Строительные нормы и правила рк предприятия розничной торговли



бет10/13
Дата19.06.2016
өлшемі1.17 Mb.
#147878
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

6.3.14 Дүкендердің химиялық, синтетикалық немесе иісті заттар мен жанғыш сұйықтықтар сату залдарынан басқа сауда залдарында ауаны қайта айналуға рұқсат етіледі, бұл жағдайда сыртқы ауа бір адамға 20 м3 /сағаттан кем болмайтындай берілуі керек.

6.3.15 Тұрғын үй ғимараттарының немесе өзге функционалдық мақсаттағы ғимараттардың ішіне-жапсарлас немесе жапсарлас салынған дүкендердің желдету жүйелерін бұл ғимараттардың желдету жүйелеріне қосуға рұқсат етілмейді.

6.3.16 Қойма бөлмелерінде, ереже бойынша, дербес арналармен желдетудің табиғи жүйесін қарастыру керек.

6.3.17 Отты тежеуші клапандар қондырғысы орнатылған жағдайда қоймалардың сорып желдету жүйесін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қосалқы бөлмелердің механикалық желдеткішінің жалпы алмасу жүйесіне қосуға рұқсат етіледі.

6.4 Электртехникалық құрылымдар

6.4.1 Электр желілерінің сұлбалары дүкендердің электр қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігіне ұсынылатын талаптардан шыға отырып жобалануы керек.

Электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету дәрежесі бойынша дүкендердің электр қабылдағыштары төмендегі санаттарға жатқызылады:

I санат - өртке қарсы құрылғылардың электр қабылдағыштары, 2000 м2 артық сауда ауданының күзет дабылдары;

ІІ санат - 2000 м2 артық сауда ауданының қалған электр қабылдағыштары, сондай-ақ 250-ден 2000 м2 дейінгі саудағы ауданының электр қабыдағыштары;

III санат – 250-ден кем сауда ауданының электр қабылдағыштары.

6.4.2 Дүкендердің электр желілеріне арналған жүктеме есебін қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес орындау керек.

6.4.3 Дүкенде қала желісінен электр энергиясын қабылдауға арналған және электр энергиясын тұтынушылар бойынша таратуға арналған бір ортақ енгізу-тарату құрылғысы (ЕТҚ) немесе басты тарату қалқаны (БТҚ) қарастырылу керек.

6.4.4 IP00 қорғаныш дәрежесімен ЕТҚ немесе БТҚ, ереже бойынша, жабылатын арнайы бөлмеде (электр қалқандарында) орналастыру керек.

ЕТҚ немесе БТҚ орналастырудың басқа да нұсқаларына рұқсат етіледі: ЕТҚ қорғаныш дәрежесі IP30 төмен емес; құрылғылар мен қалқандарды қызмет көрсетуге оңай жерлерде орналастыру; қорғаныш және басқару аппараттарын металл шкафтарда немесе жабылатын есігі бар құрылыс құрылымдарының қуыстарында; құлыпқа жабылатын немесе алмалы-салмалы басқару аппараттарының тұтқалары.



6.4.5 Электр қалқандарын ылғалды үдерістегі бөлмелердің (пәтер асүйлерінен басқа) бөлмелердің үстінде тікелей орналастыруға рұқсат етілмейді. Электр қалқандарында электрмен жарықтандыру, желдеткіш және плюс 5 °С-тан төмен емес температура қарастырылу керек

6.4.6 Тарату пункттерін, қалқандар мен қалқаншаларды жобалау тапсырмасына сәйкес тікелей сауда залдарында орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл жағдайларда оларды құрылыс құрылымдарының жабылатын есіктері бар қуыстарында орналастыру керек.

6.4.7 Тоңазыту жабдықтарының, жұмыс және апаттық жарықтандырудың, сөрелерді жарықтандырудың, жарнамалар мен иллюминациялардың ЕТҚ және БТҚ қоректену желілерін дербес жобалау керек.

6.4.8 Өртке қарсы құрылғылар мен күзет дабылының электрқабылдағыштарын қоректендіруді электрмен жабдықтау сенімділігінің санатына қарамастан әр түрді енгізілімдермен қарастыру керек, енгізілім жалғыз болған жағдайда осы енгізілімнен резервті автоматты іске қосудың (РАІҚ) қос желісімен қарастыру керек.

6.4.9 Электр энергиясын күштік тарату қалқандарына, электрмен жарықтандыру желілерінің пункттері мен топтық қалқаншаларына тарату, ереже бойынша, магистральдық сұлба бойынша жүзеге асырылу керек.

Радиалды сұлбаларды, ереже бойынша, жалпы технологиялық мақсаттағы және сенімділіктің І санатындағы электр қабылдағыштардың бірлік электр қозғалтқыштарын қосу үшін орындау керек.



6.4.10 Күштік тарату пункттерін, қалқандар мен қалқаншаларды, ереже бойынша, оларға қосылған электр қабылдағыштар орналасқан жерде орнату қажет.

6.4.11 Магистральдық сұлба бойынша күштік тарату желілеріне әрқайсысының қуаты 3 кВт дейінгі төрттен аспайтын, сондай-ақ әрқайсысының қуаты 5 кВт дейінгі екеуден аспайтын электрқабылдағыштарды қосу керек. Магистральдық сұлба бойынша қоректенетін электрқабылдағыштардың бірлік қуатының айырмашылығы 25 %-тен артық болмауы керек. Сауда залында касса аппараты екеуден артық болған жағдайда оларды қоректендіру екі желіден жүргізілуі керек. Бір желімен қоректенетін кассалық аппараттар саны шектелмейді.

6.4.12 Дүкендердің сауда залдарында қорғаныш ажыратқыштардың құрылғысы (ҚАҚ) арқылы қосылатын жинағыш машиналарды қосуға, сондай-ақ электр және радио тауарларды тексеруге арналған қорғаныш шымылдықшалары бар розеткалар орнату керек.

6.4.13 Ауданы 800 м2 артық сауда залдарындағы, сондай-ақ өзге де жағдайлардағы жұмыстың жарықтандырылуын басқару жобалау тапсырмасы бойынша орталықтандырылған қашықтықтан жобалану керек.

6.4.14 Әр түрлі табиғи жарықтандырылу аймақтары бар бөлмелер үшін жұмыстың жарықтандырылуын басқару шамдалдарды топтап немесе бөлмелердің табиғи жарықтандырылуының өзгеру шамаларына қарай қатарлар бойынша қолмен орындалатын немесе автоматты қосқыштармен және ажыратқыштармен қамтамасыз етілу керек.

6.4.15 Сатылатын тауарларды дайындауға арналған қойма бөлмелерін жарықтандыруды басқару әрбір жеке бөлме үшін орталықтандырылған қашықтықтан ажырату мүмкіндігімен жергілікті түрде жобалану керек. Жарықтандыруды жергілікті басқару ажыратқыштарын бөлмелерден тыс жанбайтын құрылымдарда орнатып, шкафтарға немесе құрылыс құрылымдарының қуысында орналастыру керек.

6.4.16 Сауда залдарында, сондай-ақ касса аппараттарының үстінен апат жағдайында қолданылатын жарықтандыру шамдалдарын орнату керек.

6.4.17 Дүкендерде: қалалық телефон байланысын және радиотрансляцияны, автоматты өрт дабылын (осы нормалардың 4.3.23 т. ескере отырып), адамдарға өрт туралы хабар беру жүйелерін (қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес) қарастыру керек.

Байланыс пен ақпараттың өзге жүйелерін, сондай-ақ күзет дабылын жобалау тапсырмасына сәйкес қарастыруға рұқсат беріледі.


1-қосымша

(міндетті)


Бөлшек сауда кәсіпорындарының (дүкендерінің) негізгі типтерінің жіктемесі


Кәсіпорындардың

жалпы сипаттамасы



Жіктемелік топ

Сауда және саудалық емес аудандарының ара қатынасы бірдей дүкендердің типтері

АЗЫҚ-ТҮЛІКТІК

Жиын түрлері әмбебап дүкендер

I АТ

«Әмбебап дүкен» (супермаркет), «Гипермаркет», «Гастроном», «Емдәм өнімдері», «Өнімдер»

Жиын түрлері кеңейтілген арнайы мамандандырылған дүкендер

II АТ

«Нан», «Кондитерлік»

III АТ

«Балық», «Ет»

IV АТ

«Көкөністер-жемістер»

Жиын түрлері шағын немесе шектелген арнайы мамандан-дырылған дүкендер

V АТ

«Шағын өнімдер» (шағынмаркет), «Шырындар-джемдер», «Сусындар»

АЗЫҚ-ТҮЛІКТІК ЕМЕС

Жиын түрлері әмбебап дүкендер

IАТЕ

«Әмбебап дүкен», «Балалар әлемі», «Сауда үйі»

Жиын түрлері кеңейтілген арнайы мамандандырылған дүкендер

IIАТЕ

«Жас жұбайларға арналған тауарлар», «Әйелдерге арналған тауарлар», «Ерлерге арналған тауарлар», «Жастарға арналған тауарлар», «Балаларға арналған тауарлар», «Киім», «Аяқ киім», «Балдырған», «Кітаптар әлемі», «Бағбан әлемі», «Электроника әлемі»

Жиын түрлері толық арнайы мамандандырылған дүкендер

IIIАТЕ

«Шаруашылық тауарлары», «Тұрмыстық химия», «Спорт және туризм», «Тұрмыстық техника»

IVАТЕ

«Жиһаз», «Құрылыс материалдары»

VАТЕ

«Галантерея-парфюмерия», «Фото тауарлар», «Сағаттар», «Зергерлік бұйымдар», «Ардагерлерге арналған тауарлар», «Аңшы»

Жиын түрлері шағын немесе шектелген арнайы мамандан-дырылған дүкендер

VIАТЕ

«Кітаптар», «Гүлдер», «Табиғат», «Тұқымдық»

VIIАТЕ

«Комиссиондық», «Антиквар»


2-қосымша

(ұсынылатын)


Дүкендерде сатып алушыларға қосымша қызмет көрсету элементтерінің (қызмет түрлерінің) тізбесі


Тапсырыстар бөлімі, оның ішінде сыйлық жинақтарын жинақтау 1; 3)

Тамақтандыру кәсіпорындары 1; 3)

Маталарды пішу және перделерді тігу

Дүкеннен сатып алынған тігін бұйымдарын ұсақ қайта жөндеу

Жаңа тауарларды көрсету 1; 3)

Бұйымдарды ою 3)

Аяқ киімді және бас киімдерді керу

Сатып алушылардың демалысын ұйымдастыру 1; 3)

Балалардың бос уақытын ұйымдастыру 1; 3)

Ойын автоматтары, интернет-салон 1; 3)

Дәріханалық киоск 3)

Баларадың бесігін сақтау 1; 3)

Аудиобейнежазбалар, оларды тыңдау және көру 1; 3)

Кино- және фото өнімдерін жасау тапсырыстарын қабылдау пункті 1; 3)

Кино- және фото өнімдерін дайындау тапсырыстарын орындау 3)

Сатып алушыларға қызмет көрсету бюросы 1; 3):

тауарларды үйге жеткізу; заттар мен өнімдерді сақтауға қабылдау; дүкеннің әртүрлі бөлімдерінен сатып алынған тауарларды орау; такси шақыру; анықтамалық бюро



Ксерокөшірме, визиткаларды дайындау, брошюралық жұмыстар 1, 3)

Валюта айырбастау пункті 1; 3)

Туристік агенттіктер 3)

Көліктік агенттіктер 3)

Телефондық қызметтер, ұялы байланыс салоны, факсимильді байланыс, пошталық қызметтер 3)

Ілеспе тауарларды көрсету және сату 1)

Дүкеннің әр түрлі бөлімдерінен сатып алынған тауарларды пайдалана отырып жөндеу-құрылыс және құрастыру жұмыстарын орындау тапсырыстарын қабылдау 1; 3)

Тағам өнімдерін дайындау, оларды сату жөніндегі кулинарлық цех 2; 3)

Металл бұйымдарының ұсақ жөндеуі, зергерлік жұмыстар, сағаттарды жөндеу 3)

Шаштараз 3)

Келушілерге арналған қоғамдық дәретханалар 1; 3)

1) Азық-түлік дүкендерінде жол берілетін қызмет түрлері (10-қосымшаны ескере отырып)

2) Осы дүкендердің сауда залдары мен тамақтану кәсіпорындарының ауданында өнімдерді сатып, азық-түлік дүкендерінде жол берілетін қызмет түрлері .

3) Сауда орталықтарында жол берілетін қызмет түрлері.

Ескерту - «2)» сілтемелері барларынан басқа, келтірілген барлық қызмет түрлері азық-түліктік емес дүкендерде жол беріледі (10-қосымшаны ескере отырып)


3-қосымша

(міндетті)


Азық-түлік дүкендерінің саудалық емес бөлмелері топтарының ең кіші ауданының шекті көрсеткіштері


Бөлмелер тобының

сипаттамасы



Жіктемелік топ дүкендерінің саудалық емес бөлмелері топтарының

ең кіші ауданының меншікті көрсеткіштері



IАТ Кәсіпорындардың жіктемелік тобы

IIАТ

Кәсіпорындардың жіктемелік тобы

IIIАТ

Кәсіпорындардың жіктемелік тобы

IVАТ

Кәсіпорындардың жіктемелік тобы

VАТ

Кәсіпорындардың жіктемелік тобы

10 м2 сауда ауданына 400 м2

әрбір 10 м2 қосымша

400 м2 артық сауда ауданы



10 м2 сауда ауданына 1000 м2

әрбір 10 м2 қосымша

1000 м2 артық сауда ауданы



10 м2 сауда ауданына

250 м2



әрбір 10 м2 қосымша

250 м2 артық сауда ауданы



10 м2 сауда ауданына

250 м2



әрбір 10 м2 қосымша

250 м2 артық сауда ауданы



10 м2 сауда ауданына 250 м2

әрбір 10 м2 қосымша

250 м2 артық сауда ауданы



10 м2 сауда ауданына 250 м2

әрбір 10 м2 қосымша

250 м2 артық сауда ауданы



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Тауарлар-ды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау

3,0

2,0

2,8

2,2

2,0

1,5

2,5

1,8

2,2

1,8

1,8

1,3

Қосалқы

0,9

0,8

0,8

0,7

0,7

0,5

0,9

0,6

1,0

0,7

1,0

0,7

Қызметтік-тұрмыстық

1,0

0,6

1,0

0,7

0,9

0,5

1,0

0,6

1,0

0,6

0,8

0,6

БАРЛЫҒЫ

5,0

3,4

4,7

3,6

3,6

2,5

4,4

3,0

4,2

3,1

3,6

2,6

Ескертулер:

1 № 3, 5, 7, 9, 11, және 13 бағандары бойынша сауда жүргізілмейтін бөлмелер топтарының ең кіші ауданының меншікті көрсеткіштерін № 2, 4, 6, 8, 10 және 12 бағандарда көрсетілген сауда аудандары бар дүкендерге арналған есептеу кезінде қолданған жөн. Есептеу кезінде алынған аудандарды (№ 3, 5, 7, 9, 11 және 13 бағандары бойынша) № 2, 4, 6, 8, 10, және 12 бағандар бойынша есептелген аудандарға сәйкес есептеген жөн.

2 Азық-түліктік емес дүкендерде тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау аудандары бір күндік тауар қоры (3 күндік ең көп тауар қорымен «Көкөністер-жемістер» дүкенінен басқа) есебінен қабылданған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет