Строительные нормы и правила рк предприятия розничной торговли



бет7/13
Дата19.06.2016
өлшемі1.17 Mb.
#147878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Осы мемлекеттік нормативті ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.

ISBN
МАЗМҰНЫ
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

3 АНЫҚТАМАЛАР

4 ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

4.1 Дүкендерді орналастыруға және олардың көлемдік-жоспарлық шешімдеріне қойылатын талаптар

4.2 Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

4.3 Өртке қарсы талаптар

4.4 Лифтілер

4.5 Қоқыс шығару және шаң сору

5 ДҮКЕНДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5.1 Сауда бөлмелері

5.2 Тауарларды қабылдау мен сақтау және тауарларды сатуға дайындау бөлмелері

5.3 Қосалқы, қызметтік және тұрмыстық бөлмелер

6 ИНЖЕНЕРЛІК ЖАБДЫҚТАУ

6.1 Жалпы ережелер

6.2 Сумен жабдықтау және канализация

6.3 Жылыту және желдету

6.4 Электртехникалық құрылымдар

1-қосымша (міндетті) Бөлшек сауда кәсіпорындарының (дүкендерінің) негізгі түрлерінің жіктемесі

2-қосымша (ұсынылатын) Дүкендерде сатып алушыларға қосымша қызмет көрсету элементтерінің (қызмет түрлерінің) тізбесі

3-қосымша (міндетті) Азық-түлік дүкендерінің саудалық емес бөлмелері топтарының ең кіші ауданының шекті көрсеткіштері

4-қосымша (міндетті) Азық-түліктік емес дүкендердің саудалық емес бөлмелері топтарының ең кіші аудандарының меншікті көрсеткіштері

5-қосымша (міндетті) Түсіру аймақтарының өлшемі

6-қосымша (міндетті) Аудандарды есептеу тәртібі

7-қосымша (міндетті) Дүкен сауда залдарындағы жабдықтар арасындағы өту жолдарының ені

8-қосымша (ұсынылатын) Тапсырыс бөлімі ең кіші ауданының меншікті көрсеткіштері

9-қосымша (ұсынылатын) Кафетерийдің ең кіші ауданының шекті көрсеткіштері

10-қосымша (ұсынылатын) Қосымша қызмет көрсететін бөлмелердің ең кіші ауданы

11-қосымша (міндетті) Азық-түлік дүкендері бөлмелерінің құрамы

12-қосымша (міндетті) Азық-түліктік емес дүкендер бөлмелерінің құрамы

13-қосымша (міндетті) Дүкендердің бөлмелеріндегі ауаның есептік температурасы және ауа алмасуының еселігі
ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ

БӨЛШЕК САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫ
ПРЕДПРИЯТИЯ РОЗНИЧНОЙ ТОРГОВЛИ
Енгізілген күні - 2005.06.01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы нормалар және ережелер қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық талаптарды ескере отырып, Қазақстан аумағында қолданылып жүрген құрылыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында жобаланатын бөлшек сауда кәсіпорындары ғимараттарының (немесе бөлмелердің) жобасын әзірлеу мен сараптауға арналған.

Құжат дүкендер мен сауда орталықтарының көлемдік-жайғасымдық шешімдеріне қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ олардың инженерлік-техникалық жабдығына талаптарды белгілейді.

Осы нормалардың талаптары олардың меншік түріне қарамастан бөлшек сауда кәсіпорындарының (әрі қарай мәтінде дүкендердің) жаңадан салынатын, қайта құрылымданатын, кеңейтілетін және жаңғыртылатын ғимараттарын (немесе бөлмелерін) жобалауға қолданылады.

Осы нормалардың талаптары базарларды, көтерме сауда (соның ішінде ірі көтерме және ұсақ көтерме) кәсіпорындарының ғимараттарын, автомобильдер мен олардың құрал-саймандарын сататын дүкендерді, қару сататын мамандандырылған дүкендерді, құрылыс материалдарының дүкен-қоймаларын, өндірістік фирмалардың дүкендерін, сондай-ақ жылжымалы және уақытша қызмет көрсететін дүкендерді жобалауға қолданылмайды.

Ғимараттарды (бөлмелерді) жобалауды, салуды, қайта құрылымдауды және жаңғыртуды жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғалар (шетелдік, сондай-ақ шетел серіктестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды қоса) үшін нормалар және ережелерді қолдану және сақтау міндетті болып табылады.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы құрылыс нормалары және ережелерінде келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалған:

ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі

ҚР ҚНжЕ 2.04.05-2002* Табиғи және жасанды жарықтандыру

ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001* Қоғамдық ғимараттар мен имараттар

ҚР ҚНжЕ 3.02-04-2002 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар («Әкімшілік ғимараттар мен бөлмелер» бөлімі 2006 жылдың 1 маусымынан бастап ҚР ИСМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің 29.12.2005 жылғы № 422 бұйрығымен бекітілген МҚН 3.02-03-2002-ге бастап ауыстырылды)

ҚР ҚБҚ 3.01-05-2001 Қалақұрылысы. Мүгедектер мен қозғалысы шектеулі тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып елді мекендерді жоспарлау және салу.

МҚН 2.02-05-2000* Автомобильдер тұрақтары

МҚН 3.02-05-2003 Ғимараттар мен имараттардың халықтың аз әрекетті топтары үшін қолжетімділігі



Ескерту - Осы мемлекеттік нормативтің талаптарын қолданған кезде, сілтеме жасалған нормативтік-техникалық құжаттар мен стандарттардың қолданылуын бекітілген нормативтік құқықтық актілердің тізбелері мен көрсеткіштері бойынша тексеру керек. Сілтеме жасалған нормативтік құжаттың қолданылуы жойылған кезде, оның орнына енгізілгенін басшылыққа алу керек, ал нормативтік құжат ауыстырылмай жойылған кезде, онда сілтеме жасалынған ереже осы сілтеме жоқ бөлімде қолданылады.

(Түзету, ҚР ИСМ Құрылыс және ТКШІК 24.10.2008 ж. № 17-1-2-05-3636 хаты)
3 АНЫҚТАМАЛАР
Осы құрылыс нормалары және ережелерінде келесі терминдер және олардың тиісті анықтамалары қолданылған:

Құрамдас салынған дүкен - барлық бөлмелері тұрғын ғимаратта орналасқан қасбет бойымен оның сыртынан 1,5 м көп емес және шет жағынан 6,0 м көп емес (жабық тиеу бөлмелері орналасқанда) шығып тұратын дүкен.

Құрамдас-жапсарлас салынған дүкен - барлық бөлмелері тұрғын ғимаратта және тұрғын ғимараттың сыртына шығарылған көлемінде орналасқан қасбет бойымен оның сыртынан 1,5 м артық және шет жағынан 6,0 м артық (жабық тиеу бөлмелері құрылғысында) шығып тұратын дүкен.

Гипермаркет - көбінесе күнделікті сұраныстағы азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлардың әмбебап жиын түрі бар өзіне өзі қызмет көрсететін дүкен (сауда ауданы 5000 м2 - ден сауда ауданының 50 % дейін азық-түліктік емес тауарларды орналастыруға пайдаланылған).

Орнату ауданының коэффициенті - сауда-технологиялық жабдық орналасқан ауданның сауда залының ауданына қатынасы.

Шағын-өнімдер (шағынмаркет) - сауда залының ауданы 50 м2 көп емес, аз немесе шектелген азық-түлік жиын түрі бар дүкен.

Негізгі эвакуациялық өтпелер - залдан эвакуациялық шығатын орындармен тікелей байланысты сауда жабдықтары мен бөлімдері (бөліктері) арасындағы сауда залдарының өтпелері.

Жапсарлас салынған дүкен - бөліп тұратын қабырғасы (немесе қабырғалары) тұрғын ғимараттың қабырғасымен ортақ немесе аралық болып табылатын дүкен.

Сауда орталығы - қызметі және кеңістігі жағынан өзара байланысты кәсіпорындар мен мекемелердің кешені: әр түрлі дүкендер, сондай-ақ бір аумақта немесе бір көлемде орналасқан тамақтану, тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету кәсіпорындары.

Сауда ауданы - сауда залдары, сондай-ақ тұтынушыларға қосымша қызмет көрсетуге арналған бөлмелер мен алаңдар аудандарының жиынтығы.

Әмбебап дүкені - азық-түліктік емес тауарлардың әмбебап жиын түрлері және азық-түлік тауарлар бөлімі бар дүкен.

Универсам (супермаркет) - азық-түлік тауарларының әмбебап жиын түрі және күнделікті сұраныстағы азық-түліктік емес тауарлардың шектелген жиын түрлері бар өзіне өзі қызмет көрсететін дүкен.

Жерасты қабаты - жайғасымдағы жер белгісінен төмен бөлме биіктігінің жартысынан артық бөлме еденінің белгісі бар қабат.

Техникалық қабат - инженерлік жабдықты орналастыруға және коммуникацияларды салуға арналған қабат. Ғимараттың орта бөлігінде, сондай-ақ ғимараттың төменгі (техникалық еден асты) немесе жоғарғы (техникалық шатыр) бөлігінде орналасуы мүмкін.

Шығыңқы ірге қабаты - жайғасымдағы жер белгісінен төмен бөлме биіктігінің жартысынан артық емес бөлме еденінің белгісі бар қабат.
4 ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
4.1 Дүкендерді орналастыруға және олардың көлемдік-жайғасымдық шешімдеріне қойылатын талаптар

4.1.1 Бөлшек сауда кәсіпорындарын (дүкендерін) сауда-тұрмыстық қызмет көрсету жүйесінің объ-ектілері ретінде жобалау керек және жеке тұрған ғимараттарға, базар кешендерінде, қоғамдық ғимараттар немесе орталықтарда, көп қызметтік кешендерге, сондай-ақ тұрғын ғимараттарға немесе басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас (құрамдас-жапсарлас салынған) немесе осы ғимараттарға жапсарлас орналастыру керек. Аталған ғимарат типтерінің негізінде сауда орталықтарын қалыптастыру мүмкіндігін қарастыру керек.

Бөлшек сауда кәсіпорындары типтерінің жіктемесі 1-қосымшада келтірілген.

Дүкеннің көлемі және оны мамандандырылуы, сондай-ақ дүкендерден сауда орталықтарын қалыптастыру мүмкіндігін қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына орай қалыптасатын қызмет көрсету жүйесіне сәйкес анықтау керек. Тұрғын ғимараттардың құрамдас, құрамдас-жапсарлас немесе оларға жапсарлас орналасқан дүкендерді мамандандыру және олардың ең үлкен мүмкін көлемі қолданыстағы нормативтік құжаттарды ескере отырып анықталу керек.

Дүкеннің жеке тұрған ғимараттарын қолданыстағы өртке қарсы талаптарды сақтап, тұрғын ғимараттардың терезелерінен, мектеп жасына дейінгі балалар және жалпы білім беру мекемелері, сондай-ақ тұрақты үлгідегі емдеу мекемелері аумақтарының шекараларынан 25,0 м кем емес аралықта орналастыру керек. Тиісті негіздеме болған кезде (оның ішінде акустикалық есептеуді ескере отырып) және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімімен аталған арақашықтықты дүкен ғимараттарында иіс әсерінің көздері, сондай-ақ шу әсері деңгейі жоғары желдеткіштік және басқа да инженерлік жабдықтар болмаған жағдайда қысқартуға жол беріледі.



4.1.2 Дүкен шамасы сауда ауданының өлшемімен сипатталады, оның құрамына 2-қосымшаны ескере отырып тұтынушыға қосымша қызмет көрсетуге арналған аудан қосылады.

Дүкендерді сауда орталықтарына біріктірген кезде қосымша қызмет көрсететін бөлмелерді барлық кешен үшін бірыңғай блок ретінде толығымен қарастыруға жол беріледі.



4.1.3 Саудалық емес бөлмелердің ауданын сауда ауданының өлшеміне және дүкен мамандандыруына байланысты 3 және 4-қосымшаларға сәйкес меншікті көрсеткіштер бойынша анықталатын есептіктен төмен емес етіп қарастыру керек. Саудалық емес ауданның жоғарғы шегі нормаланбайды.

Сауда орталықтарындағы дүкендердің саудалық емес бөлмелерін (түсіру бөлмелері және шаруашылық алаңдары) біріктіру ұсынылады, мұнда осы бөлмелердің жиынтық ауданының шамасын 10 % - ке дейін азайтуға жол беріледі.



4.1.4 Дүкендерде ҚР ҚБҚ 3.01-05-2001, ВҚН 62-91* талаптарына сәйкес сауда бөлмелері мен қосымша қызмет көрсететін бөлмелерді мүгедектер мен қозғалысы шектеулі тұрғындардың пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғыларды және шараларды қарастыру керек.

4.1.5 Дүкен мен сауда орталығының көлемдік-жайғасымдық құрылымы мен бас жоспары сатып алушылар мен тауарлардың, сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен көліктердің ағындарын, оның ішінде тауарларды әкелу және түсіру аймақтарындағы қозғалыс ағындарын қызметтік аймақтарға бөлуді қарастыру керек.

Тұрғын ғимараттың немесе басқа мақсаттағы ғимараттың құрамдас-жапсарлас, жапсарлас немесе құрамдас салынған дүкендерде қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, сатып алушылар мен тауарларды жеткізуші машиналардың қозғалысын осы тұрғын ғимарат тұрғындарының, сондай-ақ басқа мақсаттағы ғимараттардың қызметкерлері мен келушілері (олардың қызметінің талаптарына сәйкес) қозғалысының ағынынан оқшаулауды қамтамасыз ету керек.

Жер учаскесінде немесе дүкен құрылымында қосымша қызмет көрсету элементтерімен сатып алушылардың демалу аймақтарын қарастыруға жол беріледі (2-қосымшаны ескере отырып).

4.1.6 Дүкен мен сауда орталығының жер учаскесіне немесе олардың құрылымына, соның ішінде жерасты деңгейлеріне, автотұрақ орналастырған жөн. Автотұрақтағы машина орнындарының есептік саны МҚН 2.02-05-2000*-ге сәйкес анықталу керек. Мұнда сауда залдарының ауданы 1000 м2 артық универсамдар (супермаркеттер), сондай-ақ гипермаркеттер үшін 1 машина орны - сауда ауданының 15-25 м2.

Қаланың орталық аймақтарында дүкендерді жобалау немесе қайта құрылымдау кезінде автотұрақтағы машина орнының есептік санын 10 % қысқартуға жол беріледі.



(Түзету, ҚР ИСМ Құрылыс және ТКШІК 24.10.2008 ж. № 17-1-2-05-3636 хаты)

4.1.7 Дүкендер мен сауда орталықтарын қызметіне қарай аймақтарға бөлу, ереже бойынша, тауардың көлденең және тік қозғалысының ең қысқа жолын, сондай-ақ түсіру платформаларымен, қабылдау орындарымен, жүк лифтілерімен, тауар сақтауға арналған бөлмелермен және сауда залдарының тиісті бөлімдерімен төте байланысты қамтамасыз ету керек. Мұндайда қосалқы, көмекші және қызметтік-тұрмыстық бөлмелерді негізгі тауар қозғалыстары бағытынан шеткері орналастыру керек.

4.1.8 Дүкен қабаттылығы (оның ішінде жерүсті және жерасты қабаттарының саны) жобалау тапсырмасы бойынша қалақұрылысы, технологиялық және өртке қарсы талаптармен анықталады.

Жерасты қабаттарын түсіру, қойма және басқа да көмекші, қызметтік-тұрмыстық және инженерлік-техникалық бөлмелерді, сондай-ақ азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлар сататын, сауда ауданы 1500 м2 көп емес дүкендердің сауда залдарын (қосымша қызмет көрсету бөлмелерімен) орналастыру үшін пайдалануға жол беріледі. Мұндайда аталған бөлмелердің инженерлік-техникалық жабдықтауын осы нормалардың 6-тарауына сәйкес жобалау керек.



4.1.9 Сауда залдарының биіктігі еденнен төбеге дейін 3,0 м-ден кем болмау керек. Көмекші, қызметтік және тұрмыстық бөлмелерде, сондай-ақ тауарларды қабылдау, сақтау және сатуға дайындау бөлмелерінде еденнен төбеге дейінгі биіктікті технологиялық талаптарды ескере отырып 2,5 м-ге дейін азайтуға жол беріледі.

Тұрғын ғимараттарға құрамдас салынған сауда ауданы 250 м2 астам емес дүкендерде барлық бөлмелердің биіктігін үйдің тұрғын бөлігінің биіктігіне тең деп қабылдауға жол беріледі.


Ескерту: Биіктігі ауыспалы сауда залдарында биіктіктің нормаланған мәніне бөлмеледің орташа (келтірілген) биіктігі сәйкес болу керек. Мұндайда бөлменің кез келген бөлігінің биіктігі 2,5 м кем болмау керек.
4.1.10 Азық-түлік дүкендеріндегі тауарларды сақтау және сатуға дайындау бөлмелерін, ереже бойынша, мамандандырылуы бойынша тиісті сауда залымен бір деңгейде қарастыру керек. Қойма бөлмелерін басқа қабаттарға орналастырған кезде контейнерлерді және оларды орын ауыстыру құралдарын тасымалдауға арналған жүк лифтісін қарастыру керек. Тауарлардың орын ауыстыру жолдарында табалдырықтарды орнатуға жол берілмейді.

4.1.11 Сауда кәсіпорындарын тұрғын ғимараттардың құрамдас (құрамдас -жапсарлас) немесе жеке орналастыру кезінде Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшелігін, соның ішінде ғимараттардың (бөлмелердің) ысып кетуін, желдің жоғары жылдамдығын, сондай-ақ бірқатар аумақтардағы ауаның аса шаңдылығын және шаң дауылдарын ескеру керек.

Сауда кәсіпорындарын орналастыру үшін ғимараттардың көлемдік-жайғасымдық шешімдерін таңдау кезінде аталған жағымсыз әсерлерден қорғау шараларын қарастыру керек.

Ысып кетуден қорғау үшін ғимараттардың қасбеттеріне күн қорғаныштарын қарастыру, сондай-ақ қажет болған жағдайда бөлмелерде қолайлы микроклиматты жасау үшін техникалық құралдарды қолдану керек.

Шаң дауылдары болып тұратын аумақтарда сауда кәсіпорындарын кең корпусты тұрғын ғимараттарға (немесе басқа мақсаттағы ғимараттарға) орналастыру ұсынылады. Мұндайда терезе ойықтары аз күн қорғаныш элементтерімен жабдықталған қасбеттерді немесе техникалық құралдармен бөлме ішінде қолайлы температура-ылғалдық режимді міндетті қамтамасыз еткенде саңылаусыз қасбеттерді жел соғатын жаққа қарату керек.


4.2 Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.

4.2.1 Дүкен бөлмелерінде, оның ішінде сауда залдарында, сондай-ақ көмекші және қызметтік-тұрмыстық бөлмелерде табиғи жарықтандыру немесе тек жасанды, немесе қосарлы жарықтандыру санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша энергияны үнемдеу талаптарын ескере отырып, ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002* сәйкес қарастырылады.

Жасанды жарықтандырылған дүкендердің сауда залдарында шағылу коэффициенті жоғары әрлеу материалдарын, жоғары тиімді разрядты шамдар мен автоматты басқару жүйелерін қолдануды қарастыру керек.

Тауарларды сатуға дайындау бойынша үтіктеу және шеберхана бөлмелерінде, ереже бойынша, табиғи жарықтандыруды қамтамасыз ету керек.

4.2.2 Дүкенді жерасты және шығыңқы ірге қабаттарда орналастыру кезінде бөлмелердегі қауіпсіздік пен қолайлы температура-ылғалдық және жарық режимін қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық шараларды қарастыру керек.

Бұндай дүкендерде ультракүлгіндік сәулелену (олардың зиянсыз спектральді құрамын растайтын сертификаттары бар) және ауаны иондау құралдарымен жабдықталған сауықтыру рәсімдерін жүргізуге арналған профилакторий бөлмесін (бөлмелерін) қарастыру керек

Дүкендердің сауда залдары мен қызметтік-тұрмыстық бөлмелерінде (ТЖК 0,1 % кем) ультракүлгін сәулеленудің жасанды көздерін қолдана отырып, профилактикалық сәулеленуді қарастыру керек.

4.2.3 Дүкендерде гигиеналық сертификаттары бар құрылыс және әрлеу материалдарын, сондай-ақ жабдықтарды пайдалану керек.

4.2.4 Ылғалды режимдегі бөлмелердің қабырғалары мен арақабырғаларының ылғалға төзімді әрлеуі 1,6 м кем емес биіктікте, ал салқындату камераларында қаптамасы бөлменің барлық биіктігінде болу керек.

4.2.5 Дүкенге кіреберістегі бөлмелер еденінің белгісі кіреберістегі жаяужол белгісінен 0,15 м және одан астам биік болу керек.

Дүкенге кіреберістегі еден белгісін жаяужолмен бір деңгейде немесе оның белгісінен төмен терең етіп қабылдауға кіру ойықтары жоғарыдан су мен жауын-шашынның ағуынан қорғалған жағдайда жол беріледі. Мұндай жағдайларда кіреберістің жоғарғы жағынан күнқағар қарастырылу керек.



4.2.6 Құрылым элементтерін, олардың қосылыстарының түйіндерін, сондай-ақ желдеткіш керегеторларды жобалағанда бөлмелерді паразиттік жануарлар мен жәндіктердің кіруінен қорғау талаптарын ескеру керек.

4.2.7 Жеке тұрған дүкендердің, тұрғын ғимараттардың немесе басқа қызметтік мақсаттағы ғимараттардың құрамдас-жапсарлас (жапсарлас) салынған және құрамдас салынған құрылыс құрылымдарының дыбыс оқшаулауы және діріл оқшаулауы шудан қорғау бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болу керек және ішінде үнемі адамдар болатын (жұмыс істейтін немесе тұратын) бөлмелерде нормаланған акустикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету керек.

4.2.8 Келушілерге арналған қоғамдық дәретханаларды дүкендерде төмендегідей жобалау керек:

- IH-IVH жіктеме тобы 600 м2 сауда ауданына бір санитарлық құрал есебінен, бірақ екі санитарлық құралдан кем емес;

- IП жіктеме тобы 400 м2 сауда ауданына бір санитарлық құрал есебінен, бірақ екі санитарлық құралдан кем емес.

Басқа типті дүкендерде қоғамдық дәретханаларды азық-түліктік емес дүкендерде - әрбір 600 м2 сауда ауданына және азық-түліктік дүкендерде - әрбір 400 м2 сауда ауданына бір санитарлық құрал есебінен, бірақ екі санитарлық құралдан кем емес етіп жобалауға жол беріледі.

Қоғамдық дәретхана бөлмелеріне кіру есігін қақпа арқылы қарастыру керек. Мұндайда азық-түлік тауарларын сататын орындардың арасына орналастырмау керек.

Келушілерге арналған қоғамдық дәретхана бөлмелерінің ауданы қосымша қызмет көрсету бөлмелерінің ауданында ескеріледі.

Сауда орталықтарында келушілерге арналған қоғамдық дәретханаларды барлық дүкендер кешеніне олардың сауда ауданы жиынтығы есебінен жобалау керек. Қоғамдық дәретханаларды қабаттарға орналастыруға жол беріледі.

Дәретханаларды жеке етіп жобалау керек.

Қоғамдық дәретханаларда төмендегілерді қарастыру керек:

- кабина ені - 0,8 м кем емес, тереңдігі - 1,2 м кем емес;

- арбамен жүретін мүгедектерге арналған бір кабинадан кем емес, ені - 1,65 м кем емес және тереңдігі 1,8 м кем емес;

- жүрген кезде балдақ немесе басқа да құрылғыларды пайдаланатын мүгедектерге арналған, шет жақтарында орналасқан, тұтқасы бар бір кабинадан кем емес;

- мүгедектерге арналған емес екі жағында көлденең тірек тұтқалары бар 0,4 м биіктіктегі бір писсуардан кем емес;

- жуынатын бөлмелерде жер деңгейінен 0,8 м артық емес биіктікте шеткі қабырғадан 0,2 кем емес аралықта тірек тұтқалары бар бір раковинадан кем емес.


4.3 Өртке қарсы талаптар

4.3.1 Дүкендер мен сауда орталықтары ғимараттарының отқа төзімділік деңгейі және қабаттылығына байланысты өртке қарсы қабырғалар арасындағы қабаттың ең үлкен ауданын 1-кесте бойынша қабылдау керек.

4.3.2 Тұрғын ғимараттар құрамдас-жапсарлас немесе құрамдас салынған дүкендерді тұрғын бөлігінен өртке қарсы 1-типтегі саңылаусыз арақабырғалармен және өртке қарсы 2-типтегі аражабындармен бөлу керек.

Басқа мақсаттағы ғимараттардың (тұрғын ғимараттардан басқа) ішіне салынған сауда ауданы 100 м2 артық дүкендерді басқа кәсіпорындар мен бөлмелерден өртке қарсы 2-типтегі қабырғалармен және өртке қарсы 2-типтегі аражабындармен бөлу керек.



4.3.3 Дүкендерді басқа мақсатағы ғимараттарға (қоғамдық орталықтар мен өзге көп қызметтік ғимараттарға) орналастырған кезде жалпы вестибюль арқылы шығатын жерлерді ескермегенде, сауда залдарынан дербес эвакуациялық шығу есіктері қамтамасыз етілген жағдайда жалпы вестибюльден сауда залдарына кіреберістеріне өзі жабылатын есіктерді қарастыруға жол беріледі.

4.3.4 Дүкеннің сауда залынан тікелей сыртқа немесе саты алаңына (құрамдас -жапсарлас немесе құрамдас салынған бөлмелерге дүкенді орналастырған кезде басқа мақсаттағы ғимараттан оқшауланған) есеп бойынша, бірақ екіден кем емес шығатын эвакуациялық есіктер қарастырылу керек. Эвакуациялық есіктерді таратып орналастыру керек. Эвакуациялық есіктерді түсіру бөлмелері арқылы құруға жол берілмейді. Сауда ауданы 150 м2 дейінгі жеке тұрған бір қабатты, басқа мақсаттағы ғимараттарға құрамдас -жапсарлас салынған, жапсарлас немесе құрамдас салынған дүкендерде екінші эвакуациялық есік ретінде саудалық емес бөлмелер тобы арқылы сауда залынан шығатын есікті қарастыра отырып, залдан шығатын бір эвакуациялық есікті қарастыруға жол беріледі. Дүкендерде (жеке тұрған ғимараттарға орналасқан, басқа мақсаттағы ғимараттарға құрамдас - жапсарлас салынған, жапсарлас немесе ішіне салынған) эвакуациялық есіктерді есептегенде сауда залының біршама алыс нүктесінен жақын қызметтік сатыға немесе дүкеннен шығу есігіне дейінгі арақашықтық 2-кестеде көрсетілгеннен аспаған жағдайда, залмен немесе дәлізбен тікелей байланысты қызметтік саты алаңдары мен дүкендерден шығу есіктерін ескеруге жол беріледі.

4.3.5 Сауда залының біршама алыс нүктесінен жақын эвакуациялық шығу есіктеріне дейінгі ең үлкен арақашықтық 2-кесте бойынша қабылдану керек.
1-кесте


Ғимараттың отқа төзімділік деңгейі

Қабаттардың саны

Өртке қарсы қабырғалар арасындағы қабаттың ең үлкен ауданы м2

1 қабатты

2 қабатты

3-5 қабатты

I-II

1-5 (1)

3500

3000

2500

III

1-2

2000

1000

-

IV, V

1

500

-

-

Ескертулер:

1 Ғимараттың отқа төзімділік деңгейі мен өртке қарсы қабырғалардың түрлерін бұл жерде және әрі қарай ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 қараңыз.

2 Отқа төзімділігі І және ІІ деңгейлі дүкендердің өртке қарсы қабырғалары арасындағы қабаттың ең үлкен ауданын бөлме автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған жағдайда екі еседен артық емес етіп арттыруға жол беріледі.

3 Отқа төзімділігі І және ІІ деңгейлі дүкендерде қабаттар санын қоймаларды, тауарларды сатуға дайындау бөлмелерін, қызметтік, тұрмыстық және техникалық бөлмелерді орналастыру үшін бір қабатқа арттыруға жол беріледі.

4 Осы кестені тұрғын ғимараттарға, сондай-ақ басқа мақсаттағы ғимараттарға ішіне құрамдас (құрамдас -жапсарлас) салынған немесе оларға жапсарлас салынған дүкендер қабатының ең үлкен ауданы мен қабаттылығын анықтау барысында пайдалану қажет.

5 Жақшаның ішінде жол берілуі мүмкін жерасты қабаттарының қосымша саны көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет