1. Құстардың шешегі (шешек-дифтерит) - ірі эпителиотропты сүзгіден өтуші вирус туғызатын, теріде өзіне тән шешектік өзгерістердің пайда болуымен және ауыз, жоғары тыныс жолдарының кілегей қабықтарының дифтероидтық бұзылуымен сипатталатын контагиоздық ауру.
Вирустың үш түрі кездеседі: тауық шешегі, көгершін шешегі және канареек шешегі. Тауық шешегінің вирусымен ауыратындар: тауықтар, түйе құстар, фазандар, цесаркалар, павлиндер және басқа құстар.
Індеттің көзіне ауру және ауырып жазылған құстар (ауырып жазылғаннан кейін 2 ай мерзім ішінде), шешек вирусымен залалданған жұмыртқалар, түк-мамықтары және қауырсындары, топырақ, азық, су, құралдар және қызметкерлердің жұмыс киімдері жатады. Ауруды таратушы үй және жабайы құстар, және де кеміргіштер, шыбын-шіркейлер (кенелер, шыбындар, бүргелер, масалар) бола алады.
2. Аурудың диагнозы клиникалық-эпизоотологиялық мәліметтерге, патологиялық-анатомиялық өзгерістерге және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып қойылады. Шешектің диагнозын қою кезінде келесі аурулар бөлініп алынады: А авитаминозы, жұқпалы ларинготрахеит, пастереллез, молочница, парша, аспергиллез, кандидамикоз, жұқпалы мұрыннан су ағу, жұқпалы бронхит, респираторлық микоплазмоз.
2. Құстардың шешек ауруын алдын алу шаралары
3. Құс фабрикаларында немесе құс фермаларында (бұдан әрі - Құс шаруашылығы) ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау, құстардың жаңа бастарын тасымалдап алып келердің алдында мұқият дезинфекция және дезинвазия жүргізіледі.
4. Аурудан таза құс шаруашылықтарында құстардың осы ауруына шалдыққыш барлық бастарына шешекке қарсы алдын алу вакцинациясы жүргізіледі.
5. Құс қораларына және жабдықтарына толық санация жүргізіле отырып, өсірілуші топтарда алдын-алу үзілісі іске асырылады.
6. Құстардың шешегін алдын алу үшін, осы ауруға, құс шешегіне қарсы вирус-вакцинасын оны қолдану нұсқаулығының ережелерін сақтай отырып егеді.
3. Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары
7. Құстардың шешек ауруы анықталған құс шаруашылығы және басқа құс шаруашылығымен айналысушы субъектілер, аурудан таза емес бекеттер деп танылады және ол жерлерге Қазақстан Республикасы ветеринария саласының заңнамасында анықталған тәртіпке сәйкес карантин қойылады.
8. Карантиннің тәртіптеріне байланысты тиым салынатындары:
1) құстардың барлық жастағыларын және түрлерін көлікпен тасып шығаруға, оның ішінде, елді мекендерге балапандарды сатуға (етті қайта өңдеуші кәсіпорындарға етке тапсыруға тасымалдағанды есептемегенде). Жекелеген жағдайларда, шешектен қолайсыз құс қораларынан инкубация цехтары сенімді қорғаныста болған жағдайда және індеттің таралуына мүмкіндік жоқ жағдайда, эпизоотиялық жағдай ескеріле отырып және ауданның (облыстың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатымен, тәуліктік жастағы тауық балапандарын, түйе тауық балапанын, цесаряттарды, қаз және үйрек балапандарын облыс шегіндегі мамандандырылған құс шаруашылықтарына тасымалдап шығаруға рұқсат етіледі;
2) жұмыртқаларды тұқымдық мақсатта тасымалдап шығаруға.
9. Карантин тәртіптеріне байланысты рұқсат етілетіндері:
1) жұмыртқаларды дезинфекциядан өткізгеннен кейін сауда көздеріне шығарып сатуға;
2) құс шаруашылығының ішінде құс бастарын өсіру мақсатында, аурудан таза құс қораларынан алынған құстардың жұмыртқалары, тікелей инкубаторға қойылар алдында дезинфекциядан өткен жұмыртқаларды инкубациялауға;
3) шешекке қарсы егілген (вакцинациядан кейін 20 күн өткенде) суда жүзуші құстар, және де тауықтар, фазандар, павлиндер, түйеқұстар және цесаркаларды тасымалдап әкелуге.
10. Құс шешегінен таза емес бекетте:
1) құстардың арасында шешек ауруы пайда болған жағдайда барлық ауру және ауруға күдікті, және де әлсіз құстар сол құс шаруашылығының санитариялық ет сою бекетінде етке сойылады;
2) бұндай құстарды етке өткізу үшін етті қайта өңдеуші кәсіпорындарға тасымалдап апаруға тиым салынады;
3) қалған, аурудың клиникалық белгілері жоқ жартылай сау құстарды, экономикалық мақсатын ескере отырып, етке союға немесе етті қайта өңдеуші кәсіпорындарға өткізуге ұсынады;
4) құс етіне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізіледі. Бұндай жағдайда ауру құстарды союдан алынған тұтас еттерді тасымалдап шығару және асқа қолдануға тек қана термиялық өңдеуден өткізілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ алдын ала термиялық өңдеуден өтпеген тұтас еттер, құс шаруашылығының ішінде де сатылуға рұқсат етілмейді. Құс шаруашылықтарында немесе етті қайта өңдеуші кәсіпорындарында құстардың үлкен партиясын етке сою кезінде, эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, ауданның (облыстың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатымен, құстардың тұтас еттері тиісті облыстың ішіндегі жақын орналасқан ас мәзірлерін дайындаушы кәсіпорындарына тасымалданады;
5) барлық клиникалық сау құстарды, шешекке қарсы вакцинасымен қолдану нұсқаулығына сәйкес егеді. Вакцинацияланған құстарға бақылау жүргізіледі, вакцинациядан кейін, егерде 20 күн ішінде олардың арасында шешекпен ауыратын құстар білінбесе (инкубациялық кезеңде егілгендерден), онда олар етке сойылады және 10 тармақтың 1 тармақшасында көрсетілгендей шара қолданылады;
6) алдын алу мақсатында шешектің таралуына қауіп туғызушы құс шаруашылығында (елді мекен азаматтарының жеке қолдануындағы құстарды) құстарды вакцинациялайды;
7) ауру және ауруға күдікті құстарды етке сою кезіндегі алынған түк-мамықтарды, қауырсындарды формальдегидтің сілтілік ерітіндісіне (едкий натрийінің 1%-ерітіндісіндегі 3%-формальдегид) 1 сағат батырып ұстау арқылы дезинфекциялайды, және түк өңдеуші кәсіпорындарына екі рет қапталып, ыдысқа салынып тасымалдауға шығарылады және ветеринариялық куәлікте (анықтама) шаруашылықтың шешектен таза екендігі туралы көрсетіледі;
8) қоралардың бөлмелеріне, жабдықтарға, құралдарға және өндірістік аумақтарға мұқият механикалық тазарту және де дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізіледі, құс қораларынан алынған қи-нәжістері биотермиялық жолмен залалсыздандырылады; құс қоралары таза және құрғақ ұсталынып және құстардың тығыз тұруына жол берілмейді;
9) құстар құнарлы азықтармен қамтамасыз етіледі, азық құрамына (рацион) сүт өнімдерін қосу ұсынылады.
11. Етті қайта өңдеуші кәсіпорындарында және қабылдап-дайындаушы бекеттерінде шешек анықталған жағдайда барлық құстар етке сойылады, бұндай жағдайда етке сою уақытына және сауықтыру шаралары кезінде карантин қойылады. Бұларға жаңа келіп түсуші құстарды тасымалдап алып келу, тек барлық құс өнімдері сатылғаннан кейін және ветеринариялық-санитариялық сауықтыру шаралары (механикалық тазарту, дезинфекция, дезинсекция, дератизация) жүргізілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
12. Ауру жойылғаннан кейін 2 ай мерзім өткеннен соң (құстарда шешектің клиникалық белгілерінің соңғы рет тіркелуі анықталғанда) және соңғы қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін, аурудан таза емес шаруашылықтан карантин алынады.
13. Карантинді алар алдында, ауру құстар болған серуен аумақтарын мұқият тазалап, дезинфекция жүргізіледі.
14. Есейіп қалған балапандарды және үлкен құстарды басқа құс шаруашылықтарына топтастырып өсіруге тасымалдап шығаруға, карантинді алғаннан соң 6 ай мерзімі өткеннен кейін рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 18 тамыздағы
"Құстардың жұқпалы ауруларын
алдын алу және жою шаралары
туралы ережелерін бекіту туралы"
N 449 бұйрығымен бекітілген
Құстардың жұқпалы ларинготрахейтін алдын
алу және жою шаралары туралы ережесі
1. Жұқпалы ларинготрахеит (ЖЛТ) - жас және ересек тауықтарда, түйе тауықтарда, фазандарда жоғары тыныс алу жолдарының және көздерінің кілегей қабықтарының қабынуымен сипатталатын, контагиозды ауру. Ауру жоғары жіті, жіті және созылмалы түрде өтеді, жылдық мезгілі жоқ.
Аурудың қоздырғышы герпесвирустар туыстығына жатады. Індеттің көзіне ЖЛТ-пен ауырушы және ауырып жазылған құстар жатады. Үйректер, қаздар, цесаркалар, бөденелер патогенді вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Вирустың негізгі таралу жолы - аэрогенді. Бұдан басқа, аурудың қоздырғышы сойылған ауру құстың шикі өнімдерімен, залалданған азықтармен, сумен, қызмет етуші мамандардың жұмыс киімдерімен, құрал-жабдықтармен таралады.
2. ЖЛТ диагнозы клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, эпизоотологиялық мәліметтерге және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып қойылады. 2. ЖЛТ ауруын алдын алу шаралары
3. Құс фабрикаларын немесе құс фермаларын (бұдан әрі - Құс шаруашылығы) және басқа шаруашылық субъектілерін инфекцияның қоздырғышының таралуынан қорғау мақсатында, құс шаруашылығының басшылары және ветеринариялық мамандар осы Ереженің талаптарын қатаң сақтауға міндетті.
4. ЖЛТ-ті алдын алуға арналған қажетті шаралар:
1) құс топтары инкубациялық жұмыртқалармен және тәуліктік балапандармен тек қана ЖЛТ-тен таза шаруашылықтардан толықтырылады;
2) құстардың әртүрлі жастағы топтары аумақтық ерекшеленіп алынған аймақтарға орналастырылады;
3) құс қораларға бірдей жастағы құстарды толықтыру;
4) бөлмелерге мұқият тазарту және дезинфекция жүргізе отырып, цикл аралық алдын алу үзілістері сақталуы қажет;
5) тасымалдап әкелінетін асылтұқымды жұмыртқаларды, ыдыстарды және оларды жеткізуге қолданатын көлікті және де киімді, аяқ киімді, жүргізуші және алып келуші адамдардың қолдары дезинфекцияланады;
6) құс шаруашылығына тасып әкелінетін меншік аналық топтан алынған жұмыртқаларға және асылтұқымды жұмыртқаларға бөлініп алынған инкубацияны қамтамасыз ету;
7) шаруашылықтың басқа құстарынан бөлек, тасып әкелінген жұмыртқадан алынған тәуліктік балапандарды өсіру.
5. ЖЛТ-ті алдын алуға Қазақстан Республикасында тіркелген, қолдану нұсқаулығына сәйкес, құстардың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы вирусквакциналар қолданылады. Құстарды бір қалыпты зоогигиеналық нормада ұстау және азықтандырумен, әрбір құс шаруашылығы қамтамасыз етуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |