Стр. 249 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 248
Қазақстанның ашық кітапханасы
249
Естерсің де күліп жүрерсің. Ең кеп айтарымыз да, тоздырмай ұстарымыз да сол болсын.
Оны да кейінге қалдыра тұрайық. «Бел астындағыға бесіктегі бала да шыдасын!..»
Ақ шапанның астынан күміс сыңғыры естіледі. Қыз күнінде шашында теңгелік те
болмайтын еді. Әлде кеудең ән салып тұр ма? Жоқ, бұл маған таныс сыңғыр. Киінер кезде
бірге сыңғырлармыз... Екеуміздің жүрегімізде де дақ жоқ, әнді де сонда бірге салармыз.
Жоқ, мен аяғымды кестіре алмайтын шығармын!.. Мен өмір шалқарында сеніменен
аяғымды қатар басқым келеді. Мана Берлинге жету үшін аяғым керек деп едім. Оным
майдан солдатының ойы ғана екен. Берлин деген немене ол? Адамның бар арманы
сондай-ақ болғаны ма? Жоқ, алдымызда шалқар өміріміз бар, Ақбота! Сол өмірде тең
басайық. Аяғым соған керек. Жоқ, мен аяғымды кестірмеймін!
Дүниеде туған еліңнен артық ел де жоқ, жер де жоқ депті Хожа Насреддин. Сол еліміздің
құлпыра түсер шағына келе жатырмыз. Адамның ойы да көркем, бойы да көркем болады
ол елде! Мен аяғым түгіл, бір бақайымды да кестірмеймін! Сен осыған, серігім,
қынжылма!..
Күміс қанат құрыш құс ақырын ғана ырғып қалып, төмен құлдилап барады... Енді бірнеше
минуттан кейін, сен ақ шапанды шешіп тастайсың да, автоматыңды асынып, орныңа
қайтасың... Мені «бесігіммен» көтеріп, тағы бір жаққа әкетеді. Екеуміз қосыла көріп
отырған түсіміз де сол жерде үзіледі. Қош десеміз... Оны айтпасымызға болмайды.
Ботам, қара кезім менің!.. Мен жолдастарыма Одер өзенінде қуып жетуге уәде еттім. Өзім
қазір сенің қасыңда болсам да, ой-арманымның кесек бір шумағын жолдастарыма қосып
кеттім. Ол солдат уәдесі. Мен оны орындауға міндеттімін. Сол уәдені саған да берем.
Сонда кездесейік...
Енді бір досыма Қарағандыда кездесуге уәде еттім. Бұл еңбек солдатының уәдесі. Мен
мұны да орындауға міндеттімін. Бұл уәдені саған да берем. Сонда кездесейік... Соғысты
жеңіспен аяқтап, үйімізге тезірек қайту үшін, мен тезірек жазылуым керек. Алдымызда
бейбіт өмір бар, оқу бар, еңбек бар, қазір үзілер түсіміздің өңімізде жалғасары бар.
Ботам! Мен уәде еткен жерлерде сен де бірге бол... Қасымда бол, қатар тұр!.. Қазір
қоштасарда мен саған осыны ғана айтып қалармын...
МАЗМҰНЫ
Қазақ солдаты. Роман.
Бірінші бөлім
2
Достарыңызбен бөлісу: |