Стр. 68 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 67
Стр. 69
Қазақстанның ашық кітапханасы
68
—
Бәлен мырза бәлен қалаға барыпты...— дегенде, көзі «оның ар жағын ұғасыңдар
ма?» дегендей қадалады. Дүние жүзіне шаруақорлық, достық бір мінез пайда болғандай,
күнде әр түрлі келісім жасалып жатқанын көресің. Кейбір шіреншек елдер оп-оңай
еңкейіп, Берлинге барғыштап кетті. Мюнхен енді ескіріп, әр күн соғыстың жаңа белгілерін
көрсете бастады.
Бұрын биіктен аспалы парашютпен секіріп келсек, енді міне, нағыз парашюттың өзін
алуға келе жатырмыз. «Ойын алаңына» ақ матадан жасалған, ұзындығы есік пен төрдей,
үлкен «Т» әрпі салынып қалыпты. Секіртіп үйретіп жүрген нұсқаушымыз бұл жөніндегі
білім аңғарымызды тағы біршамалап шықты. Арқасы жасыл, бауыры сұрғылттау жүк
самолеті сол алаңға келіп қонды. Бүгінге дейін «ойын алаңы» болып келген жеріміз оп -
оңай самолет қонатын аэродром бола кетіпті. Қолдарына кішкене-кішкене қызыл жалау
ұстаған бөтен адамдар да пайда бола қалды. Парашюттарын арқасына бекітіп алып, қаз-
қатар тұрған курсанттарға:
—
Жүгір!—деген команда берілді.
Жүгіріп келіп, самолетке де жеттік, кешкі тамаққа шақырған белгісі де берілді. Бұл,
пионерлердің трубасындай ғана трубамен ойналатын қысқа бір күй. Көңілді көтергісі
келгендей, жайраңдап ойналады. Орыс жолдастар сөзсіз күйді:
Бери ложку, бери бак,
Нету ложки, беги так...
деп, сөзге айналдырып алған. Мұны ән өлшеуіне қарай қазақшаға аударсаң:
Қасығыңды ал, наныңды ал,
Уақытынан қалмай бар!...—
дегенге жақын шығар еді.
Осы белгі берілді де, біз кейін қайттық. Өйткені, әскер арасында екі әмір қатар берілмейді.
Тамағыңды іш десе, біздің тілде о да әмір.
Кешкі тамақ үстінде бар әңгіме ертең самолеттен бірінші рет секіретініміз жайында ғана
болып кетті. Қобалжу, жүрексіну деген бәрімізде де бар екен. Әркім-ақ басын шайқап
қояды. Неше мың метрден секіретініміз де белгісіз. Алғашқы ретте сенімсіз секірген адам,
әрине, қайта секіреді...
—
Алғашқы бір үш рет секіруден аман өтсең, оның ар жағында төсектен секіргендей-
ақ болар ем! — дейді Петр Ушаков.
—
Үш ретті айтасың, алғашқы ретті айтсайшы! —деп, бәріміздің ішіміздегі ең
жасымыз Владимир Толстов шын қаупін білдіріп қояды.
—
Ендеше, секірмей-ақ қой...
—
Қалай секірмейсің?..
—
Олай болса, секіресің де!..
Бұл үшеуміз бір бөлімде болғандықтан жатағымыз да бірге, тамақ ішкенде де қатар
отырамыз. Әлі достасып кетпегенмен ортақ сырларымыз күн санап көбейіп келеді.
Қалжыңдасу түрлеріміз де бірыңғайлана бастады. Әзір істе сынасқан жоқпыз.
Достарыңызбен бөлісу: |