Жақ сынақтарын уақытша бекіту тәсілдері.
Төбе-иектік таңғыш салу. Науқасты тасымалдаған кезде сынықтардың жылжуына мүмкіндік бермейді. Бұл мақсатта торлы эластикалық дәкені пайдалануға болады. Стандартты траспорттық таңғыш сынықтардың мықты бекуін қамтамасыз етеді. Ол иек сақпаны ме тірек қалпақтан тұрады. Оның 3 жүп ілмегі болады, ол резина сақинаны бекітеді. Ілмек астында дәке салатын қалта болады. Сондықтан резина сақина ісінген жұмсақ тіндерге күш түсірмейді және жарақаттамайды. Қалпақ шүйде бұдырын жауып тұруы қажет. Сақпан жиегін жабу үшін қосымша мақталы дәке салады. Бұл ісінген жұмсақ тіндердің таңғышпен тікелей жанасуынан, иек маңындағы тері жабындыларының зақымдануынан қорғайды. Резина сақинаның санына байланысты, сақпан сыныққа күш түсіруі немесе түсірмеуі мүмкін. Төменгі жақ тіс қатарларынан тыс сынғанда және жоғарғы жақ сынғанда стандартты таңғышты 3 жұп резина сақина қолдану арқылы салады. Төменгі жақ тіс қатары деңгейінде сынса тек сынықты ұстату үшін салады. Біріккен сынықтарға шектен тыс күш түсірілсе одан әрі бітісіп асфиксияның даму қаупін туғызады. Сондықтан маман еместерге ұстатушы ретінде стандартты транспорттық таңба салу нұсқасы беріледі.
Померанцев-Урбанскаяның жумсақ иек сақпаны. Мұның иек-тіл бөлігі бірнеше қабат дәкеден немесе бязден дайындалған. Аралық бөлігі екі кең резинадан тұрады, ол таңғыштың шеткі бөлігіне өтеді. Мұның бауы, сақпанның резиналы жолақтарының тартылу дәрежесін реттейді. Бұл таңғыш науқастар үшін тиімді, қолдануға қарапайым және сынықтардың жақсы бекітілуін қамтамасыз етеді.
Ауыздан тыс желісі бар (стерженъ) металл шина-қасық. Төменгі жақта тіс болмаса немесе жеткіліксіз болса жоғарғы жақ сынығы кезінде қолданылады. Дәкеден жасалған қасықты ауызға енгізіп жоғары жақ тістеріне қысып, оның желісін науқастың басына дәке немесе стандартты қалпақтың көмегімен бекітеді. Ауыздан тыс желі науқастарға көптеген ыңғайсыздық тудырады, қасық тістерде керегінше тығыз жатпайды. Қазіргі кезде бұл әдіс өте сирек қолданылады.
Жақаралық лигатуралық бекіту—төменгі жақ сынықтарының орнынан жылжып кетуінен сақтайды. Оны жүзеге асыру үшін әр сынықта екіден мықты және антогонист тістер болуы қажет. Таңып байлағанда сынық тұсында тұрған жарақатты пульпит немесе периодонтит белгісі бар тістерді қоспайды.
Жақаралық лигатуралық бекітуге келмейтін жағдайлар: мидың шайқалуы, ауыз қуысы тіндерінен қан кетуі, құсықтың пайда болу қаупі. Бұл таңғышты науқасты тасымалдау кезінде (әсіресе су мен әуе транспорты) салуға болмайды.
Таңғыш салу үшін қола-алюминий сымы (0,5—0,6 мм) қолданылады. Қажетті аспаптар: қан тоқтатқыш қысқаш, анатомиялық пинцет, крампонды қысқаш, металл қайшы. Сым ұштары сағат бағытымен қайырылады.
Көптеген лигатуралық бекітулердің ішінде Айви бекітуі жиі қолданылады.
Жақаралық лигатуралық қарапайым бекітуде 5—6 см лигатуралық сым ұштарын тіс аралықтарына өткізеді де тіл жағынан орап қайтадан ауыз қуысының кіреберісіне әкеледі. Осы жерде сымның екі ұшы тіс мойнын орайды. Екінші лигатураны дәл осылай көрші тіске бекітеді. Кейін екі сымды өзара орай бір таңғышқа біріктіреді. Осылайша таңғышты екінші сынықтағы тіске, кейін антогонист тістерге салады. Сынықтарды орнықтырып, жоғарғы жақ тістерімен жанасқанға дейін жақындатады да сымдарды орай отырып бекітеді. Сымның ұштарын қайшымен кесіп, ұрт пен иектің шырышты қабығын жарақаттамайтындай етіп қайырып иеді.
Сегіз тәрізді бекіткенде, сым лигатураның екі үшын тіс аралығына кіреберіс жағынан ауыз қуысына өткізгенде тістегі таңғышты да қамтуы қажет. Кейін сымның ұшы кіреберіс жағына қайтарылады. Бір ұшы кіреберіс жағынан тісті қамтитын сымның үстінен, ал екіншісі астынан өткізіледі. Кіреберіс бетінде сым үштары өзара оралады. Кейін осындай таңғышты екінші сынық пен антогонист тістерге салады. Алдыңғы жағдайдағы сияқты жоғарғы және төменгі жақ тістеріне бекітілген сымдарды өзара орайды. Артықтарын қайшымен қиып тастайды.
Айви бойынша бекіткенде ұзындығы 10 см сымды алдын ала түйреуіш тәрізді етіп тиеді де бір ұшын екіншісінен 1 —1,5 см артық қылып қалдырады. Түйреуіштің ұшына — 0,2 мм шамасында ілмек қалдырады. Бұл үшін алюминий сымның кішкене бөлшегі, крампонды қысқыш, пинцет қолданылады. Сымның екі үшы кіреберіс жағынан ауыз қуысы жағына тіс аралығы арқылы өткізіледі. Сымның ұзын ұшын, кіреберіс жағына, тістің арасы арқылы қайтадан өткізеді. Қысқа ұшы — кіреберіс жағына ілмектің алдына қарай орналасқан тіс арасы арқылы өткізіледі де ұзын ұшымен оралады. Сымның артығы қиылады, қалған бөлігі шырышты қабатты жа-рақаттамайтындай етіп қайырылып иіледі. Осындай таңғышты екінші сынықтағы тіске тіс — антогониске салады. Сынықтар орнына салынып, сыммен жоғарғы жақ тістеріне бекітіледі. (37 сурет). Жақаралық лигатуралық бекітуде, жоғарғы жақ асқынғанда иек сақпаны немесе шеңберлі төбе-иек дәкелі таңғыш салғанда тістердің периондонтитіне, сыныққа бекітілген булшықетке күш түседі. Уақыт өте келе бұл тістер қозғалмалы келеді.
37-сурет. Төменгі жақ сынықтарын уақытша Айви тәсілімен бекіту (түсініктеме тақырыпта берілген)
Достарыңызбен бөлісу: |