Стр. 6 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 5
Стр. 7
Қазақстанның ашық кітапханасы
6
—
Айдашымның орнын Қайрошым басты. Әлі-ақ қатарға қосылармыз! — деп, апам да
әркезде қуанып, мақтанып қояды. Мен де мұрнымды бір тартып, бұл мақтауды
отырғанымды сездіріп қоямын.
Бағып жүрген сиырларым күнде кешке аман-есен ауылға келеді. Есебінен сиырлар да
жаңылмайды, мен де жаңылмаймын: тарғыл аласы он жеті, қызыл шұбары он үш, қарасы
тоғыз, құбақаны бесеу деген секілді, түр-түрімен реттеліп қойылған...
Бірақ «бақташы байымайды» деп бекер айтты деймісің, бүгін бір бәле келіп сап ете түсті:
қарамұрттың қасқа торпағы жоғалып кетті. Ұры алды ма, бөрі алды ма білмеймін әйтеуір
жоқ болды. Сиырларымды түрі мен түсіне бөліп те санаймын, жалпы есебімен де
санаймын, біреуі еді. Жетпегенде қызыл көз бәленің, торпағы жетпейді. Бұл бәле мен
таяғымды домбыра қылып, ыңылдап отырған да кездесті ме. Ақботаны «айттыруға кісі
жіберіп» жатқанда кездесті ме, әйтеуір келістіріп кетті. Бұған дейін қарамұрт айтқан «он
жыл» әшейін бір жәбір көрінсе, енді келіп мойныма асылып тұрғандай сезіле бастады.
Басқа күні емес дәл бүгін қашып келе жатқанымның себебі осы болуы да мүмкін...
Мүмкін менің алдымда сағым теңізіндей құлпырып, алыстан қол бұлғап жаңа өмір жатқан
шығар. Мүмкін шарасы шайқалмаған ескі ауылдың ескі өміріне қанағат етпеген бала ойы
осындай бір себепті бұрыннан іздеп жүрген шығар... О да мүмкін, бұ да мүмкін...
Әйтеуір, қалаға қарай сызып келемін. Бақташыдан құтылған сиырлардың біразы егінге
кіріп, біразы шабынға қарай аңдап барады. Қолға түсе қалсам, мұның арты да жақсы бола
қояр ма екен деген ой келеді. «Бақташы байы-майдыны» сонда көретін болам да...
Жайық өзенінің жар қабағына шығып артыма қарасам, біраз сиыр биік егінде жүзіп жүр
екен. Жоқ, мұным жасамайды, егінді бастырмауым керек деп ойладым. Кейін қарай қайта
жүгіріп келіп, егінде жүрген сиырларды өзенге қарай беттетіп жібердім де қалаға қарай
қайта салдым.
Қалыңдығы тоқымдай, жамау үстіне жамау жапсырған шапанымды иықтан сыпырып
қолыма алып, бұ да әкеңнен қалған, «галифе» шалбардың аяғыма орала берген балақтарын
ортан белінен бір жұлып тастап ем, шабысым да үдеп сала берді. Шапаныммен жүргенде
«жүні түспеген қоңыр торпақ» деп балалар мазақтай беретін еді, енді сірә қарны қампиған
қырықпа қара серкешке ұқсап қалдым ғой деймін. Жайықты өрлей, әр бұтаны тасаланып,
алыстан ыңыранғаны естіліп жатқан Каспийге қарай құлап келемін. Теңіз құшағына тез
кіруге асыққан Ақ Жайық төтелеу жерден жол салам деп жарын талай сабалапты да,
шалқайып кейін бұрылыпты. Бұраңдаған Жайықпен бірге бұраңдап, қалбаңдап мен де
келем, қалбалаңдап қасымнан қалмай көлеңкем де келеді.
Еңкейе бастаған ыстық күн құлақ шекеңді тесердей қадалады. Жүрегім қабырғамды тесіп
жіберердей дүрсілдейді. Кейде өзімнің өжеттігім мен тәуекеліме масаттанып та қоям.
Таныс дүниеден жат дүниеге, таныс ауылдан таныс емес қалаға қашу үшін де едәуір ерлік
керек сияқтанады. Кейде алдымдағы қаланың, жат өмірінен қауіптеніп те қоямын. Кім
біледі, кімге кездесем, не іздеп келдім деймін?
—
Мынау мұнда кетіп бара жатыр! Қашқын мұнда, мұнда! — деп қиқуласқан сары
маса да азан-қазан болып бұлттай төніп төбемде ойнап келеді. Қашып кеткенімді ауыл
білмей қалған соң, қуғынға бұлар аттанғандай, ойбайға басып, булықтырып, буып келеді.
Күн ұясына қона берген кезде екі көздің орнында сығырайған ғана екі сызық қалғанын
сездім . Анда-санда арқама үймелеген сары масаны қағып қалсам, арқам егіздің жон
терісіндей, жатпар-қатпар болып қалыңдап алыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |