2.6.2. Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау
Қызметке қатысты қолданыстағы стандарттарда қызметтерге талаптарды топтау әдісі қолданылмайды. Оның себебі, бір жағынан, қызметтер сапасына жалпы турдегі стандартталған көрсеткіштер атауларының жоқтығы, екінші жағынан біркелкі еместігінде.
Қоғамдық тамақтандыру қызметі мына топтарға бөлінеді:
Тамақтандыру қызметі;
Тамақ өнімдерін және тәтті тағам бұйымдар жасау;
Тамақ өнімдерін тарату қызметі;
Ақпараттық ақыл-кеңес беру қызметі;
Басқа да қызмет түрлері;
Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында заң актілерінде, мемлекетаралық стандарттарда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарында, санитарлық және құрылыс нормалары мен ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін жүргізіледі.
Қызметті сертификаттау жұмысының ақысын оның нәтижесіне қарамастан мәлімдеуші РРК50. 3.01.2000 сәйкес төлейді.
Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау тәртібі, мекемелердің түрлері мен дәрежелері ҚР. СТ 3.6-96-да белгіленген.
Қоғамдық тамақтандыру мекемелері мына түрлерге бөлінеді: мейрамхана, кафе, асхана, дәмхана, аспаздар дүкені.
Мекеме түрлерін растау кезінде мына факторлар ескеріледі:
Шығарылатын өнімнің түрі және дайындау қиындығы;
Техникамен жабдықталғандығы (материалдық базасы, инженерлік-техникалыө жабдықталуы, үй –жайының құрамы, архитекторлық – жоспарлау шешімі, т.б.);
Қызмет көрсету түрлері;
Қызмет көрсетушілердің біліктілігі;
Қызмет көрсету сапасы (жайлылығы, қарым-қатынас этикасы, эстетикасы, т.б.);
Тұтынушыларға көрсететін қызмет атаулары.
Ресторандар мен барлар қызмет көрсету деңгейіне және көрсетілетін қызмет атауларына байланысты үш дәрежеге бөлінеді: люск, жоғары және бірінші.
Кафе, асхана, дәмхана және аспаздар дүкендері дәрежеге бөлінбейді.
Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификттау мына ретте жүргізіледі:
Өтінім жасау және оны қарастыру.
Сертификттауды жүргізу үшін өтінуші қызметті сертификаттайтын тіркеуден өткен орынға өтінім береді;
Өтінімге қоса өндіріс жұмысының тұрақтылығын және сертификаттауға ұсынылған қызметтің сапасын анықтауға мүмкіндік беретін сауалнама жіберіледі.
Сертификаттау органы өтінімді тіркейді және оны сертификаттау мүмкіндігін анықтау үшін қарастырады;
Өтінімді қарастыру және шешім шығару мерзімі оны тіркеуден өткізілген күннен бастап 1 айдан аспауы керек;
Өтінімді қарастырғанда сертификаттау органы мына жұмыстарды атқарады;
а) ұсынылған нормативтік құжаттардың сертификаттауды жүргізуге жарамсыздығы;
б) Қызмет көрсету процесінің тұрақсыздығы;
в) қызмет сапасының төмендегі (қызмет көрсетудің кемшіліктеріне берілген шағымдардың көптігі);
2. сертификаттау кезінде тексеру (сынақ) өткізу.
- сертификаттық тесеру (сынау) сертификатталатын қызметтің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыру үшін және басқа сертификаттау жүйелерінде берілген сертификаттарды тану мақсатында жүргізіледі;
- сертификаттық сынау жүргізу тәртібі қызмет нәтижесін тексеруде көздейтін сертификаттау сызбаларымен анықталады;
- қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттағанда 2,4 және 5-сызбалар қолданылады.
2-сызба қызмет көрсету процесін, яғни оның құрамына кіретін барлық элементтерін бағалауды көздейді:
Санитарлық-гигиеналық нормалары мен ережелерін сақтау;
Нормативтік құжаттардың қызмет көрсетушілерге және жұмысшыларға белгіленген талаптарының орындалуы;
Технологиялық құрал-жабдықтардың және тексеру, өлшеу аспаптарының жағдайы;
Сонымен қатар аспаздық өнімдердің қауіпсіздік көрсеткіштері іріктеп тексеруден (сынаудан) өткізіледі:
Сызбада қызмет көрсету процестің тұрақтылығын инспекциялық тексеру көзделген.
Бұл сызбаны тамақтандыру қызметінен басқа қызмет топтарына қолдану ұсынылады.
4- сызба қоғамдық тамақтандыру мекемелерін аттестациялауды, яғни мына тексеру түрлерін көздейді:
Аспаздық өнімдердің түрлеріне байланысты пайдаланатын материалдық техникалық базасын;
Қызмет көрсетуге және өнім түрлеріне қажетті нормативтік және техникалық базасын;
Қызмет көрсетуге және өнім түрлеріне қажетті нормативтік және технологиялық құжаттардың қолда барлығын;
Қызмет сапасының мекеменің түріне және дәрежесіне сәйкестігін
Сызбада аспаздық өнімдерін іріктеп тексеру (сынау) өткізледі.
Инспекциялық тексеруде аспаздық өнімдердің қауіпсіздік көрсеткіштерін іріктеп тексеру (сапаны тексеру) жүргізіледі.
Бұл сызба бойынша мекемелердің түрлері мен дәрежелерін растау жүргізіледі.
5- сызбада сапа жүйесін сертификаттау және оның жұмысының тұрақтылығын инспекциялық тексеру жүргізіледі.
Барлық сертификаттау сызбалары Мемсанэпидқызметінің санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігіне берілген қорытындысы болуын көздейді.
Қоғамдық тамақтандыру мекемелерін сертификаттауда мыналар бағалайды:
Архитектуралық жүйелеу шешімдерін;
Аумақтық жағдайын;
Қызмет атауы мен сапасын;
Санитарлық –гигиеналық нормалардың, өндірістің технологиялық жағдайларына қатысты ережелердің сақталуын;
Мекеменің материалдық техникалық базасының жағдайын;
Қызмет көрсету жағдайын;
Қызмет көрсететің адамдардың кәсіби деңгейін;
Ас пен сусын түрлерін;
Ішкі әпеті мен жиһазын.
Достарыңызбен бөлісу: |