Стр. 35 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 34
Стр. 36
Қазақстанның ашық кітапханасы
35
шыққандар. Солтүстік Мұхиттан күнде хабар беріп отыратын радист та бар. Олардан хат
алып тұратын балалар қуанышын бүкіл балалар арасына жаяды.
Әрі дімкар, әрі жасқаншақ Бораш та өз жолын тауып, түскелі жүр. Жеті жылдыққа қоса,
ол Оралдың музыка мектебінде оқиды. «Коммуна» балалары ойын қойса, концерт берсе,
Бораш қатынаспай қалған емес. Оның әні қазір бүкіл қаланың құлағына ілініп, Бораш
жұрттың сағынып күтетін «әнші баласы» атанып бара жатыр. Бораштың даусы әлі бір
қалыпқа түсіп бекіген жоқ. Кейде еркек даусына, кейде әйел даусына ұқсап кетеді. Бірақ
жұрт оның талықсып, талмаусыратып салған әнін қатты сүйсініп тыңдайды. Әсіресе,
жұртты жылатарлық мұңды әндерді нақышына келтіре айтады. Көзі жаудырап, өзі де
балқып әнге айналып кеткендей болады.
Қазақ әндері адам сезімінің, әр түрлі толқынын ажарлы ырғақтармен көкейіне терең
құйып кетеді. Қайғы мен өкініш, уайым мен мұң, үміт пен қуаныш сияқты сезім
толқындары түптен толғанады. Әсіресе, әр әннің түп ізі ел әлі кетпегендіктен тыңдаушыға
түсінікті болып, әркім ішінен қосылып отырады. Елдің құлағына әбден сіңіп кеткен ер
жігіттері мен аяулы қыздары көз алдына келеді. Ақшасымен қоса өрілген ән мен күй
тыңдаушының дәл тиеді, «көкей кесті» атанады. Бораш ән салғанда уақиғаларды өзі де
көріп тұрғандай, қайғырып, мұңайып, қуанып, үміттеніп, сеніп айтады. Жұртты да өзіне
тарта әкете алады. Жұрт онымен бірге қуанып, қайта-қайта сахнаға шақырғанда Бораштың
жүзі нұрланып, өзін-өзі аңдамағандай, көңілі біржола жай тапқандай, басқа еш нәрсе ұға
алмай қалады. Борашпен ән жайында ғана ұғыныса аласың. Басқа айтары жоқ, барлық
жанға дос, әлсін-әлсін құшақтаса береді.
Бораш қазірдің өзінде-ақ Москва консерваториясына барып түсуге әзірленіп жүр. Ол төрт
аяғы түгел тағаланған әнші болмақ. Ал, мен ше?.. Мен әзір шашты қалай болуды үйренуге
қызыл крест «шаштаразына» келдім. Өнер емес, өлім сияқты көрінеді!
—
Әуелі мына шүберектерді сілкіп әкеліңіз,— болды бас шебердің маған алғашқы
айтқан сөзі.— Содан кейін еденді сыпырып тастау керек... Артынан қолыңды жуарсың...
Әуелі әдейі жасалатын әдеппен «сіз» деп бастап еді, жасанды әдеп қаншаға барсын, сөз
аяғын «сен» - мен бітірді.
Мені біреуі аяй сөйлесе, мен бұл жерде бір күн тұрмайтын едім. Мені бұлар қорлай
сөйлеген соң, мен де табан аудармауға бел байладым.
—
Әзір айта тұр! Екі айдың ішінде-ақ еселеп қайтарармын! — деп, ақ шапанды киіп
алдым да:
—
Менің орным қайсы болады? Көрсетіңіз,— дедім. Шаш алғыштар біріне-бірі
қарасты да, үндескен жоқ.
Мінезім кіді, өзім ұнамсыз көріндім білем.
Талай шашты бүлдіріп, талай басты кескілемей тұрып, шаш алуға да үйрене алмайсың.
Өнер біткеннің оңбағаны осы болса, бұл да еңбектенуді керек етеді. Бастар кезектесіп өтіп
жатады, сен бүлдіріп, кесіп жатасың. Ышқынған қабақтар шытынап қалып, алара қараған
көздер өңменіңнен етердей жарқ етіп қалады. Тым болмаса, кешірім сұрауыңды күтеді.
—
Қозғалам деп, кестіріп алдыңыз...— деп, кінәны бастың өзіне аударасың.
Шекесі шығыңқы домалақ бастар, бүйірі солыңқы ұзын бастар, қуық шеке сопақ бастар,
қыжыр-қыжыр қыртысты бастар, кере қарыс ойлы маңдайлар, тайқия біткен сорлы
Достарыңызбен бөлісу: |