Стоматология



бет58/173
Дата28.02.2022
өлшемі2.68 Mb.
#455816
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   173
книга-хирургическая-стоматология

Жіктелуі. Жақ сүйектерінің остеомиелиті одонтогенді, травмалық, гематогенді, арнайы болып бөлінеді. 3 фазада өтеді: жедел ағымды, жеделдеу, созылмалы. Процестің жайылуына қарай шектелген, жайылған түрі бар. В. И. Лукьяненко (1968), М. М. Соловьев, И. Худояров (1970) шектелген, ошақты және диффузды түрлерін ажыратады. ІІІектелген остеомиелитте процесс 2—3 тіс пародонт тұсында орналасады. Ошақты түрінде процесс альвеолды өсіндімен қоса жақ сүйегінің денесі мен бұтағының бір жерінде орналасады. Диффузды түрінде жақ сүйегінің жартылай немесе толық тотальды зақымдану белгісі болады.
Соңғы жылдары дене температурасы көтерілмей, жаланкөз түзілмей атипті түрде өтетін остеомиелит жиі кездеседі. Бұл остеомиелиттің біріншілік түріне жатады.
Одонтогенді остеомиелиттің көптеген жіктеулері анықталған. Ең толықтауы Н. М. Александров (1954), Г. И. Семенченко (1958), В. И. Лукьяненко (1968), М. М. Соловьев, И. Худояров (1979) жасаған жіктелу.
Н. М. Александров (1954) созылмалы остеомиелиттің өршуін ажыратып, процестің асқынуы бар-жоғын көрсетеді.
В. И. Лукьяненко (1968) созылмалы остеомиелитке аурудың ауырлық дәрежесін (жеңіл, орташа, ауыр) көрсетуді ұсынады.
А. Г. Шаргородский (1985) созылмалы остеомиелиттің продуктивті немесе деструктивті процеспен қосылуын ажыратады.
Клиникасы. Аурудың жедел ағымында науқас жақ сүйегінің бір жерінде немесе жайылмалы интенсивті ауыру сезіміне шағымданады. Алғашқы клиникалық белгілі созылмалы периодонтиттің өршуі тәрізді болады. Бірақ тез арада жергілікті ауыру сезімі жақ сүйегіне түгел жайылып күшейе түседі. Үшкіл нерв бойымен таралады.
І-КЕСТЕ
Жақ сүйектерінің одонтогенді остеомиелитінің жіктелуі (М. М. Соловьев)



Остеомиелиттіц КЛИНИКО- рентгенологиялық түрлері

Ауру кезсңдсрі

Инфенкциялық қабыну процесстерінің таралуы

Іеструкция сипаты бойынша

Ауру ағымы бойын

I. Одонтогенді
ірінді остеомие-
лит

жедел
жеделдеу

Шектелген Ошақты Диффузды







II. Деструктивті одонтогенді осте- омиелит

жедел
жеделдеу

Шектелген Ошақты Диффузды

а) литикалық
б) секвесгрленген




III. Гиперостозды одонтогенді осте- омиелит

жедел
жеделдеу

Шектелген Ошақты Диффузды

а) литикалық
б) секвесгрленген

а) біріншілік жеделдеу
б) рецидивті
(қайталамалы)

IV. Созылмалы деструктивті одонтогенді о/м

жедел
жеделдеу

Шектелген Ошақты Диффузды




а) біріншілік жеделдеу
б) рецидивті



V. Созылмалы гиперостозды одонтогенді о/м

жедел
жеделдеу

Шектелген Ошақты Диффузды







Іріңді қабыну процесі жақ сүйегі деңгейінен шыққанда науқас жұмсақ тіндерінің ісінгеніне, ауызды ашу қиындағанына, жұтынып-шайнағанда ауыру сезіміне, тыныс алу мен сөйлеудің бұзылғанына шағымданады.


Аурудың жедел ағымында науқастың жалпы жағдайы орташа немесе ауыр, қалтыраудың жиі қайталануы тән. Әдетте науқас бозарған, мең-зең (заторможен), енжар. Есі сақталған, бірақ кейде есі ауытқып сандырақтауы мүмкін. Басы ауырып, ұйқысы бұзылады, жалпы әлсіздік, тәбеті нашарлап, тез шаршайды, апатия болады. Жүрек тондары бәсең, пульсі жиілейді.
Бет-жақ аймағын тексергенде бет әлпетінің едәуір ісінгені көрінеді. Тері қызарып ісінген, қатпарға жиналмайды. Пальпация жасағанда қатты аз қозғалмалы инфильтрат білінеді, ортасында флюктуация болуы мүмкін (абсцесс, флегмона болса). Төменгі жақасты, иекасты, кейде алдыңғы мойын лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация жасағанда ауырмайды.
Қабыну процесі шайнау бұлшықеттерін қамтығандықтан ауызды ашуы шектелген. Ауыздан шіріген иіс шығады. Тілі қақпен жабылған, секрециясы төмендеуіне байланысты сілекей қою, созылмалы болады. Аурудың басында қозғалмайтын ауру тіс кейін тез арада қозғала бастайды. Сонымен қатар қасындағы тістер де қозғальш, перкуссия жасағанда ауырады.
Бірнеше тістер тұсында альвеолды өсіндінің шырышты қабығы қызарған, екі жағынан да ісінген. Бүл жерді сипап қарағанда қызыл иек ауырады, сүйек тінінің кейбір контурлары тегістелгені байқалады.
3—4 тәулікте ауру тіс түсындағы қызыл иек альвеолды өсіндіден сылынады. Оны басқанда астынан ірің шығады. Шырышты қабығы көгеріп (цианоз) пастозды болады. Шектелген остеомиелитте қабыну процесі альвеолды өсіндінің, кейде жақ сүйегі денесінің сүйек қабын екі жағынан да қамтып, сүйек қабығы асты іріңдіктер түзіледі. Диффузды остеомиелитте бұл көріністер жақ сүйегінің үлкен бөлігін алып, екі жағында бірнеше сүйек қабығы асты іріңдіктер дамиды. А. М. Соловьев, А. А. Тимофеевтің (1989) айтулары бойынша жедел ағымды остеомиелиттің 67% абсцестер, флегмоналар кездеседі.
Жедел ағымды остеомиелиттің клиникасы жоғарғы, төменгі жақ сүйектерінде ерекше белгілермен көрінеді. Жоғарғы жақ сүйегінде жедел ағымды остеомиелит жеңілдеу өтеді, уақыты аздау, сүйек тіні өте көп деструкцияға ұшырайды, флегмонамен сирек асқынады. Бұл жоғарғы жақ сүйегінің анатомо-топографиялық ерекшелігіне байланысты — қанмен жақсы қамтамасызданған, кортикальды пластинкасында тесіктер көп болған-дықтан іріңді экссудат тез көшіп отырады. Жоғарғы жақ сүйегіне өте көп бұлшықет жабыспайды, клетчатка кеңістіктері көп емес. Сондықтан жайылмалы флегмоналар дамымайды.
Сүйек тінінің зақымдануы жоғарғы жақ сүйегінің дөңесінде орналасса ірің қанатша-таңдай шұңқырына өтіп, одан төменгі көз саңылауы арқылы көз алмасы клетчаткасына тарауы мүмкін. Ірің тағы самайасты шұңқыры мен қанатша-жақ кеңістігіне өтіп, ауру ағымын ауырлатуы мүмкін. Кейде қабыну процесі гаймор қуысын да қамтиды.
Төменгі жақ сүйегінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті жоғарыдағыдан ауырлау өтеді. Қабыну сүйектің көп жерін қамтып, жұмсақ тіндер жағынан асқынулар жиі болады.
Төменгі жақ сүйегі денесіндегі үлкен және 2-ші кіші азу тістер тұсындағы альвеолды өсіндіні қамтитын жедел ағымды одонтогенді остеомиелит қан тамыр-нерв шоғырын қоса зақымдап, ол төменгі альвеолды және иек нервімен қоректенетін тіндердің сезімталдығы бұзылуымен (Венсан симптомы) сипатталады. Төменгі жақ денесі мен өсіндісінің жедел ағымды остеомиелитінде іріңді процесс шайнау және медиальды қанатша бұлшықетіне таралып, ауыздың ашылуы шектеледі — шайнау еттерінің қабыну контрактурасы дамиды.
Жедел ағымды одонтогенді остеомиелит дамыған алғашқы күндері рентген суретінде тек патологиялық емес процестер, яғни бұрынғы созылмалы периодонтиттегі өзгерістер ғана көрінуі мүмкін. Алғашқы сүйек тіндерінің өзгерісі тек 10—14 тәулікте немесе 2—3 аптадан соң көрінеді. Жақ сүйектерінде сүйек қүрылымы анық емес, кейін остеома, некроз ошақтары көрінеді.
Жедел ағымды остеомиелитте қан, несеп құрамында өзгерістер болады. Шектелген, диффузды түрінің жедел нормергиялық ағымында лейкоциттер 10-15x109/л, лимфоцит (70—8 0%) таяқша ядросы 15—20% өседі. ЭТЖ біртіндеп 15-тен 40-қа дейін көтеріледі. Несепте белок 0,066 г/л, лейкоциттер 20—25 көру аймағында.
Гиперергиялық қабыну реакциясында Нв мен эритроциттер азайып, лейкоциттер 18,0—20,0x109/л-ге дейін солға жылжып көбейеді және нейротрофильдердің жас түрлері дамиды. Соның ішінде миелоциттер көбейіп, лимфопения дамиды. ЭТЖ 50—60 мм/сағ. жоғарылайды. Несепте белок (0,033—3 г/л), гемотурия, цилиндрурия анықталады.
Жедел ағымды остеомиелиттің гиперергиялық ағымында қанда Нв мен эритроциттер азайып, лейкоциттер қалыпта немесе төмендеуі мүмкін. ЭТЖ қалыпта кейде төмендейді. Несепте өзгерістер науқастың жасына байланысты әртүрлі болады.
Науқастың қан сарысуында С-реактивті белок көбейеді. Альбуминдер мен глобулиндердің қатынасы өзгереді (глобулиндерге ауытқуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   173




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет