«Стандарттау, метрология және сертификаттау»


Үя іі.іі.-:іп:і п.ік' ртанлапт



бет4/5
Дата08.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#184422
1   2   3   4   5

Үя іі.іі.-:іп:і п.ік' ртанлапт

5. ҚР МСТ мемлекеттік стандарттың оңдеу жоніндегі МСЖ стандарттау жүйесіне койылатын талаптар.

6. Талаптарды іске асырудағы мемлексттік және халыкаралык стандарттардың айырмашылыгын аныктау жэне жұмыс нэтижесі бойынша 2-ші кестені толтыру.

7. «Создіктегі» құрылымдык элементтсрдің барлық мазмұны мен танысу жэне келесі сұрақтарға жауап берү:



7.1. Халыкаралық стандарттың негізгі мақсаты не болып табылады?

7.2. Келесі терминдердің аныктамасын іабу:

- сапа;


- сенімділік;

- сыйымдылық;

- алмастыру;

- кауіпсіздік;

- сэйкесіік.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Лицензияланған келісім қайда тіркелуі қажет?

2 Лицензияның объектісі болып не табылады?

3 Лицензиялық келісімнің қандай түрлері кездеседі?

4 Лицензиялық кампанияны жүргізу кестесін айтып беріңіз.

5 Лицензияланған келісімнің шарттары қандай?

6 Лицензия құны дегеніміз не?

7 Төлемдердің қандай түрлерін білесіз?

8 Лицензияланған келісім-шарттың құрылымы қандай болады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР патент заңы (1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданды)

2 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР заңы (1996 жылдың 10 маусымында қабылданды)
№ 13 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы
Дәріс жоспары:

1 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы және оның міндеттері

2 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының функциялары

3 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының құрылымы


Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы (ДСМҰ) – халықаралық ұйым болып табылады. Оның міндеттеріне келесідей кіреді, бұл:

- өнертабыс құқығы және санаткерлік меншіктің иеленушісі дүниежүзінде құқығы қорғалатындай кепілдік береді;

- өнертабыс пен автор дүниежүзінде танымал және өз шеберлігіне марапатталатындай жұмыстар атқарады.

ДСМҰ-ң тамыры негізінде 1883 жылы болды. Бұл жылы Париж конвенциясының пайда болу жылы, ол өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы – ең бірінші, маңызды халықаралық келісім-шарт болып табылады, бір мемлекеттегі адамдарға көмектесу болса, ал өнеркәсіптік меншігінің құқығы түрінде өздерінің санаткерлік өнертабыстары жөнінде, басқа мемлекеттен қорғаушылық жұмыстарын алу. 1884 жылы Париж конвенциясы 14 мемлекеттік – мүшелермен бірігіп, басқарушылық тапсырмаларды орындау үшін халықаралық бюро құрды.1886 жылы әдеби және шығармашыылқ туындылары жөніндегі Берн конвенция көмегімен халықаралық аренаға Копирайт шықты. Париж конвенция сияқты Берн конвенциясы басқарушылық тапсырмаларды орындау үшін халықаралық бюро құрды. 1893 жылы бұл екі кіші бюролар бірігіп, санаткерлік меншікті қорғау жөнінде «Біріккен халықаралық бюро» атты халықаралық ұйым құрды. Штаты Бернде (Швейцария) орналасқан және штат 7 адамнан тұралы, бұл кіші ұйым қазіргі уақытта Дүниежүзінен 650 адам, 170 мемлекеттік-мүше және аппараттардан тұратын ең мықты құрылым болып табылады.

Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы органдардың басқармасы арқылы келесі функциялар атқарады:

- дүниежүзінде санаткерлік меншікті қорғау жұмыстарын жақсарту және бұл салада Ұлттық заңнамаларды үйлестіретін шараларды әзірлеуге қатысады;

- Париж Одағы, бұл одақпен пайда болатын және Берн одақтарына байланысты арнайы одақтардың басқарушылық функцияларын атқарады;

- санаткерлік меншік қорғауға қатысты шақырылған, халықаралық келісім-шарт қорытындысын шығаруға қатысады;

- санаткерлік меншікті қорғауға қатысты ақпараттарды жинайды және ақпараттарды таратады, бұл саладағы зерттеулерді жүргізеді және зерттеулерді мадақтайды және бұл зерттеулердің нәтижелерін басылымға шығарады;

- санаткерлік меншік саласында заңды-техникалық көмек бойынша сұраныстарды басқа мемлекеттермен байланысуға ұсынады;

- санаткерлік меншіктің халықаралық қорғауды орындайтын қызмет көрсету қамтамасыз ету және кей жағдайда бұл салада тіркеу жұмыстарын орындайды, сонымен қатар берілген тіркеуге қатысты мағлуматтарды басып шығарады;

- кез-келген сәйкес басқа қызметтерді атқарады.

Бұл функциялар ДСМҰ бекіткен Конвенцияның 4 бабында жазылған, бұл халықаралық ұйымдарының қызметтері жан-жақты болып табылады.

Қазіргі уақытта ДСМҰ өнеркәсіптік меншікті қорғаумен байланысты басқа Одақтармен басқару жұмыстарын атқарады:



  • өнеркәсіптік меншікті қорғау жөнінде Париж Одағы;

  • Таңбаларды тіркеу үшін қызмет көрсету және тауарларды халықаралық жіктеу жөніндегі Ниц Одағы;

  • Халықаралық патенттік жіктеу жөніндегі Страсбург Одағы;

  • Тауарлық таңбаларды халықаралық тіркеу жөніндегі Одақ;

  • Халықаралық тіркеу және болған жердің атауын қорғау жөніндегі Лиссабон Одағы;

  • Олимпиадалық нышанды қорғау жөніндегі Найробты Одақ;

ДСМҰ құрылымы келесі:

  1. 3 басқарушылық кеңес:

  • Бас Ассамблея;

  • Конференция;

  • Координациялау жөнінде Комитет.

  1. Басқа органдар:

  • Өнеркәсіптік меншік жөніндегі ақпарат бойынша ДСМҰ-ң тұрақты комитеті;

  • Халықаралық бюро.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының міндеттері қандай?

2 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы қашан пайда болды?

3 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымы қандай функцияларды атқарады?

4 Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының құрылымы қандай?

5 Бас Ассамблея қандай жұмыстарды атқарады?

6 Конференция не үшін шақырылады?

7 Координациялау жөніндегі комитеттің функциясы неде?

8 Халықаралық бюро не істейді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Патентоведение. Учебник для вузов. / Под ред. В.А. Рясенцева. - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Машиностроение , 1984. -352 с.

2 Патентное законодательство зарубежных стран. В 2-х т. : Переводы / Сост. Н.К. Финкель. М.: Прогресс. 1987. .- Т.1 - 656 с., Т.2 - 526 с.

3 Патентное право: Сборник нормативно-правовых актов// Составитель Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жетi-Жарғы. 1996
№ 14 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР заңы

Дәріс жоспары:

1 Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау

2 Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттік шарттары

3 Селекциялық жетістіктің атауы

4 Селекциялық жетістіктің басымдығы

5 Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы
Бұл заң селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызметтің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, селекциялық жетістіктерді жасауға, ашуға, шығаруға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүлікті, сондай-ақ олармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.

Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау

Селекциялық жетістікке құқық Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады жэне патентпен расталады. Патент селекциялық жетістікті пайдалануға патент иесінің айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердің авторлығын куаландырады.

Мемлекеттік патент ұйымы (Қазпатент) уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, ол осы Заңға сәйкес селекциялық жетістіктерге Қазақстан Республикасының патенттерін беру жөніндегі өтінімдерді қарауға қабылдайды, оларға алдын ала сараптама өткізеді, селекциялық жетістіктерді мемлекеттік тізілімін жүргізеді, патенттер береді, селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды және патент ведомствосының өзіне жүктелген өзге де міндеттерін жүзеге асырады.

Патент қабілеттігі мен шаруашылыққа пайдалылығы жөнінен селекциялық жетістіктерге сараптама жасауды және оларды сынақтан өткізуді мемлекеттік комиссиялар жүзеге асырады, олар өндірісте пайдалануға жіберілген тиісті селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімдерін жүргізеді.

Патент селекциялық жетістікке берілген құқықтық қорғау көлемі сорттың, тұқымның сипаттамасына енгізілген белгілердің жиынтығымен анықталады.

Өсімдіктердің сортына патенттің қолданылу мерзімі Қазпатентке өтінім берілген күннен бастап-25 жыл, мал тұқымдарына-30 жыл, жүзім, сәндік ағыш, жеміс және орман дақылдары сорттарына, оның ішінде олардың қалемшелеріне-35 жыл болады.

Патенттің қолданылу мерзімін патент иесінің өтініші бойынша Қазпатен ұзартады, бірақ ол 10 жылдан аспауы керек.

2 Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілігі

Селекциялық жетістіктің патенте қабілеттік шарттары

Патент жаңалыгы, ерекшелігі, біртектілігі және тұрақтылығы бар селекциялық жетістікке беріледі.

Егер патент беруге өтінім жасалған күнге дейін белгілі бір селекциялық жетістіктің ұрығы немесе басқа да отырғызылатын материалы, асыл тұқымдық материалы мына аумақта:

1) Қазақстан Республикасында-өтінім берілген күнге дейін бір жыл бұрыны;

2) кез келген басқа мемлекетте-өтінім берілген күнге дейін бір жылдық дақылда бойынша төрт жыл бүрын және көп жылдық дақылдар, тұқымдар бойынша алты жыл бүрын сатылмаса және автор немесе оның құқықтық мирасқоры сортты, тұқымды пайдалану үшін басқа адамдарға бермесе, сорт, тұқым жаңа деп есептеледі.

Селекциялық жетістіктерді мемлекеттік тізіліміне тиісті тек пен түр енгізілген күнге дейін пайдалануға рұқсат етілген Селециялық жетістіктерді мемлекеттік тізілімінде тіркелген сорт, тұқым сортқа, тұқымға жаңа болуы жөнінде талап қойылмай-ақ патенке қабілетті деп танылуы мүмін. Бұл орайда басымдық берілетін күн мемлекеттік комиссияға пайдалануға рұқсат ету жөнінде өтінім түскен күн бойынша бегіленеді.

3 Селекциялық жетістікке патент алуға өтінім

Патент алуға өтінім Қазпатентке беріледі.

Автордың немесе оның құқықтық мирасқорының патент алуға өтінім беруге құқығы бар.

Селекциялық жетістік қызмет тапсырмасын немесе қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған, ашылған немесе шығарылған жағдайда, егер автор мен жұмыс берушінің арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, патент алуға өтінім беру құқығы жүмыс берушіге тиесілі болады.

Егер селекциялық жетістікті бірнеше адам жасаса, ашса немесе шығарса немесе олар авторларының құқықтық мирасқорлары болса, өтінімді сол өтініш жасаушылар беруі мүмкін.

Өтінім сенімхатқа негізделген өкілеттікке сүйеніп, патент алуға байланысты істі жүргізетін өкіл арқылы берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат жазысу мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкілсіз патенттермен байланысты істерді жүргізе алады.

Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттілігі оған өтінім беруші немесе патент иесі берген сенімхатпен куаландырылады.

3 Селекциялық жетістіктің атауы

Селекциялық жетістіктің атауы селекциялық жетістікті бір ізге түсіруге мүмкіндік беруге, қысқа болуға, сол немесе соған жақын ботаниқалық немесе зоологиялық түрдің бар селекциялық жетістіктерінің атауларынан өзгеше болуға тиіс. Ол тек цифрлардан ғана тұрмауға, қасиеттеріне, шығу тегіне, селекциялық жетістіктің маңызына, селекционердің жеке басына қатысты жаңылыстырмауға тисі, адамгершілік пен мораль принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

Селекциялық жетістікті пайдаланушыға кез келген адам, тіпті патенттің қолданылу мерзімі өтіп кеткен соң да, сорттың, тұқымның «Селекциялық жетістіктерді» мемлекеттік тізілімінде тіркелген атауын көрсетуге міндетті.

4 Селекциялық жетістіктің басымдығы

Сорттың, түқымның басымдығы Қазпатентке патент алуы туралы өтініш пен селекциялық жетістік сауал-сұрағынан тұратын өтінім берілген күн бойынша белгіленеді.

Басымдық Селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қатысушы елде бірінші өтінімнің берілген күні бойынша белгіленуі мүмкін (конвенциялық басымдық). Өтініш беруші бірінші өтінімнің конвенциялық басымдық құқығын ол берілген күннен бастап 12 ай ішінде пайдаланады.

5 Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы

Алдын ала жүргізілген сараптама

Өтінім берілген күннен бастап екі ай мерзім өткен соң Қазпатент ол бойынша алдын ала сараптама жүргізеді. Алдын ала сараптама жүргізу барысында өтінімге басымдық берілген күн белгіленеді, қажетті құжаттардың бар-жоғы және оларға белгіленген талаптардың орындалуы тексеріледі. Патент беруге жасалған өтінімге алдын ала сараптама екі ай мерзімде жүргізіледі.

Қазпатенттің алдын ала жүргізілген сараптамасының оң нәтиже алынған жағдайда өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылданады. Өтінімнің және селекциялық жетістік сауал-сұрақтарының көшірмелері мемлекеттік комиссияға жіберіледі.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау қалай жүргізіледі?

2 Селекциялық жетістіктің патенте қабілеттік шарттарын атаңыз.

3 Селекциялық жетістіктің атауы қандай?

4 Селекциялық жетістіктің басымдығы дегеніміз не?

5 Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы қалай жүргізіледі?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР заңы (1999 жылдың 13 шілдесі)

№ 15 дәріс (1 сағат)



Тақырыбы: «Интегралдық микросхемалар топологияларын

қорғау туралы» ҚР заңы

Дәріс жоспары:

1 Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау

2 Интегралдық микросхемалар топологияларының патентке қабілеттік шарттары


«Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қоргау туралы» Заңы 2001 жылы 29 маусымда №217-11 бұйрығымен қабылданды. Бұл заң 16 баптан тұрады. Осы Заңмен интегралдық микросхемалар топологияларын жасауға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүліктік, сондай-ақ олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі.

Осы Заңда берілетін құқықтық қорғау түпнұсқалық топологияға ғана қолданылады.

Авторды шығармашылық қызметінің нәтижесінде жасалған топология түпнұсқалық топология болып табылады. Топология түпнұсқа емес деп дәлелденбейінше, түпнұсқа деп танылады.

Топология элементтерінің жиынтығы интегралдық микросхемаларды әзірлеушілер мен дайындаушыларға ол жасалған күні жалпы мәлім болса, осы Заңмен құқықтық жағынан қорғалмайды.

Топологияны шығармашылық еңбегімен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады.

Егер топология жасауға бірнеше жеке адам қатысса, олардың бәрі оның авторлары (тең авторлары) деп есептеледі. Тең авторларға тиесілі құқықтарды пайдалану тәртібі олардың арасындағы келісіммен белгіленеді.

Топология жасауға жеке шығармашылық үлес қоспаған, бірақ авторға тек техникалық, ұйымдастыру түрінде немесе материалдық көмек көрсеткен не оған құқықты ресімдеу мен оны пайдалануға жәрдемдескен жеке адамдар авторлар деп танылмайды.

Топологияға авторлық құқығы иеліктен алынбайтын жеке мүліктік емес құқық болып табылады және ол мерзімі белгіленбей қорғала береді.

Топологияға айрықша құқықты топологияның авторы не жұмыс беруші немесе тапсырыс беруші немесе олардың құқық мирасқорлары иеленеді.

Топологияның бірнеше авторы немесе өзге де құқық иеленушілер иеленетін айрықща құқықты пайдалану тәртібі олардың арасындағы шартта белгіленеді.

Мұндай шарт болмаған жағдайда, олардың әрқайсысы қорғалатын топологияны өз қалауына қарай пайдалана алады, бірақ басқа құқық иеленушілердің келісімінсіз оған лицензия беруге немесе айрықша құқығын басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ.

Құқық иеленушінің рұқсатынсыз мынадай іс-әрекеттер жасау:

1) топологияның түпнұсқалық болып табылмайтын бөлігін ғана көшіруді қоспағанда, оны интегралдық микросхемаға енгізу арқылы немесе өзге де жолмен оны тұтастай немесе оның бір бөлігін көшіру;

2) топологияны, осы топологиямен бірге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхемасы бар бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату және азаматтық айналымға өзге де жолмен енгізу топологияға айрықша құқықты бұзу болып табылады.

Топологияға айрықша құқық басқа тұлғаға шарт бойынша толығымен немесе ішінара берілуі мүмкін, сондай-ақ мұрагерлік бойынша әмбебап құқық мирасқорлық тәртібімен және құқық иеленуші заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде өтеді.

Лицензиялық шарт бойынша құқық иеленуші (лицензиар) екінші тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді. Лицензиялық шартта лицензиатқа:

1) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігі мен лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығын сақтай отырып (жай, айрықша емес лицензия);

2) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, бірақ лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (айрықша лицензия);

3) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкіндігін сақтамай және лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (толық лицензия) беру көзделуі мүмкін.

Егер лицензиялық шартта лицензияның түрі көзделмесе, ол айрықша емес жай лицензия деп аталады.

Топологияны пайдалану құқығына айрықша емес лицензияны лицензиаттың басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруі туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт) лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкін.

Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың іс-әрекеттері үшін жауапты болады.

Топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады.

Тіркелген топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, тіркелген топологияны пайдалануға лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар уәкілетті органда тіркелуі тиіс.

Тіркеуден өтпеген топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, аталған топологияны пайдалануға лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар уәкілетті органда тараптардың келісімі бойынша тіркелуі тиіс.

Жазбаша нысанның немесе тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

Егер жұмыс беруші мен автордың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған топологияға айрықша құқық жұмыс берушіге тиесілі болады.

Келісімге келе алмаған жағдайда шешімді сот қабылдайды. Егер автор мен жұмыс берушінің топология жасауға үлесін мөлшерлеу мүмкін болмаса, жұмыс беруші алған немесе алуға тиіс болған пайданың жартысына автордың құқығы танылады.

Автор шарт бойынша топология жасау және өзінің жұмыс берушісі болып табылмайтын тапсырыс берушіге топологияға айрықша құқықтар беруге міндеттеме қабылдай алады.

Егер топология бұрын пайдаланылса, тіркеуге өтінім беру ол алғаш пайдаланылған күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін.

Тіркеуге өтінім бір топологияға қатысты болуга тиіс және онда:

1) тіркеуді сұраған автор мен тұлғалар аты, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, егер топология бұрын пайдаланылса, ол алғаш пайдаланылған күн көрсетілген топологияны тіркеуге өтініш;

2) рефератты қоса алғанда, топологияны нақтылайтын материалдар;

3) егер тіркеуге өтінім өкіл арқылы берілсе, сенімхат;

4) тіркеу үшін ақы төленгенін растайтын құжат болуға тиіс.

Тіркеуге өтінімді жасау мен ресімдеуге қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.

Тексеру оң нәтиже берген жағдайда уәкілетті орган топологияны Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізеді, өтініш берушіге топологияны тіркеу туралы куәлік береді және тіркелген топология туралы мәліметтерді бюллетеньде жарияланады.

Өтініш беруші мәліметтер бюллетеньде жарияланғанға дейін өтінім материалдарын уәкілетті органның сауал салуы бойынша немесе өз бастамасы бойынша толықтыруға, нақтылауға және түзетуге құқылы.

Тіркеу тәртібін, тіркеу туралы куәлік нысанын, онда көрсетілетін мәліметтер құрамын, сондай-ақ бюллетеньде жарияланатын мәліметтер тізбесін уәкілетті орган белгілейді.

Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізілген мәліметтер дұрыс емес деп дәлелденбейінше дұрыс деп есептеледі.

Аталған мәліметтердің дұрыстығы үшін өтініш беруші жауапты болады.

Құқық иеленушінің өз құқықтары туралы хабарлау үшін топологияны қамтитын бұйымдарда айшықталған Т бас әрпі, топологияға айрықша құқық қолданылатын мерзімнің басталған күні және құқық иеленушіні айқындауға мүмкіндік беретін ақпарат түріндегі ескерту таңбасын пайдалануға құқығы бар (12-бап).

Топологияға айрықша құқық топология тіркелген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.

Егер топология тіркеуден өтпесе, аталған он жылдық мерзім осы топологияның немесе осы топология бар интегралдық микросхемасының дүние жүзінің кез келген елінде алғаш пайдаланылуының құжатпен расталған күнінен бастап есептеледі.

Топологияға құқықтарды қорғауды сот:

1) құқықтарды тану;

2) құқық бүзылғанға дейін болған жағдайды қалпына келтіру;

3) құқықты бұзатын немесе оны бұзу қатерін төндіретін іс-әрекеттердің жолын кесу;

4) құқық бұзушының келтірілген залалдар орнын толтыруы және моральдық зиянды өтеуі;

5) залалдың орнын толтыру орнына айрықша құқықты бұзушы тапқан табысты өндіріп алу;

6) айрықша қүқықты бұзушының заңдарда белгіленген он мыңнан елу мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында өтем төлеуі. Өтем мөлшерін сот залалдың орнын толтыру немесе табысты өндіріп алу орнына белгілейді.

7) Азаматтық айналымға енгізілетін немесе осы мақсатпен сақталатын және айрықша құқықты бұзады деп танылған интегралдық микросхемалар мен осындай микросхемаларды қамтитын бұйымдарды, сондай-ақ арнайы оларды дайындауға арналған материалдар мен жабдықтарды жою немесе құқық иеленушінің пайдасына алып қою;

8) Бұзылған құқық кімге тиесілі екендігі туралы мәліметтерді енгізе отырып, орын алған бұзушылық туралы міндетті түрде жариялау;

9) Заң актілерінде көзделген, топологияға құқықтарды қорғауға байланысты өзге де шаралар қабылдау жолымен жүзеге асырады.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қоргау туралы» ҚР заңы қашан қабылданды?

2 Құқық иеленушінің рұқсатынсыз қандай іс-әрекеттерді жасауға болмайды?

3 Тіркеуге өтінімді жасау мен ресімдеуге қойылатын талаптарды қандай орган белгілейді?

4 Патентті сенім білдірілген өкілдер қандай жұмыстарды атқарады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 «Интегралдық микросхемаларды қорғау туралы» ҚР заңы (2001 жылы 29 маусымда №217-11 бұйрығымен қабылданды)


2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
1 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Өнеркәсіптік меншік нысандары

Материалдық қамтамасыз ету:

1. Қазақстан Республикасының Патент Заңы.

2. Қазақстан Республикасының Заңы «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шығу тегінің атаулары туралы».

3. Қазақстан Республикасының Заңы «Авторлық құқық және сабақтас құқытар туралы»



Тапсырма: «Материалдық қамтамасыз ету» бабында аталған заңдарды оқып;

1. Адамның санаткерлік қазметінің нәтижелері мен жекешелендіру құралдары болып табылатын объектілердің тізімін құру. Өнеркәсіптік меншік объектілерін олардың астын сызу арқылы анықтау.

2. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің: өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модельдың анықтамаларын теріп жазу.

3. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің классификациялық сұлбасын құру және 1-кестені толтыру

1 кесте - Өндірістік меншік нысандарын қорғау туралы ҚР Заңы

Өнеркәсіптік меншік нысандары

Құқық қорғайтын заңның аталуы

Заңды қабылдау күні






















































2 тәжірибелік сабақ (1 сағат)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет