Сүттің химиялық құрамы, қасиеттері. Сүт консервілерінің ассортименті



бет23/24
Дата26.02.2022
өлшемі74.89 Kb.
#455775
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Сүт өнімдерін консервілеу

Қаңылтыр немесе металл ыдыстар
Металл ыдыстарды өндіру үшін темір, алюминий және олардың қорытпалары қолданылады. Қаңылтыр консерві банкаларын дайындауда 2 түрлі балқыту әдісі қолданылады: суық және электролиттік.
Металл ыдыстардың артықшылықтары: жеңіл; берік; термотұрақты; транспорт шығынды азайтады; өндіруге және тұтынуға қолайлы; сынбайды, санитарлық өңдеу оңай (ыстық сумен жуып, бумен булайды).
Кемшілігі: ішіндегі өнім көрінбейді; коррозияға ұшырауы мүмкін; бір рет қана қолданылады.
Консервілеуде екі жағынан жұқа қорғасын қабатымен қапталған, қалыңдығы 0,2 - 0,3 мм ақ түсті қаңылтыр материал жиі қолданылады, коррозияға түспес үшін оның ішкі бөлігін лактейді. Өндіру әдісі бойынша қаңылтыр ыдыстарды жинақталған цилиндрлік, сопақша және эллипс формалы деп бөледі. Ең кең тарағаны жинақталған цилиндр банкалар.
Полимер материалдан жасалған ыдыстар
Консерві өндірісінде әртүрлі полимер материалдардан жасалған ыдыстар кеңінен қолданылады. Олар кейде қаңылтыр және шыны ыдыстардың орнын алмастыра алады. Мысалы, оларға тағамдық консерванттарды, кептірілген жеміс-көкөністерді, пастерленетін өнімдерді және асептикалық консервіленген өнімдерді салуға болады.
Артықшылықтары: өзіндік құны төмен; жеңіл; таза; тауарлық түрі тартымды.
Кемшілігі: термотұрақсыз; тез сынғыш; бір рет қана қолданылады.
Консерві өндірісінде сыйымдылығы 30, 50, 100, 150, 200, 250 мл-лік түрлі банкалар, стақандар, пакеттер, қораптар қолданылады. Соңғы кезде термотұрақты винилпласт пленкасынан жасалған ыдыстар қолданылады. Олар өте стерильді, сондықтан алдын ала өңдеусіз өнімді 70-75 0С дейін қыздырып бірден бөлшектейді, аузын полимер пленкамен немесе алиминий фольгамен тұмшалап жабады. Оның бетін әртүрлі етіп көркемдеуге болады. Тоңазытылған жеміс-жидек шырындарын, жемістерді, жидектерді және т.б. өнімдерді бөлшектеу үшін біріктірілген пленкалар қолданылады. Оларға көп қабатты полимер пленкалар, яғни, лавсан, полиамид, полиэтилен, полипропилен т.б. жатады. Сонымен қатар, іші полиэтилен сырты картон біріктірілген ыдыстар жиі қолданылады. Оларды тетрапак деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет