«Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауы Команда атауы «Алға»



бет4/5
Дата09.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#491506
1   2   3   4   5
Алға командасы, қазақ тіліндегі жоба паспорты

Менің ұсынысым : Дәнді дақылдарды шығынсыз жинауда және оған қажетті техниканы дұрыс таңдауға көмектеседі деп ойлаймын. Астық жинауда дән ысырабының болу себептерін анықтап, комбайндардың жұмыс істеу принциптерін дәнді шығынсыз жинау түрін анықтау үшін талқылап, бастыру барабанының жұмыс сапасын жеңілдету жолдарын қарастырамыз, бастыру барабанына түсетін массаның тегістелу теориясын құрып, дәнді дақылдарды жинаудағы құрылғының жұмыс көрсеткіштерін шығаратын боламыз.
Біздің ұсынып отырған жұмысымыз дәнді дақылдарды шығынсыз жинап алу үшін көлбеу камераның бойымен жылжыған масса ағынын тегістеумен қатар массаны көлбеу камераның және бастырғыштың ендері бойынша біртегістеу
(4 - сурет).

а б
Сурет 8. Көлбеу камераның (а) және V - пішіндес гофра орнатылған тақтаның (б) сұлбасы: а) 1- көлбеу камера; 2 - транспортер тақтайшасы; 3 - гофрлар; 4 - гофр арасаындағы үзік; 5 - торлы-үккішті тор; 7 - науа; 8 - жинағыш; 11- бұранда; 12 - бағыттағыш ойық; б) ℓ - арнайы гофр орналасқан жердің ұзындығы; ℓк - дән сабағының орташа арифметикалық шамасы; ℓ' - үзін гофраның ұзындығы.


Күтілетін нәтиже : Дәнді дақылдарды шығынсыз жинау үшін комбайнның көлбеу камерасынан бастырғышқа (молотилка) келіп түсетін астық массасының қабатын біркелкі етіп жаймалайтын жаңа жұмыс органын әзірлеу. Дәнді дақыл ысырабының алдын алу, ауа-райының ерекшеліктеріне байланысты дәнді дақылдардың өсу қарқынын жетілдіру, қысқа сабақты дәнді дақылдың болдырмау, егін кезінде дәнді дақылдың майдаланып кетуінің алдын ал, дәнді дақылды шығынсыз жинауда комбайнының бастырғышының жұмысының тиімділігін арттыру.

Соңғы нәтиже қандай : Жалпы жұмыс бойынша әдебиеттерге талдау жүргізіліп, жинау кезіндегі шығындарды азайтудың жолы – бастыру камерасының жұмысындағы кемшілікті жою мақсатында баратын дақыл массасы ағынын біртегістеу керектігіне көз жеткізілді. Бастыру аппаратының жұмысының сапасы бағаланып, сепарацияның да жұмысы органдарының жақсарғаны байқалды. Дәнді дақылдарды жинау кезінде дәннің ұсақталуы мен микрозақымдануының азайғаны анықталынды. Ол екі комбайнның жұмысын салыстырмалы түрде бағалағаннан кейін анықталынды. Онда кәдуілгі комбайнмен жиналған дәнді дақылдың жарақаттану коэффициенті 0,9 болса, тәжірибелік комбайнда 0,5-ті құрады. Жиналатын өнім мөлшері жақсарды, процесс толығымен қамтылды, оған қажетті технология анықталды. Жаңа технологиямен шығыны аз, сапалы астыққа қол жеткізген диханның алғысына бөлену.

- Біздің өніміміз қандай да бір конкурстарға қатысуға ұсынылмады.



- Біздің өніміміз бойынша нарыққа зерттеу жүргізілді.
Нарықта энергиямен қаныққан, жұмыс қуаты техниканы сатып алуды фермерлер орта мерзімді және ұзақ мерзімді инвестицияларға жатқызады. Бұл үшін барлық дихандарда қолжетімді машина немесе қомақты қаражат жоқ. Сондықтан машина-трактор паркін жаңарту үшін мемлекеттің рөлі маңызды. Дихандардың жаңа техниканы сатып алу қабілетінің 30% субсидияларға, жеңілдікті несиелерге, өткізу нарығын ынталандыруға, отандық өндірушілерге салықтық преференцияларға байланысты. Ауыл шаруашылығы министрлігі атқарылып жатқан жұмысты дұрыс түсіндірмейді. Сондықтан кәсіпкерлерде не болып жатқаны туралы қате түсінік қалыптасады. Бидайды шығаруға ешқандай тыйым салынған жоқ! Біз бірлесіп алға жылжуымыз керек. Қандай да бір сындарлы ұсыныстар болса, оларға әрқашан құлап асып, өз жұмысымызда ескеретін боламыз. Барлық жоспарланған өзгерістерді жүзеге асыруда бизнеске жетекші рөл берілетінін тағы да растағымыз келеді. Үкімет кәсіпкерлік қоғамдастығымен бірлесіп, бизнесті жүргізу жағдайын жақсартуды және еліміздің экономикасының өсуі мен дамуы, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін алғышарттар жасауды жалғастырса дейміз. Осыған дейін фермерлердің ауыл шаруашылық техникаларын лизингпен алуына мүмкіндік жасалған еді. Бұл мақсатқа мемлекет «Жасыл Даму» АҚ (Оператор РОП) есебінен 40 млрд теңге қарастырған. Бағдарлама 2022 жылдың егін жинау жұмыстары басталғанға дейін атқарылды.
Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, бір лизинг алу үшін қаржыландыру сомасы 205 млн теңгеден артық емес және үш бірлік ауыл шаруашылығы техникасынан артық берілмейді. Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 5 тамызда басталып кетті. Ол үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдары жұмыс істеді. Бағдарлама аясында аванстық төлем болмады, сондай-ақ негізгі қарызды өтеу бойынша 1 жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру мүмкіндігі бар. Сыйақының жылдық мөлшерлемесі – 6 пайыз. «АгромашХолдинг» ЖШС бас директоры Динара Шүкижанова фермерлерге 200-ге жуық ESSIL комбайнын, 567 LOVOL тракторын, сондай-ақ 40 Turan тракторын жеткізуге әзірміз дейді. Бағдарлама 20 жылға есептелген. 2022 жылы жиналған астық мөлшері 2021 жылмен савлыстырғанда 14% - ға артты, бірақ астықтың шығыны көп болып, сапасы төмен, ұсақтау астық жиналған еді. Бағдарлама аясында отандық құрастыру зауыттарынан шығарылатын келесі техникалар фермерлерге берілмек: LOVOL, DEUTZ FAHR, TURAN, КИРОВЕЦ, БЕЛАРУС, RSM, YTO, CLAAS XERION, DONG FENG және WUZHENG трактор маркалары. ESSIL, VECTOR, ACROS, TORUM, CLAAS TRION, DEUTZ FAHR маркалы астық жинаушы комбайндар. Аталған техника түрлерін «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «Қостанай трактор зауыты» ЖШС, «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, «Kazrost Engineering Ltd.», «СТ ЭСЭМБЛИ» ЖШС, «KazKioti» ЖШС және «МТЗ-Казахстан машина құрастыру зауыты» ЖШС ұсынады. Ресми мәлімет бойынша, қазір елдің ауыл шаруашылық техника паркінде 147,7 мың трактор мен 38,1 мың комбайн бар. Олардың 80 пайызының тозығы жеткен. Бұл өте өкінішті әрине.
Қазақстанның негізгі астық аймақтарының диқандары егін жинауға тамыз айының соңын ала бере кіріскен еді. Сол кезде жауапты орган өкілдері жалпы дәнді дақылдар аумағының 13,24 млн гектары (85,2%) жақсы және қанағаттанарлық жағдайда екенін, 2,12 млн гектар аумақтың мәз еместігін, 78,3 мың гектарға (1,1%) егілген егіннің жарамсыз болып қалғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ сала мамандары биылғы науқанда тағы бір мәселе бар екенін атап өткен. Ол мәселе – қауызы бар, ішінде дәні жоқ егін мәселесі. Бұған да жаз басындағы ыстық себеп болған. Сол себепті де бидайдың «Айна» сұрпынан ғана мол өнім жиналады деп жоспарланған. Басқа сұрыптардың түсімі әлдеқайда аз болжанған. Айта кетейік, «Айна» дәнін біздің фермерлер 2018 жылдан бастап еге бастаған. Десе де оның өзі импорттық бидай сапасына ілесе алмай отыр. Егісті елдердің көбісі бидай сұрыптарын әр бес жыл сайын жаңартады. Нәтижесінде бидай түрлі ауруларға төтеп беріп, мол өнім жинауға мүмкіндік зор. Мамандардың жоспары бойынша биылғы түсім 15 млн тоннадан асуы тиіс. Былтырғы түсім 20 млн тонна болатын. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 17,4 млн тоннаны құраған еді. Сондай-ақ қамбада былтырдан қалған 3,5 млн тонна астық бар. Оның 2,8 млн тоннасы бидай.
Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі биыл бидайды былтырғымен салыстырғанда 24% жоғары бағамен сатып алмақ. Бұл дегеніңіз бидай бағасы былтырғыға қарағанда төрттен бір мөлшерде өсті деген сөз. Ал арпа бірден 75%-ға қымбаттамақ. Қуаңшылыққа байланысты биылғы астық ішкі нарыққа бағытталмақ. Бірінші кезекте ұн өнеркәсібіне, құс және мал шаруашылығына беріледі. Бұның бәрі соңғы өнім бағасын тұрақтандыру мақсатында жасалып отыр.
Негізгі деректерге келетін болсақ, СК-4 комбайны (өндірісте 1962 жылдан 1969 жылға дейін болды) және СК-4А (1969 жылдан 1973 жылға дейін шығарылды) комбайндарының өнімділігі тиісінше 3,70 және 4,37 кг/с дейін. Жартылай шынжыр табанды СКПР-4 комбайны және шынжыр табанды СКГ-4 комбайндарына келетін болсақ, олар (өндірісте 1962 жылдан бар), негізінде күріш жинауға арналған, олар топырағының ылғалы басым аудандарда да пайдаланылады. “Н и в а” комбайндары төмендегі унификацияланған машиналар тобын құрайды, ол машиналар: СК-5, СК-5-ІІ, СКГ-5, СКП-5, СКП-5-П, СКК-5. Бұл топтағы комбайндардың өнімділігі 5-6 кг/с 1973 жылдан бері өндірісте қолданылып келеді.
Негізінен дәнді дақылдарды жинау комбайыны Қазақстанда жасалынбаған, көп жағдайда шет елден сатып алынатын болған. Астық жинау комбайндарының паркінде 90…95% комбайндар шет елдерден алынады: мысалыға “Енисей-1200 НМ” және “Нива” комбайндары “Красноярскі комбайн зауытында” өндірілген; “Дон-1200”, “Дон-1500Б” және “Вектор” комбайндары “Ростсельмаш” зауытында. Біраз комбайндар шет ел фирмаларынан алынған комбайндар - “Джон Дир”, “MEGA -204”, “MEGA -208”, “Lexion-405”, “Lexion-405”, “Hью Холланд” және “Класс-Медиан” фирмаларының комбайндары. Бұл комбайндардың бастыру-сілкілеу құрылғылары, ірі сабақтарын сепарацияу бөлімі және өнімділігінің өте жоғарылығы қысқа сабақты, климаты контитентальді оңтүстік өңірдің дәнді дақылдары үшін сәйкес келе бермейді.
Еліміз бойынша СLAAS фирмасы мен (Алмания), JOHN DEERE фирмасының Қазақстандағы өкілдігі «Евразия Групп» ЖШС өз комбайндарын көптеп ұсынуда. «АгромашХолдинг» АҚ өз кезегінде көрме ұйымдастырылып, Essil КЗС -740, Essil КЗС -760 астық жинайтын комбайндарды, сондай-ақ КСК-600 жемшөп жинайтын комбайнды ұсынады. Бұл модельдердің өндірісі 2007 жылы шығарыла бастаған. Онда қостанайдың зауыты КЗС-812 "Полесье GS812" базасында құрылған 4 сыныпты «Еssil -740» астық жинаушы комбайндарын құрастыруды жүзеге асыра бастады. Міне он жылдан аса жыл қатарынан «Еssil -740» астық жинайтын комбайн қазақстанның аграрлары арасында сұранысқа ие. Осылайша, іске асыру кезінен бастап шамамен 1500 бірлік Еssil -740 комбайндары сатылды (5 - сурет).

Сурет 5 Қазақстандық «Есиль -740» комбайны

Біздің конструкторлық ұйымдарымыз соңғы жылдары дәнді дақылдарды жинайтын комбайндар жұмысын жақсарту және олардың өнімділігін арттыру, сондай-ақ өткізгіштігі едәуір жоғары жаңа комбайндар жасау жөнінде барынша шұғылдануда.Бұдан басқа, компания қолданыстағы өндірісті жаңартып белоруссияның «Гомсельмаш» компаниясымен бірлесіп 6 сыныпты «Essil КЗС-760» астық жинайтын комбайнының жаңа моделін құрастыруды игерді. Бұл комбайн Қазақстанның табиғаттық-климаттық жағдайы үшін арнайы әзірленген, және қолайсыз жағдайларда ылғалдылығы жоғары қиын бастырылатын дақылдарды жинаудағы сынақта өзін жақсы жағынан көрсетті. Комбайн кондиционермен, борт компьютерімен, ең бастысы Қазақстанда ұқсастығы жоқ майлаудың орталықтандырылған жүйесімен жарақтандырылған. Көлбеу камераның бойындағы дәнді дақыл массасын біртегістейтін жұмыс органы, прототипке қарағанда жаңа техникалық нәтижені қамтамасыз етеді, яғни ол көлбеу камераның ені бойынша біртегістеп, бастырғыштың жұмыс процесінде жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді және масса ағынының біркелкі болмауының дәрежесін төмендетеді. Бұл ретте бастырғыш барабанының білігінде айналу моментінің шамасы азаяды, ол өз кезегінде астық комбайнының жалпы өнімділігіне, сондай-ақ сапалық, энергетикалық және басқа да көрсеткіштеріне оң әсерін тигізеді. Бұл жерде жаткадан бағытталған дәнді дақылдар массасы көлбеу камераға енгеннен кейін, бастапқы кезде екі шетіндегі масса қалыңдығы ортасына қарағанда басым келеді.

- Біздің технология экономиканың біршама мәселелерін шешуге көмектеседі. Біздің жобамыз жүзеге асырылса, жиналған иастық мөлшеріне байлакнысты астықтан алынатын өнімдердің сапасы артады, бағасы төмендейді, экспортқа шығарыла бастайды.

- Үшінші тараптар біздің өнімімізді қарастырмайды.

- Коммерцияландыру мүмкіндігі жоғары деп есептейміз.Коммерциялық бағытта техниканың жасалуы бойынша көптеген зауыттармен келісімге отыруға болады.



- Егер біздің команда 1 (бір) айдан 6 (алты) айға дейін байқауда жеңіске жетсек, жоба паспортының барлық кезеңін зерттей аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет