Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет43/86
Дата18.01.2024
өлшемі2.21 Mb.
#489310
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86
1 04 26 2022 РЕКОНСТРУКЦИЯ, КАПИТАЛЬНЫЙ И ТЕКУЩИЙ РЕМОНТ ГРАЖДАНСКИХ, ПРОИЗВОДСТВЕННЫХ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ

49 
В-ҚОСЫМШАСЫ 
(міндетті) 
Ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу кезінде орындалатын
жұмыстардың негізгі түрлерінің тізбесі 
1. Сейсмикалық қауіпті аудандарда ғимараттардың тұрақтылығын арттыру. 
2. Ғимараттар мен құрылыстардың тіреу құрылымдарын қайта салу және күшейту 
арқылы жергілікті деформацияларды жою. 
3. Жабдықтар астына іргетастарды күшейту (орнату). 
4.Көпіршіктерді орнату немесе ауыстыру, ғимаратқа кіретін есіктердің 
қанаттарында пандустарды орнату. 
5. Тас қабырғалардың жекелеген учаскелерін қайта салу және күшейту. 
6. Жекелеген простенкаларды, карниздердің маңдайшаларын қалпына келтіру 
немесе күшейту. 
7. Үй-жайларды ішкі қайта жоспарлау. 
8. Қосалқы үй-жайларды тұрғын үй-жайлар ретінде қайта жабдықтау. 
9. Шудан және дірілден қорғау, ылғалды, жоғары ауа өткізгіштікті жою және 
жекелеген үй-жайлардағы қабырғалардың қатып қалған учаскелерін жылыту. 
10. Толық жиналмалы ғимараттар элементтерінің түйіспелерін герметизациялау. 
11. Қалқаларды нығайту, күшейту немесе ауыстыру. 
12. Ағаш жабындарының учаскелерін жанбайтын жерлерге ауыстыру. 
13. Жабулардың жекелеген учаскелерін ауыстыру немесе күшейту. 
14. Шатырлы жабындар мен жабындарды қосымша жылыту. 
15. Шатырдыішінаранемесетолықауыстыру. 
16. Терезе ойықтарының толтыруларын ішінара немесе толық ауыстыру. 
17. Желдету шахталарын жылыту. 
18. Кіреберістерге, жертөлелерге және жоғарғы қабаттағы балкондардың үстіне күн 
қағарды орнату. 
19. Қазіргі заманғы материалдар мен технологияларды қолдана отырып, үй 
жанындағы абаттандыру мен көгалдандыруды қалпына келтіру. 
20. 
Қоқыс құбырларының оқпандарын тазалауға және санитарлық өңдеуге 
арналған айлабұйымдарды орнату. 
21. Ғимараттар мен құрылыстардың бұзылған ішкі инженерлік жүйелері мен 
жабдықтарын, сондай-ақ лифтілердің тозған жабдықтарын, қоқыс құбырларын ауыстыру. 
22. Тұрмыстық газ жабдықтарын ауыстыру. 
23. Пәтерлерде газ желісіне қосылған қосымша газ аппаратурасын орнату, жекелеген 
пәтерлерді газдандыру. 
24. Кешенді күрделі жөндеу жүргізу кезінде тұрғын үйлерді газдандыру. 
25. Техникалық сипаттамаларды өзгертпей лифттерді жөндеу және ауыстыру. 
26. Жаңа лифтілер орнату және жұмыс істемейтін лифтілерді қалпына келтіру. 
27. Пәтерішілік және сыртқы инженерлік желілердің тозған элементтерін ауыстыру 
және жөндеу. 
28. Радио, теледидар және телефондандыру желілерін жөндеу. 
29. Өртке қарсы автоматика, түтін жою жүйелерін жөндеу және баптау. 
30. Өрт сатылары, жерге қосу, радиоқабылдағыш және теледидар антенналарының 
құрылғысы. 
31. Жекелеген учаскелерді жылыту мен қасбеттерді жөндеу. 


ҚР ҚН 1.04-26-2022 
50 
32. 
Коммуналдық қызметтерді тұтынуды қамтамасыз ететін инженерлік 
жабдықтарды ауыстыру және жөндеу (кіріспе құрылғылар, блоктық жылу пункттері, су 
өлшегіш тораптар және басқалар). 
33. Эвакуациялау жолдарында әрлеуді ғимараттың отқа төзімділік дәрежесіне сәйкес 
келтіру. 
34. Ағымдағы жөндеу кезінде орындалатын, күрделі жөндеуге ілеспе жұмыстар. 
35. Ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да жұмыс 
түрлері. 
ЕСКЕРТПЕ: 
1. Күрделі жөндеу кезіндегі жұмыстардың тізбесі әрбір нақты жағдайда әзірленген
бекітілген және белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық 
құжаттамамен айқындалады. Жобалау-сметалық құжаттамаға енгізілетін жұмыстардың 
мазмұны мен тізбесі үшін жобаны әзірлеуші жауапты болады.
2. Қайта құруға күрделі жөндеу жұмыстары кіреді. 


ҚР ҚН 1.04-26-2022 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет