Стр. 25 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 24
Стр. 26
Қазақстанның ашық кітапханасы
25
Жоқ ата мен көрмей де қалдым...— дедім, нені көрмей қалғанымды өзім де айқын
түсінбей. Шал сенер-сенбес шығып кетті.
Өй ақымақ бала... Маған неге айтпадың?—деген милиционермен қосарланып,— оқисың,,
ойнайсың, ақылды боласың,— деп, балалар үйінің хозяйкесі күліп тұрғандай болады...
—
Өй, қасқаның жатысын!—деген дауыстан оянып кетсем, қасымда Шеген тұр екен.
Күн көтеріліп қалыпты. Бесті шыбындар терезені тепкілеп, қиратып барады екен. Шегенді
көріп, «салқын сарайда» екенбіз деп, қуанып кетіп ем, сыланған ақ қабырғалар мен биік
терезелер өткен түнді түгел еске салды.
—
Біз де келдік,— деді Шегең менің төсегіме отыра беpіп.— Сен қолға түсіп қалдың,
Бораштың аяғы тағы бүлініп қалды. Қыс та жақындап келеді. Бәріміз бір жерде болайық
деп, Борашты алып, мен де келдім. Енді адам болуымыз керек.
Мен басымды жастықтан жұлып алып, Шегеннің тізесіне салдым.
—
Бораш қайда?
—
Доктор қарап жатыр. Немене, сағынып қалдың ба?
Мен еркелеп, арсалаңдап, Шегенге қарай тығыла беріп, санын қыршып тістеп алдым.
Шеген мені бүктей құшақтап алды да тырп еткізбеді.
—
Мені босатып алуға келген екенсің десем!..— деп, мен кіналап Шегеннің бетіне
қарадым.
—
Бізді босату керек емес, бұғаулау керек!—деді Шеген.
Түс ауа, қораның, ішінде таза ауада тамақ ішіп жатыр едік, аңырап-боздап апам келіп
қалыпты. Таразының бір басында «Қайрошым, Қайыржаным» деп еркелететін шешем,
екінші басында Шеген мен Бораш, екі ортада көзі жаутаңдап мен қалдым. Әлдеқайдан жел
айдап әкеп қосса да, жан-тәніміз бірігіп үлгірген екі досым, салмақтаса келгенде шешемді
басып кете жаздаған бір кезі де болды. Бірақ әңгімені балалар үйінің хозяйкесі шешті-ау
деймін.
Кеше маған ұнаңқырай қоймаған Мария апай шынында да елу баланың анасы болып
кеткен екен. Денесінің толықтығына қарамай, балалардың арасында ұршықтай иіріліп
жүреді. Толықтығында анаға лайық бір жылылық, мейрімділік бар екен. Бар бала Мария
апай, деп бір айтпаса, асы тамағынан етпейтіндей әлсін-әлсін бірдеме сұрап, мазасын
алады. Ол оған ерінбейді де, жәбірленбейді де, әр баланың қасына барып еркелетіп кетеді.
Детдомның бұрынғы балалары Бораш екеумізге менсінбей қарап, Шегеннің қулық аралас
көзімен қауіп көзімен қарап отырғандарын Мария апай аңдап қалған екен. Қақпадан апам
даусы келіп жеткенде Мария апай:
Шашыңды қалай әдемі алған...— деп, менің басымды сипап тұр еді.
Апам даусын анық айырмай тұрып-ақ, жүрегім дүрсілдеп қоя берді. Қасық қолдан түсіп
кетті, Шегеннің тізесіне сорпада шашыратып алдым. Басында біздің жақтың үлкен
жаулығы көк шұбар кең көйлегі делең қағып, апасы екпіндей басып келді. Бір қалыптан
шыққандай көп баланың ішінен мені бірден айыра алмай, сол екпінімен ортамызға келіп
кірді. Киімдері бірдей, шаштарын да алдырған балаларды сыдырта сүзген көзі маған
таянып келеді. Шешесін көрген бала отыра ала ма:
Достарыңызбен бөлісу: |