Дәріс сұрақтары:
1. Ішінара бақылау әдісі және оның негіздері.
2. Ішінара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері.
3. Әр түрлі іріктеуде жіберілетін қателер.
1. Ішінара бақылау әдісі және оның негіздері.
Қоғамда болып жатқан құбылыстар мен процестерді, өзгерістерді статистикалық зерттеуде тексерілуге алынатын жиынтық бірліктер қамту дәрежесіне қарай жаппай және жартылай болып бөлінеді және де оның өзі зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке ауқымды, жиынтықтың негізгі бөлігі болып бөлінеді.
Статистикалық ішінара бақылау дегеніміз жалпы жиынтық бірліктерін зерттеуде кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізде алдын ала іріктелініп алынған кейбір бөліктері. Одан шыққан қорытынды көрсеткіштерді жалпы жиынтық көрсеткіштерге толығымен таратуға қолдануға болады.
Егер де бақылау қорытындысын барлық жиынтық бірліктеріне таратуға болмайтын болса, ол ішінара бақылауға жатқызылмайды, оны жай зерттеу деп атаймыз. Ішінара бақылаудың басқа зерттеулермен салыстыруда келесідей өзіне тән ерекшеліктерін көрсетуге болады:
-
Ішінара бақылау жүргізу кезінде жалпы жиынтықтың барлық бірліктері үшін іріктеуге алыну мүмкіндіктері ортақ және олардың кез келген жеке бөліктері кездейсоқ зерттеуге алынады.
-
Ішінара бақылау жүргізу алдындағы негізгі мәселе – оның көлмінің жалпы жиынтық бірліктері үлестік мөлшерін анықтау болып табылады.
Ішінара бақылау дұрыс ұйымдастырылуы үшін және алға қойған міндеттерді толықтай орындау үшін келесідей принциптер мен жұмыстарға көңіл бөлінуі керек:
-
Бақылаудың мақсаты мен маңызын анықтау.
-
Бақылаудың бағдарламасын жасау және жиналған мәліметтерді өңдеу.
-
Бақылауды ұйымдастырудың мәселелерін шешу.
-
Іріктеуге алынатын бірліктердің үлесі мен тәсілін анықтау.
-
Жалпы жиынтық бірлікетрін зерттеуде іріктеп алу.
-
Бақылау көрсеткіштерін есептеу және мәліметтерге қорытынды жасау.
-
Іріктеуде жіберілетін қатені есептеу.
-
Бақылаудан кейінгі қорытынды көрсеткіштерінің жалпы жиынтық бірліктерге жақындығын, яғни таратпалылығын анықтау.
Статистикада ішінара бақылау жүргізуде екі жиынтық бірліктері жалпы және ішінара болып бірге қолданылады. Зерттеуге алынатын қоғамдық құбылыстар, процестер, заттар жиынтығының барлығын негізгі немесе жалпы жиынтық деп аталады, ал жалпы жиынтықтың ішінен тексеруге іріктеліп алынған бөлігін ішінара жиынтық бірліктері деп атайды. Ішінара бақылауды жаппай бақылаумен салыстырғанда оның келесідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:
-
Бақылау жүргізу кезінде мәліметтерді жинау, өңдеу және қорытындылаудың азаюына байланысты жұмысшы күшімен материалдық және қаржы ресурстары өңделеді.
-
Бақылау қысқа мерзім ішінде кең көлемде жүргізілсе, қорытынды көрсеткіштер жедел түрде алынады.
-
Жаппай бақылау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, яғни өнімдер сапаларын тексеру кезінде олардың бүлініп немесе пайдаға аспай қалуына байланысты қолданылады.
-
Ішінара бақылау әдісін қолдана отырып жаппай бақылаудың көрсеткіштерін тексеруге болады.
-
Ішінара бақылау кезінде қате аз кетеді және есептелген қорытынды көрсеткіштер нақтырақ, дәлірек болады.
2. Ішінара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері.
Жалпы жиынтықтар мен ішінара бақылауда алынатын жиынтық бірліктерін іріктеп алу әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі. Бақылауда іріктеліп алынған жиынтық бірліктерінің зерттеуге екінші рет қатысатындығы немесе қатыспайтындығына байланысты қайта іріктеу және қайталанбайтын іріктеу әдістері болып екіге бөлінеді. Егер жалпы жиынтықтармен іріктелініп алынған бірліктер тексеріліп, зерттелгеннен кейін қайтадан жалпы жиынтыққа қосылып, келесі бақылау кезінде екінші рет тексеруге қатысатын болса, ол қайта іріктеу деп аталады. Егер жалпы жиынтықтармен бір рет іріктелініп алынған бірліктер зерттеуден кейін қайтадан жалпы жиынтықтарға қосылмайтын болса, ол қайталанбайтын іріктеу деп аталады.
Сериялы іріктеу тәсілдерінде жалпы жиынтық бірліктерін іріктеп алу кездейсоқ жекедара жүргізілмей, сериялармен, топтармен алынып, әр серияның, топтың бірліктері жаппай бақылауға толықтай алынады және оның қорытынды көрсеткіштері жалпы жиынтық қатар аталады.
Құрама іріктеу қайта немесе қайталанбайтын іріктеу әдісі бойынша жүргізіледі. Құрама іріктеудің көрсеткіштерін есептеу әр түрлі тәсілмен, яғни іріктеу сатылылығына байланысты есептелінеді. Осыған орай іріктеу бір сатылы және көп сатылы болып бөлінеді.
Бір сатылы іріктеу кезінде іріктеуге алынған бірліктер сол мезетте зерттеліп, қорытындылары жасалады, ал көп фазалық іріктеуде бақылауға алынған бірліктердің барлығынан қажетті мәліметтердің қысқа түрде алынуын, одан кейін оның бөліктерін кеңейтілген бағдарлама бойынша қосымша көрсеткіштер жинастырылады.
Ішінара бақылау кезінде іріктеуге алынған бірліктердің сандық көлемі жиырмадан аспайтын болса, ол шағын іріктеуге жатқызылады. Мезеттік бақылау кезінде барлық жиынтық бірліктері толығымен қатысады, бірақ белгілі бір уақыт мезеті бойынша ғана қажетті мәліметтер жинастырылады.
3. Әр түрлі іріктеуде жіберілетін қателер.
Қате дегеніміз нақты факты мен зерттеу көрсеткіштерінің арасындағы сәйкессіздік, айырмашылық. Оның өзі тіркеу қатесі, репрезентативті және өкілдікті болып бөлінеді.
Тіркеу қатесі құбылыстар мен процестерге әсер ететін себептерді дұрыс анықтамау салдарынан туады.
Репрезентативті қате ішінара бақылауда алынған сипаттамалар мен жалпы жиынтықтық сипаттамалар арасындағы айырмашылық. Бұл қате жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелі қате жалпы жиынтық бірліктерін кездейсоқ іріктеу принциптері дұрыс жүргізілмегенде пайда болады. Кездейсоқ қате ішінара бақылау мен жалпы жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық.
Ішінара бақылаудан алынған көрсеткіштер мен жалпы жиынтықтың нақты көрсеткіштері арасындағы айырмашылық орташа қатемен өлшенеді. Статистикада ішінара іріктеудің орташа қатесін µ әріпімен белгілейміз және оның шамасы жалпы жиынтықтағы өзгерменің дәрежесі ішінара бақылауға алынған бірліктердің мөлшеріне тығыз байланысты. Сонымен қатар орташа қате, қайталанатын және қайталанбайтын іріктеу әдістерінің қолданылуымен байланысты.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Статистикалық ішінара бақылау деген не?
2.Іріктеп бақылаудың жаппай бақылаудан ерекшелігі неде?
3.Ішінара бақылаудың қандай түрлері бар?
4.Статистикалық іріктеп бақылауда қандай қателер кездесуі мүмкін?
5.Қайта іріктеу және қайталанбайтын іріктеуде таңдаудың орташа қателері қандай формулалармен анықталады?
Әдебиеттер: (1) 134-16 6ет, (4) 39-53бет, (5) 176-220 бет, (6) 223-264 бет, (2) 67-86 бет
Сегізінші тақырып. Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар
Дәріс сұрақтары
-
Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері.
-
Өсіңкілік қатарларды негізгі көрсеткіштері бойынша есептеу тәсілдері.
-
Өсіңкілік қатарлардың орташа көрсеткіштерін есептеу.
-
Өсіңкілік қатарларды талдау және аналитикалық тегістеу тәсілдері.
-
Интерполяция және экстраполяция. Маусымдық ауытқу.
1. Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері.
1. Өсіңкілік қатарлар дегеніміз статистикалық көрсеткіштердің, құбылыстар мен процестердің уақытқа қарай өзгерісін анықтайтын сандық мәндер тізбегі. Өсіңкілік қатарлар статистикада кеңінен қолданылады және даму немесе кему процестерінің заңдылығы толығымен зерттеледі:
1) қатардың дәрежесі 2) уақыт көрсеткіші, белгісі.
Қатардың дәрежесі дегеніміз қоғ-қ құбылыстар мен процестердің шамасын мөлшерлеп сипаттайтын көрсеткіштің белгілі-бір уақыттағы сандық мәні. Өсіңкілік қатарлар өткен уақытқа қарай бір мезгілді және уақыт аралықты болып бөлінеді.
Бір мезгілді өсіңкілік қатарлардың нақты сандық шамалары құбылыстардың белгілі-бір сәтіндегі (тәуліктің, айдың, жылдың) болған жағдайды сипаттайды.
Уақыт аралықты өсіңкілік қатарлар дегеніміз құбылыс мөлшерінің белгілі-бір уақытта (тәулік, ай, тоқсан және т.б.) қандай шамада болғанын сипаттайтын көрсеткіштер.
Өсіңкілік қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсеткен көрсеткіштерге байланысты толық және толық емес болып бөлінеді. Толық өсіңкілік қатарларда көрсеткіштер уақыт мерзіміне қарай бірінен кейін бірі үзіліссіз беріледі. Толық емес өсіңкілік қатарлар деп көрсеткіштер уақыт мерзіміне қарай әртүрлі аралықта, яғни әртүрлі уақыт мөлшері арқылы сипатталады.
Құбылыстардың өзгеруін зерттеу, талдауда әртүрлі статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер нақты, қатысты, орташа шамалармен сипатталады. Осыған қарай өсіңкілік қатарлар үшке бөлінеді: нақты, қатысты және орташа шамалар.
Нақты шамалар өсіңкілік қатар дәрежесі ретінде әрбір уақыт мөлшеріне байланысты қалай өзгергендігін көрсетеді.
Қатысты шамалы өсіңкілік қатар екі уақыттың нақты шамаларын бір-бірімен салыстыру арқылы пайда болады, яғни әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын сандар тізбесін айқындайды. Ол өсу, кему қарқыны ретінде %-пен өлшенеді.
Орташа шамалы өсіңкілік қатарлар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі-бір белгісі бойынша уақыт мөлшеріне қарай сандық көрсеткіштердің орташа өзгеруін сипаттауды айтады.
Өсіңкілік қатарларды зерттеу және талдау кезінде оның дұрыс құрылғанын, сандық көрсеткіштердің дәлдікті, нақтылықты көрсететіндігін білу кейбір шарттардың орындалуын талап етеді. Оның негізгісі-өсіңкілік қатарлар дәрежелерінің бір-бірімен салыстырмалы болуы.
Аумақтың өзгеруіне байланысты өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға болмайды. Оны салыстыру үшін базалық уақыттағы қатарлар дәрежесі аумақтың өзгергеннен кейінгі жаңа шекарасы бойынша қайта есептелініп, бір жүйеге келтірілуі керек. Мысалы, бір облыстан екінші облысқа елді мекен берілгенде.
Сондықтан қатар біртектес өсіңкілік қатарлар дәрежесі әртүрлі өлшем бірліктерімен берілсе, оларды салыстыруға келмейді. Сондықтан да оларды қайта есептеу арқылы салыстыруға келетіндей етіп, бір өлшем бірлігіне айналдырады.
Өсіңкілік қатарлар дәрежесін дұрыс құру үшін ондағы көрсетілген көрсеткіштердің уақытына қарай белгі бірліктерінің бірдей болуы қажет.
Сондай-ақ өсіңкілік қатарларда берілген сандық мәндер әртүрлі әдістер арқылы есептелсе, көрсеткіштерді салыстыруға келмейді. Сондықтан көрсеткіштер өзара салыстырмалы болуы үшін, есептеу әдістері біртектес болуы керек.
Кейбір кездерде біртектес өсіңкілік қатардың көрсеткіштері уақыт мезгіліне қарай екі қатарда берілуі мүмкін, оларды бір-бірімен салыстыруға болмайды. Олар салыстырмалы болуы үшін барлық уақыт ішіндегі көрсеткіштерді есептеу арқылы бір қатарға тіземіз. Ол үшін үздіксіздендіру тәсілі қолданылады. Мысалы: келесідегідей мәліметтер берілген:
Шығыс Қазақстан облысы бойынша тауар айналымы, млн.тг.
Жылдар
|
1998
|
1999
|
2000
|
2001
|
2002
|
Ескі бағамен
|
120
|
132
|
140
|
156
|
162
|
Жаңа бағамен
|
|
|
208
|
266
|
290
|
Үздіксіздендірілген қатар
|
178,3
|
196,2
|
208
|
266
|
290
|
1998,1999 жылдар мәліметтерін жаңа баға бойынша есептеу үшін үздіксіздендіру тәсілін қолданамыз. Ол үшін 2000 жылы жаңа және ескі баға қатынасын анықтаймыз:
(208/140)*100=148,6%
Осы %-ті ескі бағадағы көрсеткіштерге көбейту арқылы есептейміз:
1998 жыл (120*148,6)/100=178,3 млн.тнг.
1999 жыл (132*148,6)/100=196,2 млн.тнг.
2. Өсіңкілік қатарларды негізгі көрсеткіштері бойынша есептеу тәсілдері.
Өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін есептеуде келесідей негізгі түрлері қолданылады:
- нақты өсім
- өсу қарқыны
- өсім қарқыны
- бір % өсімнің нақты мәні
Бұл көрсеткіштерді есептеу өсіңкілік қатардағы көрсеткіш деп аталадыәрежелерін бір-бірімен салыстыру нәтижесінде негізделген. Салыстырылатын уақыт дәрежесі ағымдағы, ал онымен салыстыратын уақыттың дәрежесі базалық деп аталады. Өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін екі тәсілмен есептеуге болады. Біріншіден, ағымдағы қатардың әрбір дәрежесін оның алдыңғы уақыттағы шамасымен салыстырса ол тізбектелген тәсілмен есептелген болып саналады. Екіншіден, әрбір қатардың мәнін белгілі бір тұрақты базалық уақыттың шамасымен салыстырсақ онда тұрақты тәсілмен есептелген.
Нақты өсім. Бұл өсіңкілік қатардың жай түрі. Мұнда өсіңкілік қатарда көрсетілген көрсеткіш дәрежелерінің белгілі бір уақыт аралығындағы нақты өсу немесе кему жылдамдығының мөлшерін анықтау үшін есептеледі.
Егер әр уақыттың дәрежесінен белгілі бір тұрақты базалық уақыттың дәрежесін шегерсек онда нақты өсім тұрақты тәсілмен есептелінеді. Ол келесі формула бойынша есептеледі:
∆н= Yi-Yo, мұндағы,
∆н – нақты өсім;
Yo – тұрақты базалық уақыттың дәрежесі;
Yi – ағымдағы уақыттың дәріжесі;
i – қатардың рет нөмірі.
Егер уақыттың дәрежесінен өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесін шегеретін болсақ, онда тізбектелген тәсілмен есептелген нақты өсім анықталады және келесі формуланы қолданамыз:
∆н= Yi-Yi-1, мұндағы,
Yi-1 – ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.
Өсу қарқыны әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уақыт дәрежесіиен салыстырғанда қаншаға артық не кем екенін сипаттайды, яғни осы екі увақыт көрсеткіштерінің бір-біріне қатысты екә шамасы арқылы есептелінеді. Өсу қарқыны коэффициентін немесе %-өлшенеді. Өсу қарқынын да екі тәсілмен есептейміз. Егер өсіңкілік қатардағы әрбір уақыт дәрежесін тұрақты бір базалық уақыт дәрежесіне бөлсек, онда оны тұрақты өсу қарқынының коэффициенті деп атайды және ол мына формуламен есептеледі:
Кө= Yi/Yo , мұндағы,
Кө - өсу қарқының коэффициенті
Егер өсіңкілік қатардың әрбір уақыттағыдәрежесін өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда өсу қарқыны коэффициенті тізбектелген тәсілмен есептелген болып саналады және мына формуламен есептелінеді:
Кө= Yi/Yi-1
Өсу қарқынының коэффициентін 100-ге көбейтіп, оның %-ін есептеуге (Өқ) болады:
Өқ=Кө*100=(Yi/Yo)/100 – тұрақты тәсіл
Өқ= (Yi/Yi-1)/100 – тізбектелегн тәсіл
Өсім қарқыны нақты өсімнің салыстырмалы шамасын көрсетеді. Оны анықтау үшін нақты өсімнің шамасын базалық ретінде алынған уақыт дәрежесіне бөлу керек. Егер өсім қарқыны тұрақты базалық уақыт дәрежесі арқылы есептелсе, ол тұрақты өсім қарқыны, ал егер базалық уақыт дәрежесі өзгермелі болса, оны тізбектелген өсім қарқыны деп атайды және келесі формулалармен есептейміз:
∆ө = (∆н/ Yo)*100 – тұрақты тәсіл;
∆ө = (∆н/ Yi-1)*100 – тізбектелген тәсіл, мұндағы,
∆ө - өсім қарқыны.
Егер өсу қарқынынң көрсеткіштері есептелініпл берілген болса, өсім қарқынын анықтау үшін өсу қарқынан 1-ді немесе 100-ді шегеру арұылы табуға болады.
∆ө = Кө-1 немесе ∆ө = Өқ-100
Бір % өсімнің нақты мәнін есептеу үшін әр уақыттағы өсімнің шамасы, сол кездегі өсім қарқынына бөледі және оның мәні тізбектелген тәсілмен келесі формула бойынша есептеледі;
А%=∆н/∆ө немесе А%= Yi-1/100 ,
мұндағы А% - 1 процент өсімнің нақты мәні.
3. Өсіңкілік қатарлардың орташа көрсеткіштерін есептеу.
Өсіңкілік қатардың жалпы өзгерісінің заңдылықтарын талдау жұмысында келесідегідей орташа көрсеткіштер қолданылады: өсіңкілік қатардың орташа дәрежесі, орташа нақты өсім, орташа өсу және өсім қарқыны.
Өсіңкілік қатардың орташа дәрежесін есептеу үшін, берілген көрсеткіштердің уақыт аралықтары бірде болса, қатардың жеке мәндерінің қосындысын олардың санынга бөлу керек, яғни арифметикалық орташаның жай түрінің формуласы қолданылады:
Y= (Y1+Y2+Y3+…+Yn)/n=∑Y/n,
Мұндағы, Y -өсіңкілік қатардың орнташа дәрежесі;
Y1,2,3-қатардың жеке мәндері;
n – қатар саны
Егер көрсеткіштер белгілі бір уақыттың алғашқы және соңғы мерзімі берілсе, осы көрсеткіштердің қосындысын екіге бөлу керек:
Y= (Yi+Yi+1)/2
Егер мезгілді қатардағы көрсетілген көрсеткіштердің мезгіл аралықтарының қашықтығы бірдей мөлшерде бірдей мөлшерде берілсе, онда орташа дәрежесін мына формуламен есептеледі:
Y = 1/2Y1+1/2Y2+1/2Y3+…1/2Yn
n-1 немесе
Y1+Y2 + Y2+Y3 +Yn-1 + Yn
Y = 2 2 2
n-1
Егер көрсетілген көрсеткіштердің мезгіл аралықтарының қашықтығы бірдей мөлшерде берілмесе, онда орташа дәрежені есептеуде арифметикалық орташа шаманың салмақталған түрі қолданылады:
Y = ΣYt / Σt , мұндағы t – қатардағы уақыт аралықтарының ұзақтығы.
Орташа нақты өсім.1-тәсіл: Егер нақты өсім тізбектелген тәсілмен есептелсе, орташа дәрежесін табу үшін нақты өсімнің жеке мәндерінің қосындысын олардың санына бөлу керек, ол келесі формуламен есептеледі:
∆н=Σ∆н/n,
∆н – тізбектелген тәсілмен есептелген нақты өсімнің жеке мәндері;
n – нақты өсім саны.
2-тәсіл: Әр жылдың нақты өсімі есептелген болса, тізбектелген тәсілмен есептелген нақты өсімнің тұрақты базалық өсімге тең болады деген анықтамаға сүйене отырып, нақты өсімнің орташа дәрежесін мына формуламен табуға болады:
∆н = Yn-Y1/n-1
Yn – қатардың соңғы дәрежесі
Y1 – бастапқы уақыттағы дәрежесі
Орташа өсу қарқынының өлшемдері коэфицентпен немесе %-пен беріледі.
Орташа өсу қарқынын есептеу үшін орташа өсу қарқынының көрсеткішінен 1-ді немесе 100-ді шегереміз.
4. Өсіңкілік қатарларды талдау және аналитикалық тегістеу тәсілдері.
Қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін зерттеуде және өндеуде, талдауда келесідей есептеу тәсілдері қолданылады: біртектес өсіңкілік қатарларды салыстырмалы тәсілмен талдау; өсіңкілік қатарларды бір негізге келтіру; уақыт аралығын үлкейту; жылжымалы орташа тегістеу тәсілі.
Біртектес өсіңкілік қатарларды салыстырмалы тәсілмен талдауды қолдану кезінде біртектес қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі-бір уақыт кезеңіндегі көрсеткіштердің өзгергендігін көрсетеді. Ол көрсеткіштер өз мағынасы және уақыт мерзімі бойынша әртүрлі аумақтардағы құбылыстардың қаншалықты өзгергендігін салыстыру арқылы сипаттайды және қорытынды жасауға көмектеседі.
Өсіңкілік қатарларды бір негізге келтіру тәсілі негізінде бір-бірімен әртүрлі өлшем бірліктері, әртектес құбылыстар мен процестерден тұратын көрсеткіштерді салыстыруға келмейтіндерді салыстырмалы түрге келтіреді. Мұнда базалық кезең үшін бір жылдық көрсеткіш 100% есебімен алынады, ал қалған жыл көрсеткіштері осы жылғы өсу қарқыны арқылы есептеледі.
Уақыт аралығын үлкейтуде өсіңкілік қатарлар дәрежесі уақытына қарай бір-бірімен жақын болса, олардың даму, кему бағытын анықтау үшін, уақыт аралығының шамасы үлкейтіледі және жаңа қатарлар құрылады. М-ы, ай-сайынғы берілген өндірілген өнім саны көрсеткішіне талдау жасау үшін, уақыт аралығының шамасын тоқсандарға бөліп үлкейтіп аламыз, одан кейін орташа айлық дәрежесін есептеп, салыстырып, қорытынды жасауға болады.
Жылжымалы орташа тегістеу тәсілін қолданғанда есептеуге алынған өсіңкілік қатарлардың сандық мәндері уақыт аралықтарына қарай бірдей мөлшерде болады және көп жағдайда тақ сандық мүшелері бойынша есептеледі. Оны есептеу үшін жылжымалы түрде қатардың алғашқы мүшесін қосып отырады. Оны былай жазып көрсетуге болады:бірінші қатардың аралығы Y1+Y2+…Ym.Екінші қатардың аралығы Y1+Y2+…Ym+1 және т.с.с. жылжымалы түрде жалғаса береді. Осыдан шыққан қосындыны сол мүшенің санына бөлу арқылы жылжымалы орташаның тегістелген мәні анықталады және сол қатардың ортасына жазылады.
Аналитикалық тегістеу тәсілінің негізгі мақсаты-бірқалыпты жылжымалы қатардың дәрежесін анықтау арқылы және бастапқы қатар дәрежесіне оны жақындастыра отырып, сол құбылыстың даму немесе кему процесін толық айқындай білу, өзара байланыстылығын табу. Бұл тәсілде түзү сызықты, екінші және үшінші ретті парабола, гипербола және т.б. теңдеулер жиі қолданылады.
Өсіңкілік қатар көрсеткіштерін тегістеу ең кіші шаршы тәсіл арқылы жүргізіледі. Зерттелетін өсіңкілік қатар бірқалыпты өзгерсе, тегістеу үшін түзу сызықты теңдеу қолданылады. Ал тұрақты түрде қарқын өсіп отырса, онда қисық , ал үдемелі түрде артып отырса, онда екінші реттегі парабола қолданылады. Осы тақырыпта түзу сызықты теңдеу арқылы тегістеу тәсілі қолданылады және ол мына формуламен есептеледі:
Yt = a + a1t
Yt – тегістелген қатар дәрежесі;
а0 және а1 - түзу сызықты параметрлері;
t – мезгілдік немесе кезеңдік уақыт мерзімінің рет номері;
Өсіңкілік қатардың уақыт көрсеткіштері (t) әрқашан белгілі болғанда, тегістелген қатардың дәрежесін (y) табу үшін, а0 және а1 түзу сызықты параметрлерін анықтаймыз.
Ол үшін ең кіші шаршы негізін қанағаттандыру үшін келесі қарапайым теңдеуді шешу керек:
a0n + a1∑t=∑Y
a0∑t + a1∑t2=∑Yt ,
мұндағы n- қатардың саны;
y- өсіңкілік қатардың нақты дәрежесі;
5.Интерполяция және экстраполяция. Маусымдық ауытқу.
Интерполяция дегеніміз өсіңкілік қатардың ішінде көрсетілмеген, яғни жетіспейтін сандық көрсеткішті жуық шамамен есептеп табу. М-ы, бірнеше жылдарға халық саны берілген болып, онда бір жылдың көрсеткіші белгісіз болса, оны есептеу үшін арифметикалық орташа шама, нақты шама өсім, орташа нақты өсім, орташа өсу қарқыны тәсілдерін қолданамыз.
Арифметикалық орташа шаманы қолдану арқылы есептеуді келесі формуланы қолданады:
Y = Yi+Yi+1
2
Нақты өсімді қолдану арқылы есептеуде келесідей формула қолданылады:
Y = Yi+1+Y1 +Yi
2
Орташа нақты өсім арқылы есептегенде келесі формуламен анықталады:
∆н = Yi+Y0 +Yi
n-1
Экстраполяция тәсілі деп белгілі бір уақыттағы өсіңкілік қатардың көрсеткіштерін қолдана отырып келешекке болжам жасауды, яғни осы уақыттан кейінгі мерзімдердің сандық мәндерін жуық шамамен есептеп табу болып табылады. Болжам жасау кезінде сол уақытқа дейінгі әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестердің даму немесе кему жағдайы, болжам жасалатын кезеңдерде өзгермейді деп есептелуі тиіс. Сонда ғана есептелген мәліметтер арқылы белгілі бір тұжырымды қорытынды жасауға мүмкіндік туады.
Маусымдық ауытқу деп әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестер жыл ішінде мезгілдің қайталамалы ауысуына байланысты өзгеруі болып табылады.
Маусымдық ауытқуды анықтау үшін және пәрменділігін білу үшін маусымдық индекс көрсеткіші қолданылады, оның сандық мәндерінің жиыны маусымдық толқынды құрайды.
Маусымдық индексті анықтауда жай орташа әдісті қолдануға болады және мына формула қолданылады:
Маусымдық = (Yi / Y0)*100 , мұндағы
Yi- жылдардың әрбір айының орташа дәрежесі.
Y0- осы көрсеткіштердің орташа айлық мөлшері.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Өсіңкілік қатарлар дегеніміз не, оның статистикалық зерттеудегі мәні не?
2.Өсіңкілік қатарлардың қандай түрлері бар?
3.Өсіңкілік қатарлардың деңгейінің өзгеруін сипаттауда қандай көрсеткіштер қолданылады?
4.Өсіңкілік қатарлардың өсу және өсім қарқыны қалай анықталады?
5.Өсіңкілік қатарларда маусымдық ауытқу қалай өлшенеді?
Әдебиеттер: (1) 167-207 бет, (2) 334-425 бет, (6) 87-97бет
Тоғызыншы тақырып. Индекстер
Дәріс сұрақтары:
-
Индекстер туралы түсінік.
-
Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу.
-
Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.
1. Индекстер туралы түсінік.
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасауда қорытындылаушы көрсеткіштің бір түрі индекстік әдіс болып табылады.
Индекстік әдіс деп бір-біріне тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың бір түрі болып табылады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы салыстыруға келмейтін экономикалық құбылыстардың жеке бөліктерінің өзгеруін; құбылыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін; күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсер ететін себептерді анықтау мәселелерін шешуге болады.
Индекстік әдісті қолдану арқылы есеп жүргізүде екі уақыт кезеңінің нақты сандық көрсеткіштері алынады. Салыстырылатын уақыт шамасы есепті немесе ағымдағы деп аталады. Бұл көрсеткіш үнемі индекстік қатыныстың алымында беріледі, «1» деген таңбамен белгіленеді.
Индекстік әдіспен есептелінген көрсеткіштер коэффициентпен, ал оны 100-ге көбейту арқылы %-пен өлшенеді. Егер индекстік көрсеткіштер 1-ден немесе 100-ден көп болса, құбылыстың өткендігін, ал аз болса, онда кемігендігін көрсетеді.
Индекстер зерттеу объектісінің көрсеткіштеріне байланысты екі топқа бөлінеді: көлемдік және сапалық.
Көлемдік индекстерге өнім көлемінің жалпы индекстері жатады. Мысалы, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, т.б. көлемі алынады. Көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бағамен бағаланады.
Сапалық индекстерге бағаның, өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің индекстері жатады. Бұл индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бір ағымдағы кезең дәрежесімен алынады.
2.Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу.
Жиынтық бірліктерін қамту дәрежесіне байланысты индекстер жеке және жалпы болып бөлінеді.
Жеке индекстер дегеніміз біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш шамаларының қатынасы. М/ы, ағымдағы және базалық уақытты салыстыру арқылы көрсеткіштердің қаншаға өзгергендігін есептеуге болады.
Жеке индекстер кіші «і» әрпімен белгіленеді. Зерттеу объектісінің белгісіне қарай индекстік белгінің оң жағына оның таңбасы қатар жазылады (ір,іq,іz). Бағаның жеке (дара) индексін есептеу үшін сол заттың ағымдағы кезеңдегі бағасын базалық кезеңдегі бағасына бөлу керек:
ір=Р1/Р0
Өнім көлемінің жеке индексі :
iq=q1/q0
Өнімнің өзіндік құнының жеке индексі:
iz=z1/z0
Еңбек өнімділігінің жеке индексі:
it=t0/t1
Мұндағы T1, T0 бір дана өнімді өндіруге жұмсалған уақыт мөлшері.
Қатар дәрежелері уақытына байланысты бірнеше кезеңнең тұрып, олардың ағымдағы әрбір дәрежесі оның алдынғы уақытта тұрған шамасымен салыстырылса, ол өзгермелі немесе тізбекті индекстер деп аталады және келесідей жазылады:
iq=q1/q0 ; q2/q3 ; q3/q2 ; т.с.с.
Егер қатардың әр дәрежесі белгілі бір тұрақты базалық кезең мәнімен салыстырылса, ол базалық индекстер деп аталады және оны келесідей көрсетеміз:
iq=q1/q0 ; q2/q0; q3/q 0 ; т.с.с.
Жеке индекстер құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруін зерттеуде қолданылады, олар сол құбылыстың қандай себептерге байланысты өзгергендігін анықтай алмайды. Сондықтан да жалпы индекстерді қолданамыз.
Жалпы индекстер дегеніміз тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісі болып табылады. Құбылыстардың өзгерістеріне талдау жасау үшін, өзара қосуға болмайтын жекелеген белгілерін салыстыратын шама арқылы қосып, жалпы жиынтығын есептеуге болады.
Статистикада жалпы индекстер үлкен «І» әрпімен белгіленеді, оның төменгі оң жағына нені зерттейтініне байланысты таңбасы бірге жазылады.(Іq, Іp, Іz, Іqp, т.б.)
Жиынтық бірліктері жеке бөліктерден немесе топтардан тұратын болса, олар топтық индекстер деп аталады. М/ы а/ш-қ өнімдері жалпы, ал мал шаруашылығы, өсімдік шар-ң өнімдері топтық индекстерге жатады.
Есептеу әдістемесіне байланысты жалпы немесе топтық индекстер агрегаттық және орташа болып бөлінеді.
Агрегатты индекстер, мұнда қарастырылып отырған индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің, яғни сандық пен сапалық белгілерінің көбейтіндісінің қосындысына тең.
Тауар айналымының жалпы индексін мына формуламен есептейді:
Іqp=Σq1p1/Σq0p0 , мұндағы
Σq1p1 және Σq0p0 - екі мерзімдегі сатылған тауарлардың жалпы құны;
Тауар айналымының көлемдік жалпы индексінің формуласы келесідей:
Іq=Σq1p0/Σq0p0 , мұндағы
Σq1p0 –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен бағамен есептегендегі шартты құны.
Σq0p0 -өткен мерзімдегі сатылған тауарлардың құны.
Бағаның жалпы индексі келесі (Паоша) формуламен өрнектеледі:
Ip= Σp1q1/Σp0q1 ;
мұндағы
Σp1q1 –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың жалпы құны;
Σp0q1 - ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен уақыттағы бағамен есептегендегі шартты құны. Осы индекстердің байланысын келесідей түрде көрсетуге болады:
Σp1q1/Σp0q0= Σq1p0/Σq0p0* Σp1q1/Σp0q1
Агрегаттық индекстердің өзара байланысы арқылы есептелген көрсеткіштердің дұрыстығын және экономикалық құбылыстардың өзгерісіне әсер ететін себептерді анықтауға болады.
Көрсеткіштің сандық және сапалық мәндері белгісіз болып, оның орнына өткен мерзімдегі тауар айналымы, өнім өндіру шығындары, сатылған тауар көлемі, оның әр данасының бағасы немесе өзіндік құн % есебімен өзгерген түрде берілсе, олардың өзгерісін анықтау үшін агрегаттық индекстерді жеке индекстер бойынша есептелген көрсеткіштерді қолдана отырып, орташа индекстерге түрлендіреміз. Мұндай түрлендіруді екі тәсілмен жүргізуге болады: арифметикалық және үйлесімдік.
Арифметикалық орташа индекс. Егер шығарылған өнімнің саны (q) мен өзіндік құны (z) белгісіз, ал өткен мерзімдегі жалпы шығын (z0q0) мен өндірілген өнім көлемінің өзгерісі (iq) белгілі болатын болса, өнім көлемінің өзгерісін анықтау үшін, көлемдік индексті қолданамыз:
Іq=Σq1z0/Σq0z0
Әрбір өндірілген өнім көлемінің өзгергені жеке индекс түрінде белгілі. Онда жеке көлемдік индекстің формуласынан (iq=q1/q0), белгісіз (q1= iqq0) тауып, бөлшектің алымына жазсақ, формула келесідей түрге түрленеді:
Іq=Σq1z0/Σq0z0=Σ iq q0z0/Σq0z0
Арифметикалық орташа индекс экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде көрсеткіштердің өзгерістері коэфицентпен немесе %-н берілгенде қолданылады.
Үйлесімдік орташа индекс. Егер ағымдағы мерзімде шығарылған өнім саны (q1) және өзіндік құны (z1) белгісіз, ал жалпы шығын (z1q1) мен өнімнің өзіндік құнының өзгерісі (iz) белгілі болса, онда мұндай көрсеткіштерді есептеу үшін, өзіндік құнның жалпы индексін үйлесімдік орташа индекске түрлендіреміз. Ол үшін агрегаттық индекстің (Iz= Σz1q1/Σz0q1) бөліміндегі өткен уақыттағы өзіндік құнды есептеп алу керек. Оны есептеу үшін өзіндік құнның жеке индексінен (iz = z1/z0) өткен мерзімдегі өзіндік құнды тауып (z0=z1/iz) қойсақ , үйлесімдік орташа индекстің формуласы келесідей түрге түрленеді:
Iz=ΣZz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σz1/izq1=Σz1q1/Σz1q1/iz
3. Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.
Экономикалық құбылыстардың орташа көрсеткіштерінің өзгерісін зерттегенде, оның әсерін тигізетін әрбір себептер жеке-жеке есептеледі. Статистикада бұл көрсеткіштер тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер арқылы анықталады.
Тұрақты құрамды индекс. Құбылыстың өзгеруіне әсерін тигізетін себепті анықтау үшін сапалық көрсеткіштер құрамын өзгермелі түрде алсақ , яғни салыстыратын екі уақыт мерзімдерінің шамасы алынса, ал салмағы ретінде ағымдағы кезеңнің тұрақты дәрежесі қолданылса, онда тұрақты индекс шығады, оны сапалық мәндері бойынша келесі формуламен көрсетеміз.
1) баға бойынша: Ipт.қ=Σp1q1/Σp0q1= Σq1p1/Σq1: Σp0q1/Σq1
2) өзіндік құн бойынша: Izт.қ=Σz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σq1: Σz0q1/Σq1
Өзгермелі құрамды индекс. Мұнда статистикалық талдау жасау үшін, екі уақыт кезеңіндегі зерттелетін құбылыстың орташа шамалары жеке-жеке есептеледі, бір-бірімен салыстырылады және олардың қандай себептерден өзгергені анықталады. Бұл индексте салмақталған екі орташа шаманың қатынасы қарастырылады. Сондықтан оны орташа шамалар индексі деп те айтады және келесі формулалармен есептеледі:
1) баға бойынша: Ір= Σq1p1/Σq1 : Σp0q0/Σq0= p1:p0
2) өзіндік құн бойынша: Іz= Σq1z1/Σq1 : Σz0q0/Σq0= z1:z0
Құрылымның өзгеру индексі. Егер жиынтық құрамының өзгеру әсерінен орташа сапа көрсеткішінің өзгерісі анықталса, ол құрылымның өзгеру индексі деп аталады. Оны есептеу үшін өзгермелі құрамды индексті тұрақты құрамды индекске бөлу керек және формуласын келесідей түрде көрсетуге болады:
Іқұрылымның өзгеру индексі = Іөзгермелі инд. / Ітұрақты инд.
Қарастырылған үш индекстің арасындағы өзара байланысты көрсетсек:
Іөзгермелі құр-ы инд.= Ітұрақты құр-ы инд. * Іқұрылымның құр-ы инд.
Бұл индекстер басқару жұмыстарына талдау жасауда, экономикалық мәселелерді шешуде жиі қолданылады. Өзгермелі құрамды индекс жалпы сапалық көрсеткіштің орташа өзгерісін, тұрақты құрамды индекс сапалық көрсеткіштің орташа өзгерісін сол жиынтық құрамының тұрақтылығы арқылы көрсетеді, яғни сапа көрсеткіштері өзгерістерінің қандай себептер әсерінен болғанын анықтайды.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Индекстер дегеніміз не?
2.Статистикада индекстер қандай міндеттерді шешеді?
3.Жеке индекстер деген не? Мысалдар келтіріңіз.
4.Жалпы индекстер дегеніміз не?
5.Жеке индекстерден орташа индекстер қалай құрылады?
6.Тұрақты және өзгермелі индекстер туралы не айтасыз?
Әдебиеттер: (1) 208-231 бет, (4) 159-204 бет, (2) 93-109 бет, (6) 426-466 бет
Оныншы тақырып. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу. Статистикалық мәліметтерді талдау-зерттеудің соңғы сатысы.
Дәріс сұрақтары:
1.Құбылыстардың өзара байланысы туралы түсінік және оның түрлері.
2. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық әдістер арқылы зерттеу.
1.Құбылыстардың өзара байланысы туралы түсінік және оның түрлері.
Статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестердіңарасындағы өзара байланысты анықтамай тұрып, алдымен сол өзгеріске әсерін тигізетін факторлары мен нәтижелі белгілері арасындағы тәуелділікті анықтайды. Оның өзі құбылыстың ерекшелігіне қарай функционалдық және корреляциялық байланыс болып бөлінеді.
Функционалдық байланыс дегеніміз бір белгі мәнінің өзгеруіне әсерін тигізетін екінші бір белгінің сәйкес келуін , яғни бір факторлы белгінің өзгерісі салдарынан нәтижелі белгі мәнінің өзгеруін айтады. Демек, бұдан осы екі белгінің арасында толық немесе функционалдық байланыстың бар екені көрінеді. Мысалы, шеңбердің көлемі оның радиусының шамасына тура пропорционалды. Оны мына формуладан көруге болады:
S= / R.
Мұнда нәтижелі белгіге – шеңбердің көлемі, ал факторлы белгіге – шеңбердің радиусы алынады.
Функционалдық байланыста нәтижелі белгі мәніне бір немесе бірнеше факторлы белгі мәндері сәйкес келеді және әрқайсысының тигізген әсері белгілі болады, яғни олардың арасында тура байланыс бар екені көрінеді. Оны келесі теңдеу арқылы көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |