Строительные нормы республики казахстан


  12 АЗАМАТТЫҚ ҒИМАРАТТАР МЕН ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ



Pdf көрінісі
бет22/86
Дата18.01.2024
өлшемі2.21 Mb.
#489310
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86
1 04 26 2022 РЕКОНСТРУКЦИЯ, КАПИТАЛЬНЫЙ И ТЕКУЩИЙ РЕМОНТ ГРАЖДАНСКИХ, ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ

21 
12 АЗАМАТТЫҚ ҒИМАРАТТАР МЕН ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ 
РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУҒА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН ЖОБАЛАУ 
(ЖОБАЛАУ-СМЕТАЛЫҚ) ҚҰЖАТТАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
ҚҰРАМЫ
12.1 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 2-тармағында көрсетілген 
объектілерді қоспағанда, реконструкциялау және күрделі жөндеу жүргізу кезінде жобалау-
сметалық құжаттама әзірленеді. 
12.2 Азаматтық 
және 
өндірістік 
ғимараттар 
мен 
құрылыстарды 
реконструкциялауға, 
күрделі 
жөндеуге 
арналған 
жобалау 
(жобалау-сметалық) 
құжаттамасын әзірлеу, келісу және бекіту Қазақстан Республикасының аумағында 
қолданылатын, құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу, 
келісу, бекіту тәртібін және оның құрамын белгілейтін мемлекеттік нормативтік құжаттарға 
сәйкес жүзеге асырылады. 
Реконструкциялауға және күрделі жөндеуге арналған жобалау (жобалау-сметалық) 
құжаттамасының құрамы мен көлемі жүргізілетін жұмыстардың сипатына байланысты 
болады және Тапсырыс беруші мен жобалаушы жобалауға арналған шартта (келісімшартта) 
нақтылауы мүмкін. 
12.3 
Реконструкциялауға және күрделі жөндеуге арналған сметалық құжаттама 
Қазақстан Республикасында қолданылатын ақаулы актілер, жобалық шешімдер және 
сметалық-нормативтік база негізінде жасалады. 
12.4 Егер 
азаматтық 
және 
өндірістік 
ғимараттар 
мен 
құрылыстарды 
реконструкциялауға, күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасы қосымша жер 
учаскесін бөлуді (аумақты кесіп өтуді) немесе көлік немесе коммуникациялық 
байланыстарды өзгертуді талап етпесе, жобаға бастапқы салынған сәулет-эстетикалық, 
инженерлік-техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық талаптарды, 
сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйін нашарлатпайды онда жобалық шешімдерді 
мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен қосымша келісу, басқа 
мамандандырылған ұйымдар өндірмейді. 
12.5 
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптама жаңа ғимараттар 
мен құрылыстарды салуға, сондай-ақ қаржыландыру көздеріне қарамастан, қолданыстағы 
ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік 
коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта 
жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық 
негіздемелер мен жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстволық сараптамадан тыс кешенді 
сараптама жүргізу қағидаларында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен жүргізіледі. 
12.6 Жобалау құжаттамасы жобалар сараптамасының оң қорытындысы негізінде 
заңнамада және Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары 
есебінен объектілер салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді 
және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларында белгіленген тәртіппен 
бекітілуге жатады. 
Басқа қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылатын азаматтық және 
өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялауға, күрделі жөндеуге арналған 
жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң 
қорытындысы күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде негізгі 
бекітілетін техникалық-экономикалық көрсеткіштерді көрсете отырып, тапсырыс 
берушінің шешімімен жүргізіледі. 


ҚР ҚН 1.04-26-2022 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет