Стр. 2 Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты Упрощенная html-версия к полной версии


Стр. 85 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты



бет84/251
Дата30.10.2022
өлшемі1.25 Mb.
#463623
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   251
kazakh soldaty

Стр. 85 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание

Стр. 84



Стр. 86

Қазақстанның ашық кітапханасы


85
лықсып төмен түсіп, жер бауырлай ұшып, өзенге құлардай төніп келеді. Бірақ құлаған
жоқ. Жаралы тырнадай, жағада әрең-әрең соғылмай аяқтары салбырап, арғы қабақтан
асып кетті.

Құлады, құлады! — деді Володя. Көзімен емес мұрнымен көріп тұрғандай, екі
танауы желпілдеп кетіпті.
Жоқ, самолет құлаған жоқ. Біздің жаққа қарай сұғынып барып, қайқайып солтүстікке
қарай орап барады. Әлі төмен әлі жанталасып ұшып барады.

Бәрібір құлайды! — деген Петрдің ойына бәріміз де қосылып тұрмыз.
Екінші бір самолет жау жақ беттегі қырқадан аса берді де, көпірден елу метр жерге
шаншыла түсті. Кеуде жағынан қара түтін бұрқ ете түскенін біз аңдап үлгіргенше, самолет
құлап та түсті. Енді сол қара түтін күрең қошқыл жалынға араласып, шаншылып аспанға
шығып барады. Самолеттің жасыл сырын жалай жүгіріп, жалақтап жүрген сарала жалын,
қаптап кеткен сасықкүзенге де ұқсап кетеді. Секіріп атқып, тез жүйткіп жүр.

Құлаған деген міне, осы!—дейді Петр Володяға қарап. Володяның көзі жасаурап
кеткен шұңқырдың жар қабағынан басын қылтитып, ерні күбір-күбір етеді. Әрине,
пулеметчиктерге рахмет айтып тұр.
Басқа үш самолет оққа ілікпей жоғары көтеріліп кетті. Құлаған самолет гүрс-гүрс
жарылды да, жантайып құлап, енді көлбей жанып жатыр.

Жолдас сержант, көріп келейін, рұқсат етіңіз! — дейді Володя.

Тыныш отыр!
Жеңіл самолеттер бомбаларын бытырата тастап, онша зиян ете алмай, кейін бұрылды.
Түсіп келе жатқан бомбалар тамып келе жатқан қан тамшысындай сезіледі. Жеңіл
бомбалар онсыз да ойылып қалған жер бетін анда-санда бір бұрқ еткізіп, ешбір зиянсыз
өтті. Мыналар барып орнына қонған соң ауыр самолеттер келеді. Оған дейін тағы біраз
жұртты өткізіп алу керек. Бүгін жау өте жоғарыдан бомбалауға тиісті. Жоғары ататын
ауыр пулеметтер орнап қалғанын білген жау төмендей алмайды. Темір мен от күшіне
сеніп алған неміс әскері, адам қолынан келетін өжет қимылға барғанын естіген емеспіз.
Сондықтан көпір үсті бүгін толасырақ болар деп, жұртты жіңішкелеп еткізе бастадым.

Аспан! — дегенде бұрын қимылдап, лезде жым-жылас жоқ болып кететін босқын
жұрт, аспан тыныштала қалса, тағы да тез жиналып қалады. Қазіргі өтіп жатқандардың
көбі солар. Енді тәртіпке де үйреніп қалған. Әскер бөлімдері келіп қалса, оңай ығысып
жол береді.

Әй, әй!.. Бұрыл, жол бер! Бұлар соғысуға кетіп барады ғой! Сен бір басыңа бір пана
табарсың!—десіп қояды бір-біріне.
Құр кимелеудің зардабын тартқан жұрт, енді еппен өтіп жатыр. Көпір арқылы күндіз
қалай өткізудің әдісін де тауып алған сияқтымын. Түнге қарай жауынгерлерімді көпірдің
алдына қойсам, күндіз жол бойын өрлей, әр сайдың, қабағына қоям. Жаяу жұрт болса-
болмаса да тұс-тұсымыздан өзі ағылып жатады да, машиналар мен арбалылар кезегін сол
сайларда түзеп алып көпір алдына жанжалсыз келеді.

Аспан! Аспан!—деген у-шу тағы басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   251




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет