Студенттердің негізгі психологияны айналысатын мәселелері жайында ой пікірлерін студенттердің білуі



бет2/4
Дата17.06.2016
өлшемі329 Kb.
#143406
1   2   3   4

7

IDKKN 0207

Қазақ халқының рухани мәдени тарихы

Кредиттер саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредиттер

саны – 3.

ПререквизиттерЭтнология, Көшпелілер мемлекеті: қалыптасуы мен дамуы.

Постреквизиттер – Түркі халықтарының тарихы, Қазақстан қалаларының тарихы.

Оқыту мақсаты: құнды - мағыналық мазмұнын ашу және қазақтардың рухани мәдени тарихилығын, бай мұрасын сақтап қалу, заңдылық және өркениеттілік теориясында халықтың мәдени дамуы, мәдени түсініктің жетілуі және трансформациясы.

Қысқаша мазмұны: Курс ежелгі дүниеден ХХғ басына дейінгі кезеңді қамтиды. Ұлттық мәдениет- бұл қиын көпқұрамды білім. Рухани мәдениет мазмұнына мынадай компоненттер кіреді, діни-философиялық ойлар және көріністер, қиял және оқу, космогоникалық білім, табынушылық, салт, дәстүр, өнер, жазу, көркем әдебиет және т.б. ХІХ-ХХғ басындағы Қазақстан тарихы жүйелік мәдениетке диалектикалық түсінік мәдени дамуына ықпал жасау.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: халықтың рухани мұрасына, халықтық ауызша берілуі шығармашылығы, музыкалық, әдеби, философиялық, тарихи шығырмалардың маңызы және қазақтың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері.

Іскерлігі: өткен мәдениет тарихын талдау, тарихилық принципін ұсыну, басты өзгешелік өркениетті тәсілдемені түсіну, тарихтың формациялыққа және т.б.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Санкайбаева П.С.


8

ITN 0208

Түрік халықтарының тарихы

Кредиттер саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредиттер

саны – 5.

Пререквизиттер – Қазақстанның ерте және орта ғасырлардағы тарихы, Археология, Көшпелілер мемлекеттілігі: қалыптасуы мен дамуы.

Постреквизиттер Қазақстан қалаларының тарихы, Қазақстанның жаңа заман тарихы.

Оқыту мақсаты: түрік халықтарының тарихы өңделуі біртұтас үрдіс ретінде, әлем тарихының құрамдас бөлігі. Студенттердің меңгеруі, болашақ маман – тарихшылар үшін жаңа қадам, түрік әлемінің шынайы даму көрінісі. Сонымен қоса қазақ тарихына баса назар аудару және түрік әлемінде Қазақстанды маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастыру.

Қысқаша мазмұны: Оқу курсы түрік халықтарының тарихын біле отырып, аумағын нақты білім арқылы біріктіру, көрініс ғылыми зерттеуді құру және оның дағдылары. Түрік халқының түп тамыры бір. Тәуелсіздікке дейін түрік халықтарының тарихы негізі біртұтас қарастырылмады. Қазіргі уақытта түрік халықтарының тарихына түркі тілдес мемлекеттерде зерттеушілер қызығушылығы артып отыр, сонымен басқа да белгілі бір мемлекеттер зерттеушілер тарапынан да зерттелуде.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Адам қоғамының тарихи даму дәуірінен ғылыми көзқарас қалыптастыру, әлем тарихының негізгі даму сатысын білу.

Іскерлігі: Қоғам дамуының қалыптасуын білу: көпқырлы мәдениет, өркениет, әлеуметтік тәжірибе формасын, әлемдік- тарих үрдісінде Қазақстанның алар орны.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: Түрік мемлекеттігінің ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі уақыттағы өзекті мәселелері және олардың қарым-қатынасы, сабақтастығы.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Мухаметжанова Н.А.


9

IAOK 0205

Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы

Кредит көлемі– 2 (1+1+0), кредитте ECTS – 3



Пререквизиттер – Орта ғасыр тарихы, Қазақстанның ерте және орта ғасырлардағы тарихы, Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы.

Постреквизиттер – Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан, Тарихнама және Қазақстан деректемесінің тарихы.

Мақсаты: Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің білімін арттыра отырып, ежелгі және орта ғасырларда, жаңа және қазіргі замандардағы аграрлық қатынастардың даму тарихын түсіндіру.Қоғам дамуындағы дәстүрлі аграрлық қоғамнан жаңа индустралдық қоғамға өту кезеңіне дейінгі ерекшеліктерін айыра білуге үйрету.

Қысқаша мазмұны: Көшпенді өмірге өту кезеңіндегі жерді пайдалану ерекшелігі.Ежелгі түркі кезеңіндегі аграрлық үрдіс.Түріктердің батыс пен шығысқа жаулау жорықтарындағы экономикалық базалары.Аграрлық қатынастардың пайда болуымен, Азия және Европа елдерімен егін өнімдері мен малшаруашылығы өнімдерін айырбас жасау кедергілерінің пайда болуы.Көшпенді ауыл өміріндегі экономиканың, саясаттың, мәдениеттің алатын орны.Қарахан мемлекетіндегі ихтаның ролі.Х-ХІІІ-ғасырлардағы феодализм мәселесі мен туыстық қатынастар. ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы жаңа көшпенді тайпалар (қарақытайлар, наймандар, керейлер, жалайырлар), олардың көшпенділер өміріне әсері.Шыңғысханның Жасасындағы көшпенді өмір жүйесі. Қазақстанның мал шаруашылығына моңғол шапқыншылығының тигізген кері әсері.Шыңғыс ұлысындағы көшпенділер шаруашылығы.Егіншіліктің пайда болуы. Темір әулеті тұсындағы Түркістанда бау-бақшалықтың дамуы.Қазақ хандығы тұсындағы аграрлық қатынастар.19 ғасырдағы қазақтардың көшпенді қоғамы.Қоныс аудару үрдісі және аграрлық қатынастар. ХХ ғасырдың басындағы жерді пайдалану жүйесі және аграрлық мәселелердің шиеленісуі.20-жылдардағы Қазақстандағы ауылдар мен селолар.30-жылдардағы ауылшаруашылығын жүргізудегі ұжымдық формасы.50-80 жылдардағы ауылшаруашылығы.Тәуелсіз Қазақстанның жаңа аграрлық саясаты.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: Пән бойынша ұсынылған білім деңгейін толықтай меңгеру.

Игеру: Оқу және ғылыми негіздегі материалға анализ жасай білу арқылы, күтілген нәтижелер мен шешімдерді шығару.

Дағды: Сыни тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру ,оқу және ғылыми материалдармен өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету.

Құзырет: мамандыққа бағдарланған білімді игерту арқылы, дағдыланған маман даярлау.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Бақытжанова А.Б .

10

IEV 0210

Қайта өрлеу дәуірі

Кредиттер саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредиттер саны – 5



Пререквизиттер – Орта ғасырлар тарихы

Постреквизиттер – Шығыс және Батыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

Оқыту мақсаты: әлем тарихы, батыс қоғамының дамуы, мәдени жетістіктері, Қайта өрлеу дәуірінің әлемдік өркениет дамуындағы мәні туралы білімді тереңдету.

Қысқаша мазмұны: Қайта өрлеу тұсындағы қоғамның экономикалық және әлеуметтік ұйымдастырылуы. XV-XVI ғ.ғ. Батыс Еуропадағы қоғамның төменгі, орта және жоғарғы таптарының өмір сүруінің материалдық жағдайлары. Қай өрлеу дәуірінің дамуының гуманитарлық және жарытылстық факторлары. Антикалыққа қайта оралу. Никколо Макиавелли (1469-1527 жж.), Микеланджело Буонорроти (1475-1564 жж.), Леонардо да Винчи (1452-1519 жж.), Уильям Гарвей (1578-1657 жж.), Аврелий Парацельс (1493-1541 жж.), Томас Мор (1478-1535 жж.).

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Кариева Т.А.

11


RLI 0211


Тарихтағы тұлға рөлі

Кредит саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизиттер – Қайта өрлеу дәуірі.

Постреквизиттер – Қазақстанның тарихи тұлғалары.

Оқыту мақсаты: тарихи үдерістердегі субъективтік фактордың рөлі, тұлғаның тарихқа ықпалы туралы түсінікті қалыптастыру, тарихи тұлғалар туралы білім беру.

Қысқаша мазмұны: Тарихи үдерістердің дамуындағы жеке тұлға рөлінің әдістемелік негіздері. Тарихтағы тұлға. Адамға сырттан әсер: табиғат, әлеумет, сана. Жеке тұлға қызметі. Тұлғалық факторлар. Ежелгі тарихи тұлғалар. Ортағасырдың тарихи тұлғалары. Жаңа және қазіргі заманның тарихи тұлғалары. Егемен Қазақстанның тарихи тұлғалары.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Санкайбаева П.С.

12

RAIP 0212

Тарихи үдерістегі Азияның рөлі

Кредиттер саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредиттер саны – 3

Пререквизиттер – Орта ғасыр тарихы

Постреквизиттер – Шығыс және Батыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы.

Оқыту мақсаты: Тарихи үдерістегі Азияның маңызы мен рөлі туралы білімді жетілдіру.

Қысқаша мазмұны: XIX ғ. аяғына қарай Азия құрлығының экономикалық дамуының негізгі нәтижелері. Өнідірістің «Азиялық» тәсілі. Азиялық қоғамның ұйымдастырылуының саяси формасы. Азиядағы өмір үшін күрестің әлеуметтік жағдайлары. Азиялық қоғам өміріндегі дәстүр мен консервативтік тенденциялардың рөлі. Азиядағы новациялар.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Кариева Т.А.

13


VID 0213

Қосалқы тарихи пәндер

Кредиттер саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит. саны – 5.



ПререквизиттерОрта ғасырлар тарихы, Мұрағаттану

Постреквизиттер Тарихнама және Қазақстан тарихының деректемесі.

Оқыту мақсаты: Қосалқы тарихи пәндер, мысалға палеография, хронология, метрология, нумизматика, сфрагистика, геральдика, генеалогия және т.б. Тарих ғылымының бір бөлігі болып табылады. Бұл пәндерді білу әртүрлі аумақтағы шынайы тарихи уақиғаларды анықтау және олардың әлем тарихындағы орны мен уақытын білу.

Қысқаша мазмұны: Әртүрлі пәндер және олардың тарих ғылымындағы орны. Тарих ғылымының бір бөлігі болып табылады және олардың адам тарихын тануда ролі зор.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және әртүрлі қосалқы пәндер тарихи шындыққа қол жеткізу, ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Қосалқы пәндер оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру. Дерек көзінің мерзімін көрсету, әр тарихи оқиғалардың орны мен уақытын анықтау.

Құзіреттері: Тарихи деректерді пайдалана отырып қорытынды жасау.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Кариева Т.А.


14

DAII 0214


«Алаш» қозғалысы: тарихы және тарихнамасы

Кредит саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы, Қазақстанның ұлт-азаттық көтеріліс тарихы (18 ғ. аяғы, 20 ғ басы).

Постреквизиттер – Тарихи үрдіс теориясы және тарихи таным, Қазақстанның тарихи тұлғалары.

Оқыту мақсаты: Қазақстан тарихы мен XX ғ. басындағы қазақ қоғамының дамуы туралы білімді тереңдету. Алғашқы қазақ саяси партиясының қалыптасуы және ұлттық автономия үшін қозғалыстар, қазақстандық тарихшылардың бұл бағыттағы зерттеулері туралы түсінік беру.

Қысқаша мазмұны: Ресейдегі Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай. Халық пен ұлттық зиялы қауымның көңіл-күйі. Саяси партиялардың құрылуы және бірінші бүкіл қазақтық съезд. «Қазақ» газетінің қызметі. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, М. Дулатов және «Алаш» қозғалысының басқа көшбасшылары. Қазақстандық тарихнамадағы «Алаш». «Алаш» тарихындағы Семей қаласының орны.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Бақытжанова А.Б.



15

MPI 0215

Тарихты оқыту әдістемесі

Кредиттер саны – 4 (2+2+0), ECTS бойынша кред. саны – 7.



ПререквизиттерҚазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы.

Постреквизиттер Педагогикалық практика.

Оқыту мақсаты: келешек мамандардың тарихи танымын дәйекті түрде қалыптастыру және оқу- әдістемелік дайындық, оқу формасын, әдісін, тарихи білімнің берілуі, оңтайлы, тиімді сабақ беруді ұйымдастыру.

Қысқаша мазмұны: Курс тарихты оқытуда оқытушының педагогикалық ғылымдағы орнын қарастырады және гуманитарлық білім жүйесін, келешек мамандарды тарих пәнін жүргізу әдістерінің қазіргі кезеңдегі ең озық дерлік теориялық негіздермен қаруландыру, зат, обьект, негізгі тарихты оқыту әдістемесінің факторы. Тарихты оқыту әдістемесінің әлеуметтік функциясы. Курстың құрылымы. Тарихилық өзгешелік және әдістемелік зерттеу жұмысы әдісі. Негізгі қалыптасу сатысы және тарихты оқыту әдістемесінің дамуы.

Студенттерді – болашақ мұғалімдерді алдын-ала өз



Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: әдістемелік оқытуды білу, оқу қызметінің тәсілдері, басты тарихи фактінің негізін баяндау, тарихты оқытудағы инновация, негізгі сабақты құрамдастыру және ажырату.

Іскерлігі: оқытудың мақсаттарын нақты анықтау, кесте құрастыру білу, логикалық схемалар және тапсырмалар, сабақтарда творчествалық белсенділік таныта білу.

Дағдылары: оқу-әдістемелік жұмыстар, жаңа оқыту технологиясын қолдану.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Санкайбаева П.С.

16


TIPIP

0216

Тарихи үрдіс теориясы және тарихи таным

Кредиттер саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредиттер

саны – 3.

ПререквизиттерҚазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы.

Постреквизиттер Тарихты оқыту әдістемесі, шет елдер тарихының тарихнамасы мен деректемесі.

Оқыту мақсаты: Студенттерді негізгі философиялық түсініктермен таныстыру және тарихтың әдістемесі, көптеген танымал теориялық бағыттармен, мектептермен, тұжырымдамалар және оның өкілдерімен, тарихи таным принциптерімен, әртүрлі бағыттағы әдістемелік теориямен, білім беру, тарихи теорияоқытуда қажетті бағдарлау.

Қысқаша мазмұны: «Тарихи үрдіс теориясы және тарихи таным» ғылыми және оқыту пәні ретінде қалыптасуы. Тарихи теория – тарихи білімнің өзгеше түрі. Мазмұн, ортақ мақсат және заңды түрде дамуы,тарихи білімнің ғылыми және әлеуметтік статусы. Тарихи үрдіс ол философия тарихының негізі. Тарих мазмұнына кіріспе. Философия тарихының маңыздылығы, оның қазіргі міндеттері.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Аумақтық тарих үрдісі теориясында ғылыми категориялық аппаратын және тарихи танымын қалыптастыру. Тарихи факт ерекшелігін түсіну және тарихи таным деңгейін, тарихи теория жолының қалыптасуы.

Іскерлігі: Тарихи білімге өзгеше түр ретінде шындық бейнесін талдау жасай білу, субьект және обьект тарихи ғылымында қарым-қатынасын өзгешелігін білу.

Дағдылары: әлем және отан тарихында тарихи үрдіс заңдарын оқыту барысында қолдана білу.

Құзіреттері: мәдениетті зерттеуді меңгеру, тарихи ғылымның дамуында қазіргі деңгейді сәйкестендіру.

Бағдарлама жетекшісі: доцент м.а., т.ғ.к. Кариева Т.А.


17

IIZS 0217

Тарихнама және шет елдер деректемесі

Кредиттер саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кред. саны – 5.



Пререквизиттер Тарихи үрдіс пен тарихи таным теориясы.

Постреквизиттер жоқ.

Оқыту мақсаты: тарихи танымдағы әлеуметтік негіздерін көрсету,негізгі бағыттарды анықтайтын және нақты тарихи жағдайларда тарихи ойлау тенденциясын дамыту және деректерге негізгі ортақ ғылыми әдіс талдап жасай білу, сонымен қоса тарихнамалық әдіс және аумақтық тарихи ғылым теориясын қазіргі дейгейде білу. Тарихнамалық мәдениетті, тарихнамалық зерттеуде тарихилық принципіне студенттерді бағыттау, қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Тарихнама және деректеме мақсаттары мен міндеттері. Деректердің түрлері және типтері. Тарихи ғылымның дамуы және тарихнаманың пайда болуы. Сөздіктер. Тарихи кезеңдердегі көптеген тарихнамалар. Аймақтық деректемелер ерекшеліктері.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: доцент м.а., т.ғ.к. Кариева Т.А.

18

IRDFO

0218

Адамзат қоғамының ұйымдасуының формасы ретіндегі демократияның тарихы мен дамуы.

Кредит көлемі – 2 (2+1+0), кредитте ECTS – 3



Пререквизиттері – Ежелгі дүние тарихы, Ерте және орта ғасырлардағы әлемдік өркениеттің дамуы, Қайта өрлеу тарихы.

Постреквизиттері – Батыс және шығыс елдеріндегі жаңа және қазіргі заман тарихы, Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтағы орны, Тәуелсіз Қазақстанның өзекті мәселелері.

Мақсаты: Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің қоғамдық өміріндегі ұйымдық құрылымдардың әдістемелік негізін тану бағытында,сонымен қатар тарихи процестің кейінгі даму үрдісін, «Демократияның» пайда болу категориясы мен оның әлеуметтік үйлесім табуын қарастыру.

Қысқаша мазмұны: «Демократия» категориясы. Демократияның отаны- Ежелгі Греция және Ежелгі Рим. Демократия принциптері. Демократияның дамуына әсер ететін тарихи факторлар.Орта ғасырлардағы Демократия. Жаңа және қазіргі замандағы Демократия.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: Пән бойынша ұсынылған білім деңгейін толықтай меңгеру.

Игеру: Оқу және ғылыми негіздегі материалға анализ жасай білу арқылы, күтілген нәтижелер мен шешімдерді шығару.

Дағды: Сыни тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру ,оқу және ғылыми материалдармен өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету.

Құзырет: мамандыққа бағдарланған білімді игерту арқылы, дағдыланған маман даярлау.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент Пашенцев А.П.

19

ESGRK 0219

ҚР мемлекеттілігінің құрылу кезеңдері

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), кредитте ECTS – 3



Пререквизиттері – Қазақ хандығының қалыптасуы және дамуы, Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс тарихы (18 ғ аяғы мен 20 ғ. басы). Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы, Алаш қозғалысы: тарихы және тарихнамасы

Постреквизиттері – жоқ.

Мақсаты:1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан бастап, 2006 жылғы ҚР Президент сайлауына дейінгі ҚР мемлекеттілігінің даму кезеңдерін игерту.

Қысқаша мазмұны: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы және оның саяси бағасы.1985-1991 жылдар аралығындағы Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар. КСРО –ның құлауы және ҚР құрылуы.Қазақстандағы партиялық жүйенің құрылуы. Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттілік құрылысы.1993 жылғы Конституция.1995 жылғы саяси дағдарыс және оның зардаптары.2030 бағдарламасы және оның негізгі бағыттары.1999 жылғы Президент және Парламент сайлауы.1990 жылдардағы Қазақстанның ішкі саясатының бағыттары.2006 жылғы ҚР Президент сайлауы.Қазақстанның егемен мемлекет ретінде даму ерекшеліктері.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: : Пән бойынша ұсынылған білім деңгейін толықтай меңгеру.

Игеру: Оқу және ғылыми негіздегі материалға анализ жасай білу арқылы, күтілген нәтижелер мен шешімдерді шығару.

Дағды: Сыни тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру ,оқу және ғылыми материалдармен өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету.

Құзырет: мамандыққа бағдарланған білімді игерту арқылы, дағдыланған маман даярлау.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к.,аға оқытушы Бақытжанова А.Б.

20

IT 0220

Түркістан тарихы

Қазақстанның тарихи тұлғалары

Кредиттер саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредиттер саны – 5.



Пререквизиттер – 31 кредит. Ерте және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Қазақ хандығының қалыптасуы және дамуы.

Постреквизиттер – Қазақстан қалаларының тарихы.

Оқыту мақсаты:Түркістан тарихының көне заманнан қазіргі таңға дейінгі этномәдени және шаруашылық ерекшеліктері туралы білім беру.

Қысқаша мазмұны: Түркістанның географиясы жөнінде мағлұматтар беру. Ежелгі Түркістанның шаруашылығы және этномәдени процесстері. Антика дәуіріндегі Түркістанның шаруашылық процесстері. Ерте ортағасырдағы Түркістан. Хғ.басы ХІІІғ. Түркісттанның мемлекеттік-саяси дамуы. ХІІІ-ХҮғғ. Түркістанның этникалық жағдайы және халқы. Түркістанның ортағасырлық қалалары. Ұлы Жібек Жолы. Түркістаннның ортағасырлық ғалымдары. ХҮ-ХҮІІІғ.ғ. Түркістан. Ресей империясындағы Орталық Азия. 1905-1907жж. Революция жылдарындағы Түркістан.Жаңа экономикалық саясат. Түркістан территориясындағы автономия құру идеясы және ұлттық қозғалыстар. Түркістан мемлекеттік құрылысына советтік моделін енгізу. Қайта құру жылдарындағы Түркістан. КСРОның күйреуі. Түркістан территориясындағы тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы. Оқытудан күтілетін нәтижелер:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет