Жақтардың сүйек пластикасы. Жақ сүйектері пластикасының әсіресе төменгі жақтың, өзінің қиыншылығы бар.
Бұл келесі ерекшеліктерге байланысты:
1) Бұл қозғалмалы сүйек және әртүрлі қызметтерге қатынасады. Мысалы: сөйлеу, тыныс алу, шайнау, ымдау.
2) Оның қозғалысы күрделі: шарнирлі және кері қайтарылушы.
3) Жақта тістер орналасқандықтан олар сыртқы ортамен қатынаста. Сондықтан осы жерлердегі патологиялық процестер (жарақаттар, қабыну, ісіктер) операциядан кейінгі ағымын ауырлатады. 4) Жақтардың эстетикалық орны.
Сүйек пластикасы негізінен төменгі жаққа жасалады. Жасалу уақытына байланысты алғашқы және екінші сүйек пластикасы деп белінеді.
Алғашқы сүйек пластикасының көмегімен жарақаттан немесе қатерсіз ісікті алғаннан кейінгі ақау бірден жамалады. Қазіргі кезде бұл әдіс кеңінен қолданылуда, себебі хирургияда антибиотиктердің қолданылуына байланысты хирургтер, бұрынғыдай ақаудың ауыз қуысымен аз уақыт қатынасынан сақтанбайды. Антибиотиктердің қолданылуы ақаудың тез жазылуына және сынықтардың тыртықтанып тартылуына септігін тигізеді.
Екінші сүйек пластикасы зақымнан кейін белгілі бір уақыт өткен соң, әдетте 6—8 айдан кейін жасалады. Трансплантат алуға ең қолайлы екі жер аталған, олар қабырға (V, VI және VII), мықын сүйегінің айдаршасы. Қабырғаны толық немесе екі айырып алады. Егер иек аймағында бұрыш керек болса мықын сүйектің айдаршасы алынады.
Трансплантатты бекітудің басты мәселесі оны жақ сүйегі сынықтарының ұшына бекіту. Осы мақсатпен трансплантат пен жақ сүйегінің бөліктерінің бастарына әртүрлі құлыптар жасалады. Олардың бөліктері сыммен тігіліп, ошақтан тыс бекітілетін Рудько, Бернадский, ж. т. б. аппараттары қолданылады.
Трансплантат жақсы бітіп кетуі үшін төменгі жаққа тыныштық қажет. Ондай жағдайға ауыздың ішінен және сыртынан қолданатын аппараттардың көмегімен қол жеткізіледі (алюминий сым құрсауы, каппалар, Ванкевич құрсауы ж. т. б.).
Сүйек пластикасы кезінде алдын ала ақаудың көлемімен қолданылатын трансплантатты қай жерден алатындығы шешіледі. Трансплантат бітіп жазылған соң, онда биологиялық қайта құрылу мен қайта қалыптасу процестері басталады. Егер отырғызылған сүйек ерте жүмысқа қатысса, онда аталған қайта құрылу мен қайта қалыптастыру процестері ерте басталады, 15 күннен кейін сүйекте деструкция басталып екінші айдың аяғында толығымен аяқталып, одан кейін регенерация процесі күш ала бастайды. Сүйек трансплантат қатайып қалыңдайды. Аутосүйекті көшірудің келесі кемшіліктері
1) Кейде үлкен трансплантат алу мүмкін емес; 2) Трансплантқа қажетті пішін берудің қиындығы; 3) Науқасқа қосымша жарақаттың жасалуы. Жоғары жетістікке леолифилизацияланған Десфор, Блекстейн, Н. А. Плотников), 70°С-қа дейін мұздатылып, 20'С-та вакуумда кептірілген елік сүйегімен пластика жасау әдісі жетуде. Суық трансплантаттың антигенді қасиетін төмендетеді. Ампуладағы сүйек бөлме температурасында ұзақ уақыт сақталады.
0,5% формалин ерітіндісінде консервіленген өлік сүйегі де жетістіктермен қолданылуда. Әртүрлі жолдармен консервіленген сүйектер ортотопиялық трансплантаттар қолдануға мүмкіндіктер береді. Себебі олардың пішіні ақауланған жердікімен бірдей болады. Н. А. Плотников пен А. А. Никитин (1987) самай-төменгі жақ буынымен қоса алынған трансплантатты ұсынды. Онымен тек ақауды ғана емес, самай-төменгі жақ буынын да қоса қайта қалыпқа келтіреді. Соның әсерімен төменгі жақтың біржақты ақаулары қалпына келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |