Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз



Дата02.10.2022
өлшемі63.61 Kb.
#461795
Маханбет Зарина ,Раушан Дарико СРСП 4 Эко 21-11 Әлеуметтану


Тақырыбы:Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз
Қазақстан Республикасы
Алматы Технологиялық Университеті
Орындаған:Маханбет Зарина, Раушан Дарико
Қабылдаған: Махмутов Б.Л
Пәні: Әлеуметтану
Тақырыбы: Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз (Бринкерхоф, Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
Әлеуметгік саяси әдебиетте әлеуметтік құрылым деп кең және тар мағынада екі түрлі түсінік бар. Кең мағынада — бүкіл қоғамның құрылуы, оның барлық элементтері арасындағы байланыс жүйесі. Мұнда әлеуметтік құрылымды әлеуметтік қауымдардың және олардың арасындағы қатынастардың алуан түрін, сипаттайды. Олар — әлеуметтік-этникалық топтар және т.б. қауымдар.
Тар мағынада — әлеуметтік-таптық құрылым, олардың арасында түрлі қабаттар мен қатынастар тұзетін әлеуметтік таптар, әлеуметтік топтар. Әлеуметтік топ дегеніміз адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыру мақсатында өзара қарым- қатынас орната отырып, түрлі іс- әрекеттерді жұзге асыратын көптеген адамдардың үлкенді- кішілі жиынтығы. Бұл топ айтарлықтай тұрақты, ортақ мұддесі бар және әдет - ғұрпы бірдей жиынтық, белгілі бір тарихи қоғамда қалыптасады.
Ғылыми – материалистік социология әлеуметтік топтардың классификациясына тарихи принцип тұрғысынан қарайды, яғни олар белгілі бір тарихи қоғамда, қоғамдық-экономикалық формацияда, қалыптасатын топтар деп түсіндіреді; екіншіден, таптық қоғамдардағы ең негізгі әлеуметтік топтар – таптар, қоғамдық өмірдің барлық салаларына, барлық басқа әлеуметтік топтардың мінез-құлқына шешуші әсер ететін де осы таптық топтасу деп түсіндіреді. Бұл материалистік принцип әлеуметтік топтың ғылыми талдауының негізін құрады. Бұл топтар бір-бірімен тең қатынаста болмайды. Әр түрлі белгілері арқылы ажыратылады. Теңсіздік әлеуметтік стратификацияның (strat, яғни қабат, топ) барлық теориялары негізінде жатыр. Бұл теорияларды түрлі бағыттағы ғалымдар жасаған. Түрлі әлеуметтік топтар өзара бір – біріне әсер етеді. Мәселен, таптық – антогонистік қоғамдар жағдайында барлық топтардың мінез-құлқы таптардың күресімен анықталады, сондықтан мұндағы әлеуметтік топтардың бүкіл жүйесі конфликтілі (қайшылықты) сипатта болады.
К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымының бір жағы болып табылатын таптық құрылымды, XX ғасырдағы екі антагонистік таптың өзара әрекетін (буржуазия мен пролетариат) зерттеді.
Қоғамды дұшпандық таптарға бөлудің негізгі белгісі ретінде жеке меншікті таныды (меншік иесі, меншікке ие еместер).
Макс Вебер де Карл Маркс сияқты меншіктік рөлін және капитализмдегі теңсіздікті талдады. Бірақ, оның пікірінше теңсіздік негізінде одан басқа белгілер де бар: байлық, бедел және билік. Бұл негізгілерден басқа ол этникалық және діни, лингвистикалық белгілерді де атайды.
Р.Дарендорф, пен В.Парето анықтаушы белгі — билікті басты ұғым деп санады. Олар осыған байланысты қоғамды таптарға бөлудің марксистік бөлінісін билікке ие (басқарушы) және билікке ие емес (бағынушы) деп бөлумен алмастыруды ұсынады.
2. Қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға т.б. жіктелуі батыстық социологияда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен (география мен геологияда страттар деп жер қыртысының қабаттарын айтады) белгіленеді. Ол термин қоғам мүшелерінің әлеуметтік кұйінің бірдей еместігін, олардың әлеуметтік теңсіздігін білдіреді.
Бұл әлеуметтік теңсіздіктің себептерін түрлі социологтар түрліше түсіндіреді. Мәселен, функционалдық теориялар ол себепті түрліше қоғамдық қызметтердің маңыздылығы әр түрлі болатындығынан іздейді.
Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұл теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы теңсіздікті ұш топпен классификациялауға болады (1.Байлық, 2.Билік ,2.Бедел.)
П.Сорокиннің теориясына сәйкес қоғам түрлі страт — қабаттарға бөлінеді, олар табыс деңгейі, қызмет түрі, саяси көзқарасы, мәдени дәстүрі сияқты болып келеді. Әлеуметтік стратификаттау мен әлеуметтік теңсіздік қоғамдағы табиғи қалыпты жағдай болып табылады. П.Сорокин өзінің жалпы адамдық стратификация картасын жасау әрекетінде бір өлшемді және көп өлшемді стратификациалау әдістерін ұштастырып қолданды. Сорокиннің пікірінше, дұниеде миллиондаған әлеуметтік система мен топтасқан жиынтықтар бар. Бұл сансыз көп әлеуметтік топтарды, классификациялаудың мақсатына қарай, түрліше классификациялауға болады. Мұндай әлеуметтік топтарға мыналар жатады:
1. Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде: нәсілдік, жыныстық, жасына қарай.
2. Мәдени әлеуметтік топтар: рулық, территориялық, көршілестік, этностық және ұлттық топтар.
3. Аса маңызды көп жақты топтар: отбасы, рулық топ, тайпалық, ұлттық, әлеуметтік сословие, әлеуметтік топ.
Жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз: қазіргі қоғам көп өлшемді, яғни қоғамда түрлі орындарға ие, түрлі белгілері бар көптеген страттардан құралады. Таптар, әлеуметтік топтар, қабаттар қоғам өмірінің барлық жағына әсер етеді. Осыдан келіп әлеуметтік стратификаттаудың маңызы көрінеді.
3. Қазіргі қоғамдағы білім әлеуметтік байланыстың маңызды қызметін, индивидтердің әлеуметтік баспалдақ арқылы жоғары көтерілу міндетін атқарады. Білім жастардың әлеуметтенуін және қоғамның өндірістік кұштерінің нәтижелі дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіби білім арқылы адамдар бір әлеуметтік қауымнан басқасына (мәселен, жұмысшы мен шаруадан зиялыларға), төмен таптар орта тапқа өтіп жатады. Білім жүйесі тұрақты әлеуметтік
құрылымды қалыптастырады. Білім адамдардың рухани өміріне зор әсер етеді, адамдардың сапалық сипатын арттырады, әдеп нормаларының тамаша үлгілерін санаға ендіреді.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасауда орта тап қызығушылық тудырады. Американ ғалымы У.Уотсонның моделіне сәйкес қоғам ұш таптан тұрады: жоғары, орта, төмен тап. Олардың ішінен де аралық таптарды айырып көрсетеді. Сөйтіп, модельдің соңғы көрінісі мынадай:
I жоғары — жоғары тап. төменгі — жоғары тап.
II жоғары — орта тап. төменгі — орта тап.
IIIжоғары — төмен тап. төменгі — төмен тап.
Бұл экономикасы дамыған елдерде ең көп кездесетін орта тап. Бұлар - алдыңғы қатарлы бизнесмендер, фирмадағы жалдамалы менеджерлер, ірі заңгерлер, ғылыми элита, эстрада жұлдыздары (жоғары орта тап), сондай-ақ жалдамалы қызметкерлер -инженерлер, орташа және ұсақ шенеуліктер, оқытушылар, ғылыми инженерлер, орташа--және--ұсақ--шеиеуліктер, ғылыми қызметкерлер, бөлімше басшылары, жоғары білікті жұмысшылар (төменгі — орта тап). Американың "Форбс" журналының (1997 шілде) мәліметінше бұл таптың орташа табысы жылына 35 мың доллар (айына 2-3 мың доллар). АТоинби қазіргі индустриялық дамыған қоғамдар — орта тап қоғамы деп басқа көрсетеді. АҚШ-та олар тұрғындардың 3/4 бөлігін құрайды.
Әлемдік тәжірибе демократия мен экономикалық өсімнің қозғаушы кұші орта тап екендігін көрсетеді. Бұл тап жеке экономикалық тәуелсіздікке ие әрі жалпы көзқарастарды танытушы бола отырып, қоғамның әлеуметтік тұрақтандырушы қызметін атқарады. Бұл таптың орын ауыстыру, саяси жүйе сипатына әсер ету қабілеті нарық экономикасы, құқықтық мемлекет және демократия бағытында қоғамды тұрақты тұрде жаңалап отырады. Қазақстан және ТМД елдеріндегі демократиялық қайта құрулар орта таптың қалыптасу мәселесін өзекті етіп қойды. Президент Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында орта таптың қалыптасуының төмен болу себебтерін атап, "мемлекет ең алдымен, орта тап өкілдері — фермерлердің "ақ" және "көк" жағалылардың, зиялы қауымның, ұсақ буржуазияның көзқарасын танытуы керек" депкөрсетті. Бұл тапқа енудің талаптарын зерттеушілер былай деп көрсетеді: жоғары табыс, білім, • мәдениет және біліктіліктің жоғары деңгейі, қоғамдағы жоғары талғам. Бірақ ТМД елдерінің өтпелі қоғамында орта таптың потенциалды өкілдерінің қазірше өзіндік экономикалық базасы, экономикалық тәуелсіздігі отыр.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет