«Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауы Команда атауы «Алға»



бет3/5
Дата09.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#491506
1   2   3   4   5
Алға командасы, қазақ тіліндегі жоба паспорты

Негізгі бөлігі
Жобамыздың негізгі бағыты: Энергетикадағы жаңа технологиялар.
Жоба атауы : Дәнді дақылдарды шығынсыз жинау әдістерін жетілдіру.
Жобаның қысқаша сипаттамасы : Қазақстанда дәнді дақылдарды бастырудың және сепарациялаудың жаңа тәсілдерін қолдану технологиясы бастыру - тазалау құрылғыларын жасауда маңызды роль алып тұр, оның жасалуы комбайнның басқа да құрамдас бөліктерінің конструктивтік параметрлеріне айтарлықтай әсер етпей қоймайды. Сәйкесінше, бастырудың технологиялық процесін қарқындатуды арттыруға, заңдылықтарды ашуға, жұмыс органдарының астық массасымен өзара әрекетіне бағытталған зерттеулердің маңызы көп болып тұр. Астық комбайнының тиімді жұмыс атқаруы үшін өнімділігі әртүрлі егістіктерде әртүрлі десте жасауға болады. Әртүрлі жер жағдайына байланысты дестенің қалыңдығы шамамен 15 ... 25 см. аралығында, ал ені 1,4 ... 1,6 м. аралығында болады. Жатка жүріп өткеннен кейінгі астық шығыны тік тұрған сабақтар үшін 0,5 %, ал жатып қалған сабақтар үшін 1,5 %-тен аспауы тиіс. Дестені жинау кезіндегі астық ысырабы 1,0 %-тен көп емес, ал бункердегі дән тазалығы 95%-тен кем болмауы керек. Комбайн егістікпен жүрген кезде шабылмаған шала жер қалмауы керек. Кескіш аппарат сабақтарды мыжымай, жұлмай, толық және біркелкі етіп, қойылған биіктікте кесуге тиіс. Астық ысырабын азайту мақсаты үшін жаткамен бастырғыштардың жұмысы жақсы реттеліп, саңылаулары бітелуі керек. Дәнді дақылдарды жинаудың үш түрлі әдісі бар. Дегенмен де, бір фазалы да, екі және үш фазалы да әдіспен дәнді дақылдарды шығынсыз жинау мүмкін емес. Әрі жалпы шығындарды ескеретін болсақ, бүлінген астық шығыны кей жағдайларда 20...25% дейін жететін. Осылардың ішінде үш фазалы әдіспен астықты жинау үшін машинаның кешенін сынау комбайнмен салыстырғанда тікелей шығындарды және жұмыстық уақыттың шығынын төмендететіні, сонымен қатар төмендеткен. Алайда кейінгі жылдары үш фазалы әдісті қолдану тиімсіз болған. Өйткені жинау мерзіміне қатысты адам және техниканың көп пайдаланылуы өнімділікпен салыстырғанда шығыны басым болып отырған.


Сурет 1 Үш фазалы әдіспен астық жинау технологиясы

Жалпы комбайнмен астық бастыру кезінде барабанның қай түрі болмасын бір қабылдау барысында масақтардағы барлық дәнді дақылды толық бөліп алуға есептелінеді. Мұндағы барабанның шеңберлік жылдамдығы 30-36с-1 дейін, барабан айналымдары 1000-1200 мин-1, барабан шыбыртқылары (бичами) мен барабанасты тақтайшаларының (планками) арасындағы саңылаулар орта есеппен кіру кезінде 16 мм және шығуында 4 мм болады. Осы арқылы масақтағы дәнді дақылды толық бастыруға қол жеткізеді, алайда дәнді дақылдардың біраз бөлігінде механикалық зақымдануылар кездеседі. Зақымдалған астық неғұрлым көп болса, соғұрлым егістік өнгіштігі аз болады. Егістік өнгіштігінің айтарлықтай төмендеуі, егілетін астық массасында 3% - дан артық сынған тұқымдар болған жағдайда, тұқымдарды егуге дайындау кезінде оларды барынша қысқарту шараларын қабылдауға міндеттейді. Ұрықтың механикалық зақымдануы өсу энергиясының барынша азаюын, өнгіштігін және бастапқы өсу қарқындылығының төмендеуін тудырады. Бұл көрсеткіштер әсіресе егу кезеңінің жағдайына тәуелді. Егілетін дәннің құрамында жарақат алған тұқымның болуы толық өскіндердің шығуының төмендеуі есебінен дәнді дақылдардың биологиялық өнімділігінің айқын кем алынуына әкеледі, өсімдіктер үшін өсіп-өну кезеңінде және микрозақымдалған тұқымның әсерінен өсімдіктердің өнімділігінің азаюына әкеледі. Демек, дәнді дақылдың механикалық зақымдануы, тікелей және жанама шығын бере алады, яғни, егістік сапасының төмендігіне байланысты тұқымдық дәннің шығыны, дәнді дақылдардың өнімділігі мен тауарлық қасиеттері төмен болады.




Сурет 2 Дәнді дақылдарды жинау комбайнының сұлбасы:
1- көлбеу камера; 2-жаткасы; 3- бастыру аппараты; 4- барабанасты торы; 5-сілкігіш тақта; 6-тазалау торы; 7-желдеткіш; 8-сабансілкігіш; 9-сабан жинағыш; 10-дән элеваторы 11-шанақ; 12-топан элеваторы; 13-соңғы бастыру құрылғысы.

Ғалымдар әр түрлі маркалы комбайндардың жұмысын зерттей отырып, бастыру сапасына әсер ететін барлық факторларды екі топқа бөледі:


- бастыру құрылғылары мен сепарациялау органдарының сипаттамасына байланысты факторлар,
- астық массасының сипаттамасына байланысты факторлар.
Ол зерттеулер бойынша ұсақталу және микрозақымданулардың азаюы барабанның округтік жылдамдығы төмендегенде және астық массасының барабанға берілуі ұлғайған кезінде жүреді.
Зақымдалған астық неғұрлым көп болса, соғұрлым егістік өнгіштігі аз болады. Егістік өнгіштігінің айтарлықтай төмендеуі, егілетін астық массасында 3% - дан артық сынған тұқымдар болған жағдайда, тұқымдарды егуге дайындау кезінде оларды барынша қысқарту шараларын қабылдауға міндеттейді. Ұрықтың механикалық зақымдануы өсу энергиясының барынша азаюын, өнгіштігін және бастапқы өсу қарқындылығының төмендеуін тудырады. Бұл көрсеткіштер әсіресе егу кезеңінің жағдайына тәуелді.
Егілетін дәннің құрамында жарақат алған тұқымның болуы толық өскіндердің шығуының төмендеуі есебінен дәнді дақылдардың биологиялық өнімділігінің айқын кем алынуына әкеледі, өсімдіктер үшін өсіп-өну кезеңінде және микрозақымдалған тұқымның әсерінен өсімдіктердің өнімділігінің азаюына әкеледі. Демек, дәнді дақылдың механикалық зақымдануы, тікелей және жанама шығын бере алады, яғни, егістік сапасының төмендігіне байланысты тұқымдық дәннің шығыны, дәнді дақылдардың өнімділігі мен тауарлық қасиеттері төмен болады.
Дәнді дақылдарды жинау комбайнының біртегістейтін құрылғыларының жұмыс органдары дақыл массаның кідірісі жағдайында аз массаны, яғни порцияларын жинақтауы мүмкін, бұл жоғарыда көрсетілген амплитуда шамасының өсуін тудыруы мүмкін. Демек, біртегістейтін құрылғысының жұмыс органдары астық комбайнының бастырғышына дәнді дақыл массасының біркелкі берілуін қамтамасыз ете алады.

Сурет 3 Жетілдірілген құрылғы жұмысынан кейінгі дәнді дақылды жинау жетістіктері

Дәнді дақылдарды жинау технологиясы бірнеше тізбектелген операциялардан тұрады:
- өсімдік сабақтарын кесу,
- оларды бастыру,
- дәнді қопсықтан ажырату,
- қоспалардан тазарту.
Бұл операциялар бірінен соң бірі үздіксіз тасқынды немесе үзіліспен орындалуы мүмкін. Дәндік дақылдарды жинауды механикаландыру құрылғыларын мынадай топтарға бөлуге болады: өсімдік массасын оратын және жатка орақтар (жаткалар); дестелерді жинайтын және бастыратын, сабанды жинайтын және ұсақтайтын жабдықтары мен жинағыштары бар комбайндар; дәнді тазалайтын және сұрыптайтын машиналар; сабан жинайтын машиналар.

Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеуге қатысты мәліметтер екі «Енисей 1200» комбайнының салыстырмалы түрде дәнді дақылдарды жинау көрсеткіштерінің мәндерін анықтау арқылы алынды (1-кесте).

Кесте 1 Эксплуатациялқ-технологиялық көрсеткіштер бойынша көлбеу камерасы қондырғымен жабдықталған комбайнының салыстырмалы жұмысы

Көрсеткіштері



Дәнді дақыл жинау комбайны «Енисей 1200»

Сериялы көлбеу камера

Қондырғылы көлбеу камера

Дәнді дақыл түсімі, ц/га

7,5

7,5

Дән ылғалдылығы, %

13

13

Дән массасының сабан массасына қатынасы

1:1,4

1:1,4

Массаны молотилкаға беру, пм/с

3,2

3,2

Алым ені, м

5

5

Жұмыс жылдамдығы, км/ч

10

10

Көлбеу камераға қатысты дәнді дақылды бастыру дәрежесі, %

0,7

0,76

Молотилка жұмысындағы шығын, %

1,5

1,2

Шанақтағы дән тазалығы, %

95,8

97,9

Дәннің микрожарықшақтары, %

2,8

1,3

Жарақаттанған дәндер, %

5,5

1,0

Бір сағаттағы жұмыс өнімділігі, га/сағ

2,715

3,285

Смена уақытының бір сағ. өнімділігі, га/сағ

1,76

2,135

Күндік өнім, га/күн

17,6

21,35





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет