Стилистика бойынша лабораториялы3 ж7мыстар



бет3/30
Дата22.08.2023
өлшемі0.6 Mb.
#476179
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
баспаға жіберілді - Қазақ тілінің стилистикасы

Негізгі әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері. Алматы: Print-S, 2005.
2 Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 2001.
Қосымша әдебиеттер:
1.Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілі стилистикасы. – Алматы: Ғылым, 1966.
2. Кәрібаева А.Ө. Қазақ тілінің стилистикасы. Тараз. 2010

2 дәріс. Стилистика және оның салалары


1. Әдеби тілдің стильдері
2. Сөйлеу стилі
3. Кітаби жазба стилі
4. Іс - қағаздары стилі мен ресми стилі
5. Публицистикалық стиль
6. Ғылыми стиль
7. Көркем әдебиет стилі

Стиль – гректің жазу құралы деген сөзінен шыққан термин. Ертедегі римдіктер бір үшін сүйір, бір ұшы қалақша кішкене таяқшаны тақтаға сөз жазу үшін қолданып, оны стиль деп атаған. Стиль тіл ғылымына, лингвистикаға сүйенеді. Яғни, тілді қолдану сипатына қарай стиль туып, қалыптасады. Стиль тіл біліміне қатысты бола отырып, өз алдына мақсат-міндеті бар пән ретінде қарастырылады.


Тілдің көркемдегіш, бейнелігіш, мәнерлі, әсерлі мен беретін құралдарын стилистика дейміз. Стиль – көркемдеп сөйлеудің, ойды айтудың мақсатына қарай әсерлі, мәнерлі жеткізудің тілдік амал-тәсілдерінің жиынтығы. Тілдік дыбыстардың, грамматикалық тұлғалардың, сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің қалыптасқан жүйесі. Стиль – творчестволық ерекшелікті білдіреді.
Әдетте сөйлеу тілінің стилі болады және жазба тілдің стилі болады. Стиль түрлері: 1. Әдеби стиль 2. Ғылыми стиль 3. Публицистикалық стиль 4. Ресми стиль болып бөлінеді.
Стиль туралы ғалымдар әр кезде пікірлер айтқан. Мысалы, Бюффон: «Стиль дегеніміз - адам», дейді. Ал ертедегі ойшыл Платон болса: «Мінез қандай болса, стиль де сондай», - деген. Орыс академигі Винорадов пен қазақ академигі Қ.Жұмалиев стиль туралы көп зерттеген. Винорадовтың: «Авторлық проблема және стильдер теориясы» деген, Қ.Жұмалиевтің: «Стиль - өнер ерекшелігі» деген еңбектері құнды зерттеулер.
Тілдің қоғамдық - әлеуметтік қызметіне байланысты жіктелетін әдеби тілдің функциональдық түрі. Стильдің ерекшелігіне: а) тілдік құралдардың қолданылу нормасына сай таңдап құралуы; ә) шектелген және арнаулы лексикалық құрам; б) өзіне тән сөздердің мағыналық реңктері мен сөзжасам элементтері; в) өзіне тән фразеология; г) өзіне тән синтаксистік конструкция- лар; ғ) әрбір стильге лайық мәнерлігіш құралдардың құрамы мен қызметі жатады.
Қазақ әдеби тілінде бес функциональдық стиль бар: 1) ауызекі сөйлеу стилі; 2) ресми стиль; 3) ғылыми стиль; 4) публицистикалық; 5) көркем әдебиет стилі.
Функциональдық стильдерді бұлайша топтастыру академик В.В. Виноградов атап көрсеткен тілдің қоғамдық -әлеуметтік қызметімен тығыз байланысты. Стильдің негізгі арқауы – сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары. Сондықтан стиль - тілдік материалды ұйымдастырудың негізгі принциптерімен көзге көрініп тұратын сыртқы тілдік белгілерге сәйкес көркемдік баяндауды сапалы түрде құру.
Стильдер жасалатын қатынастың ерекшелігіне қарай сұрыпталып қолданылу нәтижесінде дамып жетіледі. Сөйлету жағдайына байланысты, әр алуан стильдік бояуы бар стильдік ыңғайдағы тілдік құралдар пайда болады. Тілдегі стильдердің дамып жетілуі белгілі бір жанрдың пайда болуымен байланысты. Сондықтан әдеби тілдің стилдерін топтастыруда ең алдымен жанрлық принципті негізге алу қажет.
Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналығы образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздер болады. Мысалы: тіл білімінде: лингвистика, лексика, фразеология, семасеология, т.б., физикада: вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т.б. Сонымен бірге белгілі бір ғылымның саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. Ғылымның дамуымен жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз - неологизмдер туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің қысқа - ұзақ болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына практикалық мәніне байланысты.
Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз - ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айырықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады.
Ауызекі тіл - ауыз әдеби тілінің бір түрі. Өйткені, ол адамдардың қатынас құралы ретінде күнделікті тұрмыста, өндірісте, жалпы қарым - қатынас жасайтын барлық саласында қолданылады. Сондай-ақ оны стилистика саласында функциональды стильдердің бір түрі деп қарастырады.
Басқа стильдерден оның ерекшелігі яғни, сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Сондықтан, тіл мәдениеті тұрғысынан бұған талап қою дұрыс емес. Өйткені, ауызекі тілдің негізгі мақсаты тікелей хабар беру, хабар алу болғандықтан, онда әдеби тіл нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері, варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектілер т.б. кездесуі мүмкін. Бірақ бұлар әдеби тіл заңдылығын бұзуға жатпайды.
Ресми стильдің 3 шағын түрі бар: 1. Кеңсе іс қағаздары шағын ресми стилі; 2. Дипломатиялық, шағын ресми стиль; 3. Таза заң шағын ресми стиль. Бұл аталған шағын стильдер өздерінің атауларына сай салаларда қызмет етеді. Ресми тілге - белгілі бір мемлекеттегі заң, сот және оқу мен ресми кеңес қызметінде қолданылатын негізгі тілдердің бірі.
Ғылыми стиль-жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әрбір салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми шығармалар жалпы халық әдеби тілде жазылады. Мұнда көркемдегіш құралдар болмайды. Сондықтан ол таза ғылыми шағын стильде жазылады. Ғылыми стиль әдеби тілдің бір тармағы болғандықтан оның пайда болуы мен қалыптасуы, сол әдеби тілдің жасалуына тікелей қатысты. Себебі, сол тілде ғылыми зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне және ғылыми әдебиеттердің жазылуына байланысты ғылыми - оқулық шағын стилі пайда болады.
Публицистикалық стиль - қоғамдық саяси, үгіт - насихаттык әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында колданылатын стильдердің бірі. Публицистикалык, стиль оқырмандар мен тыңдармандар арасында кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады.
Стиль бірден қалыптаспайды. Оның бастауы, дамуы, қалыптасуы сияқты кезеңдері болуы заңды. Стиль көбіне жазушы, журналистерде айқын көрінеді. Көркем шығарма мен публицистикадағы стильдің өзіндік айырмашылығы бар.
Публицистикалық стильге баспасөздің, радио мен телевидениенің, яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының тілдерін жатқызуға болады. Бірақ бұлардың өзінде стиль әрқайсына тән белгілермен, сипатымен ерекшеленіп қолданылады.
Сондай-ақ, ұлттың тілінде өзіндік стиль өрнектері жүйеленеді. Ал үлкен масштабта әдеби ағымдар мен әдістерде де стиль қалыптасады. Сонымен бірге әрбір жеке творчество иесінің басқаға ұқсамайтын жеке стилді кездесуі мүмкін. Олардың өздерінің дара қолтаңбасы болады.
Қазақ тілінің қазіргі стильдік тармақтары ауыз әдебиетінен басталып, әсіресе, ХІХ ғасырда қазақ баспасөзінің пайда болуына байланысты жазба түрдегі стильдер қоғамдық әртүрлі салалар бойынша дами бастады. Сол кезде қазақ тілінде мерзімді баспасөздің шығуы публицистикалық стильді өмірге әкелді. Шоқан, Абай, Ыбырай шығармаларындағы публицистикалық стиль де белгілі.
Публицистиканың стилін оның жанрларынан де көруге болады. Демек, әр жанрдың өзіндік стилі бар. Мәселен очерк пен фельетон стилі бірдей емес. Онда қолданылатын сөздер де, сөйлемдер де өзінше. Фельетонда сатиралық уытты сөздер мен тіл қолданылса, очеркте жағымды, ұнамды жайларға байланысты көркем сөз бен тіл қолданылады.
Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек авторлық баяндаудан емес, кейіпкер тілінен тұрады. Ал кейіпкерлер әр жастағы әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады.
Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшелігі оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі - қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым - қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылыми, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасап отырады.
Тілімізде бір - бірінен аз да болса, өзіндік айырым белгілерімен ажыратылатын әдебиет жанрлары көп. Көркем әдебиеттің өзінде жанр түрлері қаншама. Бірақ, роман, повесть, әңгіме, поэма, мысал, өлең, эпос, баллада тілі жеке - жеке стиль бола алмайды.
Көркем әдебиет стилінің тағы да бір ерекшелігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды иелейді. Сондықтан тілдегі эмоциональдық элементтер адам сезімін білдіру үшін қызмет етеді. Ал тілдегі экспрессивтік амалдар эмоцияны, ерікті білдіруге де, ойды білдіруде де мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді.
Көркем әдебиет тілі мен әдеби тілге тән ортақ белгілер болуы керек. Сонда әдеби тіл дегеніміз: 1. халықтың сөйлеу тіліне қарағанда оның өңделген, сөз шеберлерінің қолдануынан өткен түрі; 2. қоғам мүшелеріне ортақ әрі міндетті нормасы бар тіл; 3. сол халықтың ұзақ тарихи бойына сақтаған тұрақты жүйелі дәстүрі бар тіл; 4. диалектілер мен әр түрлі жаргондық тілдерден жоғары тұрған тіл.

2 семинар жұмысы


Тақырып: Стилистика және оның салалары

1-тапсырма


Төмендегі берілген сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.
1. Стилистиканың салалары қандай?
2. Стильдің неше түрі бар?
3. Қай стильдер қолданылу аясы жағынан бір-біріне жақын келеді?
4. Стильдің қай түрі күнделікті көп қолданылады?
5. Ғылыми стильдің өзгешелігі неде?
6. Ақын-жазушылар стилін қалай түсінесіз?
2-тапсырма
Публицистикалық стильге байланысты қалаған газетадан алынған мақаланың стилін талқылау.

3-тапсырма


Ғылыми стиль түріне байланысты лингвистика саласына қатысты төмендегі термин сөздерді түсіндірме сөздікпен жұмыс жасай отырып анықтаңыздар.

Аферезис, аффрикат, аллитерация, акцент, эпентеза, интонация, сингормонизм, екпін, ассимиляция, диссимиляция, буын, метафора, метонимия, синекдоха, орфография, орфоэпия, терминология, лексикография, фразеология, сөз тіркесі, сөйлем, синтаксис, төл сөз, қыстырма сөз, қаратпа сөз.


Үлгі: Аллитерация зат. линг. әдеб. Буын мен дыбыстың қайталанып келіп отыратын поэтикалық тәсілі. Кіл дауыссыз дыбыстарды көп қайталауды аллитерация деп атайды. (Қ.Жұмалиев. Әдеб.теор.) Қазақ мақал-мәтелдерінің, жұмбақтарының дені өлең түрінде келеді. Және сондағы сөздердің өзара үндесіп, ассонанс, аллитерациялардың мол болатындығына қайран қаласың (М.Әлімбаев. Өрнекті сөз). (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Он томдық I том, 228-бет).
Акцент зат. 1. Лингвистика. Екі немесе көп буынды сөзде бір буынның ерекше күшпен не үнмен айтылуы; екпін.
Буын акценті. Буын ішіндегі дыбыстың, я екпіннің ерекшелігі (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10 томдық T.I. 126-бет).
Лексикография зат. лингв. Сөздік жасаудың теориясы мен практикасы. Сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін. Мұндай сөздіктердің жинақты аты лексикография деп те аталынады (Қазіргі қазақ тілі). Алфавит пен орфография, лексикология мен лексикография, тілдің тарихы мен диалектологиясы, фонетика мен стилистика сияқты ұлттық тіл білімінің тарам-тарам бөлімдеріне тікелей немесе жанамалай қатысты қыруар ғылыми ізденістер жасалды, нәтижелі еңбектер шықты (Қазақстан мұғалімі) (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10 томдық. 7 том, 61-бет).

4-тапсырма


Іс-қағаздар стиліне байланысты, олардың түрлерін көрсете отырып жазба түрде орындаңыздар.

Мінездеме, акт, протокол, өтініш, сенім хат, арза, түсінік хат, тіл хат, қаулы, қарар.


5-тапсырма


Варианттағы әрбір стиль түрлеріне байланысты сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құраңдар.
1-вариант
Өнімді еңбек, қайратты жан, табыс көзі, очерк, іске сәт – публицистикалық стильге қатысты сөздер.
2-вариант
Өмірдің тұтқасы, аяулы жан, қарасаң көз тоймайды, әсем ән, жастық шақ, алтын дәуір, өскен өркен, ұмытылмас кеш, ашық аспан, асыл қазына – көркем әдебиет стиліне қатысты сөздер.
3-вариант
Ашық буын, жай сөйлем, пунктуация, қабысу, жалғаулар, екпін, интонация, шылау, одағай, табу, эвфемизм, жаргон – ғылыми стильге байланысты сөздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет