Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 190 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет192/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 190 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 189



Стр. 191

Қазақстанның ашық кітапханасы


190

Сен бұл жауынгерді абайлап па ең, Костя? Даусы тіпті болымсыз еді... Өзі ауру ма
деп қалып ем... Гранатасын өзі өліп болған соң, лақтырғандай көрініп кетті! Heмене
жауды жастана құлағанын білген де жоқ... Мен ерлік деп осындай елімді айтар ем!—деді
Петя, менің қасыма келіп Көзіңнен жас шығып кету, жылау емес, әрине. Ішінең қатал
мінезді жауынгерімін ыршып неткен ыстық тамшыға не бола алмай қалды.
Манадан бір жалғанып, бір үзіліп, дамп алмаған үлкен ұра енді жауар бұлттай түгел
торлап, қараңғы түнді кернеп келеді.

У-р-р-ра!!!

У-р-р-ра!!!
Дыбыссыз әрпіне дейін күркіретіп созуға келетін жалғыз сөз, ендігі бөгесінге қарама,
қалаға кір дегендей әмір етеді. Әрбір жауынгер манадан іркіп келе жатқан жігері,
екпінімен зымырап жөнелді. Бұл біздің үш тәулік күткен сәтті кезеңіміз. Бар солдатта бір-
ақ ой бар. Ол — қатарындағы жауынгерден бір адым болса да озық отыру. Ерсілі-қарсылы
соққан «ура!» толқыны аяғыңа күш түсірер емес, өзі көтеріп әкеле жатыр. Сонымен бірге,
сен өзім дегенді ұмытып, алға ұмтылған көп қолды бір-ақ адамдай, тұтас сезінесің. Үдете
соққан «ура!» теңіз толқынындай лықсып, қаланың үстін басып бара жатқандай, жоғары
шығып алған.
Біз теңізшілер клубының маңайына жеткенде, от ішін» де шайтандай секіріп, зытып бара
жатқан жау әскерлерін көрдік. Солдат бойындағы қаруына дейін тастай қашса, оның ар
жағында дәл бүгінгі жеңілістен гөрі де ауырырақ бір сүргін жатады.
Өрт сәулесінде үйдей көрінген матрос, екі бүктетіліп, шойнаңдап барып қашқан жаудың
арт жағынан екі рет граната лақтырды. Содан кейін, бізге қарай ақсаңдап басып бір-екі
аттады да, тұрып қалды, Енді денесі екі жағына кезек толқып кетіп, әрең-әрең құлап
кетпей тұр. Басын байлап алған ақ шүберектен қаны сорғалап, сол жақ бетін түгел жуып
кетіпті. Автомат ұстаған оң қолын менімен құшақтасқысы келген түрде оңтайлай берді.
Өрт сәулесіне жарқырай шағылысып, жалғыз оң кезі ғана көрінеді. Құшақтаса кетуге мен
де құшағымды аштым. Матрос бар денесімен лоқсып қап, кеудеме келіп тірелді де,
ұйықтап кеткендей, қимылсыз тұрып қалды. Мен құшақтай алып:

Тірімісіңдер, бауырлар...—дедім. Ол маған:

Қолыңды тартшы, достым... Арқамда сау жер жоқ,— деді. Арқасы да ышқынып,
майысып кетті. Қолымды тез тартып алып ем, алақаныма қан жұққан екен.
Әшейінде қатты қалжыңдасатын жаяу әскерлер мен матростар қазір жаппай құшақтасып
жатыр:

Құтқардыңдар, достар!..

Шыдап та бақтыңдар, ерлер! — деседі. Ыршып кеткен көз жастары да жалт-жұлт
етеді. Ұзақ құшақтасуға да уақыт жоқ.

Алға! Алға! — деген Мирошниктің даусы танылады.

Бері қарай! Бері қарай!—деген Ревякиннің даусы алдыңғы жақтан шығады.

Петя, Самед, Володя, Костя! — десіп, әр бөлімнің жауынгерлері әрі түгендесіп, әрі
қайта табысып барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет