6. ЖЛТ ауруына күдік пайда болған жағдайда, ветеринариялық зертханаға аурудың бастапқы сатысындағы клиникалық ауру құстардың 4-5 бас сандарын және жаңа мәйіттерін зерттеуге жібереді. Бірмезгілде аурудың таралып кетпеуіне жол бермеу шараларын қолданады.
7. Құстардың ЖЛТ ауруы анықталған жағдайда, құс шаруашылығы осы ауру бойынша таза емес болып жарияланады және бұл жерге шектеу енгізіледі.
8. Шектеу енгізу кезінде тиым салынатыны:
1) құс шаруашылығының ішінде аурудың оты өршіккен кезде құстарды бір орыннан келесі орынға ауыстыруға;
2) аурудан таза емес құс шаруашылығына құстардың барлық жастағыларын тасымалдап апаруға және олардан тасымалдап шығаруға;
3) инкубациялық жұмыртқаларды басқа құс шаруашылығына тасымалдауға;
4) құс шаруашылығының ішінде аурудан таза емес құс қораларынан алынған жұмыртқаларды инкубациялауға қолдануға;
5) азықтарды, жабдықтарды және құрал-саймандарды аурудан таза емес өндірістік бөлмелерден және аурудан таза емес құс шаруашылығы аумақтарынан тасымалдап шығаруға;
6) аурудан таза емес бөлімдерден, аймақтан алынған жұмыртқаларды құс шаруашылығының жұмыртқа қоймасына тасымалдауға және қалауға;
7) аурудан таза емес құс шаруашылығының аумағына және оның аумағынан адамдардың толық санитариялық өңделуінсіз және киімдерін және аяқ киімдерін ауыстырмай өтулеріне.
9. Құс шаруашылығының аурудан таза емес кезеңінде рұқсат етілетіні:
1) аурудан таза емес бөлімнен ас жұмыртқаларына дезинфекция жасалғаннан кейін сауда көздеріне облыс көлемінде тасымалдап шығаруға;
2) аурудан таза құс қораларынан алынған жұмыртқаларды ішкі шаруашылық мақсатына қолдану үшін инкубациялау, формальдегидтің ерітіндісімен жүргізілген аэрозольдық дезинфекциядан кейін, схема бойынша: бірінші жолы - жұмыртқалағаннан кейін 1,5-2 сағаттан кем емес уақытта, екінші - арнайы автомашинадағы ыдыста қорапталған күйінде немесе инкубаторияның дезинфекциялық камерасында, үшінші - инкубаторға қаланардың алдында таңдалып алынғаннан кейін; төртінші - инкубацияның басталуынан 6 сағат өткеннен соң;
3) құс шаруашылығында сою цехы болмаған кезде, облыстың мемлекеттік ветеринариялық қадағалау мекемесінің рұқсатымен, аурудан таза құс қораларынан жоспарлы түрде етке союға жататын құстарды, құс етін қайта өңдеуші кәсіпорындарына тасымалдауға.
10. Құс шаруашылығында құстардың ЖЛТ алғаш рет пайда болған кезде, аурудың таралуына жол бермеу мақсатында аурудан таза емес құс қорасындағы барлық құстар етке сойылады. Бұндай жағдайда сыртқы ортадағы аурудың қоздырғышын жоюды қамтамасыз ететін барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізіледі.
11. Ауру басқа құс қораларына таралған жағдайда, мұқият таңдау жүргізіледі және құс шаруашылығының санитариялық сою цехында ауру және әлсіз құстар етке сойылады.
12. Барлық клиникалық сау құстарды ЖЛТ қарсы вакцинасымен, қолдану нұсқаулығына сәйкес иммунизациялайды.
13. Құс шаруашылығында құстарды азықтандыруды және ұстауды жақсартады, рационға антистресстік препараттар (қоспаларды) енгізіледі.
14. Әрбір құс қорасына қызмет атқарушы адамдар тағайындалады, олар жұмыс киімімен, арнайы аяқ киіммен, дезинфекциялаушы заттармен қамтамасыз етіледі.
15. Құстарды сою, ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып, ветеринариялық маманның бақылауымен, соңынан сойылған жерге, құрал-саймандарға және жабдықтарға дезинфекция жүргізіледі.
16. Аурудан таза емес құс қорасынан құстардың үлкен партиясын сою қажеттілігі кезінде және құс шаруашылығында 2 тәулік мерзімі ішінде сою мүмкіншілігі болмаған жағдайда, ауданның (облыстың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының рұқсатымен клиникалық сау құстарды, тиісті ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып, етті қайта өңдеуші кәсіпорындарына тасымалдап апаруына рұқсат етіледі.
17. Құстардың тұтас еттеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама және қайта өңдеу жүргізіледі. Тұтас еттерінде және органдарында өзгерістер болмаған жағдайда, қайнатқаннан кейін қолданады немесе қайнатылған шұжықтар, консервілер дайындауға арналады.
18. Аурудан таза емес құс қораларында құстарды сойғаннан алынған түк-мамықтары және қауырсындары келесі тәсілдермен дезинфекцияланады:
1) ыстық ауамен - кептіргіш қондырғыларда 85-90 С температурада 20 мин. бойы;
2) 3%-ті формальдегидтің ыстық (45-50 С) ерітіндісінде арнайы ыңғайлы ыдыста 30 мин. бойы;
3) ыстық суда (85-90 С) арнайы ыңғайлы металдан жасалған ыдыста 20 мин бойы;
4) түк-мамықтарын және қауырсындарын формальдегидтің ерітіндісімен немесе ыстық сумен дезинфекциялағаннан кейін түк-мамықтарын және қауырсындарын ылғалдан сығып алып және кептіргіш қондырғыларда кептіреді.
19. Құстарды етке союға тасымалдағаннан кейінгі контейнерлер және жәшіктер ет тасылатын ыдыстар, және де жұмыртқа тасуға қолдануға арналған контейнерлер, картондық төсеніштер, жәшіктер және басқа ыдыстар міндетті түрде тазалауға және дезинфекциялауға жатқызылады.
Құстарды және жұмыртқаларды тасымалдауға арналған ағаш жәшіктерді, контейнерлерді дезинфекциялау үшін едкий (өткір) натрияның 2%-ыстық ерітіндісін немесе формальдегидтің 1-2%-ті ерітіндісін қолданады. Ағаш ыдыстарды кальциленген соданың 5%-ті ыстық ерітіндісімен немесе едкий (өткір) натрияның 2%-ыстық ерітіндісімен дезинфекциялайды. Металдан дайындалған ыдыстарды кальциленген соданың 5%-ті ыстық ерітіндісімен. Дезинфекция жүргізілгеннен кейін оларды мұқият сумен жуады.
20. Құс шаруашылығының ЖЛТ таза емес кезеңі кезінде мұқият механикалық тазарту, және де аурудан таза емес құс қораларына, инкубаторияларға, қосалқы бөлмелерге, құрал-саймандарға және жабдықтарға, өндірістік аумақтарға, көлік заттарына және басқа нысандарға күнделікті және қорытынды дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізіледі.
21. Құстардан босап бос тұрған бөлмелерге дымқыл дезинфекция жүргізу үшін, келесі препараттардың бірін қолданады: едкий (өткір) натрияның 2%-ті ыстық ерітіндісі, формальдегидтің 2%-ті ерітіндісі, 2%-ті белсенді хлордан тұратын хлорлы известің ашық ерітіндісі, жаңа сөндірілген известің 20%-ті қою сұйығы (арасы 1 сағаттан 2 рет ақтау жолымен), кальциленген соданың 10%-ті ыстық ерітіндісі.
22. Ауаны және өндірістік бөлмелердің беткі жақтарын, жабдықтарды құстарды сыртқа шығармай аэрозольдық дезинфекция жүргізу үшін йодтриэтиленгликольды, сүт қышқылын, хлорскипидардың буын, гипохлорид натриясын, су тотығының қалыпталған ерітіндісін қолданады.
23. Қи-нәжісті және терең төсенішті қи-нәжіс сақтағышқа (помeтохранилище) биотермиялық залалсыздандыруға тасымалдап шығарады.
24. Құс етін қайта өңдеуші кәсіпорындарында құстардың ЖЛТ пайда болған жағдайда, кәсіпорындағы барлық құстар етке сойылады. Мұндай кезде бұл кәсіпорынға жаңадан келіп түсетін құстарды тасымалдап әкелуге тек қана, барлық құс шаруашылығы өнімдері сатылып болғаннан кейін және барлық қажетті ветеринариялық-санитариялық шаралар (бөлмелерге және аумаққа механикалық тазарту, дезинфекция, дезинсекция, дератизация, құрал-саймандарға және жабдықтарға дезинфекция) жүргізілгеннен кейін рұқсат етіледі.
25. Құстардың ЖЛТ бойынша, ауру құстың сойылуының соңғы жағдайынан соң немесе ауырып жазылған құстардан кейін 2 ай өткеннен соң және қорытынды ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргізілгеннен кейін, шектеу құс шаруашылығынан алынады.
26. Шектеу алынғаннан кейін, ЖЛТ қарсы құстарын вакцинациялаған асылтұқымды құсшаруашылығына, асылтұқымды жұмыртқаларды формальдегидтің буымен міндетті түрде 3-реттік дезинфекциялағаннан кейін барлық категориядағы шарушылықтарға сатуға рұқсат етіледі. Барлық жастағы құстарды сатуға тек қана, құстарды ЖЛТ қарсы егетін құс шаруашылығына ғана рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |