8- сынып. Бақылау жұмысы



жүктеу 46.77 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі46.77 Kb.
8- сынып. Бақылау жұмысы.

І нұсқа
1.Ұзындығы 5 м болат сымды ЭҚК-і 1,5В, ішкі кедергісі 0,2 Ом ток көзіне қосқанда ток күші 0,6А болса,болат сымның диаметрі қандай болғаны?(ρ=12•10-8 Ом·м)

2.Тізбекке 5 Ом, 6 Ом, 12 Ом үш кедергі тізбектей жалғанған. Тізбектің ұштарындағы кернеу 12 В. Тізбектегі ток күші мен әр бөліктегі кернеуді табыңдар.

3.Гальвани ваннасында 15 минут ішінде 0,85 г күміс бөлінді. Ваннаға тізбектей жалғанған амперметр қандай ток күшін көрсетеді? (κ=1.118•10-6 кг/Кл)

4.Троллейбустың электроқозғалтқышының кернеуі 600В, 200А ток күшімен қоректенеді.Қозғалтқыштың 5 сағат ішіндегі жасаған жұмысын, қуатын, бөлінген жылу мөлшерін есептеңдер.

5.Электр плитасының тізбегіндегі ток күші 5А.Оның көлденең қимасы арқылы 9 минут ішінде қандай электр заряды өтеді?



8- сынып. Бақылау жұмысы.

ІІ нұсқа
1.Ток көзінің ЭҚК-і 16В, ішкі кедергісі 3Ом. Егер тізбектегі ток күші 16 А болса, тізбектің сыртқы кедергісін табыңдар.

2.4А ток күшіне 220В кернеуге арналған электр плитасының спиралінің көлденең қимасыныың ауданы 0,1мм2 болса, осы никелин сымының ұзындығы қандай? (ρ= 42·10-8 Ом)

3.Егер 1000с уақыт ішінде ток күші 5А-ден 3А-ге дейін өзгеретін болса,осы уақыт ішінде мыс купоросының судағы ертіндісі арқылы қанша электр заряды өтеді?Электролиз кезінде катодта бөлінетін мыстың массасы қандай? (κ=3,3•10-7кг/Кл.)

4.Берілген өткізгіштің жалпы кедергісін табыңдар R1= 2Ом, R2= 3Ом, R3= 6Ом, R4=12Ом, R5= 5 Ом. R6= R7= R8=30Ом. Егер 1,2,3 параллель, 4 пен 5оларға тізбектей жалғанған, ал 5,6,7 бпараллель жалғанған.

5.Үш кедергі параллель қосылған.R1 =7 Ом, R2=3Ом,R3=14Ом. Осылардың жалпы кедергісін анықтаңдар.Егер кернеу 220В болса, ток күші неге тең?



8- сынып. Бақылау жұмысы.

ІІІ нұсқа

1.Көтергіш кран 6т жүкті 2 мин ішінде 12м биіктікке көтереді. Егер жүкті көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының ток күші 51 А, кернеу 380В болса, онда кранның ПӘК-і қандай?

2. Мыс сымнан жасалған катушканың кедергісі R= 10,8 Ом.Мыс сымның салмағы Ρ= 34Н.Катушкаға неше метр сым оралған және ол сымның d- диаметрі қандай? (ρ=1,7·10-8 Ом·м)

3.Өткізгіштердің аралас жалғану сұлбасы берілген. R1 = 6Ом, R2 = 1,2 Ом,R4 =5,2 Ом, I3=0,5А. R3 кедергідегі кернеу 1,44В болса, жалпы кедергіні және R3 кедергіні, жалпы токты табыңдар.
8- сынып. Бақылау жұмысы.

ІV нұсқа


1.Бір сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай?

2.Тізбекке үш кедергі тізбектей жалғанған олардың кедергісі: 5 Ом, 12Ом, 35 Ом. Кернеу 220В болса, тізбектегі ток күші қандай? Есептің схемасын сызыңыз.

3.Э.Қ.К-і 1,2В элементтен және 5 Ом сыртқы кедергіден тұратын тізбектегі ток күші 0,2А. Элементтің ішкі кедергісі қандай?

4.Кернеуі 12В, ұзындығы 200м, көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 мыс сымнан өтетін ток күшін есептеңдер.Мыс сымның меншікті кедергісі ρ=1,7 ·10-8 Ом·м.

5.Электр тізбегінің бір нүктесінен екіншісіне 16 мин ішінде 240 Кл заряд тасымалданып, 120Дж жұмыс жасаған. Тізбектегі ток күші мен кернеуді табыңдар.

8- сынып. Бақылау жұмысы.

V нұсқа.


1.10 минут ішінде шамасы 18 Кл заряд өткен амперметрдің көрсетуі неге тең?

2.Кернеуі 220В желіге жалғанған жұмыс кезіндегі кедергісі 55Ом электрқыздырғыштың ток күшін есепте.

3.Кедергілері 5 Ом, 8Ом, 6 Ом кедергілер парллель жалғанса, олардың жалпы кедергісі қандай?

4.Ток күші 5А желіге жалғанған, кедергісі 30 Ом электр пешінен 1 минутта қанша жылу бөлініп шығады?

5.Мыс ваннадан 20 мин ішінде 1,98 г мыс бөлінген. Мыстың электрхимиялық эвиваленті κ=33·10-8кг/Кл болса, ваннадағы ток күші қандай?

9- сынып. Бақылау жұмысы.

І нұсқа.


1.Фотоэффектің қызыл шекарасы Гц болатын затқа толқын ұзындығы м сәуле түсірілген. Фотоэлектрондардың ең үлкен кинетикалық энергиясы

2.Қараңғыда көп болған адамның көзі жаттыққан соң, сәуле толқындарының ұзындығы 500 нм, ал қуаты 2,1·10Вт жарық қабылдайды. Көздің торына 1 с-та түскен фотон

саны

3. Потенциалы 600В өріс нүктесінен ұшып жыққан электронның жылдамдығы  , ал бағыты өріс күш сызықтарымен бағыттас. Электрон тоқтайтын нүктенің потенциалын анықтаңыз.

(e = 1,6 · 10-19Кл; m = 9,1 ·10-31 кг)

4. Потенциалдар айырмасы 200 В жазық конденсатор пластиналары арасындағы электронның жылдамдығы


9- сынып. Бақылау жұмысы.

ІІ нұсқа.

1.Қуаты 100Вт жарық көзі 1 с ішінде 5·1020 фотон шығарады. Сәуле шығарудың орташа толқын ұзындығы (һ=6,63·10-34Дж·с, с=3·108 м/с) қандай?

2.Сынап буын электрондармен сәулелендіргенде сынап атомының энергиясы 4,9эВ-қа тең. Атомдардың қозбаған күйге ауысқан кезде шығаратын сәулелерінің толық ұзындығы

(1эВ=1,6·10-19Дж, с=3·108м/с, һ=6,63·1034Дж·с)

3. Энергиясы 4 эВ фотондар ағынымен ұзақ уақыт жарықтандырғанда, металл пастинадан электрондардың шығу жұмысы 1,6 эВ болса пластинадағы потенциалдар айырмасын есепте. (е=1,6 · 10-19 Кл; эВ = 1,6 · 10-19 Дж)

4.Электрондардың вольфрамнан шығу жұмысы 4,50 эВ. Фотоэлектрондардың ең үлкен жылдамдығы 1000 км/с болу үшін вольфрам беріне түсірілетін жарықтың жиілігі ( 1 эВ = 1,6 · 10-19 Дж, m = 9.1 · 10-31 кг, һ = 6,63 · 10-34 Дж·с)

9- сынып. Бақылау жұмысы.

ІІІ нұсқа.

1.Энергиясы 8 ·10-19Дж  болатын фотонға сәйкес келетін электромагниттік толқынның ұзындығын тап. (с=3·108м/с, һ=6,63·1034Дж·с)

2.Толық жұтылған кездегі фотондардың иммульсі 3·10-27нс болатын ультракүлгін сәулесінің толқын ұзындығы. (h = 6,63 ·10-34 Дж.с)

3.Электрондардың вольфрамнан шығу жұмысы 4,50 эВ. Фотоэлектрондардың ең үлкен жылдамдығы 103 км/c болу үшін вольфрам бетіне түсірілетін жарықтық жиілігін тап.

(1 эВ = 1,6·10-19 Дж; m=9,1·10-31 кг; h=6,64·10-34 Дж.с)

4. Толқын ұзындығы 450 нм сәуле әсерінен цинкте фотоэффект байқала ма? Цинктен электрондардың шығұ жұмысын тап (с=3·108м/с, h = 4,136 · 10-14ЭВ·с )

9- сынып. Бақылау жұмысы.

ІV нұсқа.

1. Энергиясы  болатын фотонға сәйкес келетін электромагниттік толқынның ұзындығын тап.

2. Егер фототок 0,8В бекітілген кернеу көзінде тоқтайтын болса, онда фотоэлектрондардың потенциалды энергиясы неге тең? (e = 1,6 · 10-19Кл)



3. Толқын ұзындығы λ=5,0·10-7 м. Фотонның энергиясын анықта (h=6,63·10-34 Дж·с; c= 3·108 м/с).

4.Электрондардың металдан шығу жұмысы А 3,3·10-19 Дж. Фотоэффектінің қызыл шекарасын анықта υмин(h=6,63·10-34 Дж·с; )


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет