.

105. Жөндеу жұмыстарын жүргізу мен механизмдерді тексеру өндіруші-зауыттың нұсқауына сәйкес жүзеге асырылады.

106. Барлық жөндеу жұмыстары жөндеу жұмыстарына жауапты бақылау жүргізетін тұлғаның басшылығы бойынша жүргізіледі.

107. Жөндеу жұмыстарын бастар алдында жөндеу жұмыстарын жүргізетін барлық жұмысшыларды жұмысты ұйымдастыру жобасымен таныстырып, олар жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулық өткізіледі. Нұсқаулық өткізу журналда немесе рұқсат-нарядында ресімделеді.

Жөндеу және монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде еңбек шарттарын өзгерткен кезде жұмысшылармен қайта нұсқаулық өткізіледі.

108. Жөндеу жұмыстары, ішкі тексеру немесе агрегаттарды тазалау үшін тоқтатылған жабдықтар мен коммуникация іске қосылған жабдықтың барлық құбырларынан, электроэнергия қоректерінен сөндіріледі, оларға салынған материалдардан босатылады. Жабдықтарды электроэнергия қоректерінен сөндірудің беріктігі іске қосу құрылғыларынан кернеуді сөндірумен қамтамасыз етіледі.

Іске қосу құрылғыларында «Қоспаңыз, адамдар жұмыс жүргізіп жатыр» деген плакаттар ілінген. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты, бақылау жүргізетін тұлғаның рұқсатымен плакаттарды алуға және жабдықты іске қосуға болады.

109. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін және барлық өту жолдары жарықтандыру нормаларына сәйкес жарықтандырылған. Жарықтандыру құрылғысы «ЭҚЕ» талаптарына сәйкес келеді.

110. Жоғары биіктікте жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ағаштарды, аспалы алаңдарды, люлкаларды және тағы басқа орнату нормалар мен талаптарға, өнеркәсіп талаптарына сәйкес болады. Көрсетілген құрылғыларды олар салынып болғаннан кейін бақылау жүргізетін тұлға қабылдайды.

111. Жоғары биіктікте монтаж және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын ағаштар, кішкене көпірлер, жылжымалы аға сатылар мен басқа да құрылғылар «Құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған алаңдар мен сатылар. Жалпы техникалық шарттар» МСТ 26887-86 және «Құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған қосымша тірек ағаштар. Техникалық шарттар» МСТ 27321-87 сәйкес келеді.

Көрсетілген құрылғыларды қолдану кезінде жұмысшылардың электр тогымен жарақаттануларын жоққа шығаратын қауіпсіздік шаралары қарастырылған.

112. Жоғары биіктікте сақтандырғыш белдікті қолдана отырып жүргізілетін жұмыстарды орындау кезінде белдіктің шынжырын (арқан) бекіту орны оларды бастар алдында жауапты басшымен көрсетіледі.

113. Сақтандырғыш белдіктері, белдік карабиндері мен сақтандырғыш арқандар қоймадан алынғаннан кейін жылына екі реттен жиі емес аралықта сынақтан өткізіледі. Сынау актімен ресімделеді. Белдік пен арқанның келесі өткізілетін сынау мерзімі көрсетілген инвентарлық нөмірі болады. Сақтандырғыш белдіктердің, белдік карабиндері мен сақтандырғыш арқандардың жарамдық деңгейі жұмыста пайдалану және әр уақытта қолданылғаннан кейін сырттай тексеру арқылы анықталады.

114. Металл конструкцияларды монтаждау және қайта монтаждау кезінде оларды асылған және тұрақсыз күйінде қалдыруға рұқсат етілмейді. Қайта құрастырылатын конструкциялар мен жабдықтарды өтетін жол қалдырып, тұрақты жерге қояды.

Жөндеу жұмыстары аяқталған кезде қажет немесе конструкциялар мен жабдықтар алынады, ал қоршағыш, сақтандырғыш және желдеткіш құрылғылар толық қалпына келтіріледі. Биіктіктен материалдарды, жабдықтарды және басқа да заттарды лақтыруға рұқсат етілмейді.

115. Жөндеу жұмыстары кезінде жоғары көтеруді және жылжытуды қажет ететін жабдықтың үстінде көтеру-көлік құрылғыларының болуын қарастырады.

116. Ілгекті, арқанды, кранның доңғалақтарын ауыстыру мен кранның ілгегін оқшаулауды жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінген аймақта жүргізеді.

117. Электр көліктерді (электрокарларды, электрлік тиегіштерді, итергіштерді және тағы басқа) жөндеу жұмыстары жайларда жүргізіледі.

118. Жабдықтардың түрін таңдау, орнату, орналастыру, электр қондырғыларды пайдалану және жөндеу Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен 2004 жылы 26 тамызда бекітілген Электр қондырғыларды орнату ережелері (бұдан әрі-ЭҚЕ), Электр қондырғыларды тұтынушылардың пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері (бұдан әріҚТЕ) және осы Талапқа сәйкес келеді.

119. Жабдықтарды ұстау, тексеру мен тазалау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен 2001 жылдың 7 тамызында № 7 бұйрығымен бекітілген Металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары мен ұйымдарына арналған жалпы қауіпсіздік ережелері мен осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

120. Айналып жатқан пештерге, қайнап жатқан қабатты пештерге тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде олар бекітетін қақпақшалардың көмегімен барлық іске қосылған коммуникациялардан сөндірілген және шекті рұқсат етілген концентрациядан аспайтындай етіліп газдардың, булардың, тозаңдар мен басқа да зиянды заттардың түзілуіне дейін желдетілген. Пештер салқындатылады.

Жөндеу жұмыстары кезінде пештің ішіндегі температура 40°С аспайды.

121. Бекітпе қақпақтарды орнату мен оны шешіп алу бекітпе қақпақты орнатқан және шешіп алған тұлғаның қолымен журналда белгіленеді. Барлық бекітпе қақпақтар нөмірленген және белгіленген қысымға есептелген. Нөмір мен жұмыс қысымы бекітпе қақпақтың артқы жағына ойып жазылады.

122. Газ өтетін құбырлар мен пеш көмейінің ішінде жүргізілетін барлық жұмыстар оларды агрегаттан, жалпы пеш көмейінен ажыратқаннан және ауадағы зиянды заттар мен оттегінің түзілуіне талдау жасау арқылы желдеткеннен кейін жүргізіледі.

123. Жұмыс барысында артық қысымды болған аппараттармен, ыдыстар және басқа да жабдықтар оларды (бекітпе қақпақтарды және тағы басқа) ашу алдында онда қалдықты қысымның бар болуына тексеріледі, бұл туралы рұқсат-нарядына жазба жасалынады.

124. Жоғары температура кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс жүргізушілерді жылу сәулелерінен қорғау үшін экрандық құрылғылар мен ауаны ылғалдандыру себелегіштері қолданылады.

125. Дәнекерлеу жұмыстары рұқсат-наряды бойынша жүргізіледі.

126. Өндірістік цехтарда электр дәнекерлеу жабдығын қоректендіру кестесі персоналдың электр тогымен зақымдану мүмкіндігін жоққа шығарады. Дәнекерлеу кабельдерін жерге қосуға рұқсат етілмейді. Әр дәнекерлеу агрегатында оның қуаттылығына қарамастан бір мезгілде бір дәнекерлеушінің жұмыс жүргізуіне рұқсат етіледі. Электролиздердің бір қатары арқылы екіншісіне созылған кабельді дәнекерлеу бекетін пайдалануға рұқсат етілмейді.

Дәнекерлеу трансформаторы диэлектрлік негізде орнатылған және диэлектрлік материалдан жасалған қаптамамен жабылған.

Электролиз корпустарында жерге қосылған корпусты және жерге қосылған екінші орағышты дәнекерлеу трансформаторларын пайдалануға рұқсат етілмейді.

Электр қуатын ұстағышқа ток беру үшін икемді шлангалы кабель қолданылады. Кабельдің оқшаулануының ақаусыздығын тексеру айына бір реттен жиі аралықта, ал сыртынан тексеру-дәнекерлеу жұмыстары басталар алдында жүргізіледі.

Кабельдердің оқшаулануы ақаулы болған кезде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.

127. Жабық металл ыдыстар мен ылғалдылығы жоғары жерлерде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге арналған электродәнекерлеу агрегаттары бос жүріс кернеуін автоматты түрде сөндіру немесе оны уақыт бойынша 0,5 с артық емес аралықта ұстап, кернеуін 12 Вольтқа дейінгі шектеу құрылғыларымен жабдықталған.



6-тарау. Технологиялық бөлім. Жалпы талаптар
128. Технологиялық жабдықты пайдалану мен техникалық қызмет көрсету Технологиялық агрегаттарды және мыс балқыту зауыттарының жылуды қолданатын құрылғыларын техникалық пайдалану талабына сәйкес келеді.

129. Сору жүйелері мен аспирациялық құрылғылар «Жұмыс аймағы ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар» МСТ 12.1.005-88 белгіленген жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың шекті-рұқсат етілген концентрациядан аспауы үшін тозаңдардың, газдардың, булар мен аэрозолдардың жойылуын қамтамасыз етеді.

Атмосфераға лақтырылатын аспирациялық қондырғылардың ауасы санитарлық нормаларға сәйкес келеді.

130. Технологиялық материалдарды (шикізатты, флюстерді, өндірістің қалдықтарын, «қайта өңделгендерді», отынды және тағы басқа ) тиеу және түсіру, оларды одан әрі өңдеу үшін тасымалдау, орау, қоймалау және дайын өнімді тиеу механикаландырылған.

131. Технологиялық материалдар қоймаларда, бөлек орындарда, бункерлерде және арнайы жабдықталған алаңдарда сақталады. Сонымен қатар, олардың орындарын ауыстыруға жол берілмейді.

132. Өндірістік жабдықтардың құрама бөліктері, энергетикалық құбырлар, жеңдер мен электр кабельдері оларға балқытылған заттардың түсуінен қорғалған.

133. Агрегаттар мен аппараттарды жабдықтың белгіленген жұмыс режимінің іске қосылуы, тоқтауы мен бұзылуы туралы хабар беретін бақылау жүйесімен және дабылмен жабдықтау қарастырылған.

134. Жайлар мен ғимараттардың санаты жарылу өрт шығу және өрт шығу қауіптілігі бойынша ОНТП-24-86 технологиялық жобалау нормаларына сәйкес анықталады.

135. Балқыту пештері апат болған жағдайда барлық балқытылған өнімді қабылдауды қамтамасыз ететін ойлармен немесе алаңдармен жабдықталған.

Балқытылған заттарды қабылдау орындары құрғақ болады.

136. Металлургиялық агрегаттарда қайта өңделетін шихталық материалдардың ылғалдылығы технологиялық регламентпен белгіленген.

Ылғалдылығы технологиялық регламентпен белгіленген көрсеткіштен асатын шихталық материалдарды металл агрегаттарға салуға рұқсат етілмейді.

137. Қайталама шикізатты (түсті металдардың сынықтарын) қайта өңдеу «Түрлі түсті металдар мен қорытпалардың сынықтары және қалдықтары. Жалпы техникалық шарттар» мен ұйымның техникалық басшысымен бекітілген технологиялық регламенті сақтай отырып жүзеге асырылады.

138. Технологиялық регламентпен белгіленген манометрлік режим көрсеткішінен ауытқу кезінде металл агрегаттарды пайдалану.

139. Шихталық материалдарды металл агрегаттарға жеткізетін көлік құралдарына электр қуатын беретін троллерлік сымдар рельстердің бастиектерінен кемінде 3,5 м биіктікке ілінген. Одан төмен биіктікке ілінген кезде троллерлік сымдар ілінген аймақта жүргізілетін жұмыс рұқсат-наряды бойынша жүргізіледі.

140. Кернеулі болуы мүмкін электропештердің қаптамалары, оның металл конструкциялары жерге қосылған. Электрпештердің ток өтетін бөліктері оқшауланған немесе қоршалған.

141. Негізгі және қосалқы технологиялық және электротехникалық жабдықтың конструктивтік элементтері оқшаулануының «жерге» қатысты кедергісін, жерге қосылатын құрылғылардың кедергілерін тексеру электр қондырғыларды тұтынушылардың пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережесі (бұдан әрі-ҚТЕ) талаптарына және ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Оқшаулау кедергілері, жерге қосылатын құрылғылар кедергілері өлшемдерінің нәтижелері журналға енгізіледі.

142. Технологиялық жабдықты авариялық кнопкалармен сөндіру кезінде қашықтықтан басқаруға қарсы тиісті қорғау қарастырылады.

143. Отын, ауа және оттегін беру жүйесі кенеттен ауа қысымы төмендеген кезде пешке оттегі мен отынның берілуін тоқтататын автоматты қорғағышы бар. Оттекті-ауа қоспасындағы оттектің берілген концентрациясы автоматты түрде сақталады.

144. Зиянды және улы заттарды сақтау, тасымалдау мен жою «Уытты өндірістік қалдықтарды жинақтау, тасымалдау, залалсыздандыру мен көму тәртібі» СН 3183-84 талаптарына сәйкес жүргізіледі.

145. Технологиялық мақсаттарда қалпына келтіруші отын ретінде табиғи, қосалқы, мұнай, жасанды, аралас және сұйытылған көмір қышқыл газдарын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талаптары сақталады.

146. Жұмыс алаңдары мен оларға қатысты металлургиялық агрегаттардың конструкциясы жоғарғы қабаттардан төменгі қабаттарға материалдардың төгілу мүмкіндігін жоққа шығарады.


  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет