Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 3 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет2/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 3 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 2



Стр. 4

Қазақстанның ашық кітапханасы


3
жеткенше біресе алдымды, біресе артымды орап, далақтаумен болады. Кейде «естияр
азаматым-ау, жұрт жиналған жерде ұйықтап қала ма екен!» деп, ұрысқандай да мінез
көрсетеді.
Сол «естияр азаматыңыз» бүгін міне, алды-артына жалтақтай қарап, Гурьевке қарай
қашып келе жатыр. Ойында сиыршының таяғын әліптің, таяғына айырбастау да бар...
Одан аржағы қараңғы, бірақ бар жақсылық қала жақтан келетінін біліп қалған сияқты.
Дәл бүгін қаша жөнелгенімнің тағы бір себебі бар: жазғытұрым, маған ауылдың бір табын
сиырын тапсырғанда, арғымақ қаракөк атпен жосылтып келіп, «басқарма» маған мына бір
сөзді мірдің оғындай қадап айтып еді:

Бір торпақ жоғалса, он жыл сарайға қамаймын! — деген.
«Әр ауылдың өз Адырақпайы бар» деген секілді, біздің ауылдың ендігі «Адырақпайы»
осы қарамұрт басқарма еді. Астынан қаракөк арғымағы түспесе, қолынан ырғай сапты
дырау қамшысы түскен емес. Жуан-жуан ту құйрықтан жасап жапсырғандай едірейген
қара мұрты сол бір жылдарда бүйідей түксиіп, кәр төгіп кетіп еді. Шынында қарамұрт әлі
басқарма да емес. «Бай жоқ — баранчук қайдан болсын!» дегендей, колхоз әлі құрылған
жоқ, қарамұрт қайдан басқарма болсын! Колхоз бола қалғанда, оның басқарма болу түгіл,
оп-оңай алына қоюы да екіталай. Бірақ ол аласапыранда әлдеқайда барып қайтты да,
дырау қамшыны екі бүктеп ұстап, батыс жақты нұсқап тұрып:

Өзім барып қайттым! Бәрі дұрыс екен! Бердім ризалығымды! Бүгіннен бастап
«Қайрақты» деген ауыл жоқ дүниеде! «Қайрақты» деген колхоз боласыңдар!—деді.
Кешкіғұрым сасық жер үйден төгіле шығып, төбеде тұрған жұрттың не жауап
қайтарғанын тыңдаған да жоқ. Арғымағын көсілте аяңдатып, үйіне қарай тартты.

Өзім барып қайттым деп, ортадан сайлап жібергендей-ақ оттауын қарашы!

Жетпей тұрған жеріміз осының ризалығы болғаны ғой, сірә! - деп, еркектер ызадан
жарылғалы тұрса:

Осының-ақ қожалығы бітпеді-ау! — деп, әйелдер бұрқырап жүр.
Дегенмен қарамұрт өлермен адам. Қайдағы қиынға сынадай қыстырылып, ауыл атынан
араласып, ылғи көзге түсіп жүреді. Кейбіреулер сеніп қалады, кейбіреулер ығысы қалады,
сонымен ол біздің ауылдың «Адырақпайы» болып болды. Жаңағы сапарынан кейін, әлде
шыны, әлде мазағы, әйелдер оны «басқарма» деп кетті. Менің жасымдағы балалар тілді ең
алдымен шешесінен үйренеді ғой, балалар да басқарма деп кеттік.
Біздің ауылда да не көп, бәлен Ғали, түген Ғалилар көп. Менің атым Қайырғали болса,
ағамның аты, анау-мынау емес тұп-тура Айдынғали болады. Қарамұрттың, шын аты
Ашығалы екен келе-келе мұртына аруақ қонып, қарамұрт атанып кетіпті. Басқарма»
атанғалы келе жатыр. Басқарма маңайын көрмесе де, осы атпен дүниеден де өтеді-ау
деймін.
«Басқарма» атанғалы Адырақпайдың бар ызғары сыртына теуіп, мұрты едірейіп, көзі
алара түсіп, қабағы қыртыстанып бет дегеніңіз тұтас түксиіп кетті. Мен үшін көз жетер
көкжиектен бергі жерде бұдан күшті құдірет те жоқ еді.
Енді артымнан сол құдірет қаракөк атқа мініп алып, көсілтіп қуып келе жатқан
сияқтанады. Жұтып қоярдай ежірейген ала көзі, егін ортасында шүйгіп жүрген сиырларды
көрмесе де, қалбақтап қашып бара жатқан мені көріп қалғанында дау жоқ... Алтынмен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет