ТІСТЕРДІҢ ШЫҒЫП КЕТУІ ЖӘНЕ СЫНУЫ
Тістердің шығып кетуі мен сынуы жақ-бет аймағының барлық жарақатты зақымданудың 3/1 қүрайды.
Тістің шығып кетуі. Механикалық әсерлерден (құлау, соққы) жиі алдыңғы тістердің шығуы кездеседі. Тіс жүлуға арналған элеваторларды (тік, бүрышты) дұрыс, тиянақты қолданбаған жағдайларда тістің шығып кетуі кездеседі. Тістің шығып кетуі тістің альвеола ұяшығындағы орнының өзге-руі әсерінен периодонт талшықтарының толық немесе жартылай үзілуімен және қан тамыр-нерв шоғырының зақымдануымен қатар жүреді. Тістің шығып кетуі жеке түрде және тіс губірінің сынуымен альвеола өсіндісінің немесе төменгі жақсүйек денесі сынықтарымен үйлесуі мүмкін. Тістің шығуы толық жартылай және шегеленген түрлеріне бөлінеді,
Тіс жартылай шыққан кезінде периодонт талшықтарының бір бөлігі үзіліп, сақталған бөлігі әртурлі мөлшерде созылған жағдайда болады. Тіс әр түрлі бағытта қозғалуы мүмкін. Өз өсінен бүрылған кезде қан тамыр-нерв шоғырының бүтіндігі көбінесе сақталады. Тек кейбір жағдайларда тамырлар тромбозының әсерінен тіс үлпасы өлеттенуі мүмкін.
Тіс шыққан кезінде науқастар тістерінің ауыратынына, тістеу және шайнау мүмкіншілігінің болмауына, терінің қозғалатындығына шағымдайды. Қарап тексергенде беттің жұмсақ тіндері, ерін немесе ұрт аймақтарында механикалық әсердің іздері байқалады (ісіну, қанталау, жара т. б.)'. Ауыз кейде жартылай ашық. Шыққан тіс сауытының бұрылуы әсерінен тіс қатарында ерекшеленіп, қозғалмалы болады да, ұрып тексергенде қатты ауырады. Тіс бір жағына ығысқан кезінде шыққан тіс пен көрші сау тістер арасында саңылау пайда болады. Тіс түбірі сауытқа қарама-қарсы бағытқа жылжиды. Сондықтан да рентген суретте тістің ауытқыған бетінде периодонт саңылауы кішірейіп немесе мүлде болмайды, ал қарама-қарсы бетінің кеңейгенін көруге болады.
Тіс вестибулярлы немесе ауыз қуысы ішіне қарай ығысқан кезінде, оның тістесу қырының биіктігі көрші тұрған тістердің тістеу қырларымен бірдей болмайды. Ренттен суретте тіс түбірінің қиғаш орналасуына байланысты қысқарған секілді көрінеді. Периодонт саңылауының кеңейгенін немесе кішірейгенін анықтауға болады.
Жоғарғы жақ тісі төмен немесе төменгі жақ тісі жоғары жылжыған жағдайларда олардың тістеу қырлары көрші тістердің тістеу қырларымен салыстырмалы турде төмен немесе жоғары орналасуы мүмкін. Тістесу кезінде тек шыққан тіс қана түйісіп тұрады. Рентгенограммада периодонт саңылауының бір қалыпты кеңейгені және альвеола түбінің түбір ұшынан бос екені анықталады.
Тістің толық шығуы периодонт талшықтарының тіс түбірінен толық үзілуімен, қан тамыр-нерв шоғырының өлуімен, кейде альвеола өсіндісінің вестибулярлы бетінің сынығымен, тістің өз ұясынан шығып қалуымен қатар жүруі мүмкін. Толық шыққан тіс кейде тек екі суланған жазықтықтар арасындағы адгезиялық қасиеттері әсерінен немесе тістің айналма байламдарының сақталған талшықтары арқасында ұсталып тұруы мумкін.
Тіс толық шыққан кезінде науқастар жарақатының әсерінен пайда болған тіс қатарындағы ақауға шағымданады. Қарап тексергендегі белгілер тістің жартылай шығуындағы белгілерге уұқсас. Науқас дәрігерге өзінің түскен тісін әкелуі мүмкін. Түскен тістің ұяшығы қан ұйығымен толған. Қызыл иектің шырышты қабығы жырылған, үзілген, тіс ұяшығының бір қабырғасы сынған немесе болмауы мүмкін. Тіс ұяшығы қабырғаларын міндетті түрде тексерген дүрыс, себебі тек сақталған қабырғалары бар ұяшықтарға және жарақаттан кейінгі уақыт 3 тәулікке жетпесе тісті қайта отырғызу мүмкіншілігі туады.
Тістің қадалып шығуы (вколоченный вывих). Тістің толық шығуының бір түрі, бұл кезде түс түбірі ұяшықтың компакті пластинкасын тесе отырып, альвеолды өсімінің сүйек кемігіне енуі байқалады. Бұл жағдайда қантамыр-нерв шоғыры толық үзіледі.
Тіс қадалған кезде науқас жарақаттанған тіс аймағындағы ауыру сезімінің болуына шағымданады. Қарап тексерудегі өзгерістер жоғарғы аталып кеткен белгілерге ұқсас. Тістің төмен (төменгі жақ сүйегінде) немесе биік (жоғарғы жақ сүйегінде) орналасқан және оның өз өсінен бұрылғаны немесе бір бағытқа ауытқығаны анықталады. Кейде тіс сауыты түгелдей үяшыққа еніп, альвеола қырынан төмен орналасуы мүмкін. Суйектің механикалық әсерінен, тіс орнында мықты түрады. Тіс ұлпасы өлеттенеді. Рентген суретте периодонт саңылауы кішірейген, кейде тіс бөлігінің төмен түсуі әсерінен периодонт саңылауы мүлдем байқалмайды.
Емі. Жергілікті жансыздандыру арқылы шыққан тісті саусақпен альвеола өсіндісімен бірге қоса ұстап ақырын орнына қою керек. Тісті иммобилизациялау каппалық құрсаулар арқылы жүргізілгені дұрыс. Бекітілетін тіске тістесу кезіндегі ауырлық қысым үшін, оның тістесу қырын пластмассадан ашық, бос қою қажет, бұл және емдеу барысында ұлпаны электроодонтометрдің көмегімен тексеруге қолайлы. Егер иммобилизация тегіс қапсырма шеңдеуіш арқылы жүргізілсе лигатура тістің мойын бөлігінде орналасуы және тістеу қыры арқылы сыртқа және ішкі бетін орай орналасуы қажет. Құрсаулар 5—6 аптадан үзақ уақытқа қойылады.
Тіс толық шыққан кезінде белгілі тәсілдермен реплантация жүргізуге болады. Тісті каппалы құрсаумен бекітеді. Реплантация жүргізуге болатын көрсеткіштер жоғарыда берілген.
Тіс шегеленіп шыққан кезінде бір мезгілді реггозиция көрсетілмеген, себебі бул жағдайда тіс түбірі сорылуы (резорбциясы) мүмкін. Шегеленіп шығу кезінде тіс өзегінен бірте-бірте қалыпты орнына келеді. Жарақаттан соң өлген ұлпадан тазартып, өзектерді пломбалық материалдармен толтыру керек. Егерде тісті бастапқы орнына қою қиынға түссе ортодонтиялық аппарат көмегімен қалпына келтіреді.
Жедел қабыну процесі дамыған кезде, тістің жұмсақ тіндерге, жақ сүйек денесіне түгелімен енуі кездерінде тісті жұлу көрсетілген. Науқастардың дәрігерге кеш қаралу жағдайларында, шыққан тісті ортодонтиялық тәсілдер арқылы орнына келтіреді.
Тіс сынықтары. Тіс сьшықтары тістің шығуымен қатар жүреді, себебі периодонт қоса жарақаттанады. Периодонт жарақатына байланысты тістің қозғалғыштығының дәрежесі анықталады. Тістің сыну себебі оның шығу кезіндегі себептерге үқсас. Жоғарғы тістің сауытын төменгі тістерді жұлу кезінде сындырып алуы мүмкін.
Жоғарғы тістер төменгі тістерге қарағанда, жиі сынады. Тіс көлденеңінен және бойлай сынуы мүмкін. Бірінші жағдайда сыну сызығы тіс сауыты немесе түбірі арқылы вертикальды өсіне көлденең, ал екінші жағдайда тіс сауыты және түбірі арқылы вертикальды өс бойына жүреді.
Тіс сауыты эмаль немесе дентин деңгейінде тіс қуысының ашылуынсыз және ашылуымен мойын бөлігінен түгелдей сынуы мүмкін.
Тіс түбірі ортаңғы, жоғарғы немесе төменгі бөліктерінен сынуы мүмкін. Кейде тіс түбірінің ортаңғы немесе жоғарғы бөліктерінің сынықтары кезінде, қан тамыр-нерв шоғырының зақымдануынсыз жүруі мүмкін. Тіс түбірінің сынықтары көлденең, қиғаш, кейде ұзына бойы болады. Сынықтардың орналасу орнына байланысты науқастар механикалық, температуралық тітіргендіргіштер әсерінен немесе өздігінен пайда болатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде ауыз қуысы аймағына түскен күш орнында жұмсақ тіндердің ісінуін, қанталау ошақтарын, жара, жырылу т. б. белгілерді байқауға болады.
Тістер көбінесе толық түйіспейді. Тіс сауытының сынықтары кезінде оның әртүрлі ақауларын, кейде тіс ұлпасының ашылғанын көруге болады. Тіс түбірінің сынықтары кезінде үлпаға қан құйылу әсерінен сауыт қызғылт түстен күлгін түске дейін боялуы мүмкін.
Тіс қозғалмалы. Сынық сызығының түбір ұшына жақын орналасқан сайын, тістің қозғалғыштығы кеми береді. Тіс перкуссиясы ауру сезімін тудырады.
Ауыз қуысының ішінен түсірген рентген суретте тіс тубірінің сыну сызығының бағыты, орналасу деңгейі анық көрінеді.
Емі. Тіс сауытының қуысы ашылмай сынған кезде емдеу шаралары өткір қырларды егеу, ақауы орнын пломбалық материалдармен қалпына келтіруте бағытталады. Тіс сауыты сынғанда үлпа ашылып қалса, оны алып, түбір өзектерін пломбалық материалдармен толтырып, тіс сауыты қалпына келтіріледі.
Тіс сауыты толық сынған кезде түбірлерді әрдайым жұла бермейді, себебі оны штифті тіс орнатуға қолдануға болады. Түбір ұшы сынықтары кезінде өлген ұлпаны алып, түбір өзектерін пломбалық материалдармен толтырып, операция арқылы сынған бөлігін алып тастауға мүмкіндік бар. Егер ұлпасы тірі тіс қозғалмалы болса онда тіс қлпасын сақтай отырып құрсау — каппамен бекітеді.
Егер тіс түбірі ортаңғы бөлігінен сынса және қан тамыр-нерв шоғыры сақталса, онда цементобласттар мен одонтобласттардың пластикалық қызметінің нәтижесінде, цемент пен дентин аймақтарында сынық бітуі мүмкін. Үлпаның тіршілікке қабілеттілігін тексеріп алғаннан соң құрсау — каппамен тісті кем дегенде 5 аптаға бекітіп тастайды. Егер де қан тамыр-нерв шоғыры сақталмаса ұлпаны алып, сынықтарды болат штифтімен бекітеді. Штифт шайнау қысымының әсерінен деформацияланбайтын материалдардан дайындалғаны дұрыс және де оның ұзындығы мен жуандығы жеткілікті болуы тиіс.
Тіс ұзына бойы сынған кезде, оны жұлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |