Стр. 49 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 48
Стр. 50
Қазақстанның ашық кітапханасы
49
—
Ассалаумағаликүм, Жәнібек аға! — деп екі қолымды қатар ұсындым, азырақ
еңкейе беріп.
Ағай аң-таң боп қолымды алып жатып:
—
Қарағым-ау, қай бауырым едің? — деді, көзін қадап.
Мен сол еңкейген бойым: «Сіздің бауырыңыз аз болуынан ма еді» деп бастап, барлық
баяғыны айтып, есіне салып жатырмын, ағай естіген сайын қолымды қыса түсіп, мені
өзіне қарай тартып әкетіп барады. Мен де айтып болдым, Жәнібек ағай бетіме бетін тақап,
жас парлаған көзімен қымызға малынған мұртымен бет-аузымды түгел бір сулап шықты...
Мен бетімді сыртқа бұрып, сылқ етіп қасына отыра кеттім.
—
Өй, ақмақ бала... Сүйте ме екен...— деп Жәнібек ағай өз көзін сүртіп жатып,—
көрдің бе, енді қандай адам болғаныңды? Айтпап па ем, оқысаң адам боласың деп!
Шешең әлі Гурьевте. Теңбіл көктің біріне мінгізіп өзім алып барам. Қазір түсеміз,— деді.
—
Асығыс едім, ағай! Ертең келейін,— деп уәде бердім. Қат-қабат толқындарды
жағаға қарай ысырып кеп, кеме де тоқтады. Тақтайды дүрсілдете басып теңбіл кектер
түсіп барады. Биік өркештерімен қақпаға тіреліп қап, тақтай көпірге жүрексіне басып,
нарлар шығып барады. Бірі түсуге, бірі мінуге асығып, қарама-қарсы тұрған екі топ, кезек
күтіп, қақпа аузына тіреліп:
—
Кейін! Кейін! —деген жүк көтерушілердің даусынан ғана іркіліп тұр.
Қарбаласқан у-шудың, ортасында, шәлісін шалқайға жамылған, қолында көтерген баласы
бар жас келіншекке көзім бір ғана түсіп кеткенде, тұла бойым дір ете қалды. Қасында
қара-көк кепке киген жадау бір еркек бар екен. Дәл қақпаға келдім де, себепсіз бөгеліп
тұрып қалдым. Әлдекімді күткендей, қозғалар емеспін. Жүк көтергендер кейде соғып
кетіп, кейде зекіп қалып, өтіп барады. Кемеге мінетіндер бірін-бірі шамаданымен
ығыстырып, бала көтерген жас әйелді де шыр көбелек айналдырып қақпаға алып келді.
Судың бір иіріміне кез келіп қалғандай, баласын жоғары көтеріп алып, әйел бірде бетімен
бірде сыртымен айналып, маған таянды.
—
Баланы өлтіріп алма, әй! — деп алыста қалған еркегі дауыстап қояды.
Үлкен бір тең көтеріп келе жатқан адам әйелді де, баланы да қабырғаға қысып, маған да
«кейін!» деп қалып, кимелеп келеді. Мен тең көтерген адамның өзін кеңірек а;аққа қарай
ысырып қойып, жас әйелдің қолындағы баласын алдым. Әйелдің өзі де қыспақтан
құтылып, кең коридорға шықты. Әйел енді ғана маған кезін тоқтатып:
—
Бетім-ау, Қайрошпысың? — деді. Менің «Бота!» дегенім өзіме де естілген жоқ.
Қыспаққа түсіп, азырақ қызарыңқы тартқан Ақбота өте бір сүйкімді әйел болған екен.
Балғын жас денесі жұмырланып, әр мүше өзінің табиғи көркемдігін тауып, үзіліп тұрған
кезі екен.
—
Қайрошты өлді деп естіп пе ең? — дедім, «неге күтпедің?» деген өкпемді бүркей
алмай.
Келіншек те түсіне қалып, алыстан көрінген күйеуіне қарай беріп:
—
Сені Костя болып кетіпті... Енді елге келмейтін болыпты деп қойған жоқ па?!—
деді. Көздері «осыны таратқан анау!» деп, күйеуіне қырын бір қарап қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |