Студенттердің негізгі психологияны айналысатын мәселелері жайында ой пікірлерін студенттердің білуі



бет1/4
Дата17.06.2016
өлшемі329 Kb.
#143406
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті



3 деңгейлі СМЖ құжаты

№1 басылым ___________ 2012 ж.

Ф 042 - 05.1.10.03-2011-01


Элективті пәндер каталогы



БЕКІТЕМІН
Оқу ісі жөніндегі проректоры _________Б. Рскелдиев

«___»_____________20 ж.


ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

Мамандық 5В020300 – «Тарих»




п/п


Пән коды

Цикл мен пән Пән атаулары

Пәннің қысқаша мазмұны



1

2

3

Жалпы білім беретін пәндер

1

Psi 0101

Психология

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3



Пререквизит - студенттер мектепте жалпы және кәсіптік білім беретін мемлекеттік стандарт бағдарламасы бойынша: Адам анатомиясы, Биология, Валеология, Адам және коғам, Жанұяның этикасы мен психологиясы деген арнайы пәндерді окып үйренеді.

Постреквезит - философия, социология

Оқыту мақсаты: Студенттердің негізгі психологияны айналысатын мәселелері жайында ой пікірлерін студенттердің білуі. Адамның психикалық феномені бейсаналық және саналық қарым-қатынас заңдылықтар және механизімдері психикалық процесстердің өзіндік ерекшелігі мен жағдайы, жеке мәселелелері.

Қысқаша мазмұны: Псхология пәніні, әдіс-тәсілдері. Психология пәнінің объективтік шындықпен қатынасы заманауи психологияның сатылары. Психология және басқа да ғылым салалары. Іс-әрекет психологиясы және өзіндік тану процессі. Жеке тұлға психологиясы. Қабілет. Темперамент. Мінез. Эмоция және сезім. Мотивация. Ерік.

Күтілетін нәтиже:

Білімі:

жалпы психололгияның негізгі түсініктерін;

психологиядағы бар әртүрлі бағыттар мен теориялардың мазмұнын;

бүгінгі психикалық процесстердің теориялық және қолданбалы ерекшеліктерін; педагогикалық процесте тұлға мен ұжымды зерттейтін негізгі әдістерді білуі керек.



Іскерлігі:

окыту және тәрбиелеуге тікелей немесе жанама қатысы бар бір жүйеге келтірілген психология ғылымының жалпы ұғымдарын студенттер менгеруі керек;

психологиялық көріністі психологиялық зандылықтарға негіздей отырып талдау.

Дағдысы:

тұлғаның өзін-өзі дамыту деңгейін, кәсіби дағдыларын жетілдіруде психологиялық зерттеу әдістерін практикада пайдалану.



Құзіреттілігі: студенттер өздігінен жұмыс істеу кабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсетулері керек.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Бураханова А.Т.

2

Sam 0102

Өзін-өзі тану

Кредит саны - 2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны - 3

Пререквизиттер - жоқ

Пострекизиттер - жоқ

Меңгеру мақсаты: Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізу.

Қысқаша мазмұны: Бақыттың кілті өз қолыңда. Студенттік өмір қайталанбас сәт. Менің жан дүнием. Менің жүрек қалауым. Болашақ бүгінненн басталады. Адам тарих ағымында. Адами құндылықтар. Тілдесу мәдениеті. Өзара түсіністік. Ата-ананың қара шаңырағы. Махаббат шуағы. Мен және сен. Өмір әдебі. Әлем, неткен әсем ең.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік, парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады;

Іскерліктер: өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алады.

Дағдылар: өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсіне отырып, өзара адами қарым-қатынастарды тани алу және оны бағалай алу дағдысы.

Құзырлықтар: нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.

Бағдарлама жетекшісі: психология кафедрасының оқытушысы Кейкова Толқын Қызырбековна

3

Kul 0103

Мәдениеттану

Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS - 3

Пререквизиттержоқ

Постреквизиттер –жоқ

Мақсат: Студенттерге мәдениеттану пәні, отандық және әлемдік мәдениет тарихымен таныстыру. Болашақ мамандардың мәдениеттілігін дамыту,

Қысқаша мазмұны:

Заман талабына сай Қазақстан Республикасындағы жоғарғы оқу орындарында, мәдениеттану пәні міндетті курстарының қатарына енгізген. Мәдениеттану-мәдениетті біртұтастай барлық тарихи көпжақтылығын және бүгінгі күнгі тұрмыс тіршілігін, қызметін жан-жақты зерттеитін теоретикалық пән. Мәдениеттану келесі бөлімдерден тұрады: мәдениет теориясы; мәдениет тарихы; қолданбалы мәдениеттану. Мәдениет теориясы кейде мәдениеттану ілімімен тұтастай қабылданады және ол өз сипатында мәдениеттің қызметін, негізгі элементтерін, мәдениет пен қоғамның үйлесімділігін, мәдениет пен тұлғаның үйлесімділігін, т. б сол сияқты мәселелерді зерделейді. Мәдениет тарихы, мәдениеттің тарихи даму процесіндегі әртүрлі түрлерінің тұрмысын зерттейді.



Оқытудағы көрсетілетін нәтиже:

Білім: Мәдениеттің тарихын, қызметін, негізгі элементтерін, мәдениет пен қоғамның үйлесімділігін, мәдениет пен тұлғаның т.б. мәселелерді зерделей білу.

Қабілеттілік: Қоғамдағы мәдениет мәселелерін дұрыс түсінуге және дұрыс шешудің жолдарын таба білуге қалыптастыру.

Дағды: Практикалық білім бойынша мәдениеттану пәніне дағдылану және оқып-түсіну.

Кешенділік: Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстарымен мәдениеттін басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым – қатынасын зерттей отырып адамзат баласынын біртұтас мәдени даму процесінін жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан – жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.

Бағдарламаның жетекшісі: аға оқытушы Татиев Е.Е.

4

Ped 0104

Педагогика

Кредиттер саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредиттер – 3



Пререквизиты – жоқ.

Постреквезиты - жоқ.

Мақсаты: педагогикалық іс-әрекет пен дағды бағытталған объектінің білімінің қалыптасуы.

Қысқаша мазмұны: Педагогика пәні және міндеттері. Білім беру философиясы. Педагогикалық зерттеу түсінігі. Педагогикалық үдеріс біртұтас жүйе ретінде. Педагогтың кәсіби қызметі мен тұлғасы. Падагогикалық қарым-қатынас технологиясы. Тәрбие факторлары. Дамудың жас және жеке ерекшеліктері. Білім беруді қамтамасыз ету тұлғаны дамыту құралы ретінде. Оқыту түрлері. Оқытуды ұйымдастырудың формалары. Сабақ жүй ретінде. Оқыту әдістері. Балалар коллективі. Білімді бақылау әдістері.

Оқытудағы көрсетілетін нәтиже:

Білім: Педагогиканың негізгі категорияларын білу; педагогикалық ғылымның категориялық құрылымын біледі; педагогикалық шынайылықты зерттеу әдістерін меңгерген.

Қабілеттілік: Педагогикалық шынайылықты сараптай алады; педагогиканың басқы ғылымдармен байланысын түсінеді.

Дағды: Кәсіби қызметте педагогикалық білімді қолдану туралы түсінігі бар.

Кешенділік: Біртұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыру туралы базалық және жалпыбілімберу білімдерін көрсетеді, оқу-тәрбие қызметін басқару қабілеті, педагогикалық жұмыстың әдістерін, формаларын және технологияларын таңдау дағдылары.

Бағдарламаның жетекшісі: психология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Гизатуллина А.Г.

5

DGYa 0105

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит

Пререквизит – жоқ

Постреквизит – жоқ

Зерттеу мақсаты: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы» (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасы» (2011), «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (2011), т.б. да заңнамалық актілерді игеру мен жүзеге асыруға оқу – тәжірибелік негіз жасауды мақсат етеді.

Қысқаша мазмұны: Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі. Іс жүргізу технологиясы және құжат айналымын ұйымдастыру. Іс қағаздарының нақты түрлері. Құрылтай құжаттары. Ұйымдық құжаттар. Бұйрық-жарлық құжаттары. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Еңбек қатынастарын құжаттау. Жеке құжаттар. Коммерциялық хат алмасу.

Күтілетін зерттеу нәтижелері:

Білім: Құжат, оның түрлері мен үлгілерін дұрыс толтыра білуді меңгереді

Икемділік: Маңызды нормативтік әдістемелік құжаттарды бірізге келтіру, стандарттау, рәсімдеу ерекшеліктері мен оларды қозғалысқа келтіру тәртібін игеру нәтижесінде құжаттама қызметінің құрылымын, міндеттерін, лауазымдық құрылымын іс қағаздарын толтыруда дұрыс жазуға икемділік қалыптасады.

Дағды: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып, игеруге икемділік пен дағды қалыптасады.

Құзырет: Іс жүргізу қағаздарын атқарушы қызметкерге құжаттардың келіп түскенінен бастап, оның толық іске асуына дейінгі аралықтағы іс жүргізу жұмысының тәртібін орындаудың жолдарын үйренеді.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, филол.ғ.к. Секей Ж.

6

Val 0106

Валеология

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS кредиті - 3

Пререквизиттері – жоқ.

Постреквизиттері – жоқ.

Мақсаты: Денсаулық біртұтас құрылым, салауатты өмір салтының негіздері, ауырулардың алдын алу және нығайту жолдарын, салауатты өмір салтын қалыптастырудың үрдістерін зерделейді.

Қысқаша мазмұны: Денсаулық әлеуметтік құндылық ретінде. Әлеуметтік медицина. Денсаулықтың бұзылуының әлеуметті-гигиеналық мәселелері Денсаулық және өмір салты. Медициналық көмектердің ұйымдастырылуының негізгі бағыттары. Медико-әлеуметтік патронажды ұйымдастыру. Физиология және патология репродукциясы. Валеологиялық қызметтерді ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: валеологияның теориялық және әдістемелік негіздері, денсаулық, оларды қалыптастыратын, нығайтатын және бұзатын факторлар туралы білімін жетілдіру. Қоршаған орта және ағза дамуындағы заңдылықтарының тығыз байланысын анықтау. Студенттердің физикалық және психикалық жетілу заңдылықтарын оқып зерттеу.

Игеру: жеке бас гигиена ережелерін білу, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалытастыру үрдістерін анықтау. Студенттердің еңбек және демалыс тәртібінің оптимизациясы және түзетілуі бойынша ұсыныстар әзірлеу, олардың денсаулығына санды және сапалы баға беру.

Меңгеру: студенттер мен ата-аналарының салауатты өмір салты мотивациясын қалыптастыру. Студенттер мен ата-аналарын дені саулыққа баулу.



Құзырет: Денсаулықты сақтау және нығайту тәсілдері, олардың сарқылмас жолдарын жасау, денсаулықты қайта қалпына келтіру, адам өміріне әсер ететін факторлар жөнінде білімін қалыптастырады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А. Нурсафина

БАЗАЛЫҚ ПӘНДЕР – 44 кредит

«Қазақстан тарихы», «Әлем тарихы» - білім беру траекториясы

1

IPO 0201

Алғашқы қауымдық құрылыс

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), кредитте ECTS – 3



Пререквизиттері – жоқ

Постреквизиттері – Ежелгі дүние тарихы

Мақсаты: Адамның пайда болуы мен қоғамдық құрылыстағы мәселелерге, алғашқы қоғамдық топтардың қалыптасуы мен дамуы жеке меншік, таптық қоғамның құрылуына тарихи анализ жасау.

Қысқаша мазмұны: Пән. Оқу курсында тобырдың қалыптасу тарихы мен тіршіліктің пайда болу процесі. Алғашқы шаруашылық: бірігіпаң аулау кәсібі, терімшілік т.б жүйесімен таныстыру. Эволюциялық даму жүйесі, әлеуметттік құрылысы, рухани мәдени қалыптасу тарихы және алғашқы діни-нанымдардың пайда болуы.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: Алғашқы қауымдық құрылыс пәні бойынша ұсынылған білім деңгейін толықтай меңгеру. Тәжірибе өту барысында ежелгі дәуір пәнінен сабақ беруге дайындық жүргізу.

Игеру:Оқу және ғылыми негіздегі материалға анализ жасай білу арқылы, күтілген нәтижелер мен шешімдерді шығару.

Дағды: Сыни тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру ,оқу және ғылыми материалдармен өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету..

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Бақытжанова А.Б.

2

Arh 0202


Археология

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), кредитте ECTS – 5



Пререквизиттері – жоқ

Постреквизиттері – Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы, Ежелгі дүние тарихы

Мақсаты: Тарихшы студенттерді археологиялық жұмыстар өткізілетін орындармен, зерттеу тәсілдерімер, ғылыми айналымға енгізу тәсілдерімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Археология туралы жалпы ұғым. Оқу курсының мазмұнын түсіне отырып, ғылыми зерттеу аймақтарымен танысу, қазба жұмыстардың жүргізілу тәртібімен таныстыру. Жалпы археология курс барысында ғылымның зерттеу әдістерімен танысу теориялық және тәжірибелік бағытында жұмыс жасау. Археологияның негізін құрайтын дерек көздерімен танысу.

Күтілетін нәтижелер: археологияның теориялық және методологиялық негізін меңгерту. Арнаулы оқу курсы ретінде иарихи ғылымын меңгеруге және адамзаттың материалдық, қоғамдық және мәдени дамуы процесіндегі археология ғылымының алар орынын айқындау. Тарихтың адамның зор ізденісі мен еңбегінің арқасында ғана құралатындығын, және «археологиялық кезеңдеу», «археологиялық мәдениет» ұғымдарын жете түсіндіру.

Білім: Археологиялық зерттеу әдісін үйрену. Археология арнаулы тарихи пән екенін түсіндіре білу және археологиялық кезеңдеуге анықтама беру, археологияның басқа пәндермен байланысының барлығын толықтай меңгеру.

Игеру: Оқу және ғылыми негіздегі материалға анализ жасай білу арқылы, күтілген нәтижелер мен шешімдерді шығару.

Дағды: Сыни тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру ,оқу және ғылыми материалдармен өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету.

Құзырет: мамандыққа бағдарланған білімді игерту арқылы, дағдыланған маман даярлау.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а.Мухаметжанова Н.А.

3

Etn 0203

Этнология

Кредит көлемі –3 (2+1+0), кредитте ECTS – 5



Пререквизиттері – Алғашқы қауымдық құрылыс тарихы

Постреквизиттері – Туған өлке тарихы мен мәдениеті

Мақсаты: Пәннің негізгі объектісін анықтай отырып, этнологияны тарих ғылымының жеке дербес саласы ретінде қарастырып, күтілетін нәтижелер мен халықтардың этникалық шығу тегінің тарихын, мәдениеті мен тұрмысын, географиялық аумағы, лингвиятикалық-шаруашылық мәдениетімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: «Этнология» оқу курсы әр түрлі халықтардың мәдениетін, тұрмыс жағдайын, салт-дәстүрін, антропологиялық сипатын, лингвистикалық тілдік ерекшелігіне қарай пәндердің бірі. Этнология ғылымының зерттеу әдістері.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: Пән бойынша ұсынылған білім деңгейін толықтай меңгеру.

Игеру: Оқу және ғылыми негіздегі материалға анализ жасай білу арқылы, күтілген нәтижелер мен шешімдерді шығару.

Дағды: Сыни тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру ,оқу және ғылыми материалдармен өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету.

Құзырет: мамандыққа бағдарланған білімді игерту арқылы, дағдыланған маман даярлау.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а.Мухаметжанова Н.А.

4

IKRK 0204


Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3



Пререквизиттер – Этнология

Постреквизиттер- Қазақ халқының рухани мәдениеті

Оқыту мақсаты: туған өлке туралы білімді тереңдету және туған қалаға деген патриотизм, сыйластық және махаббат сезімдерін ояту.

Қысқаша мазмұны: 18 ғасыр басындағы өлкені отарлаудың жалғасы. «Қалмақ жерлеріне экспедиция жасақтау туралы» I Петр жарлығы. И. Бухгольц, П. Ступин, П. Северский, В. Чередов экспедициялары. Семей бекінісінің қалануы, бекіністің қала боп өзгеруі. Қала халқының құрамы. Семей – Қазақстан, Ресей, Орта Азия, Қытай арасындағы маңызды сауда орталығы. Сауда түрлері және көлемі. Сауда операцияларын бақылау үшін Семей кеденінің қалануы. Семей – сауда және мәдниет орталығы. Семей облысының құрылуы, Семейді аймақтың әкімшілік-саяси орталыққа айналуы. Қала халқы санының өсуі. Ішкі сауда, жәрмеңкелер рөлі. Қалалық банктің ашылуы. Өлкедегі халықтық ағартудың жағдайы. Айдаудағы революционерлердің іс-әрекеті: Ф.М. Достоевский, Е.П.Михаэлис, Н. Долгополов, С. Гросс, Н. Коншин және т.б. Ұлы ақын – қазақ халқының ағартушысы Абай Құнанбаев. Мұражай және кітапхананың ашылуы, статистикалық комитеттің ашылуы. АТГҚ Батыс-Сібір бөлімінің Семей бөлімшесі іс-әрекеті. Семей қаласының 20 ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы. 1905-1907 ж.ж. ресей революциясы жылдарындағы Семей. Азаматтық қарсы тұру жылдарындағы Семей. Аймақта Кеңес үкіметінің орнауы. Семей – облыс орталығы. Қаладағы кәсіпорын дамуының ерекшеліктері. «Қала құрылыстарына – жастар еңбегі» қозғалысына қала жастарының қатысуы. Семей – студенттер қаласы. Семейдің мәдени-ағартушылық мекемелері. Тәуелсздік алу кезеңіндегі Қазақстан Республикасының қиыншылықтары. Орта арнаулы және жоғары білімдегі өзгерістер. Қаланың облыс орталығы статусынан айрылуы және оның салдарлары.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Кариева Т.А.

5

Muz 0205

Мұражайтану

Кредиттер саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.



Пререквизиттер – Туған өлке тарихы мен мәдениеті

Постреквизиттер – Қазақ халқының мәдени мұрасы, қазақ халқының рухани мәдениеті.

Оқыту мақсаты: Қоғамдық мекеме ретіндегі мұражай функциялары, оны ұйымдастыру және жұмыс принциптері туралы білім беру.

Қысқаша мазмұны: Мұражайтану ғылыми пән ретінде. Тарихи мұражай. Оның рөлі мен әлеуметтік функциялары. Мұражай қорларының ғылыми ұйымдастырылуы. Мұражай қорларының жабдықталуы. Қорларды жабдықтау бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар. Мұражай қорларын сақтау. Мұражай экспозициясы. Архитектуралық-көркемдік шешім. Бұқара идеялық-тәрбиелеу жұмыстары. Тарихи мұражайлардың тапсырмасы.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Мухаметжанова Н.А.

6

Art 0206

Мұрағаттану

Кредиттер саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.



Пререквизиттер – Мұрағаттану

ПостреквизиттерДеректану, тарихи өлкетану

Оқыту мақсаты: Қоғамдық мекеме ретіндегі мұрағат функциялары, оны ұйымдастыру және жұмыс принциптері туралы білім беру.

Қысқаша мазмұны: Мұрағаттану ғылыми пән ретінде. Тарихи мұрағат. Оның рөлі мен әлеуметтік функциялары. Мұрағат қорларының ғылыми ұйымдастырылуы. Мұрағат теориялық түсінігінің негізі. Мұрағат қорларының жабдықталуы. Қорларды жабдықтау бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар. Мұрағат қорларын сақтау.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Мұрағат ісін жүргізудегі мемлекеттік мұрағат қорларының ызыметімен танысу, құжаттарды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұрағаты. Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Мұрағат аппаратының қызыметімен таныса отырып, ғылыми-анықтама бөлімінде тәжірибе жинақтау. Құжаттарды классификациялау. Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Мухаметжанова Н.А.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет