Стр. 151 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 150
Стр. 152
Қазақстанның ашық кітапханасы
151
Шешем үйшілік бір қуаныш күйін дың-дың, қағып, ақырын-ақырын менің құлағыма
құйып кеткісі келеді.
—
Оқуы бітетін уағы да жақындады. Мен бармай, шыға алмас... Асығып жүрген
шығар байғұс бала...— деп, маған тесіле қарайды.
Дәл аттанарда апам түбіт шәлісін басына мықтап орап, белін бекем буынып алып:
—
Қайрош-ау, Ақботаның оқуы немене осы? Өздерің ойласып па едіңдер басында?
Жел мен боран, қар мен жаңбырдың оқуы деген немене болушы еді, өзі?— деді.
Шынында, Ақботаның немене оқып жүргені маған да анық емес еді. Апам өз ойын бір
қобалжуы бардай айтты. Сол қобалжу өз ішіме де кіре бастаса да, апамның көңілін
орнықтыру үшін — огородыңа жаңбыр жауғызып берсе, жел мен боранды маңайыңа
жолатпаса, сол аз ба, апа-ау!..— дей салдым, қалжыңға айналдырып.
Ашып айтылмаған әрбір сөздің ар жағында қалтарысы болатынын аңғаратын шешем одан
арғы ойымды қазбалаған жоқ. Өз сөзімен өзіне жауап бергеніме қанағат етпесе де,
«өздеріңе ұнаса болғаны» дегендей ана көзімен бір қарады да, орнынан турды.
—
Ақбота сені күте білсін. Мына хатты өзіңе естіртіп оқысын,— деп басыңқырай
айттым да, уақыты болса, келіп кетер...— дегенді әдейі босаңдау айттым. Бірақ, ше« шем
менің нені баса айтқым келетінім менен кем түспесе керек.
—
Үйге барысымен-ақ атандырармын,— деді.
Осымен шеше жүрегі де біржола орныққандай болып,
сол күні жүріп кетті. Ағашқа тағы бір жаңа бұтақ қосылды да ұзамай жапырақ жарады, ол
да өзімен бірге жайқалатын болады.
Шешем мен Ақботаға, елдегі апа-қарындастарға жіберейін десем солдат бойында
сұрғылттау түскен суретінен басқа еш нәрсесі жоқ екен. Оларымның да шеттері мұжылып,
шинельден тер өткендей кей жерлеріне су өтіпті. Амал қайсы, жібергенім де сол-ақ болды.
Шешем аңғартқан аз қобалжу соңғы күндерде есіңкіреп барады. Ақбота оқуын бітірген
соң, аудандағы ауа райын бақылап тұратын станцияға бармақ еді. Тығыз түрде келіп
қалған соңғы хатында «қайда жіберілерін бірақ саған бір барып қайтуға рұқсат берер деп
сенемін» депті.
Осы қобалжу екі жетіге айналғанда, ендігі күтуімнің прим жоқтығына да сене бастадым.
Бөлмемізге келген хатқа үрке қарайтын болғанымды байқадым. Осы де қауіппен күткен
сегізінші телеграмма келді. Ақбота қысқа ғана «бара алмаймын» депті. Себебін айтуға дәті
одан алмағандай, бір ауыз сөз қоспаған. Әдетімізге айналып бара жатқан «сүйемдер де»
жоқ. Ақбота айтпаған сүйемінді» бұл жолы телеграф та қоспапты.
Не болды екен деген ой әлденеше құбылып, тұрақты жауабы табылмай тағы біраз күн
өтті. Ойға қонар тұрақты жауаптар аз емес, бірақ өзімнің ойым тұрақтамайды. Енді «бара
алмаймынның» орнына «бара аламын» деген хабар күткендеймін. Олай болмаған күнде,
Ақботаның бұған дейінгі «барым», «сүйем» деп жазған сөздерінің бәрінің артына
«алмаймын» деген бір бәле жалғанып, бұрынғы боладының бәрін болмайдыға
айналдырып жіберетін сияқтанады.
Васяның босанатыны да менің осындай бір кезіме дәл келіп қалды да, мен де майданға
қайтуға асықтым. Аздап көңілсіздік кіріп, жүдеңкіреп те кеткен болуым керек, госпиталь
Достарыңызбен бөлісу: |