Стр. 164 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 163
Стр. 165
Қазақстанның ашық кітапханасы
164
-— Жауынгер Толстов!
— Мең жолдас аға сержант! — сөйлесу райы осылай болу керек.
Дәл қарсы алдымыздан қыр басынан бір тас домалап түсті. Құлақ біткеннің барын
салғаны сонша, домалап келіп түскен тастың дыбысын он жауынгер түгел естіп, бір-бір
қарасып қалдық. Мен қозғалмаңдар деген белгі бердім. Мұндай қысылшаңда дәл кезінен
бір минут бұрын қимылдасаң да, бір минут соң қимылдасаң да зиян. Асықсаң да зиян,
кешіксең де зиян. Шамаң келсе, дәл кезінде қимылда. Екінші бір есте болатын нәрсе,
командирге бір минут көрген уақыт жауынгерге он есе өсіп көрінуі мүмкін. Жауынгер
жаудың біреуін көрсе-ақ қимылға жанталасады, командир жаудың түгел қимылын
аңдиды. Басқа бір ретте жауды ілгері аттатпау, кейін шегіндіру үлкен абырой саналса, бұл
жағдайда құрту ғана құтқарады сені. Өйткені, бұл үңгір бізге екі күнге беріліп еді.
Жау ротасымен арамыз бірте-бірте жақындай берді. Алдарақ қия жартастың тасасында
тұрған қарауылымыз ар жағын нұсқады.
Денең қалш-қалш етеді. Бірақ бұл — қорқу қалшылы емес, тағы бір-екі ұзақ секундтің
ішінде өзіңе-өзің шыдам берудің салмағынан туған қалшыл. Ойың, мен бойың қатты
бұралған домбыра шегіндей шертіп тұр.
— Жүз елу қадам... Жүз отыз... Жүз жиырма...
Анау бір ашығырақ алаңға дейін әлі бір жиырма қадам жақындату керек. Қарауылда
тұрған жігіт тым жақынды нұсқайды. Енді оған бері кел демесең, шыдай алмауы да
мүмкін... Бұл кәдуілгі, атақты «Чапаев» картинасындағы Аньканың халін еске түсіретін
бір кез. Анағұрлым артық күшпен жау жақындап келеді де, секундті сегіз бөліп санап, сен
отырсың. Егер мұндай хал бұрын да талай кездеспеген болса, мүмкін, ендігі «от!» деп
қалатындайсың...
Соғыс сорлының салты сол, талай жайды талай қайталап барып есіңді жидырады,
жазушымен де, оқушымен де есептеспейді...
Осындай қысылшаң халде менің ең бір қауіптенгенім әнтек ащырақ шығатын даусым еді...
«От!» деп команда бергенде, дауысыңда инелік қанатының дікіліндей ғана қобалжу болса
да жауынгерлерге сезіле қалады. Командир даусының қалай шыққанына қарап, жауынгер
ойына сенім де кіре алады, қобалжу да кіре алады. Әр айқастың кілті командиріміздің
қолында деп дағдыланған жауынгер ең алғашқы белгіні командирінің дауысыңнан
аңдайды.
Мұндайда неден қауіптенесің, соған ұшырайтын да бір әдет болады. Сондықтан «От!»
деген команданы мен бүтін бір полкқа бергендей, қайқайтып тұрып бердім. Менің
командамнан неміс автоматшылары дір ете түспегенмен тоғыз автомат, бір пулемет қарш-
қарш оқ жаудырғанда шабуыл алдын қырқып түсірді. Тас қиялардан от жарқылдап, түтін
бұрқылдайды. Әрбір оқтың үні ортасынан үзілгендей, шаң кетігі қалып, шыж етіп жоғары
серпеді. Малтадай жұмыр көк тастардан бұрқ-бұрқ шаң шығады.
—
Бір адым шегінбеңдер!—дедім, қысылыс үстінде жоғарғы командованиенің аты
шулы әмірін тағы бір еске түсіріп. Бұл Отан әмірі, оны адал ұлы бұза алмайды.
Шегінуге неміс командованиесі де тыйым салып қойған болатын. Бірақ олардың әдісі
басқа. еді. Оны біз осы арада бірінші рет көрдік те, кейін талай рет кездестік.
Достарыңызбен бөлісу: |