Стр. 240 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 239
Стр. 241
Қазақстанның ашық кітапханасы
240
—
Бар...
Отырған ұямыздың көзі сығырайып, қараңғыланып барады. Көзің сығырайған соң, көрер
дүниенің де апшысы тарылып, алақандай ғана жер көрінеді. Кеше кешке Егор су алуға
барған бұлақ суы күміс теңгедей болып, күнге шағылысып жатыр. Орал суы қандай
жарқырайтын еді, шіркін, деген ой келе қалыпты. Каспий қандай шалқып жататын еді!..
Батыс пен шығысымыздан зеңбіректерімен атқылап жатып, жау солтүстігімізден жаяу
әскерін жіберіпті...
—
Солтүстіктен төбеге өрмелеп келеді,— деді Самед.
—
Траншеялардың түйіскен жерінде, төбеде тосамыз! Гранаталарды сол араға шығар!
—дедім.
Ақтық минуттарымызға арналған «граната» деген сөз айтылып кетті...
Володя жүгіріп келіп:
—
Десант! Десант!—деді де, кірпіктерін қағып-қағып жіберді.
—
Теңіз бетінде айқас!.. Қара теңіз өртеніп бара жатқандай,— деген айғайлар әр
жерден шығып қалды.
Төбеге шығып алып, бірімізге-біріміз:
—
Десант, десант!—деп айғайлаймыз. Бәріміз көріп тұрған нәрсені бірімізге-біріміз
нұсқап көрсетіп жатырмыз...
Біздің төбе алыстан қараған адамға тұтана бастаған жанартау сияқты көрінетін болу керек.
Төбеміздегі шаң топырақтан аспан көрінбейді. Дәл үстімізге нөсер бұлты келіп қалғандай
түнеріп тұр. Топырақ шақы етек жақта сирегірек. Теңіз бетіндегі айқастың от-жалыны
көрінбегенмен Қара теңіз ескі айнадай көмескіленіп болса да көрініп жатыр. Осы шаң
боранда бізді желкеден басқалы, сол жағымыздан жаудың жаяу әскері өрмелеп келеді.
—
Шыда, Самед!.. Вася, оң жағыңа қара!..
—
Отан үшін, ел үшін!..
—
Иә, ханнан!.. Сталинградта біз былай ұрғамыз сендерді!
—
Граната, граната, жолдас командир!..
—
Костя, граната!..
Әр түрлі айғай араласа шығады. Команда қайсы, ұран қайсы, оны аңғарып болар емес.
Етектен өрмелеп келе жатқан сұр қоңыздарға граната да лақтырылып жатыр, пулемет те
жұмсалып жатыр...
—
Оңтүстіктен өрмелеп келеді, жолдас командир!..
—
Володя, ұмтыл!..
Траншеяларымыздың төменгі жағы жаудың, қолында, біз ығысып төбеге ғана жиналып
қалдық. Пулемет енді жер бетін емес, тебенің қырқа жиегін ғана атқылап отыр. Әр
жауынгердің қасында граната, қолында автомат... Кейбіреуіміз граната мен пулеметті
Достарыңызбен бөлісу: |