«Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауы Команда атауы «Алға»



бет5/5
Дата09.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#491506
1   2   3   4   5
Алға командасы, қазақ тіліндегі жоба паспорты

Қорытынды
Қорыта келе жалпы жұмыс бойынша әдебиеттерге талдау жүргізіліп, жинау кезіндегі шығындарды азайтудың жолы – бастыру камерасының жұмысындағы кемшілікті жою мақсатында баратын дақыл массасы ағынын біртегістеу керектігіне көз жеткізілді.
Дәнді дақылдарды шығынсыз жинауға ұсынылған қондырғы параметрлері: қондырғының гофрасы бойындағы үзік саны n = 4,0 дана.; V-пішіндес гофра мен қондырғы бетінің арасындағы бұрышы α=40 град; көлбеу камераның жоғарғы жақ беті мен транспортер арасындағы жұмыс кеңістігі δ = 20,8 мм., болған жағдайда дәнді дақылдарды біртегістеу дәрежесі 84,1 %; майысқан топандар шамасы 6,4 % және бос дәндердің шығуы 3,3 %.
Сонымен бастыру аппаратының жұмысының сапасы бағаланып, сепарацияның да жұмысы органдарының жақсарғаны байқалды. Дәнді дақылдарды жинау кезінде дәннің ұсақталуы мен микрозақымдануының азайғаны анықталынды. Ол екі комбайнның жұмысын салыстырмалы түрде бағалағаннан кейін анықталынды. Онда кәдуілгі комбайнмен жиналған дәнді дақылдың жарақаттану коэффициенті 0,9 болса, тәжірибелік комбайнда 0,5-ті құрады.
Біз командамызбен kazenergy ұйымдастырған стартап жобаға өз алғысымызды білдіреміз. Біз өз жобамызды жасау барысында Қазақстанның, сондай-ақ, өзге де шет елдерлдің экономикасын зерттей алдық, нарықта болып жатқан жақсы және жаман нәтижелерді талдадық, көптеген жаңа ақпаратпен танысып, еліміздің экспорт және импорт мөлшерімен толық таныстық, халыққа ең тиімді жағын іздеп, сұраныстың қаншалықты екенін анықтадық. Сонымен қатар, біз осы стартап жоба аясында бізге Shell компаниясымен тренинг өткізуге мүмкіндік бергендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Біз еліміз үшін пайдалы бола алатынымызға, жеңіске жететінімізге және бұл жобаны іс жүзінде жүзеге асыра алатынымызға сенімдіміз! Сенімдеріңіз білдіргендеріңізге рақмет!

Әдебиеттер немесе басқа көздер тізімі
1. https://naryk.kz/news/2022-jyly-egin-shygymy-qandai-bolady
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы / 14 Қазан 2019. http://government.kz/kz/news/v-kazahstane-ubrano-99-2
3. Байзакова Ж.С., Чингенжинова Ж.С. Усовершенствование процесса обмолота сухих короткостебельных зерновых культур. Научный журнал «Исследования и результаты», №04 (068), Алматы: КазНАУ, 2015. 207-210 стр.
4. Байзакова Ж.С. Оптимальные параметры режимов работы устройства для уборки сухих короткостебельных зерновых культур. // Вестник НГАУ. – Новосибирск, 2012. №3 (24). – С. 92-95.
5. ] Байзакова Ж.С., Алибек Н.Б., Оспанов А.Т., Күнтуғанқызы А., Толунбеков Н.К. Повышение эффективности уборки сухих короткостебельных зерновых культур. Научно-образовательный журнал для студентов и преподавателей «StudNet» и опубликована в № 7/2020: https://stud.net.ru/povyshenie-effektivnosti-uborki-suxix-korotkostebelnyx-zernovyx-kultur. - 2020. 68-73 с.
6. Zh.S. Sadykov, Zh.S. Baizakova, M.S. Toylybaev, K.Kalym and T.K. Sultangaziyev. Upgrading the Efficiency of Harvesting Machines by Means of Thrashing Accelerator of a New Type. International Journal of Applied Engineering Research ISSN 0973-4562 Volume 11, Number 16 (2016) pp 8966-8970. © Research India Publications. http://www.ripublication.com.
7. Комбайн зерноуборочный «Енисей-1200М» и его модификации //ОАО «КЗК», 2002г., ГОСНИТИ СФ. С.22, 28, 303.
8. Байзакова Ж.С. Параметры устройства для нормализации хлебной массы в наклонной камере комбайна перед обмолотом сухих короткостебельных зерновых культур.: Дисс. … кандид. технич. наук. Новосибирск, 2013. 119 с.
9. Серый Г.Ф., Косилов Н.И, Ярмащев Ю.Н., Русанов А.И. Зерноуборочные комбайны. – М.: Агропромиздат, 1986. – 248с.
10. Желиговский В.А. Прибор для определения трения скольжения //Труды ТСХА, вып. 32, - Тбилиси, 1945.
11. Джамбуршин А.Ш., Алшынбай М.Р. Прогрессивные методы уборки соломы и половы (расчет и проектирование). Алма-Ата: Кайнар, 1983. – 108.
12. А.М.Базуев Исследование технологического процесса обмолота хлебной массы с подачей в молотилку колосом вниз: диссерт. канд. техн. наук. - Новосибирск-Барышево, 1970. 163л. с ил.
13. Н.Н. Никитин. Учебник. Курс теоретической механики. - М.: ВШ, 1990. – 607 с.
14. А.Б. Инкарбеков Теоретическая механика. Динамика. – Алматы, изд. Агроуниверситет, 2003. – 292 с.
15. Baizakova Zh.S., Zhumabayeva A., Akhmadieva T., Utegalieva F., Tursbekova G. Optimization of design parameters of device for threshing dry short-stalked grain. Deutsche internationale Zeitschrift für zeitgenössische Wissenschaft / German International Journal
of Modern Science. German International Journal of Modern Science №27, 2022. 63-65с.

Қосымшалар
ЖОО және команда атауы: Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, Алға тобы
Капитан мен команданың байланыс деректері, оның ішінде аты-жөні, оқу курсы, факультеті, мамандығы, email, телефондары:
Орынбасар Жансая (команда капитаны), 6В08103 - «Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті, zhannuralievna@mail.ru, 87782827296
Өтеген Әділ, 6В07103 - «Технологиялық машиналар және жабдықтар» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті,
Нұрлан Дана, 6В08103 - «Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті, 87756544014
Ғылыми жетекшінің және/немесе ментордың байланыс деректері (олардың екеуі де немесе біреуі болған жағдайда) – email, телефон/факс (ТАӘ, лауазымы және/немесе жұмыс орны).
Ғылыми жетекші - техника ғылымдарының кандидаты, PhD философия докторы, қаумдастырылған профессор Байзакова Ж.С. Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, 87773933430. Консультант - техника ғылымдарының магистрі Зоржанов Б.Д. Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті.

Мен, Орынбасар Жансая Нұралықызы, 2003 жылы ақпан айының 12 жұлдызында бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында дүниеге келдім. 2008 жылы Шардара қаласы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектептің мектеп алды даярлық тобында білім алдым. 2009 жылы Шардара қаласы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектептің 1-ші сыныбына қабылданып, 2020 жылы аталған мектепті Алтын белгіге үздік аяқтадым. Мектеп оқып жүрген кезеңде білім, өнер, спорт сайыстарынан мектепішілік, аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иелендім. Мектеп оқып жүргенімде ағылшын тілі, биология пәндерінен аудандық олимпиададан 1 орын, гандбол спортынан облыста 1 орын алып, облыстық үздік ойыншы атандым, дәстүрлі Абай, Мұқағали, Шәкәрім оқуларында ауданнан 1 орын, облыста 3 орын иелендім, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерін жаттап, Түркістан қаласында өткен облыстық жарыста 2 орынды алдым. Сонымен қатар, жыл сайынғы өнер байқауында ән айтып, ауданнан 1-ші орын алдым. Мектепте оқумен қатар биология, ағылшын тілі, би, гандбол, волейбол, тоқыма, сурет үйірмелеріне қатыстым. 2020 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде биология - химия пәндерін таңдап, Халықаралық инженерлік - технологиялық университетінің В077 - Өсімдік шаруашылығы, атап айтқанда 6В08103 - Топырақтану және агрохимия мамандығына грантқа оқуға түстім, қазіргі таңда аталған мамандықта 3 курс студентімін. Университет қабырғасында жүріп Жастар ұйымына мүше болдым, бірнеше шаралардың ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатыстым. Сонымен қатар, өзім білім алып жатқан мамандығыма сәйкес, “Стильді бағбандар” атты клубқа мүше болдым. Қазіргі таңда клубпен жұмыс жасау үстіндеміз. Отбасымда анам, 2 ағам және 2 інім бар. Қарапайым, қазақ тілді, орта тұрмысты отбасында тәрбиеленудемін. Анам мектепте бастауыш сынып мұғалімі, үлкен ағам мектепте математика пәні мұғалімі, екінші ағам мектеп бухгалтері, үлкен інім мектепті биыл аяқтады, кіші інім жоғарғы сынып оқушысы. Отбасым Шардара қаласында, мен жоғарғы білім алу мақсатында Алматы қаласында уақытша тұрып жатырмын. Бұл стартап жоба менің университет қабырғасында жазған алғашқы жобам. Мен осы жоба арқылы жоғарғы нәтижеге қол жеткізіп, биік белестерден көрінетінімізге сенемін. «Жас мұраты, білім, тәлім - талабы...Өнер, оқу - жастықтың қару жарағы» деген Ілияс Жансүгіровтың сөзі менің өмірлік ұстанымыма айналған. Жас келсе іске демекші, қолымнан келіп тұрған сәтте өзімді максималды түрде жаңа қырымнан ашып, бар білгеніммен бөлісіп, білім алу мақсатындамын.

Мен, Нұрлан Дана Нұрланқызы, 2003 жылдың 13 қаңтарында дүниеге келдім. Туып өскен жерім Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы. Отбасыма келіп тоқталсақ, қазіргі кезде анам, 2 ағам, 1әпкем және жеңгеммен кішкентай бауырларым бар. 2009жылы Жылыой ауданындағы номері 1-ші мектепте білім ала бастадым.Мектеп кезінде шахмат, сурет үйірмеліріне қатыстым. Сонымен қатар мектеп аралық олимпиадаларында қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінен жарыстарға қатысып, жүлделі орын иегері атандым. Сондай-ақ мектеп аралық ән - би жарыстарында өз өнерімді көрсеттім. Мектептен тыс ағылшын тілі, химия пәндерінен қосымшаларға қатысып, білімімді шыңдадым. 2020 жылы мектепті тәмәмдап, ұлттық бірыңғай тестілеуден биология,химия пәнін таңдадым. Алматы қаласындағы, Халықаралық инженерлік технологиялық университетінің топырақтану және агрохимия мамандығына мемлекеттік грантына оқуға түстім. Қазіргі таңда осы аталған мамандықтың 3-ші курс студентімін. Университет қабырғасында ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді түрде қатыстым.Сонымен қатар, өз мамандығым бойынша "Стильді бағбандар" клубына мүше болдым. Бүгінгі менің қатысқалы отырған стартап жоба менің университет қабырғасындағы алғашқы жобам болмақ. Мен осы стартапта өзімді белсенді жағымнан танытып, командаммен бірге жүлделі орын иегері атанамыз деген үміттемін. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан деп Абай Құнанбайұлы айтқандай, мен де қоғамға өз үлесімді, пайдамды тигізсем деймін.

Мен, Өтеген Әділ Алмазұлы, 2004 жылы 6 - шы тамызда Жетісу облысы Талдықорған қаласында дүниеге келдім. Мен қарапайым отбасыда өстім, отбысыда біз 5 адамбыз. Отбасыда әкем, анам және екі ағам бар. Әкем қазіргі кезде әскери зейнеткер. Анам Жетісу облысының Талдықорған қаласындағы Спорт мектебінде физика – математика саласында мұғалім болып жұмыс істейді. Бірінші ағам Астана қаласында Қазақтелеком да жұмыс істейді. Екінші ағам Алматы қаласының Қазақтелеком да жұмыс ыстейді. Мен 2005 жылы бастап №4 балабақшасына бара бастадым. 2010 жылы балабақшаны аяқтадым. 2010 жылы №4 орта мектептің 1 сыныбына оқуға қабылдандым. 2014 жылы бастауыш сыныпты бітіріп, ортанғы сыныпқа көштім. Мектеп қабырғасында спорт, білім сайыстарына қатысып, жүлделі орындарды иелендім. Осылайша, 2021 жылы 11 сыныпты бітірдім. Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырып Алматы қаласындағы Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығына оқуға түстім. Қазіргі таңда осы мамандықта 2 курс оқып бітірген соң университетте жазғы уақытқа жұмысқа тұрдым.


Команда капитаны Орынбасар Ж.Н. (қолы)


Ғылыми жетекші Байзакова Ж.С. (қолы)
Команда менторы Зоржанов Б.Д. (қолы)


Команда конкурсқа қатысу үшін ұсынылған жоба паспортының бірегей екенін және жобада басқа жұмыстар пайдаланылған жағдайда бұл сілтемелерде көрсетілгенін растайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет