В. П. Русанов әдісі бойынша остеогингивопластика операциясы. Операцияға трансплантант ретінде минералды заттан айырылған формалинденген сүйек матриксі қолданылады.
Ол 18—50 жастағы жедел мерт болған адамдардан 12 сағат ішінде дайындалады, яғни сүйек суық сумен жуылып 1,2% қалыпты тұз қышқылы ерітіндісіне салынады да 5 тәулік бойы 2—4°С температурада деминерализацияланады. Бұл процесс біткенін сүйекті инемен шаншып немесе иіп тексереді. Дайын болған сүйек иілгіш келеді, түйінге байланады. Сүйек материалын 1 —1,5 сағат ішінде салқын жерде салқын ағын сумен жуады, ал қалған қышқыл қалдықтарын жою үшін сүйекті 1,5 сағатқа 10— 15% натрий тиосульфатының немесе 3—5% ас содасы ерітіндісіне салып қояды. Сүйектің консервациясы мен залалдануы 0,25% бейтарап формалин ерггіндісіне гентамицин қосылып жүргізіледі. Бұл ерітіндіде 7 тәулік сақталып, 3 ай қолдануға болады.
Остеогингивопластика операциясы 2% тримикаин немесе лидокаин ерітінділерімен алдын ала премедикация жасаумен іске асырылады.
Бүзылған парадонт аймағында көлденең бағытта кілегей қабықты тіліп, қашаумен сүйек сырты-кілегей қабық қиындысы таңдай және вестибулярлық бетінен сүйектен ажыратылады. Одан әрі иекасты шөгінділері, грануляциялық тіндер тазаланады. Жалаңашталған тіс түбірлерінің цементі ағаш тегістегішпен тегістеледі де операциялық алаң антисептик ерітінділерімен жуылады.
Жоғарыдағы тәсілмен даярланған сүйек матриксі реципиент сүйегімен жанасқанға дейін және сүйек ақауынан 1 см артық көлемде өлшеніп кесіледі де, әрбір 1 мм сайын бордың көмегімен тесіледі. Пайда болған жарақаттың шеті 0,5 см-ден туннель ретінде тереңдетіліп парадонт тініне матриксті отырғызады. Сүйек матриксін дайындағанда төменгі заттар мына қатынаста алынады: гидроксилаппатит — 60; фибриноген — 10; қан сарысуы — 30. Ол матрикстің сүйекке бекуін қамтамасыз етеді. Егер қалған сүйек қалталары болса олар сүйек матриксінің ұнтағымен, гидроксилаппатитпен толтырылады. Сүйек сырты кілегей қабық қиындысы орнына қойылып әрбір тіс арасынан капрон жігшен тігіледі (55-сурет).
55- сурет. В.П. Русанов тәсілінің кезеңдері.
Операциядан соң науқасқа жеңіл диета, ауыз қуысының тазалығын сақтау режимі тағайындалып, жалпы әлдендіргіш, лазерлі ем бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |